Борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 777 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 28 тамыздағы № 685 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.08.2015 № 685 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 99-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидалары бекітілсін.
      2. «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды ұйымдастырушы болып айқындалсын.
      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 8 шілдедегі
№ 777 қаулысымен  
бекітілген     

Борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша
электрондық аукционды өткізу қағидалары

      1. Осы Борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) электрондық аукцион нысанында сату тәртібін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (бұдан әрі – тізілімнің веб-порталы) – Интернет желісінде www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша орналастырылған, борышкерлердің мүлкін сату бойынша электрондық деректер қорына бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс (бұдан әрі – деректер қоры);
      2) кепілді жарна – электрондық аукционға қатысу үшін жеке немесе заңды тұлға енгізетін ақша сомасы;
      3) лот – электрондық аукционда бір мезгілде сатылатын зат немесе бірнеше зат;
      4) ең төмен баға – лот одан төмен сатылуы мүмкін емес баға;
      5) сатушы – уақытша, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы;
      6) ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен айқындалған және сатушымен борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды өткізу бойынша электрондық қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан заңды тұлға;
      7) жеңімпаз – аукцион лоты үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған және электрондық аукционның қорытындысы туралы хаттамаға қол қойған электрондық аукционға қатысушы;
      8) сатып алушы – сатып алу-сату шартына қол қойған электрондық аукционның жеңімпазы;
      9) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – жеке және заңды тұлғалардың төлемдерін жүзеге асыру кезінде екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелері арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
      10) бастапқы баға – бағалау құнын айқындау не объектінің теңгерімдік құны бойынша белгіленетін әр объекті бойынша лоттың бағасы;
      11) ағымдағы баға – электрондық аукцион барысында қалыптасатын лоттың бағасы;
      12) қатысушы – электрондық аукционға немесе жабық электрондық аукционға қатысу үшін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тіркелген жеке немесе заңды тұлға;
      13) уәкілетті орган – оңалту және банкроттық саласында (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын оңалту және банкроттық саласындағы мемлекеттік орган;
      14) сату бағасы – электрондық аукцион нәтижесінде белгіленген лоттың түпкілікті бағасы;
      15) электрондық аукцион – электрондық форматта тізілімнің веб-порталын қолдана отырып өткізілетін электрондық аукцион, оның ішінде жабық электрондық аукцион сауда-саттығының нысаны;
      16) жабық электрондық аукцион – айналымы шектелген мүлікті сату бойынша электрондық аукцион;
      17) электрондық аукцион залы (бұдан әрі – аукцион залы) – электрондық аукционды өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі;
      18) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.

2. Электрондық аукционды өткізу тәртібі

      3. Борышкердің (банкроттың) мүлкін сатуды банкроттықты басқарушы осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату жоспарына (бұдан әрі – Сату жоспары) сәйкес электрондық аукционды өткізу арқылы жүзеге асырады.
      4. Акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) стратегиялық объектілерге жатқызылған банкроттың мүліктік массасын сату осы Қағидалардың талаптарына сәйкес электрондық аукцион өткізу жолымен «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің оны иеліктен айыруға рұқсат беру туралы шешімін алғаннан кейін жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі мүліктік массаны өткiзудiң ерекше шарттары мен тәртiбiн, сондай-ақ сатып алушыларға қосымша талаптар белгiлеген жағдайда, стратегиялық объектілерге жатқызылған банкроттың мүліктік массасын өткізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін ескере отырып жүзеге асырылады.
      5. Банкроттықты басқарушы тағайындалғанға дейінгі мерзім ішінде құны айтарлықтай төмендейтін мүлікті (тез бұзылатын тауарлар, мал және жедел өткізуді талап ететін өзге де тауарлар) сатуды уақытша басқарушы уәкілетті органмен келісілген осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Сату жоспарының негізінде жүзеге асырады және олар электрондық аукционға теңгерімдік құны бойынша шығарылады.
      Уақытша басқарушының Сату жоспарын келісуі Заңның 99-бабының 7-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      6. Сот шешімімен оңалту рәсімі қолданылған борышкер мүлкін сатуды оңалтуды басқарушы оңалту жоспарының негізінде осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен электрондық аукцион өткізу арқылы жүзеге асырады.
      7. Банкроттықты басқарушы борышкердің (банкроттың) мүлкін сату жоспарын осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүліктік массаны түгендеу және бағалау деректері, сондай-ақ мүлікті теңгерімдік құны бойынша электрондық аукционға қою туралы кредиторлар жиналысы шешімінің негізінде жасайды.
      8. Банкроттың (борышкердің) мүлкін Сату жоспарын осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, борышкердің кредиторлар жиналысы бекітеді.
      9. Банкроттың (борышкердің) мүлкін Сату жоспары мүліктік массаны аукционға бірыңғай лотпен бастапқы қою бойынша міндетті шартты қамтуы тиіс.
      Егер бірыңғай лот бойынша электрондық аукцион өтпеген жағдайда не оған қатысушылардың ешқайсысы бірыңғай лотты сатып алмаса, мүлікті өткізу бөлек лоттармен жүзеге асырылады.
      10. Сату жоспарын жасау кезінде сату объектілерінің бастапқы бағаларын сатушы осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, бағалау құны не теңгерімдік құны деңгейінде белгілейді.
      Дебиторлық берешек электрондық аукционға оның номиналды мәні мөлшерінде бастапқы бағамен шығарылады.
      11. Сату жоспары осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, лоттың одан төмен сатылуы мүмкін емес бағасын көздеуі мүмкін.
      12. Объектінің бастапқы бағасы бағалау құнының деңгейінде белгіленген жағдайда, бағалаушыны тарту осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның интернет-ресурсында борышкердің мүлкін (активтерін) бағалау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурстың өткізілетіні туралы ақпараттық хабарламаны қазақ және орыс тілдерінде жариялай отырып, баға ұсыныстарын сұрату әдісімен конкурстық негізде жүргізіледі.
      Уәкілетті орган борышкердің мүлкін (активтерін) бағалау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөнінде конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарламаны сатушы ұсынған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
      Баға ұсыныстары бар конверттерді кредиторлар жиналысы немесе комитеті белгілеген мерзімде ашу конкурстық комиссияның отырысында жүзеге асырылады. Ең төмен бағаны ұсынған бағалаушы жеңімпаз болып танылады.
      13. Сату жоспары бекітілгеннен кейін сатушы екі жұмыс күнінен кешіктірмей, тізілімнің веб-порталындағы деректер қорына әрбір лот бойынша мынадай ақпаратты енгізуді қамтамасыз етеді:
      1) сатушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
      2) сатушының телефоны мен мекенжайы;
      3) борышкердің атауы/тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
      4) борышкердің заңды мекенжайы;
      5) сату объектісінің орналасқан жері;
      6) борышкер қызметінің негізгі бейіні;
      7) сату объектісі туралы мәліметтер (мүліктің атауы, жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі, қысқаша сипаттамасы, шығарылған/салынған жылы, техникалық жай-күйі және басқа);
      8) борышкердің банктік деректемелері;
      9) сатушының шешімі бойынша қосымша ақпарат.
      Енгізілген ақпаратқа қосымша сатушы деректер қорына мынадай құжаттардың сканерленген көшірмелерін енгізуді қамтамасыз етеді:
      1) сату объектісін бағалау туралы есеп (ол бар болса) не түгендеу актісін қоса бере отырып, кредиторлар жиналысының мүлікті теңгерімдік құны бойынша шығаруға келіскені туралы хаттамалық шешімі;
      2) сату объектісінің кемінде 10 фотосуреті;
      3) кредиторлар жиналысы бекіткен сату жоспары;
      4) мемлекеттік органдардың заңнамада белгіленген тәртіппен алынған борышкердің (банкроттың) мүлкіне (активтеріне) құқықтарды іске асыруға жазбаша келісімі;
      5) сату объектілерінің құқық белгілейтін құжаттары.
      14. Сатушы осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген мәліметтерді деректер қорына енгізген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ұйымдастырушы қателердің болуын және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады.
      15. Электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарламаны тізілімнің веб-порталында жариялау үшін сатушы электрондық аукцион өткізілгенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын әр лот бойынша мынадай ақпаратты деректер қорына қосымша енгізеді:
      1) электрондық аукционның күні мен уақыты;
      2) лоттың атауы;
      3) лоттың бастапқы бағасы;
      4) лоттың ең төмен бағасы (ол Сату жоспарында белгіленсе);
      5) кепілді жарнаның мөлшері;
      6) ұйымдастырушының банктік деректемелері;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, оның ішінде айналымы шектелген мүлікті немесе стратегиялық объектіні өткізу кезіндегі ерекше шарттар және сатып алушыға қойылатын қосымша талаптар;
      8) өтінімдер қабылдау мерзімдері;
      9) ұйымдастырушының телефоны мен мекенжайы;
      10) сатушының шешімі бойынша қосымша ақпарат.
      16. Сатушы осы Қағидалардың 15-тармағында белгіленген мәліметтерді енгізгеннен кейін ұйымдастырушы тізілімнің веб-порталында ақпараттық хабарлама жарияланғанға дейін, мәліметтер енгізілген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде оны қателердің болуына және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады.
      17. Деректер қорына енгізілген мәліметтерді тексеру нәтижелері бойынша ұйымдастырушы сатушыға электрондық аукционның өткізілетіні туралы ақпараттық хабарламаны орналастырудан бас тартады не оны тізілімнің веб-порталында жариялайды.
      18. Уәкілетті орган деректер қорынан электрондық аукционның өткізілетіні туралы ақпараттық хабарламаны алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
      19. Электрондық аукционның өткізілетіні туралы ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін ұйымдастырушы барлық ниет білдірушілерге тізілімнің веб-порталында орналастырылған лот бойынша ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді, сатушы барлық ниет білдірушілерге сату объектісіне еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
      Ұйымдастырушы тізілімнің веб-порталын пайдаланушыларға, оның ішінде облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан аумақтық бөлімшелері арқылы консультациялық көмек көрсетеді.
      20. Электрондық аукционға қатысушыларды тіркеу тізілімнің веб-порталында ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және электрондық аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.
      21. Электрондық аукционға қатысушы ретінде тіркеу үшін тізілімнің веб-порталында осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық өтінімді тіркеу қажет.
      Электрондық өтінім беру үшін алдын ала тізілімнің веб-порталында мыналарды көрсете отырып тіркелу қажет:
      1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
      2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
      3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі банктік шоттың деректемелері;
      4) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail);
      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталында енгізілген деректерді өзгертеді.
      Ақпараттық хабарламада мүліктік массаны сатып алушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерекше шарттар мен қосымша талаптар болған жағдайда, электрондық аукционға қатысушылар электрондық өтінімге өздерінің осы шарттар мен талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса тіркейді.
      Жабық электрондық аукционға осы мүлікті сатып алуға құқығы бар адамдардың қатысуына жол беріледі.
      Жабық электрондық аукционға қатысушылар электрондық өтінімге жабық электрондық аукционның шарттары мен талаптарына сәйкес келетінін растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелерін де қоса тіркейді.
      22. Электрондық өтінім бергенге дейін қатысушы электрондық аукционның өткізілетіні туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген ұйымдастырушының есеп шотына кепілді жарнаны енгізуі қажет.
      23. Әрбір лот бойынша электрондық аукционға қатысу үшін кепілді жарна лоттың бастапқы құнының 15 %-ын құрайды.
      24. Электрондық аукционға қатысушыларға кепiлдi жарналардың кез келген санын енгiзуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілді жарна қатысушыға ол бойынша сауда-саттыққа қатысу үшін аталған кепілді жарнаны енгізген объектіні сатып алуға құқық береді.
      25. Электрондық аукционға қатысуға электрондық өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы деректер қорына электрондық өтінім берілген лот бойынша кепілді жарнаның түскені туралы автоматты түрде тексеру жүргізеді.
      26. Деректер қорында ұйымдастырушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдауды және қатысушыны аукционға жіберуді жүзеге асырады. Деректер қорында ұйымдастырушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болмаған жағдайда, тізілімнің веб-порталы қатысушының электрондық өтінімін қабылдамайды.
      27. Тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуына қатысушының осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ ұйымдастырушының шотына кепілді жарнаның:
      1) кепілді жарнаны ЭҮТШ арқылы төлеу кезінде – электрондық аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын;
      2) кепілді жарнаны қолма-қол ақшасыз тәртіппен төлеудің басқа әдістерін пайдаланған кезде – электрондық аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын түспеуі негіз болып табылады.
      28. Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында тіркеу кезінде көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына электрондық өтінімнің қабылданғаны туралы не электрондық өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
      29. Электрондық аукционға қатысуға осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен тіркеуден өткен жеке және заңды, оның ішінде шетелдік заңды тұлғалар жіберіледі.
      30. Электрондық аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукциондық нөмір бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.
      31. Мыналар:
      1) электрондық аукционның өткізілетіні туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген сату объектісін сатып алушыларға қойылатын ерекше шарттарға және (немесе) қосымша талаптарға сәйкес келмейтін заңды (жеке) тұлға;
      2) ұйымдастырушы;
      3) сатушы электрондық аукционға қатыспайды.
      32. Электрондық аукционда жеңген қатысушының кепілді жарнасын ұйымдастырушы электрондық аукцион өткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде борышкердің шотына аударады және ол сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдер есебіне жатқызылады.
      Осы тармақта көзделмеген қалған жағдайларда, ұйымдастырушы қатысушыларға кепілді жарналарды электрондық аукцион өткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.
      33. Электрондық аукцион Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сейсенбі – жұма аралығындағы кезеңде аукцион залында өткізіледі.
      34. Электрондық аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі, бұл ретте электрондық аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден кешіктірмей басталады.
      35. Электрондық аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукциондық нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді және лот үшін өзінің бастапқы бағадан жоғары не төмен, бірақ Сату жоспарында белгіленген кезіндегі ең төмен бағадан төмен болмайтын баға ұсынысын көрсетеді.
      Электрондық аукцион электрондық аукционның өткізілетіні туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақытында басталады.
      36. Егер электрондық аукцион басталған кезде лот бойынша тіркелген және аукцион залындағы қатысушылар екеуден аз болса, онда электрондық аукцион өтпеген болып танылады.
      37. Электрондық аукцион қатысушылардың баға ұсыныстарын беру әдісімен өткізіледі және қатысушылардың біреуінің ең жоғарғы бағасына дейін жүргізіледі. Бұл ретте бағаның өзгеру қадамы былайша белгіленеді:
      1) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 20 000 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгеру қадамы 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді;
      2) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 20 000 еседен 50 000 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгеру қадамы 7 пайыз мөлшерінде белгіленеді;
      3) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 50 000 еседен 100 000 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгеру қадамы 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді;
      4) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 100 000 еседен 250 000 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгеру қадамы 2,5 пайыз мөлшерінде белгіленеді;
      5) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 250 000 еседен 500 000 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгеру қадамы 1 пайыз мөлшерінде белгіленеді;
      6) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 500 000 еселенген және одан жоғары мөлшерде болған кезде өзгеру қадамы 0,5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      38. Электрондық аукцион былайша өткізіледі:
      1) электрондық аукционның басталу сәтінде аукцион залында қатысушылардың лот үшін баға ұсыныстары көрсетіледі, бұл олардың шарттарды сақтай отырып, лотты сатып алуға келісімін білдіру нысаны болып табылады және ағымдағы баға қалыптасады;
      2) электрондық аукцион басталған сәттен бастап, қатысушыға басқа қатысушының ағымдағы ең жоғарғы бағасын осы Қағидалардың 37-тармағына сәйкес белгіленген қадамға ұлғайтуға мүмкіндік беріледі;
      3) егер электрондық аукцион басталғаннан жиырма минут ішінде қатысушылардың бір де біреуі ағымдағы ең жоғарғы бағаны ұлғайтпаса, онда оны ұсынған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал осы лот бойынша электрондық аукцион өтті деп танылады;
      4) егер электрондық аукцион басталғаннан жиырма минут ішінде аукцион залында қатысушылардың біреуі басқа қатысушының ағымдағы ең жоғарғы бағасын осы Қағидалардың 37-тармағына сәйкес белгіленген қадамға ұлғайту жолымен лотты сатып алуға өз ниетін растаса, онда ағымдағы баға белгіленген қадамға ұлғайтылады;
      5) егер ағымдағы баға ұлғайтылғаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бір де біреуі ағымдағы бағаны ұлғайту жолымен лотты сатып алуға өз ниетін растамайтын болса, онда лотты сатып алуға өз ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал осы лот бойынша электрондық аукцион өтті деп танылады;
      6) егер электрондық аукцион аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаған болса, онда лотты сатып алуға өз ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал осы лот бойынша электрондық аукцион өтті деп танылады.
      39. Егер электрондық аукцион басталған сәтте екі және одан да көп қатысушының баға ұсыныстары лот үшін бірдей ең жоғары бағаны қамтитын болса және осы ағымдағы баға жиырма минут ішінде ұлғайтылмаған болса, онда осы қатысушылардың арасынан ұсыныстары бірдей ең жоғары бағаны қамтитын қатысушылардың баға ұсынысы аукцион залында басқа баға ұсыныстарынан ерте тіркелген қатысушы электрондық аукцион жеңімпазы деп танылады.
      40. Электрондық аукцион барысында техникалық ақау туындаған жағдайда, ұйымдастырушы техникалық ақау фактісінің болуын тіркейді және техникалық ақау тізілімнің веб-порталы тарапында болған кезде аукционның барлық қатысушыларын тізілімнің веб-порталында ақпарат орналастыру арқылы хабардар етеді.
      Техникалық ақау электрондық аукционға қатысушының компьютерлік және (немесе) телекоммуникациялық жабдығында болған кезде электрондық аукцион жалғаса береді.
      41. Тізілімнің веб-порталында электрондық аукционды өткізуге кедергі келтіретін техникалық ақау фактісі орын алған жағдайда, ұйымдастырушы ол туралы сатушыны хабардар етеді және тізілімнің веб-порталында ақпарат орналастыру және қатысушының тізілімнің веб-порталында көрсетілген электрондық мекенжайына электрондық хабарлама жіберу арқылы аукционға қатысқан қатысушыларды осы электрондық аукционның жалғасатын күні мен уақыты туралы міндетті түрде алдынала хабардар ете отырып, электрондық аукционды ұйымдастырушы техникалық ақауды түзеткен күннен кейінгі үшінші жұмыс күніне ауыстырады.
      42. Электрондық аукцион нәтижелері әрбір сатылған лот бойынша аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған тізілім веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып, сатушы мен жеңімпаз электрондық аукцион аяқталғаннан кейінгі жиырма төрт сағат ішінде қол қояды.
      43. Осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген жағдайда және қатысушы осы Қағидалардың 42-тармағында белгіленген мерзімде аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамаға қол қоймаған кезде, сатушы өтпеген аукцион туралы актіге қол қояды.
      Өтпеген аукцион туралы акті тізілімнің веб-порталында қалыптастырылады.
      44. Аукцион лотына ең жоғарғы баға ұсынған қатысушы электрондық аукцион нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, сатушы кепілді жарнаны қайтармайды.
      45. Электрондық аукцион нәтижелері туралы хаттама электрондық аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату бағасы бойынша лоттың сатып алу-сату шартының тізілімнің веб-порталы генерациялаған үлгілік жобасына қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.
      46. Жеңімпазбен жасасатын сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.
      47. Сатып алу-сату шартына қол қою кезінде жеңімпаз сатушыға электрондық өтінімге қоса тіркелген және электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген, сату объектісін сатып алушыларға қойылатын ерекше шарттарға және (немесе) қосымша талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың түпнұсқаларын не нотариалдық расталған көшірмелерін ұсынады.
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптар сатып алу-сату шартында көрініс табады.
      48. Сату объектісін беру сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша сату бағасын толық төлегеннен кейін мүлікті қабылдап алу-беру актісіне қол қою жолымен жүргізіледі, ол сатылған объектінің меншік иесін ауыстыру туралы мемлекеттік тіркеуді жүргізуге негіз болып табылады.
      49. Сатып алушы сатып алу-сату шартына осы Қағидалардың 46-тармағында көрсетілген мерзімде қол қоюдан бас тартқан не сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған не осы Қағидалардың 47-тармағында көрсетілген құжаттарды сатушыға ұсынбаған жағдайда, сатушы кепілді жарнаны қайтармайды және тізілімнің веб-порталынан басып шығарылатын электрондық аукцион нәтижелерінің күші жойылғаны туралы актіге қол қояды.

Борышкердің (банкроттың)  
мүлкін (активтерін) сату   
бойынша электрондық     
аукционды өткізу қағидаларына
1-қосымша          

Нысан

20 жылғы « »
уәкілетті органмен келісілді

Жедел өткізуді талап ететін тез бүлінетін тауарларды, малды
және өзге де тауарларды сату жоспары

_____________________________________________________________________
      (борышкердің атауы/ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Осы Сату жоспары «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 99-бабына және Борышкердің
(банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды
өткізу қағидаларына сәйкес әзірленген.
      Атауы және деректемелері (БСН) (ЖСН) __________________________
      Заңды мекенжайы _______________________________________________
      Банктік шоты __________________________________________________
      Негізгі қызмет түрі ___________________________________________
_____________________________________________________________________
облысының (қаласының) мамандандырылған ауданаралық экономикалық
сотының 20__ жылғы «___» _________ шешімімен ___________________
________________________________________________ банкрот деп танылды.
(борышкердің атауы/тегі, әкесінің аты (бар болса)

      Мүлік сатуға ____ лоттармен (саны) қойылады:

Лот

Лоттың сипаттамасы (сату объектісінің атауы, физикалық жай-күйі, жарамдылық мерзімі және басқа)

Мүліктің теңгерімдік құны (мың теңге)

Бастапқы бағасы (мың теңге)





      Сатудың ерекше шарттары (айналымы шектелген борышкердің мүлкін
сату кезінде)________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Сатып алушыға қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген қосымша талаптар ________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Уақытша басқарушы ___________________________________________________
                       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

Борышкердің (банкроттың)  
мүлкін (активтерін) сату   
бойынша электрондық     
аукционды өткізу қағидаларына
2-қосымша          

Нысан

Кредиторлар жиналысы
отырысының   
20 жылғы « »   
№ хаттамасымен
бекітілген  

Борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату жоспары

_____________________________________________________________________
      (борышкердің атауы/ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Осы Сату жоспары «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 99-бабына және Борышкердің
(банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды
өткізу қағидаларына сәйкес әзірленген.
      Атауы және деректемелері (БСН/ЖСН) ____________________________
      Заңды мекенжайы _______________________________________________
      Банктік шоты __________________________________________________
      Негізгі қызмет түрі____________________________________________
_____________________________________________________________________
облысының (қаласының) мамандандырылған ауданаралық экономикалық
сотының 20__ жылғы «___» _________ шешімімен ___________________
________________________________________________ банкрот деп танылды.
(борышкердің атауы/тегі, әкесінің аты (бар болса)

      Уәкілетті органның 20__ жылғы «___» _______ № _____ бұйрығымен
_____________________________________________________________________
                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________ банкроттықты басқарушы болып тағайындалды.

      Уақытша (банкроттықты) басқарушы борышкердің мүлкін
(активтерін) түгендеуді 20__ жылғы «___» ____________ – 20__ жылғы
«___» ___________ аралығында жүргізді.

Борышкердің мүлкін (активтерін) бағалауды 20__жылғы «__» __________
___________________________________________________________ берілген,
             (лицензияны берген органның атауы)
тіркеу нөмірі ________________________________ мүлікті бағалау
жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына мемлекеттік лицензиясы бар
___________________________________________________________ жүргізді.
                       (атауы, БСН (ЖСН))

      20__ жылғы «___» ________________ шартқа сәйкес 20__ жылғы
«___» ______________ – 20__ жылғы «___» ___________ аралығында
бағалау жүргізілді.

      Мүлік сатуға ____ лотпен (саны) қойылады:

Лот №

Лоттың сипаттамасы (кадастрлық нөмірі, шығарылған/салынған жылы, техникалық жай-күйі және басқа)

Мүліктің құны (мың теңге)

Бастапқы бағасы  (мың теңге)

Ең төмен баға (мың теңге) (бар болса)

Теңгерімдік

Бағалау







      Сатудың ерекше шарттары (айналымы шектелген борышкердің мүлкін
немесе стратегиялық объектіні сату кезінде) _________________________
_____________________________________________________________________
       Сатып алушыға стратегиялық объектілер бойынша (бар болса)
қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан
Республикасы Үкіметінің шешімімен белгіленген қосымша талаптар ______
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Банкроттықты басқарушы
_____________________________________________________________________
             (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

Борышкердің (банкроттың)  
мүлкін (активтерін) сату   
бойынша электрондық     
аукционды өткізу қағидаларына
3-қосымша          

Нысан

Борышкердің мүлкін (активтерін) бағалау бойынша көрсетілетін
қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурстың өткізілетіні туралы
ақпараттық хабарлама

____________________________________________________________________
          (борышкердің атауы/тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
                       мекенжайы, заңды тұлғалар
_____________________________________________________________________
        үшін: БСН; ДК үшін: тұрғылықты жері, БСН/ЖСН)

      банкроттықты басқарушы
_____________________________________________________________________
    (қаласы, көшесі, үйдің нөмірі, пәтер/бөлме нөмірі, телефон)

мекенжайы бойынша орналасқан борышкердің мүлкін (активтерін) бағалау
бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурсты
жариялайды.
      Борышкер мүлкінің (активтерінің) құрамына: ____________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________ кіреді.
(бағалау объектісі, шығарылған/ салынған жылы, техникалық
                  жай-күйі және басқа)

      Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер осы хабарлама жарияланған
күннен бастап он жұмыс күні ішінде __________________________________
_____________________________________________________________________
     (қаласы, көшесі, үйдің нөмірі, пәтер/бөлме нөмірі, телефон)
мекенжайы бойынша ______ бастап _______ дейін қабылданады, түскі
үзіліс ______ бастап ____ дейін.
      Конкурсты ұйымдастыру бойынша кінәрат-талаптар ________________
_____________________________________________________________________
    (уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің мекенжайы:
     қаласы, көшесі, үй, кабинет, телефон нөмірі, электрондық почта)
мекенжайы бойынша _____ бастап ____ дейін қабылданады, түскі үзіліс
_____ бастап _____ дейін.

Борышкердің (банкроттың)  
мүлкін (активтерін) сату   
бойынша электрондық     
аукционды өткізу қағидаларына
4-қосымша          

Нысан

Борышкердің (банкроттың) мүлкін сату жөніндегі электрондық
аукционға қатысуға
өтінім

      1. ____________________________________________________________
          (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
                          немесе заңды тұлғаның атауы)

      борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату туралы
жарияланған ақпараттық хабарламаны қарап, Борышкердің (банкроттың)
мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукцион өткізу
қағидаларымен танысып, тізілімнің веб-порталында 20__ «__» __________
сағат __ өтетін электрондық аукционға қатысуға ниет білдіреді.
      2. Мен (біз) электрондық аукционға қатысу үшін ұйымдастырушының
есеп шотына жалпы сомасы __________ (______________) теңге __________
                         (цифрлармен)  жазбаша)             (саны)
кепілдік жарна (жарналар) енгіздім (енгіздік)
_____________________________________________________________________
                  (есеп шот деректемелері көрсетіледі)

      Енгізілген кепілді жарналар туралы мәліметтер:

Р/с №

Кепілді жарнаның мақсаты және электрондық аукциондарға қатысу үшін кепілді жарна енгізілген сату объектісінің атауы

Төлем құжатының №

Төлем құжатының күні

Кепілді жарнаның сомасы, теңге

1





2






Жиыны




      3. Мен (біз) мыналардың:
      1) сату объектісін сатып алушыларға қойылатын электрондық
аукционның өткізілетіні туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген
ерекше шарттарға және (немесе) қосымша талаптарға сәйкес келмейтін
заңды (жеке) тұлға;
      2) ұйымдастырушы;
      3) сатушы қатысушы ретінде тіркелуге жатпайтыны туралы
хабардармын (хабардармыз).
      4. Қатысушыға қойылатын талаптарға менің (біздің) сәйкес
келмейтінім (келмейтініміз) анықталған жағдайда, мен (біз)
электрондық аукционға қатысу құқығынан айырылатыныммен
(айырылатынымызбен), мен (біз) қол қойған сауда-саттық нәтижелері
туралы хаттаманың және сатып алу-сату шартының жарамсыз деп
танылатынымен келісемін (келісеміз).
      5. Егер мен (біз) сауда-саттық жеңімпаз(дар)ы деп айқындалған
жағдайда, өзіме (өзімізге) сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға
электрондық ауцион аяқталғаннан кейін 24 сағат ішінде қол қою және
электрондық ауцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде
сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін аламын (аламыз).
      6. Мынадай:
      1) сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан бас
тартқан;
      2) белгіленген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас
тартқан;
      3) менің (біздің) сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді
орындамаған және/немесе тиісінше орындамаған;
      4) менің (біздің) қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес
келмейтінім (келмейтініміз) анықталған жағдайларда, мен (біз)
енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайтынымен және сатушыда
қалатынымен келісемін (келісеміз).
      7. Осы өтінімнің сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамамен
бірге сатып алу-сату шартын жасасуға дейін қолданылатын шарт күші
бар.
      8. Өзім (өзіміз) туралы мынадай мәліметтер беремін (береміз):
      Заңды тұлға үшін:
      Атауы _________________________________________________________
      БСН ___________________________________________________________
      Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) __________________
_____________________________________________________________________
      Мекенжайы: ____________________________________________________
      Телефон нөмірі (факс): ________________________________________
      Банктік деректемелері:
      ЖСК __________________________________________________________
      БСК ___________________________________________________________
      Банктің атауы _________________________________________________
      Кбе ___________________________________________________________
      Өтінімге мыналар қоса беріледі:
      1) ____________________________________________________________
      2) ____________________________________________________________
      3)_____________________________________________________________
      Жеке тұлға үшін:
      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________
_____________________________________________________________________
      ЖСН ___________________________________________________________
      Паспорттық деректері __________________________________________
      Мекенжайы: ____________________________________________________
      Телефон нөмірі (факс):_________________________________________
      Банктік деректемелері:
      ЖСК ___________________________________________________________
      БСК ___________________________________________________________
      Банктің атауы ________________________________________________
      Кбе ___________________________________________________________
      Өтінімге мыналар қоса беріледі:
      1) ____________________________________________________________
      2) ____________________________________________________________
      3) ____________________________________________________________

________________ ___________________________________________________
   (қолы)         (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
                  немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлға
                  басшысының немесе сенімхат негізінде әрекет ететін
                    өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20 __ жылғы «___» ____________.

М.О.
20__ жылғы «___» _________ _______ сағат «___» минутта қабылданды.
_________________ ___________________________________________________
     (қолы)        (өтінімді қабылдап алған адамның тегі, аты,
                           әкесінің аты (бар болса)

      Қатысушының аукциондық нөмірі ________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 8 шілдедегі
№ 777 қаулысына  
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. «Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 326 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 143-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 326 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі № 840 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 38, 408-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2305 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 54-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы.
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 маусымдағы № 613 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 39, 342-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 8-тармағы.
      5. «Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 326 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 шілдедегі № 867 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 50, 676-құжат).
      6. «Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 326 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 809 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 57, 788-құжат).
      7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 маусымдағы № 574 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 36, 535-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы.
      8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1115 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 60, 827-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады