2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 маусымдағы № 737 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 4 маусымдағы
№ 737 қаулысымен   
мақұлданған      

Жоба

2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 10-бабын басшылыққа ала отырып, төмендегі туралы келісті:

1-бап

      Көрсетілген Келісімге № 2-қосымшадағы Шекараны кесіп өту орындарының тізбесіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
       1) мынадай шекараны кесіп өту орындарымен толықтырылсын:

      Қазақстан Республикасы        Ресей Федерациясы

      Қостанай облысы                  Қорған облысы

      Меңдіқара ауданы  Көктерек   - Целинный   Целинный ауданы

      Солтүстік Қазақстан облысы

      Жамбыл ауданы   Айымжан      - Неверовское   Макушин ауданы

                                           Омбы облысы

    Уәлиханов ауданы  Үлкен Қараой - Никополь  Полтава ауданы

      Павлодар облысы

      Ертіс ауданы    Ертіс        - Қараман   Нововаршава ауданы

      Ақтөбе облысы                 Орынбор облысы

      Қобда ауданы   Жиренқопа     - Первомайское  Соль-Илецк ауданы
      Әйтеке би ауданы  Әйтеке би  - Союзное        Яснен ауданы

      Батыс Қазақстан облысы            Саратов облысы

   Қазталов ауданы  Қазталов      - Фомин     Александров-Гай ауданы

      2) шекараны кесіп өтудің мынадай орындары алып тасталсын:

      Қазақстан Республикасы          Ресей Федерациясы

      Шығыс Қазақстан облысы             Алтай өлкесі

      Бородулиха   Коростели    - Наумовка    Углов ауданы
      ауданы
      Бородулиха   Буркотово    - Золотуха    Локтев ауданы
      ауданы
      Шемонаиха    Красная      - Михайловка  Третьяков ауданы
      ауданы     Шемонаиха

      Павлодар облысы

      Успен ауданы   Екатеринославка - Михайловка  Бөрілі ауданы
      Успен ауданы   Галицкое        - Новоандреевка Бөрілі ауданы

      Солтүстік Қазақстан облысы          Түмен облысы
      М. Жұмабаев   Суворовка        - Красивое  Сладков ауданы
      атындағы аудан

2-бап

      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру мен қолдану кезінде туындайтын Тараптар арасындағы келіспеушіліктер өзара консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.
      Тараптардың бірінде бірлесіп шешуді талап ететін мәселелер туындаған кезде осы Тарап келіссөздер басталғанға дейін кемінде 30 күн бұрын бұл туралы басқа Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарлайды.

3-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшіне енеді.
      Осы Хаттама Келісімнің қолданысы тоқтатылғаннан бастап бір мезгілде өз қолданысын тоқтатады.

      ______ жылғы «____» ____________ _____________________ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі екі мәтіннің күші бірдей.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ         РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ
      ҮКІМЕТІ ҮШІН                           ҮКІМЕТІ ҮШІН

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады