Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 маусымдағы № 613 Қаулысы

      «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына, «Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне 2012 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен осы қаулының қосымшасына сәйкес сот актiлерiн орындау үшiн 8979536 (сегіз миллион тоғыз жүз жетпіс тоғыз мың бес жүз отыз алты) теңге сот шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындауға бөлiнсiн.
      2. Зиян келтiрген мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен оқшауландырылған қаражатты өтеу жөнiнде шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2012 жылғы 15 мамырдағы
№ 613 қаулысына  
қосымша        

Орындауға жататын сот
актілерінің тізбесі

Р/с №

Сот органының атауы және шешім күні

Талапкер

Негізгі борыш сомасы (теңге)

Мемлекет кірісіне мемлекеттік баж (теңге)

1

2

3

4

5

1

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы № 2 сотының 2011 жылғы 12 тамыздағы шешімі,
Маңғыстау облыстық соты апелляциялық сот алқасының 2011 жылғы 18 қазандағы қаулысы, Маңғыстау облыстық соты кассациялық сот алқасының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы қаулысы

Н.М. Рақымбердиев

1532711


2

Ақмола облысы Көкшетау қалалық сотының 2011 жылғы 18 наурыздағы шешімі,
Ақмола облыстық соты апелляциялық сот алқасының 2011 жылғы 12 мамырдағы қаулысы, Ақмола облыстық соты кассациялық сот алқасының 2011 жылғы 28 маусымдағы қаулысы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының 2011 жылғы 18 тамыздағы қаулысы

А.Н. Матузков

1000756


3

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2011 жылғы 18 наурыздағы шешімі,
Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2011 жылғы 12 сәуірдегі ұйғарымы,
Астана қаласының соты апелляциялық сот инстанциясының 2011 жылғы 11 мамырдағы қаулысы,
Астана қаласының соты кассациялық алқасының 2011 жылғы 12 шілдедегі қаулысы,
Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2011 жылғы 18 қазандағы ұйғарымы

Д.А. Жүзбаев

540756


4

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы сотының 2010 жылғы 19 тамыздағы шешімі,
Ақтөбе облыстық соты апелляциялық сот алқасының 2010 жылғы 13 қазандағы қаулысы,
Ақтөбе облыстық соты кассациялық сот алқасының 2010 жылғы 1 желтоқсандағы қаулысы

М.К. Досаев

166207


5

Батыс Қазақстан облысы № 2 Орал қалалық сотының 2010 жылғы 18 қазандағы шешімі,
Батыс Қазақстан облыстық соты апелляциялық сот алқасының 2010 жылғы 7 желтоқсандағы қаулысы,
Батыс Қазақстан облыстық соты кассациялық сот алқасының 2011 жылғы 17 ақпандағы қаулысы,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының 2011 жылғы 1 қарашадағы қаулысы

Ж.М. Пазылов

100000


6

Қостанай қалалық сотының 2007 жылғы 4 маусымдағы шешімі, Қостанай облыстық соты азаматтық істер жөніндегі алқасының 2007 жылғы 16 шілдедегі қаулысы,
Қостанай қалалық сотының 2008 жылғы 12 қарашадағы қосымша шешімі,
Қостанай облыстық соты азаматтық істер жөніндегі алқасының 2009 жылғы 5 қаңтардағы қаулысы

М.М. Исекеев

3935261


7

Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотының 2011 жылғы 13 қыркүйектегі қаулысы,
Қызылорда облыстық соты апелляциялық сот алқасының 2011 жылғы 25 қазандағы қаулысы, Қызылорда облыстық соты кассациялық сот алқасының 2011 жылғы 25 қарашадағы ұйғарымы, Қызылорда облысының Қазалы аудандық соты төрағасының 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 8717 хаты

К.С. Жолдыбай

788900


8

Ақтөбе қаласы сотының 2011 жылғы 28 маусымдағы шешімі,
Ақтөбе облыстық соты апелляциялық сот инстанциясының 2011 жылғы 19 тамыздағы қаулысы,
Ақтөбе облыстық соты кассациялық сот алқасының 2011 жылғы 28 қыркүйектегі қаулысы

Т.Б. Ақбаев

888000


9

Астана қаласының Сарыарқа ауданы № 2 аудандық сотының 2008 жылғы 26 наурыздағы қаулысы,
Астана қаласының Сарыарқа ауданы № 2 аудандық сотының 2011 жылғы 8 тамыздағы қаулысы,
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары А. Секішевтің 2012 жылғы 2 ақпандағы № 2-011210-12-05075 хаты

Е.Д. Горжуй

26945


Жиыны                                              8979536

Жалпы сомасы:                         8979536

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады