1992 жылғы 9 қазандағы Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы өзара іс-қимылы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 693 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 1992 жылғы 9 қазандағы Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы өзара іс-қимылы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қағидатты сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып 1992 жылғы 9 қазандағы Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 28 маусымдағы
№ 693 қаулысымен 
мақұлданған    

Жоба

1992 жылғы 9 қазандағы Достастыққа қатысушы мемлекеттердің
Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы өзара іс-қимылы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама

      1992 жылғы 9 қазандағы Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы өзара іс-қимылы туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері (бұдан әрі - Тараптар)
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      1992 жылғы 9 қазандағы Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы өзара іс-қимылы туралы келісімге қосымша осы Хаттамаға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2-бап

      Осы Хаттама оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы хабарламаны депозитарийдің алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді. жылғы қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

      Әзірбайжан Республикасының        Ресей Федерациясының
      Үкіметі үшін                      Үкіметі үшін

      Армения Республикасының           Тәжікстан Республикасының
      Үкіметі үшін                      Үкіметі үшін

      Беларусь Республикасының          Түркменстан
      Үкіметі үшін                      Үкіметі үшін

      Қазақстан Республикасының         Өзбекстан Республикасының
       Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін

      Қырғыз Республикасының             Украина
      Үкіметі үшін                      Үкіметі үшін

      Молдова Республикасының
      Үкіметі үшін

1992 жылғы 9 қазандағы  
Достастыққа қатысушы   
мемлекеттердің Геодезия,
картография, кадастр және
Жерді қашықтықтан зондтау
саласындағы өзара іс-қимылы
туралы келісімге өзгерістер
енгізу туралы хаттамаға 
қосымша         

Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау жөніндегі мемлекетаралық кеңес туралы
ЕРЕЖЕ

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау жөніндегі мемлекетаралық кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы өзара іс-қимылы туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) негізінде құрылады және Достастықтың салалық ынтымақтастық органы болып табылады.
      2. Кеңес өз құзыреті шегінде шешімдер мен ұсынымдар қабылдайды, қажет болған жағдайда белгіленген тәртіппен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мемлекет басшыларының кеңесіне және Үкіме басшылары кеңесіне геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау саласында саясат жүргізу, осы саладағы мемлекетаралық бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру, сондай-ақ геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау саласында мамандарды даярлауды үйлестіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
      3. Кеңес өз қызметінде Достастықтың жарғысын, Достастық шеңберінде қабылданған халықаралық шарттар мен шешімдерді, Достастықтың салалық ынтымақтастық органдары туралы жалпы ережелерді және осы Ережені басшылыққа алады.
      4. Кеңес өз қызметінде Достастықтың Мемлекет басшыларының кеңесіне және Үкімет басшылары кеңесіне есеп береді.

2-бөлім. Кеңестің функциялары

      1. Кеңестің негізгі функциялары:
      1) ТМД Мемлекеттер басшыларының кеңесі, Үкімет басшыларының кеңесі, Сыртқы істер министрлерінің кеңесі, Экономикалық кеңесі қабылдаған шешімдердің орындалуын ұйымдастыру және үйлестіру;
      2) геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары мен нысандарын әзірлеу және келісу;
      3) мемлекетаралық бағдарламаларды, ынтымақтастық жоспарлары мен жобаларын әзірлеу келісу және іске асыруға қатысу;
      4) ТМД Үкімет басшылары кеңесінің қарауы және тиісті шешімдер қабылдау үшін Келісімге қатысушы мемлекеттердің мүдделі министрліктерімен және ведомстволарымен бірлесіп, геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау;
      5) Кеңестің құзыретіндегі мәселелерінде мемлекетаралық құрылымдармен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
      6) геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау саласында мамандарды даярлауды үйлестіру болып табылады.

3-бөлім. Кеңестің құрамы және құрылымы

      1. Кеңес төраға мен Кеңес мүшелерінен тұрады.
      2. Келісімге қатысушы мемлекеттердің геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы мемлекеттік басқару органдарының басшылары Кеңес мүшелері болып табылады.
      3. Кеңес төрағасы Кеңес мүшелерінің арасынан сайланады.
      4. Кеңес қызметін ұйымдастыру-техникалық, ақпараттық қамтамасыз етуді оның хатшылығы жүзеге асырады.
      5. Кеңестің құрамына кеңесу дауысы құқығымен Кеңес хатшылығының басшысы мен ТМД Атқарушы комитетінің өкілі кіреді.

4-бөлім. Кеңестің қызметін ұйымдастыру

      1. Кеңес өз қызметін өздері әзірлеген әрі бекіткен жоспар негізінде осы Ережеге сәйкес ұйымдастырады, ТМД-ның Атқарушы комитетімен, Достастықтың басқа органдарымен, қажет болғанда басқа халықаралық ұйымдардың хатшылықтарымен өзара іс-қимыл жасайды.
      2. Кеңес қызметінің негізгі нысаны қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет, Келісімге қатысушы мемлекеттердің әрқайсысында кезегімен өткізілетін отырыс болып табылады.
      3. Кеңесте төрағалық ету кезегімен Келісімге қатысушы әрбір мемлекет атынан оның өкілі әдетте бір жыл бойы Достастыққа қатысушы мемлекеттер атауларының орыс әліпбиі тәртібімен жүзеге асырылады. Кеңестің өткен және кейінгі төрағалары оның тең төрағалары болып табылады.
      Егер Кеңес отырысында өзгеше шешілмесе, Кеңестің төрағасы болмаған жағдайда оның міндеттері тең төрағаларының біріне жүктеледі.
      4. Кеңес отырысына байқаушылар ретінде ТМД салалық ынтымақтастық органдары хатшылықтарының басшылары, геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мүдделі мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері шақырылуы мүмкін.
      5. Кеңес отырыстарын жүргізуді қаржыландыруға байланысты шығыстар, қабылдаушы мемлекеттің геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы мемлекеттік басқару органының есебінен жүзеге асырылады. Кеңес мүшелерінің және отырысқа қатысушылардың іссапар шығыстарын жіберуші мемлекеттік билік органдары мен ТМД қатысушы мемлекеттердің ұйымдары жүзеге асырады.
      6. Кеңестің және оның жұмыс органдарының жұмыс тілі орыс тілі болып табылады.

5-бөлім. Кеңестің және оның мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

      1. Кеңес өз міндеттері мен функцияларын орындау үшін:
      1) Кеңес дайындаған құжаттардың жобаларын белгіленген тәртіппен ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің, Үкімет басшылары кеңесінің, ТМД-ның басқа органдарының қарауына енгізуге;
      2) өз құзыреті шеңберінде Келісімге қатысушы мемлекеттердің картография-геодезия қызметтері арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған шешімдер қабылдауға;
      3) қажет болғанда Кеңестің жұмыс топтарын құруға;
      4) Кеңестің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша нормативтік-техникалық және басқа да құжаттарды келісуге;
      5) Кеңес хатшылығының қызметіне бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар.
      2. Келісімге қатысушы әрбір мемлекет Кеңестің жұмыс топтарына осы таптардың мүшесі құқығымен өз өкілдерін жіберуге құқығы бар.
      3. Кеңес төрағасы:
      1) отырысты ашады және жабады;
      2) отырысты жүргізеді, оның ішінде отырыстың күн тәртібі мен жұмыс регламентін бекітуге ұсынады;
      3) баяндамалар мен сөз сөйлеуге сөз береді;
      4) құжаттардың жобалары мен қаралатын мәселелер бойынша ұсыныстарды қарауға енгізеді;
      5) Кеңестің хаттамалық шешімдеріне қол қояды;
      6) рәсімдер қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
      4. Кеңес мүшелерінің бірдей құқығы бар, әрбір мемлекет бір дауысқа ие.
      Кеңес мүшесі Кеңестің құзыреті шегінде әртүрлі мәселені талқылауға қоюға және Кеңестің қаралатын мәселелері мен қабылданған шешімінің орындалуы бойынша қажетті ақпаратты алуға құқылы.
      Кеңес мүшесі Кеңестің қабылданған шешімін тиісті мемлекеттік басқару органдарына жеткізеді және оның орындалуына ықпал етеді.
      Кеңес мүшесі Кеңес қабылдаған шешімнің орындалуын қамтамасыз етуге және Кеңес хатшылығына оның орындалуы туралы уақтылы хабардар етуге міндетті.
      5. Кеңес ТМД Атқарушы комитетіне өз қызметі туралы ақпарат ұсынады.

6-бөлім. Кеңес Хатшылығы

      1. Кеңес Хатшылығының функциялары ТМД Атқарушы комитетінің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, Кеңесте төрағалық ететін Келісімге қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік басқару органына жүктеледі.
      2. Кеңес Хатшылығы:
      1) Кеңес қызметін ұйымдастыру-техникалық және ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      2) Кеңес отырыстарын ұйымдастыруға және өткізілуін қамтамасыз етуге қатысады;
      3) Кеңестің жұмыс органдарының қызметін үйлестіреді, оларға қажетті көмек көрсетеді;
      4) Кеңеске қатысушы мемлекеттердің үйлестіруші және жұмыс топтарымен өз құзыреті шегінде өзара іс-қимыл жасайды.
      Кеңесте төрағалық етуші мемлекеттің мемлекеттік басқару органының өкілі Кеңес хатшылығының басшысы, ал Кеңес хатшылығы басшысының орынбасары - ТМД Атқарушы комитетінің өкілі болып табылады.

7-бөлім. Рәсімдердің қағидалары

      1. Келісімге қатысушы мемлекеттердің бірінің бастамасы бойынша, оның барлық қатысушыларымен консультация алғаннан кейін, егер Кеңес мүшелерінің жәй көпшілігі жақтаса, Кеңестің кезектен тыс отырысы шақырылуы мүмкін.
      2. Кеңес отырысының кворумы үшін оның мүшелерінің үштен екісі қатысуы керек.
      3. Кеңес отырысына Кеңес мүшесі жеке өзі қатысу мүмкіндігі болмаған алмайтын жағдайда, өз өкілеттілігін отырыс кезеңінде, геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы өз мемлекеттік басқару органының басқа өкіліне беруге құқылы.
      Кеңес мүшесі өкілінің өкілеттілігі расталуы тиіс.
      4. Делегация құрамын Келісімге қатысушы мемлекет жасақтайды.
      5. Кеңес шешімдері консенсуспен қабылданады. Консенсус қаралатын мәселе бойынша шешім қабылдау үшін кедергі ретінде ұсынылатын, ең болмағанда бірінің қатысушы мемлекеттердің ресми қарсылығы болмауы ретінде анықталады.
      Келісімге қатысушы мемлекет шешім қабылдау үшін кедергі болмайтын, сол немесе өзге мәселеде өзінің мүдделі еместігі туралы мәлімдей алады. Отырыста қандай да бір Кеңес мүшесінің болмауы тиісті қатысушы мемлекеттің тарапынан қарсылық ретінде саналмайды және осы отырыста шешім қабылдауға кедергі болып табылмайды.
      6. Кеңестің кезекті отырысының күн тәртібінің жобасын Кеңес хатшылығы қалыптастырады және Кеңес мүшелерімен келісіледі.
      7. Кеңес отырысында келесі отырыстың күні мен өткізу орны белгіленеді.
      8. Отырыстың өткізілу тәртібін Кеңес айқындайды.
      9. Рәсімдеу, оның ішінде отырыстар ашылуы/жабылуы, оның жүргізілуі, күн тәртібінде қаралатын жобаға ұсыным енгізу және күн тәртібін, жұмыс регламентін қабылдау, бақылаушыларға сөз беру мәселелері қарапайым көпшілік қатысушылар дауысымен шешіледі.
      10. Әрбір Кеңес мүшесі/делегация басшысы отырыс жүргізу тәртібі бойынша кез келген кезде шығып сөйлеуіне болады. Кеңес төрағасы тез арада бұл үшін сөз ұсынады. Қаралатын мәселенің мәні бойынша шығып сөйлеуші жүргізу тәртібімен тікелей қаралатын нақты емес мәселе бойынша сөз сөйлей алмайды. Жүргізу тәртібі бойынша ұсыныстарды төраға дауыс беруге талқыламай шығарады.
      11. Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау кезінде, қажеттілігіне қарай, Кеңестің жұмыс топтарының басшыларына сөз беріледі.
      12. Отырыс барысында құжаттар жобасына ұсыныстар, әдетте, жазбаша нысанда енгізіледі және отырысқа қатысушылар арасында таратылады.
      13. Отырыстың қорытындысы бойынша хаттама жасалады, оған қатысушы Кеңес мүшелері қол қояды.
      14. Отырыс аяқталған күнінен бастап 30 күннен кешіктірмей отырыстың хаттамасы мен құжаттары Кеңестің барлық мүшелеріне таратылады.
      15. Кеңестің жұмысы туралы есептер белгіленген тәртіппен Достастықтың Мемлекет басшылары кеңесінің және Үкімет басшылары кеңесінің отырыстарында қаралады.
      16. Кеңесті тарату Келісімге сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады