"Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үй берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 1482 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 707 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 23 шілдедегі № 525 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 23.07.2019 № 525 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үй берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 1482 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 40, 391-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген орталық мемлекеттік органдарға бөлуге арналған тұрғын үйді іріктеу және бөлу жөніндегі комиссияның құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 мамырдағы
№ 707 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 1482 қаулысымен
бекітілген

Орталық мемлекеттік органдарға бөлуге арналған тұрғын үйді
іріктеу және бөлу жөніндегі комиссияның құрамы

      Қошанов - Қазақстан Республикасының Премьер-

      Ерлан Жақанұлы Министрі Кеңсесінің Басшысы, төраға

      Бекетаев - Қазақстан Республикасының Әділет

      Марат Бақытжанұлы министрлігінің жауапты хатшысы,

      төрағаның орынбасары

      Ыбыраева - Қазақстан Республикасының Премьер-

      Амангүл Құмарбекқызы Министрі Кеңсесінің Қаржы-шаруашылық

      және кадр жұмысы бөлімінің

      меңгерушісінің орынбасары, хатшы

      Ғалымова - Қазақстан Республикасы Білім және

      Әлия Қайратқызы ғылым министрлігінің жауапты хатшысы

      Шәженова - Қазақстан Республикасы Экономикалық

      Дина Мэлсқызы даму және сауда министрлігінің

      жауапты хатшысы

      Шолпанқұлов - Қазақстан Республикасының Қаржы

      Берік Шолпанқұлұлы вице-министрі

      Зейнелғабдин - Республикалық бюджеттің атқарылуын

      Алтай Болтайханұлы бақылау жөніндегі есеп комитетінің

      мүшесі (келісім бойынша)

      Көмекбаев - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

      Әли Амантайұлы қызмет істері агенттігі төрағасының

      орынбасары (келісім бойынша)

      Тихонюк - Қазақстан Республикасы Құрылыс және

      Николай Петрович тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

      істері агенттігі төрағасының

      орынбасары (келісім бойынша)

      Мейірбеков - Қазақстан Республикасының Премьер-

      Бердібек Қуанұлы Министрі Кеңсесінің Қаржы-шаруашылық

      және кадр жұмысы бөлімінің

      меңгерушісі

      Хорошун - Астана қаласы әкімінің бірінші

      Сергей Михайлович орынбасары

      Испанов - Қазақстан Республикасы Бас

      Ілияс Сапарбекұлы прокуратурасы Экономика және қаржы

      департаментінің бастығы (келісім

      бойынша)

      Шекенов - "Астана қаласының Тұрғын үй

      Мирас Ерғалиұлы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің

      шаруашылық жүргізу құқығындағы

      "Қалалық жылжымайтын мүлік"

      мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының

      директоры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады