Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 және "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарын пайдалануды реттеу туралы" 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 маусымдағы № 739 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 887 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) № 887 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 23-24, 228-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердiң тиiстiлiк нормативiнде:

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6

Премьер-Министрдiң Кеңсесi

Премьер-Министрдiң орынбасары

1



2600

Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы

1********



2600

Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының орынбасары

1********



2000

Алматы қаласында көлiк қызметiн көрсету

12

1


2600

Қонақтарға арналған


14


***


       ";

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "********осы норматив, "Назарбаев орталығы" көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесінің басшысы мен орынбасарларына да қолданылады";

      2) "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарының тиесілiлiк табелінде:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi" деген бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

Жедел

Жедел жұмыс iстеу үшiн

"Назарбаев орталығы" көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттiк мекемесi

2


       ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрi

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады