"Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелерi жөнiндегi комиссияның кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1238 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 755 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 621 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 621 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелерi жөнiндегi комиссияның кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1238 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 508-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелерi жөнiндегi комиссияның кейбiр мәселелерi»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қоса берiлiп отырған Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ережеде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ереже»;
      кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 ақпандағы № 203 қаулысымен құрылған Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелерi жөнiндегi комиссияның қызметiн регламенттейдi.»;
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Комиссия телерадио хабарларын тарату саласындағы қоғамдық мүддені есепке алу және қорғау, сондай-ақ халықтың теле-, радиоарналарға қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында құрылды.
      3. Комиссияның қызметі өзінің құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау және шешу кезінде айқындылық және ашықтық негізінде жүзеге асырылады.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары, телерадио хабарларын тарату саласы мен үкiметтiк емес ұйымдар (келісім бойынша) өкілдерінің арасынан қалыптастырылады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Комиссияның негізгі мiндеттерi мен функциялары:
      1) Қазақстан Республикасында бiртұтас ақпараттық кеңiстiктi қалыптастыру және телерадио хабарларын таратуды дамыту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
      2) телерадио хабарларын тарату жұмысы үшiн бөлiнетiн радиожиiлiк спектрiн пайдалану тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған ұсынымдар әзірлеу;
      3) телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
      4) көпарналы хабар таратуда еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
      5) көпарналы хабар таратуда міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
      6) телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиілік жолақтарын, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу жөніндегі конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және олардың техникалық және қаржылық ұсыныстарын ескере отырып, жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
      7) ұлттық операторды тыңдау қорытындылары жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
      8) телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнаманы сақтау мәселелерi жөнінде ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi болып табылады.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады