Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1714 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбековке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, ол Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы келісімгеқол қойсын.»;
көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы келісімнің жобасында:
5-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер Қабылдаушы тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасы Жіберуші тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасындағыдан өзге жауапкершілік шараларын көздейтін болса, Тараптардың құзыретті органдары Тараптардың мемлекеттері қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға және Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес Жіберуші тарап өкілдерінің құқықтарын қамтамасыз ету үшін келісілген шаралар қабылдайды.»;
8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы Келісімде немесе әрбір нақты жағдайда өзге тәртіп белгіленбеген немесе келісілмеген болса, Тараптар осы Келісімді орындауға байланысты барлық шығыстарды дербес көтереді. Бұл ретте осы Келісім шеңберіндегі іс-шараларды іске асыру Тараптардың бюджеттік жоспарлауына және қаражатының болуына байланысты болады.»;
Қорытынды ережелер мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Осыны растау үшін өз мемлекетінің Үкіметі тиісті түрде уәкілеттік берген, төменде қол қойған өкілдер осы Келісімге қол қойды.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов