"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 мамырдағы № 641 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
 

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік
инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

      «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 52, 507-құжат; 2001 ж., № 23, 283-құжат; 2006 ж., № 50, 530-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 30, 292-құжат; № 48, 543-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; № 29, 249-құжат; 2010 ж., № 40, 355-құжат; 2011 ж., № 37, 455-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына мыналар енгізілсін:

Райан                     -  «КонокоФиллипс» компаниясының басқарма
Майкл Лэнс                   төрағасы

Стивен                    -  «Делойт Туш Томацу Лимитед»
Алмонд                       компаниясының төрағасы

Тимоти                    -  «Cameco» корпорациясының президенті
Скот Гитцел                  және бас атқарушы директоры

Лорензо                   -  «Дженерал Электрик Транспортэшн»
Симонелли                    компаниясының президенті және бас
                             атқарушы директоры

Греф                      -  «Ресей жинақ банкі» ашық акционерлік
Герман Оскарович             қоғамының президенті

      көрсетілген Кеңестің құрамынан Джеймс Малва, Джеймс Куигли, Джеральд Уэйн Грэнди, Фердинандо Беккалли-Фалко шығарылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады