Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің әуе кемесін басып алу (ұшырып әкету) туралы ақпаратты алған кездегі іс-қимылдарын ұйымдастыру туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер
күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі
кезекшілерінің әуе кемесін басып алу (ұшырып әкету)
туралы ақпаратты алған кездегі іс-қимылдарын ұйымдастыру
туралы келісімді бекіту туралы
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған 2011 жылғы 3 қыркүйекте Душанбе қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің әуе кемесін басып алу (ұшырып әкету) туралы ақпаратты алған кездегі іс-қимылдарын ұйымдастыру туралы келісім бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер
күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі
кезекшілерінің әуе кемесін басып алу (ұшырып әкету) туралы
ақпаратты алған кездегі іс-қимылдарын ұйымдастыру туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер,
әуе кеңістігін қорғау және пайдалану саласындағы әскери ынтымақтастықты дамытуға зор мән бере отырып,
әуе кеңістігін қауіпсіз пайдалануды, терроризмге қарсы іс-қимыл жасауды және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс (бұдан әрі – ӘШҚҚ) жөніндегі кезекшілерінің әуе кемесін (ұшу аппаратын) басып алу (ұшырып әкету) туралы ақпаратты алған кездегі іс-қимылдарын ұйымдастырудың бірыңғай тәсілін қамтамасыз ету мақсатында,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тараптар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің әуе кеңістігінде террорлық акт жасау қаупі және (немесе) әуе кемесін (ұшу аппаратын) басып алу (ұшырып әкету) туралы ақпаратты алған кездегі іс-қимылының тәртібі туралы ережеге сәйкес Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер күштерінің ӘШҚҚ жөніндегі кезекшілерінің әуе кемесін (ұшу аппаратын) басып алу (ұшырып әкету) және әуе кеңістігінде әуе кемесін (ұшу аппаратын) пайдаланумен жасалатын террорлық актілерді болдырмау туралы ақпаратты алған кездегі іс-қимылын ұйымдастыруда ынтымақтасады.
2-бап
Тараптар осы Келісімді орындауға жауапты уәкілетті органдарды айқындайды және осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындау туралы тиісті хабарламаны немесе қосылу туралы құжатты тапсырғаннан кейін бұл туралы депозитарийді хабардар етеді.
3-бап
Осы Келісімді іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлерінің кеңесіне жүктеледі.
4-бап
Тараптар осы Келісімді іске асыру барысында ақпарат беруші Тарап оған қатысты құпиялылықты сақтау қажеттігіне шарт қойған ақпаратты сақтау режимін қамтамасыз етеді. Осындай ақпаратты беру Тараптар қатысушылары болып табылатын тиісті халықаралық шарттардың және Тараптардың ұлттық заңнамасының негізінде жүзеге асырылады.
5-бап
Осы Келісімді қолдану және түсіндіру кезінде туындайтын Тараптар арасындағы даулы мәселелер мүдделі Тараптардың консультациялары мен келіссөздері жолымен шешіледі.
6-бап
Осы Келісім Тараптардың әрқайсысы қатысушысы болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын оның құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
7-бап
Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді оған қол қойған Тараптардың орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Мемлекетішілік рәсімдерді кешіктіріп орындаған Тараптар үшін осы Келісім депозитарий тиісті құжаттарды алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
8-бап
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын, тиісті хаттамамен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
9-бап
Осы Келісім ол күшіне енгеннен кейін депозитарийге қосылу туралы құжат беру жолымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы кез келген мемлекеттің қосылуы үшін ашық. Қосылатын мемлекет үшін Келісім депозитарий қосылу туралы құжатты алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
10-бап
Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады.
Тараптардың әрқайсысы шығу күніне дейін кемінде 6 ай бұрын депозитарийге өзінің ниеті туралы жазбаша хабарлама жолдай отырып, осы Келісімнің қолданылуы кезінде туындаған қаржылық және өзге де міндеттемелерін реттей отырып, осы Келісімнен шығуы мүмкін.
2011 жылғы 3 қыркүйекте Душанбе қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы осы Келісімге қол қойған әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жолдайтын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады.
Әзірбайжан Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін
Армения Республикасы үшін Тәжікстан Республикасы үшін
Беларусь Республикасы үшін Түрікменстан үшін
Қазақстан Республикасы үшін Өзбекстан Республикасы үшін
Қырғыз Республикасы үшін Украина үшін
Молдова Республикасы үшін
2011 жылғы 3 қыркүйектегі
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына
қатысушы мемлекеттер күштерінің
әуе шабуылына қарсы қорғаныс
жөніндегі кезекшілерінің әуе
кемесін басып алу (ұшырып әкету)
туралы ақпаратты алған кездегі
іс-қимылын ұйымдастыру туралы
келісімге
қосымша
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер
күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі
кезекшілерінің әуе кеңістігінде террорлық акт жасау және
(немесе) әуе кемесін (ұшу аппаратын) басып алу
(ұшырып әкету) қаупі туралы ақпаратты алған кездегі
іс-қимылының тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
Осы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің әуе кеңістігінде террорлық акт жасау және (немесе) әуе кемесін (ұшу аппаратын) басып алу (ұшырып әкету) туралы ақпаратты алған кездегі іс-қимылының тәртібі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (бұдан әрі – ТМД) қатысушы мемлекеттер басқару органдарының әуе кеңістігінде террорлық акт жасау және (немесе) әуе кемесін (ұшу аппаратын) басып алу (ұшырып әкету) қаупі туындаған кездегі іс-қимылының тәртібін айқындайды.
Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
ТМД-ға қатысушы мемлекеттер күштері ӘШҚҚ жөніндегі кезекшілері – ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштері әскери-әуе күштерінің (әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері, әскери-әуе күштері мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері, әуе қорғанысы күштері) ӘШҚҚ жөніндегі кезекшілері;
әскери басқару органы – жауынгерлік кезекшілік міндеттерін орындайтын ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің ӘШҚҚ жөніндегі командалық пункттері (басқару пункттері);
әуе қозғалысына қызмет көрсету органы (бұдан әрі – ӘҚО органы) – әуе қозғалысына қызмет көрсететін және (немесе) әуе кемелерінің ұшуларын басқаруды жүзеге асыратын әуе қозғалысына қызмет көрсететін және (немесе) әуе кеңістігін пайдаланушылардың ұшуларын басқару органы;
әуе қозғалысын ұйымдастырушы (әуе қозғалысын басқарушы) орган (бұдан әрі – ӘҚҰ органы) – әуе кеңістігін пайдалануға руқсат ету тәртібін қамтамасыз ету, үйлестіру, әуе қозғалысын ұйымдастыру, әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат ету, әуе кеңістігін пайдаланудың ұлттық қағидаларын сақтауды бақылау үшін арналған мемлекеттің арнайы уәкілетті органы;
жедел іздеу және құтқару органдары – іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу мақсатында кезекші іздеу және құтқару әуе күштері мен құралдарын көтеру туралы шешім қабылдауды жүзеге асыратын органдар.
ІІ. Әуе кеңістігінде террорлық акт жасау және (немесе)
әуе кемесін (ұшу аппаратын) басып алу (ұшырып әкету)
қаупін анықтау
Әуе кеңістігінде террорлық акт жасау және (немесе) әуе кемесін (ұшу аппаратын) басып алу (ұшырып әкету) қаупін анықтау мақсатында әскери басқару органдары ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен, қауіпсіздік органдарымен және ӘҚО органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, әуе кеңістігіндегі жағдай туралы деректерді ұдайы жинауды және анықталған қауіптер туралы ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
Көрсетілген деректерді алу көздері:
әуе кеңістігін бақылауды (барлауды) жүзеге асыратын ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің күштері мен құралдары;
ӘҚО және ӘҚҰ органдары;
әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзушы әуе кемелерін (ұшу аппараттарын) тосып алуға көтерілген әуе кемелерінің экипаждары, соның ішінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштері әуе кемелерінің экипаждары;
терроризмге қарсы күрес және әуе көлігі объектілерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асыратын ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құқық қорғау органдары, қауіпсіздік органдары және арнайы қызметтері;
әуе кеңістігіндегі және әуе кемелеріндегі жағдайды бақылауды жүзеге асыратын ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің басқа да мемлекеттік органдары мен мемлекеттік емес ұйымдары болуы мүмкін.
Әскери басқару органдарының лауазымды адамдары әуе кеңістігінде террорлық акт жасау және (немесе) әуе кемесін (ұшу аппаратын) басып алу (ұшырып әкету) қаупі туындағаны туралы ақпаратты алған кезде:
алынған ақпаратты нақтылауды, бағынысты күштер мен құралдардың әуе кемесін (ұшу аппаратын) басып алу, бөгде адамдардың экипаждың іс-қимылдарына және (немесе) әуе кемесін басқаруға араласуы туралы ақпаратты тексеру жөніндегі қажетті іс-шараларды жүргізуін;
жауапкершілігі шектерінде әуе кемесін (ұшу аппаратын) пайдаланумен террорлық акт жасау қаупі туындаған және (немесе) әуе кемесін (ұшу апаратын) басып алу (ұшырып әкету) құқық қорғау органдары, қауіпсіздік, ӘҚҰ, ӘҚО органдары аумақтық бөлімшелерінің жедел кезекшілерін (кезекшілерін) хабардар етуді және әуе кеңістігінде террорлық акт жасау үшін әуе кемесін (ұшу аппаратын) пайдалану және (немесе) әуе кемесін (ұшу аппаратын) басып алу (ұшырып әкету) мүмкіндігі туралы қосымша деректердің болуы туралы ақпаратты нақтылауды;
әуе кеңістігінде террорлық акт жасау үшін әуе кемесін (ұшу аппаратын) пайдалану және (немесе) әуе кемесін (ұшу аппаратын) басып алу (ұшырып әкету) мүмкіндігі туралы ақпараттың анықтығын бағалауды;
әуе кеңістігінде террорлық акт жасау үшін әуе кемесін (ұшу аппаратын) пайдалану және (немесе) әуе кемесін (ұшу аппаратын) басып алу (ұшырып әкету) қаупін айқындауды ұйымдастырады.
Әуе кеңістігінде террорлық акт жасау және (немесе) әуе кемесін (ұшу аппаратын) басып алу (ұшырып әкету) қаупі мынадай:
әуе кемесі (ұшу аппараты) ұшу бағдарынан ауытқыған;
әуе кемесінің (ұшу аппаратының) экипажы ӘҚҰ, ӘҚО (ұшуларды басқару) органдарының нұсқауларына (командаларына) ден қоймаған;
әуе кемесінің (ұшу аппаратының) экипажы мен ӘҚҰ, ӘҚО (ұшуларды басқару) органдары арасындағы радиобайланыс жоғалған, ал әуе кемесінің (ұшу аппаратының) экипажы мұндай жағдайда көзделген іс-қимыл жасау тәртібінен бас тартқан;
әуе кемесінің (ұшу аппаратының) экипажы ӘҚҰ, ӘҚО (ұшуларды басқару) органдарын басқаруға заңсыз араласу актісі туралы хабардар еткен;
әуе кемесі (ұшу аппараты) тыйым салынған аймаққа (ұшулар шектелген аймаққа) ӘҚҰ органының рұқсатынсыз жақындаған немесе әуе кемесі (ұшу аппараты) тыйым салынған аймаққа (ұшулар шектелген аймаққа) арнайы рұқсатсыз кірген;
әуе кемесінің (ұшу аппаратының) экипажы жерүсті басқару пункттерінің радиокомандаларын және (немесе) оларды тосып алуға көтерілген ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қарулы күштері әуе кемелерінің радиокомандалары мен көрсеткен белгі берулерін орындамаған;
әуе кеңістігінде террорлық акт жасау үшін әуе кемесін (ұшу аппаратын) пайдалану және (немесе) әуе кемесін (ұшу аппаратын) басып алу (ұшырып әкету) мүмкіндігі туралы жедел ақпарат алынған (расталған);
әуе кемесін (ұшу аппаратын) бөгде адамдар басып алған және басқарған;
әуе кеңістігінде террорлық акт жасаудың және (немесе) әуе кемесін (ұшу аппаратын) басып алудың (ұшырып әкету) анық қаупі алынған мән-жайлар туралы түсетін ақпаратты бағалау және тексеру нәтижелеріне байланысты айқындалады.
Әуе кеңістігінде террорлық акт жасау үшін әуе кемесін (ұшу аппаратын) пайдалану және (немесе) әуе кемесін (ұшу аппаратын) басып алу (ұшырып әкету) мүмкіндігі туралы ақпараттың нақтылығын, сондай-ақ оларды жасау қаупін әскери басқару органдарының лауазымды адамдары Тараптардың ұлттық заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындайды.
ІІІ. Әуе кеңістігінде террорлық акт жасау және (немесе)
әуе кемесін (ұшу аппаратын) басып алу (ұшырып әкету)
қаупі туындаған кезде ақпарат алмасуды ұйымдастыру
ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс кезекшілерінің әскери басқару органдары халықаралық шарттарға, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер ӘШҚҚ біріккен жүйесі әскерлерінің (күштерінің) өзара іс-қимылы жоспарына, күштердің ӘШҚҚ жөніндегі кезекшілерінің өзара іс-қимылы тәртібі туралы нұсқаулықтарға (ережелерге) сәйкес әуе жағдайы туралы ақпаратпен алмасуды ұйымдастырады.
Әуе кемесін (ұшу аппаратын) пайдаланумен террорлық акт жасау және (немесе) әуе кемесін (ұшу аппаратын) басып алу (ұшырып әкету) қаупі туындаған кезде:
әскери басқару органдарының жедел кезекшілері;
жауапкершілік шекараларында (жауапкершілік шекаралары түйіскен жерлерде) әуе кеңістігінде террорлық акт жасау және (немесе) әуе кемесін (ұшу аппаратын) басып алу (ұшырып әкету) қаупі туындаған ТМД-ға қатысушы шектес мемлекеттер қарулы күштері әскери басқару органдарының жедел кезекшілері;
жауапкершілік шекараларында террорлық акт жасау және (немесе) әуе кемесін (ұшу аппаратын) басып алу (ұшырып әкету) қаупі туындаған ТМД-ға қатысушы мемлекеттер әскери басқару органдарының жедел кезекшілері мен өңірлік қауіпсіздік органдары бойынша кезекшілер;
жауапкершілік шекараларында террорлық акт жасау және (немесе) әуе кемесін (ұшу аппаратын) басып алу (ұшырып әкету) қаупі туындаған әскери басқару органдарының жедел кезекшілері, ӘҚҰ органы бас (ұлттық) орталықтары кезекші ауысымдарының үлкендері мен ӘҚҰ органдары кезекші ауысымдарының үлкендері арасында үздіксіз ақпарат алмасу ұйымдастырылады.
Бұл ретте әуе кемесі (ұшу аппараты) (рейс нөмірі, типі, тіркеу (борт) нөмірі, экипаж командирінің шақыру белгісі, тұрған жері, нақты бағыты, ұшу жылдамдығы мен биіктігі), қолданып жатқан шаралар туралы ақпаратты, сондай-ақ басқа қажетті ақпаратты беру жүзеге асырылады.
Ақпарат алмасу орыс тілінде жүзеге асырылады.
Көрсетілген қандай да бір мәліметтердің болмауы ақпарат беруден бас тартуға негіз болып табылмайды.
ІV. ТМД-ға қатысушы мемлекеттер күштері ӘШҚҚ жөніндегі
кезекшілерінің әуе кеңістігінде террорлық акт жасау және
(немесе) әуе кемесін (ұшу аппаратын) басып алу
(ұшырып әкету) қаупі туындаған кездегі іс-қимылы
Әуе кеңістігінде террорлық акт жасау және (немесе) әуе кемесін (ұшу аппаратын) басып алу (ұшырып әкету) қаупі туындаған кезде, соның ішінде осы әуе кемесімен ТМД-ға қатысушы шектес мемлекеттің шекарасынан өтіп кету қаупі болған кезде:
әскери басқару органдарының командалық пункттеріне тиісті командирлер (бастықтар) келеді;
жоғары тұрған әскери басқару және өзара іс-қимылдағы органдары, ӘҚҰ, ӘҚО органдары, құқық қорғау органдары, қауіпсіздік органдары, сондай-ақ әуе кемесінің (ұшу аппаратының) болжамды ұшу бағдарындағы жедел іздеу және құтқару органдары хабардар етіледі;
әуе кемесіне (ұшу аппаратына) қатысты келісілген іс-қимылдар үшін ӘҚҰ органдарымен, құқық қорғау органдарымен және қауіпсіздік органдарымен үздіксіз өзара іс-қимыл ұйымдастырылады;
әуе кемесін (ұшу аппаратын), оның сыныптамасын тану, онымен байланыс орнату және бұзуды тоқтатуға нұсқаулар беру үшін шаралар қабылданады;
әуе кемесінің (ұшу аппаратының) болжамды ұшу бағдарындағы іздеу-құтқару күштері әзірлікке келтіріледі;
әуе кемесінің (ұшу аппаратының) болжамды ұшу бағдарындағы ӘШҚҚ-ның жерүсті күштері мен құралдары жауынгерлік міндеттерді орындауға әзірлікке келтіріледі;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштері әуе кемелері экипаждарының ӘШҚҚ жөніндегі кезекшілері әуеге көтеріледі;
заңсыз басып алуға (ұшырып әкетуге) ұшыраған және (немесе) әуе кеңістігінде террорлық акті жасау қаупі бар әуе кемесінің (ұшу аппаратының) экипажына жерүсті басқару пункттерінің халықаралық тәжірибеде қабылданған радиокомандалары және (немесе) ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің тосып алуға көтерілген әуе кемелері беретін радиокомандалар, көрнекі сигналдар беріледі;
әуе кеңістігін пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар жүргізіледі;
ӘШҚҚ біріккен жүйесі әскерлерінің (күштерінің) өзара іс-қимыл жоспарына, халықаралық шарттарға, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттер күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің өзара іс-қимылы жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес ТМД-ға қатысушы шектес мемлекеттің әскери басқару органдарына әуе кемесі (ұшу аппараты) және қабылданудағы шаралар туралы ақпарат беру ұйымдастырылады.
Әуе кемесін пайдаланумен террорлық акт жасау қаупін және (немесе) әуе кемесін (ұшу аппаратын) басып алуды (ұшырып әкетуді) болдырмау үшін ТМД-ға қатысушы мемлекеттің қарулы күштерінің әуе кемесін қолдану мүмкіндігі болмаған кезде ТМД-ға қатысушы шектес мемлекет қарулы күштерінің әуе кемелері қолданылуы мүмкін. Бір мемлекеттің мемлекеттік шекарасынан екінші мемлекеттің өтуі және оның аумағының үстінде қарулы күштерінің қаруы мен жауынгерлік техникасын қолдану тәртібі осы мемлекеттердің халықаралық шарттарымен анықталады.
ТМД-ға қатысушы мемлекет қарулы күштерінің әуе кемелерін қолдану мүмкін болмаған кезде ӘШҚҚ (кемелік) күштерінің жерүсті қаруы қолданылады. Әуе кемесіне (ұшу аппаратына) қатысты қару қолдану туралы ескерту радио байланыс құралдарын пайдаланумен жүзеге асырылады.
Террорлық акт жасау үшін пайдаланылатын әуе кемесін (ұшу аппаратын) жою үшін қару мен жауынгерлік техника оны қондыру үшін қалыптасқан жағдайларға байланысты барлық қажетті шаралар қолданылған жағдайда Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес қолданылады.
Әуе кемесін (ұшу аппаратын) басып алу (ұшырып әкету) және (немесе) террорлық акт жасау үшін әуе кемесін (ұшу аппаратын) пайдалану мүмкін екен туралы нақты ақпарат болмаған кезде зақымдау үшін қару мен жауынгерлік техника қолданылмайды.
Әуе кеңістігінде террорлық акт жасау және (немесе) әуе кемесін (ұшу аппаратын) басып алу (ұшырып әкету) қаупін болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу немесе әуе кеңістігіндегі осындай террорлық актіні болдырмау барысында Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес лауазымды адамдардың іс-қимылдарын құжаттау (тіркеу) жүзеге асырылады.
V. Терроризмге қарсы өзара іс-қимылды жетілдіру шаралары
Өзара іс-қимылды жетілдіру, сондай-ақ әскери басқару органдарының әуе кеңістігінде террорлық акт жасау және (немесе) әуе кемесін (ұшу аппаратын) басып алу (ұшырып әкету) қаупі туындағанда іс-қимылдарға әзірлігін тексеру мақсатында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлерінің кеңесі жанындағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс мәселелері жөніндегі үйлестіру комитеті жыл сайын ТМД-ға қатысушы мемлекеттер ӘШҚҚ біріккен жүйесі күштерінің ӘШҚҚ жөніндегі кезекшілерінің іс-қимылдары бойынша бірлескен жаттығуларды әзірлейді және өткізеді.
Осымен қоса беріліп отырған мәтін 2011 жылғы 3 қыркүйектегі Душанбе қаласында болып өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекеттері басшыларының кеңесінде қабылданған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің әуе кемесін басып алу (ұшырып әкету) туралы ақпаратты алған кездегі іс-қимылдарын ұйымдастыру туралы келісімнің дәлме-дәл көшірмесі болып табылатынын растаймын. Аталған Келісімнің түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетінде сақталады.
ТМД Атқару хатшысы -
Атқару комитеті төрағасының
бірінші орынбасары В. Гаркун
Осымен осы мәтін 2011 жылғы 3 қыркүйектегі Душанбе қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің әуе кемесін басып алу (ұшырып әкету) туралы ақпаратты алған кездегі іс-қимылдарын ұйымдастыру туралы келісімнің куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесі болып табылатынын растаймын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
Халықаралық-құқықтық департаментінің
басқарма бастығы Д. Есентаев