Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.07.2014 № 777 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жөнiнде сауда-саттық жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 26 сәуiрдегi № 326 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 143-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жөнiнде сауда-саттық жүргiзу ережесiнде:
4, 6, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сату жоспарын сатушы түгендеу деректерiнiң және борышкердiң конкурстық массасын бағалау негiзiнде осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес жасайды.
Ауыл шаруашылығы ұйымы болып табылатын борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жоспары мiндеттi түрде қызметiнiң негiзгi түрiн сақтай отырып, борышкердiң мүлкiн бастапқыда аукционға бiрыңғай лотпен шығару туралы қосымша шартты қамтиды.
Сату жоспарына: түгендеу актiсi, бағалау актiсi (бағалауды жүргiзген кезде) немесе мүлiктi теңгерiмдiк құны бойынша қоюға келiсу туралы кредиторлар комитетiнiң хаттамалық шешiмi, құқық белгiлейтiн құжаттар, сондай-ақ қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда, заңнамада белгіленген тәртіппен алынған мүлiкке (активтерге) құқықты iске асыруға мемлекеттiк органдардың жазбаша келiсiмi қоса берiледi.
Сату жоспарын борышкердiң кредиторлар комитетi бекiтедi.»;
«6. Бағалаушыны тарту конкурстық негiзде бағалау ұсыныстарына сұрау салу әдiсiмен осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес ақпараттық хабарлама қазақ және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына немесе борышкер және (немесе) оның мүлкi орналасқан жер бойынша тиiстi облыста (республикалық маңызы бар қалада) таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялана отырып, жүргiзiледi.
Сонымен бір мезгілде конкурстық басқарушы ақпараттық хабарламаны уәкiлеттi органның интернет-ресурсында жариялау үшін оны уәкілетті органға ұсынады.
Уәкілетті орган конкурстық басқарушы ұсынған борышкердің мүлкін (активтерін) бағалау бойынша қызметтерді сатып алу жөнінде конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарламаны екі жұмыс күні ішінде интернет-ресурсында орналастырады.»;
«9. Сауда-саттықты ұйымдастыру және жүргiзу үшiн сатушы қызметiне ақы төлеу комитет кредиторы бекiткен смета шегiнде борышкер мүлкiнiң есебiнен жүргiзiлетiн сауда-саттықты ұйымдастырушыны тартуға құқылы.
Сауда-саттықты ұйымдастырушыны тарту конкурстық негiзде бағалау ұсыныстарына сұрау салу әдiсiмен осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес ақпараттық хабарлама қазақ және орыс тiлдерiнде борышкер және (немесе) оның мүлкi орналасқан жер бойынша тиiстi облыста (республикалық маңызы бар қалада) таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялана отырып, жүргiзiледi.
Сонымен бір мезгілде конкурстық басқарушы ақпараттық хабарламаны уәкiлеттi органның интернет-ресурсында жариялау үшін оны уәкілетті органға ұсынады.
Уәкілетті орган конкурстық басқарушы ұсынған сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметтерін сатып алу бойынша конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарламаны екі жұмыс күні ішінде интернет-ресурсында орналастырады.
10. Сату жоспарында көзделген сауда-саттық жүргiзу туралы ақпараттық хабарлама осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына және борышкер және (немесе) оның мүлкi орналасқан жер бойынша тиiстi облыста (республикалық маңызы бар қалада) таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында сауда-саттық жүргiзiлгенге дейiн кемiнде 15 жұмыс күні бұрын жарияланады.
Егер сату жоспары бойынша барлық ұсынылатын лоттардың бастапқы құны 300 айлық есептiк көрсеткiштен аспаған жағдайда, сауда-саттық жүргiзу туралы хабарламаны жариялау борышкер және (немесе) оның мүлкi орналасқан жер бойынша тиiстi облыста (республикалық маңызы бар қалада) таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жүргiзiледi.
Сонымен бір мезгілде конкурстық басқарушы ақпараттық хабарламаны уәкiлеттi органның интернет-ресурсында жариялау үшін оны уәкілетті органға ұсынады.
Ауыл шаруашылығы ұйымының конкурстық массасын сату жөнiндегi аукционды өткiзу уақыты мен орнын конкурстық басқарушы кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес анықтайды.
Уәкілетті орган конкурстық басқарушы ұсынған борышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша сауда-саттық өткізу туралы ақпараттық хабарламаны екі жұмыс күні ішінде интернет-ресурсында орналастырады.»;
көрсетілген Ережеге 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 20 маусымдағы
№ 809 қаулысына
қосымша
Борышкердiң мүлкiн (активтерiн)
сату жөнiнде сауда-саттық
жүргiзу ережесiне
1-қосымша
«Бекітілген»
Кредиторлар комитетi отырысының
20__ж. «___» _____ № __ хаттамасы
________________________________
________________________________
Кредиторлар комитетiнiң төрағасы
________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
_______________________________
(күнi)
Борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жоспары
________________________________________________
(борышкердiң атауы)
Осы сату жоспары «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Заң) 84-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 26 сәуiрдегi № 326 қаулысымен бекiтiлген Борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жөнiнде сауда-саттық жүргiзу ережесiне (бұдан әрi – Ереже) және өзге де нормативтiк құжаттарға сәйкес әзiрленген.
Атауы және деректемелерi (СТН, БСН (ЖСН) _____________________
Заңды мекенжайы ______________________________________________
Банктiк есепшоты______________________________________________
Қызметтiң негiзгi түрi _______________________________________
_____________________ облысының (қаласының) мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 20__ жылғы «__» _______шешiмiмен _______________________ банкрот деп танылды.
борышкердiң атауы)
20___ жылғы «____» ____________ № ______ бұйрықпен конкурстық басқарушы болып _____________________ тағайындалды.
(Т.А.Ә.)
Конкурстық басқарушы борышкердiң мүлкiн (активтерiн) түгендеудi 20___жылғы «___»_________бастап 20_____ жылғы «___»________
аралығында жүргiздi.
Борышкердiң мүлкiн (активтерiн) бағалауды ҚР Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитеті 20__жылғы «___» _________ берген, тiркеу нөмiрi _________ мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына мемлекеттiк лицензиясы бар
____________________________________жүргiздi. 20___жылғы «___»______
(атауы, СТН, БСН (ЖСН)
шартқа сәйкес 20___ жылғы «___»_____ 20_____ жылғы «___»________ аралығында бағалау жүргiзiлдi (бағалау жүргiзiлген жағдайда).
Мүлiк сатуға ____ лоттармен қойылады:
Лоттың № |
Лоттың сипаттамасы (шығарылған/ тұрғызылған жылы, техникалық жағдайы және басқа) |
Мүлiктiң құны (мың теңге) |
Бастапқы бағасы (мың теңге) |
Сауда-саттықты өткiзу әдiсi |
Голландтық тәсiл кезіндегі ең төменгі баға |
Бағаны жоғарылату/ төмендету қадамы |
|
теңгерiмдiк |
бағалау |
20___ жылғы «____» _________ шартқа сәйкес сауда-саттықты ұйымдастырушы ______________________________________________________
(Атауы/Т.А.Ә., СТН, БСН (ЖСН)
(сауда-саттықты ұйымдастырушыны тартқан жағдайда).
Сатып алушыға қойылатын қосымша талаптар ____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(негiздеме)
Конкурстық басқарушы _______________
(Т.А.Ә., қолы)