"Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 203 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 маусымдағы № 774 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 621 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 621 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 203 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 52-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы»;
      кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Телерадио хабарларын тарату саласындағы қоғамдық мүддені есепке алу және қорғау, сондай-ақ халықтың теле-, радиоарналарға қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:»;
      1-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мынадай құрамда телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелерi жөнiндегi комиссия құрылсын:»;
      Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Мыңбай                   - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Дархан Қамзабекұлы         ақпарат министрі, төраға

Қырықбаев                - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Арман Оразбайұлы           ақпарат вице-министрі, төрағаның
                           орынбасары

Қалианбеков              - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Болат Серікұлы             ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат
                           комитетінің төрағасы, хатшы

Мұхамеджанов             - Қазақстан Республикасының Парламенті
Төлеген Мұхамеджанұлы      Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Әшімбаев                 - Қазақстан Республикасының Парламенті
Мәулен Сағатханұлы         Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Ықсанова                 - Қазақстан Республикасының Парламенті
Гүлнар Мұстақымқызы        Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Қуанышев                 - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Жапсарбай Iлиясұлы         Әкiмшiлiгi Iшкi саясат бөлiмiнiң
                           меңгерушiсi (келiсiм бойынша)

Бабақұмаров              - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің
Ержан Жалбақұлы            Кеңсесi Басшысының орынбасары

Башимов                  - «Еуропа құқығы және адам құқықтары
Марат Советұлы             институты» қоғамдық бiрлестiгiнiң
                           сарапшысы, профессор, заң ғылымдарының
                           докторы (келiсiм бойынша)

Кациев                   - Қазақстандағы «Internews Network»
Олег Ахсарович             халықаралық ұйымы өкілдігінің директоры
                           (келісім бойынша)

Жұмабаев                 - «Қазақстан Республикасы телерадио
Айдар Әбілмәжінұлы         хабарларын таратушылар қауымдастығы»
                           қоғамдық қорының төрағасы (келісім
                           бойынша)

Матаев                   - Қазақстан журналистер одағы басқармасының
Сейітқазы Бейсенқазыұлы    төрағасы (келісім бойынша)

Оразов                   - «Нұр Медиа» жауапкершілігі шектеулі
Нұрай Нұрғожаұлы           серіктестігі бас директорының бірінші
                           орынбасары (келісім бойынша)

Ерімбетов                - «Әлеуметтік әріптестік орталығы»
Нұрлан Кенжебекұлы         корпоративтік қорының бас директоры
                           (келісім бойынша)

Жолдыбай                 - «Бас редакторлар клубы» республикалық
Кенжеболат Махмұтұлы       қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім
                           бойынша)

      мына:

«Нұршабеков              - Қазақстан Республикасы Байланыс және
Ризат Рахатбекұлы          ақпарат министрлігі Байланыс және
                           ақпараттандыру комитетінің төрағасы»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Нұршабеков              - Қазақстан Республикасы Көлік және
Ризат Рахатбекұлы          коммуникация министрлігі Байланыс және
                           ақпараттандыру комитетінің төрағасы»;

      көрсетілген құрамнан Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев, Ләззат Мұратқызы Танысбай, Болат Талапұлы Берсебаев, Есім Ғарифолла, Ерлан Зайроллаұлы Нығматулин, Қуаныш Сұлтанұлы Сұлтанов шығарылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi болып белгiленсiн.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады