"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 маусымдағы № 760 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын одан
әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

       "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымы бекітiлсiн :
      1) соғыс уақытында Қарулы Күштердiң барлық қызметiне жалпы басшылық жасауды және оларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы арқылы басқаруды жүзеге асыратын Қарулы Күштерге жоғары басшылық жасаудың әскери-саяси органы – Жоғарғы Бас қолбасшылық (Жоғарғы Бас қолбасшылық Ставкасы);
      2) әскери басқару органдары:
      стратегиялық – Қорғаныс министрлiгi және Бас штаб;
      жедел-стратегиялық – Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының, Қарулы Күштер тылы бастығының басқармалары, Қарулы Күштердің бас басқармалары;
      жедел-аумақтық – өңiрлiк қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының басқармалары;
      жедел-тактикалық – әскер тектерi, Қарулы Күштер түрлерi қолбасшыларының басқармалары;
      тактикалық – құрамалар мен әскери бөлiмдердiң басқармалары;
      жергiлiктi – қорғаныс iстерi жөнiндегi департаменттер, басқармалар мен бөлiмдер;
      3) Қарулы Күштер түрлерi:
      Құрлық әскерлерi мынадай құрамда: әскери басқару органдары, өңiрлiк қолбасшылықтар, әскер тектерi, арнайы әскерлер, тылдық және техникалық қамтамасыз ету құрамалары мен бөлімдері, оқу-жаттығу және резервтiк құрамалар, бөлiмдер мен мекемелер;
      Әуе қорғанысы күштерi мынадай құрамда: әскери басқару органдары, әскер тектерi, арнайы әскерлер, тылдық және техникалық қамтамасыз ету құрамалары мен бөлімдері, оқу-жаттығу және резервтiк құрамалар, бөлiмдер мен мекемелер;
      Әскери-теңiз күштерi мынадай құрамда: әскери басқару органдары, құрамалар мен бөлімдер, оқу және резервтiк бөлiмдер мен мекемелер;
      4) арнайы әскерлер (инженерлік, химиялық және техникалық қамтамасыз ету, барлау, байланыс, радиоэлектрондық күрес) мынадай құрамда: әскери басқару органдары, құрамалар, бөлiмдер мен мекемелер;
      5) Қарулы Күштердің тылы мынадай құрамда: әскери басқару органдары, құрамалар, бөлiмдер мен мекемелер;
      6) әскери полиция мынадай құрамда: әскери басқару органдары, бөлiмдер мен мекемелер;
      7) әскери оқу орындары мен әскери-ғылыми мекемелер.
      2. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерінің шекарасы шегiнде өңiрлiк қолбасшылықтардың жауапкершiлiк аймақтары айқындалсын:
      1) "Астана" – Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары;
      2) "Шығыс" – Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары;
      3) "Батыс" – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары;
      4) "Оңтүстiк" – Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары.
      3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 7 мамырдағы № 1085 Жарлығы;
      2) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын жетілдіру жөніндегі кейбір мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1472 Жарлығы;
      3) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 7 мамырдағы № 1085 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 4 наурыздағы № 762 Жарлығы.
      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
      6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады