"Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 622 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 180 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 180 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 622 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 50, 667-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақы және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесінде:
      1-тармақтың 14) тармақшасындағы «қосымшаақыдан жүргізіледі.» деген сөздер «қосымшаақыдан;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
      «15) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берілген кезде қызметкерлерге төленетін сауықтыруға арналған жәрдемақыдан жүргізіледі.»;
      2-тармақта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) мертіккен жағдайда төленетiн бiр жолғы өтемақыны, зиянды немесе қысылтаяң жағдайлардағы жұмыс үшiн өтемақы төлемдерiн, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жою кезiнде экологиялық әсерден зардап шеккендерге төленетін ақшалай соманы қоспағанда, ақшалай өтемақылардың барлық түрінен;»;
      6) тармақшадағы «(стипендиясынан) жүргізіледі.» деген сөздер «(стипендиясынан);» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берілген кездегі сауықтыруға арналған жәрдемақыдан жүргізіледі.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады