Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.07.2014 № 777 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жөнiнде сауда-саттық жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 26 сәуiрдегi
N 326 қаулысымен
бекiтiлген
Борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жөнiнде сауда-саттық жүргiзу ережесi
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.27 № 867 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, басқа да нормативтiк құқықтық актілерге сәйкес әзiрлендi және банкроттық рәсімдерiнде сауда-саттыққа қатысуға тең қол жетiмдiлiк, сауда-саттыққа қатысушылардың бәсекелестiгi қағидаттарында талап ету құқықтарын қоса алғанда, борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жөнiнде сауда-саттық жүргiзу тәртiбiн реттейдi.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аукциондық нөмір – сауда-саттыққа қатысушыға берілетін нөмір;
2) жеңімпаз – аукцион лоты үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушы;
3) лот – аукционда бір мезгілде сатылатын зат немесе бірнеше заттар;
4) лоттың бастапқы бағасы – әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын баға;
5) лоттың ең төмен бағасы – лот одан төмен сатылуы мүмкін емес баға;
6) сату бағасы – сауда-саттық нәтижесінде белгіленген лоттың түпкілікті бағасы;
7) сатушы – конкурстық басқарушы;
8) сатып алушы – сатушымен сатып алу-сату шартын жасасқан жеңімпаз;
9) сауда-саттыққа қатысушы – осы Ережеде белгіленген тәртіппен сауда-саттыққа қатысу үшін тіркелген жеке немесе заңды тұлға;
10) сауда-саттықты ұйымдастырушы – конкурстық басқарушымен сауда-саттық жүргізу жөнінде қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан және олардың нәтижелеріне мүдделі емес жеке немесе заңды тұлға;
11) сауда-саттықтың ағылшындық әдісі – ең жоғары баға ұсынған бір қатысушы қалған сәтке дейін, алдын ала жарияланған қадаммен бастапқы баға өсетін сауда-саттық әдісі;
12) сауда-саттықтың голландтық әдісі – қатысушылардың бірі аукцион лотын жарияланған баға бойынша сатып алуға келісім берген сәтке дейін, жарияланған қадаммен бастапқы баға төмендейтін сауда-саттық әдісі;
13) банкроттық саласындағы уәкілетті орган – банкроттық саласындағы (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Табиғи монополия субъектiлерi немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайды иеленген не республиканың экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар, азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, ұлттық қауiпсiздiкке немесе қоршаған ортаға ықпал етуге қабiлеттi, сондай-ақ мемлекеттiң бастамасы бойынша банкрот деп танылған нарық субъектiлерi болып табылатын ұйымдар банкрот болған кезде Қазақстан Республикасының Үкiметi азаматтардың және мемлекеттiң мүддесiн қорғау мақсатында конкурстық массаны сатудың ерекше шарттары мен тәртiбiн және конкурстық масса объектiлерiн сатып алушыларға қосымша талаптар белгiлеуге құқылы.
3. Борышкердiң мүлкiн сатуды сатушы, осы Ережеде белгiленген тәртiппен келiсiлген және бекiтiлген борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жоспарына (бұдан әрi – сату жоспары) сәйкес сауда-саттық жүргiзу жолымен жүзеге асырады.
2. Борышкердiң мүлкiн сатудың жоспарын жасау, келiсу және бекiту тәртiбi
4. Сату жоспарын сатушы түгендеу деректерiнiң және борышкердiң конкурстық массасын бағалау негiзiнде осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес жасайды.
Ауыл шаруашылығы ұйымы болып табылатын борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жоспары мiндеттi түрде қызметiнiң негiзгi түрiн сақтай отырып, борышкердiң мүлкiн бастапқыда аукционға бiрыңғай лотпен шығару туралы қосымша шартты қамтиды.
Сату жоспарына: түгендеу актiсi, бағалау актiсi (бағалауды жүргiзген кезде) немесе мүлiктi теңгерiмдiк құны бойынша қоюға келiсу туралы кредиторлар комитетiнiң хаттамалық шешiмi, құқық белгiлейтiн құжаттар, сондай-ақ қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда, заңнамада белгіленген тәртіппен алынған мүлiкке (активтерге) құқықты iске асыруға мемлекеттiк органдардың жазбаша келiсiмi қоса берiледi.
Сату жоспарын борышкердiң кредиторлар комитетi бекiтедi.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.20 № 809 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
5. Мүлiкке бағалау жүргiзу үшiн сатушы бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны тартады, оның қызметiне ақы төлеу осы Ереженің 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиторлар комитеті бекіткен смета шеңберінде борышкер мүлкiнiң есебiнен жүргiзiледi.
6. Бағалаушыны тарту конкурстық негiзде бағалау ұсыныстарына сұрау салу әдiсiмен осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес ақпараттық хабарлама қазақ және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына немесе борышкер және (немесе) оның мүлкi орналасқан жер бойынша тиiстi облыста (республикалық маңызы бар қалада) таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялана отырып, жүргiзiледi.
Сонымен бір мезгілде конкурстық басқарушы ақпараттық хабарламаны уәкiлеттi органның интернет-ресурсында жариялау үшін оны уәкілетті органға ұсынады.
Уәкілетті орган конкурстық басқарушы ұсынған борышкердің мүлкін (активтерін) бағалау бойынша қызметтерді сатып алу жөнінде конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарламаны екі жұмыс күні ішінде интернет-ресурсында орналастырады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.20 № 809 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
7. Бағалаушыны тарту үшiн қаражат жеткiлiксiз болған жағдайда, конкурстық басқарушы, кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес мүлiктi сауда-саттыққа теңгерiмдiк құны бойынша шығаруға құқылы.
8. Сату жоспарын жасау кезiнде сату объектiлерінің сауда-саттықтың ағылшындық және голландтық әдiсi бойынша сатудың бастапқы бағалары бағалау құнынан төмен болмайтын мөлшерде, ал бағалау болмаған кезде - теңгерiмдiк құн бойынша белгiленедi.
Дебиторлық берешек сауда-саттыққа голландтық әдiс бойынша оның номиналды мәнi мөлшерiндегi бастапқы бағасымен шығарылады.
Сату жоспары бір лот бойынша екі және одан да көп сауда-саттықтың өткізілуін көздемейді.
9. Сауда-саттықты ұйымдастыру және жүргiзу үшiн сатушы қызметiне ақы төлеу комитет кредиторы бекiткен смета шегiнде борышкер мүлкiнiң есебiнен жүргiзiлетiн сауда-саттықты ұйымдастырушыны тартуға құқылы.
Сауда-саттықты ұйымдастырушыны тарту конкурстық негiзде бағалау ұсыныстарына сұрау салу әдiсiмен осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес ақпараттық хабарлама қазақ және орыс тiлдерiнде борышкер және (немесе) оның мүлкi орналасқан жер бойынша тиiстi облыста (республикалық маңызы бар қалада) таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялана отырып, жүргiзiледi.
Сонымен бір мезгілде конкурстық басқарушы ақпараттық хабарламаны уәкiлеттi органның интернет-ресурсында жариялау үшін оны уәкілетті органға ұсынады.
Уәкілетті орган конкурстық басқарушы ұсынған сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметтерін сатып алу бойынша конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарламаны екі жұмыс күні ішінде интернет-ресурсында орналастырады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.20 № 809 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3. Сауда-саттықты дайындау жөнiндегi iс-шаралар
10. Сату жоспарында көзделген сауда-саттық жүргiзу туралы ақпараттық хабарлама осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына және борышкер және (немесе) оның мүлкi орналасқан жер бойынша тиiстi облыста (республикалық маңызы бар қалада) таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында сауда-саттық жүргiзiлгенге дейiн кемiнде 15 жұмыс күні бұрын жарияланады.
Егер сату жоспары бойынша барлық ұсынылатын лоттардың бастапқы құны 300 айлық есептiк көрсеткiштен аспаған жағдайда, сауда-саттық жүргiзу туралы хабарламаны жариялау борышкер және (немесе) оның мүлкi орналасқан жер бойынша тиiстi облыста (республикалық маңызы бар қалада) таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жүргiзiледi.
Сонымен бір мезгілде конкурстық басқарушы ақпараттық хабарламаны уәкiлеттi органның интернет-ресурсында жариялау үшін оны уәкілетті органға ұсынады.
Ауыл шаруашылығы ұйымының конкурстық массасын сату жөнiндегi аукционды өткiзу уақыты мен орнын конкурстық басқарушы кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес анықтайды.
Уәкілетті орган конкурстық басқарушы ұсынған борышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша сауда-саттық өткізу туралы ақпараттық хабарламаны екі жұмыс күні ішінде интернет-ресурсында орналастырады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.20 № 809 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
11. Ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейiн сатушы барлық тiлек бiлдiрушiлерге борышкердiң сауда-саттыққа шығарылған мүлкi, сондай-ақ аукционды ұйымдастыру мен жүргiзудiң ережелерi туралы ақпаратқа еркiн қол жеткiзуін қамтамасыз етедi.
12. Сауда-саттыққа қатысуға осы Ережеде белгiленген тәртiппен тiркеуден өткен жеке және заңды тұлғалар, оның iшiнде шетелдiк заңды тұлғалар жiберiледi.
Сауда-саттыққа барлық тiлек бiлдiрушiлердiң қатысуға құқығы бар.
Бұқаралық ақпарат құралдары сауда-саттықтар жүргiзу кезiнде бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамада көзделген тәртiппен өз журналистерiн аккредиттей алады.
13. Сауда-саттыққа қатысушыларды тiркеу ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейiн келесi күннен бастап жүргiзiледi және сауда-саттық басталғанға дейiн бiр сағат бұрын аяқталады. Сауда-саттық өткiзудi бастау жергiлiктi уақыт бойынша сағат 11-ден ерте белгiленбейдi.
14. Сауда-саттыққа қатысушы ретiнде тiркелу үшiн мыналарды ұсыну қажет:
1) сауда-саттыққа қатысуға өтiнiм;
2) паспорт немесе жеке куәлiк;
3) кепiлдiк жарна енгiзгендiгiн растайтын төлем құжатының көшiрмесi;
4) өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжат;
5) конкурстық массаны сатып алушыларға Қазақстан Республикасының Үкiметi ерекше шарттар мен қосымша талаптар белгiлеген жағдайда, осы шарттарға және талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттар.
Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама не салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларымен бірге куәлік* пен жарғының көшірмесін не куәлік* пен жарғының нотариалды куәландырылған көшірмелерін қосымша ұсынады;
ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
Шетелдiк заңды тұлғалар мемлекеттiк және орыс тiлдерiне нотариалды расталған аудармасы бар құрылтай құжаттарын қосымша ұсынады.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.06.2013 № 574 қаулысымен.
15. Өтiнiмдерді қабылдауды және сауда-саттыққа қатысуға тiлек бiлдiрушi тұлғаларды тiркеуді осы Ереженің 14-тармағына сәйкес талап етiлетiн құжаттардың барлығы болған кезде сатушы жүргiзедi. Сауда-саттыққа қатысуға тiлек бiлдiрушi тұлғаларды тiркеу өтiнiмдерді қабылдаған күні жүзеге асырылады.
16. Әрбiр лот бойынша сауда-саттыққа қатысу үшiн кепiлдiк жарна ағылшындық әдiс кезiнде лоттың бастапқы бағасының 10 %-ын, голландтық әдiс кезiнде лоттың ең төменгi бағасының 10 %-ын құрайды.
Кепiлдiк жарнаны қатысушы үшiн кез келген басқа жеке немесе заңды тұлға енгiзе алады. Кепiлдiк жарнаны алушы борышкер болып табылады.
17. Кепiлдiк жарна сауда-саттыққа қатысушыға сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi кезiнде бастапқы баға жарияланған кезде немесе сауда-саттықтың голландтық әдiсi кезiнде ең төменгi бағаға қол жеткiзiлген кезде аукциондық нөмiрдi көтермеген жағдайда қайтарылмайды.
Сауда-саттықта жеңiп шыққан және сатып алу-сату шартын жасасқан қатысушының кепiлдiк жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесiлi төлемдер шотына жатқызылады.
Осы тармақта көзделмеген қалған жағдайларда кепiлдiк жарналар сауда-саттық аяқталған күннен бастап банктiк бес күннен аспайтын мерзiмде қайтарылады.
18. Сатушының:
1) сауда-саттыққа қатысушыдан сауда-саттықтарға қойылғандардың арасынан сол немесе өзге лотты сатып алуға ниетi туралы ақпарат беруiн талап етуге;
2) сауда-саттыққа дайындаудың және оларды өткiзудiң бүкiл кезеңi iшiнде сауда-саттыққа қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жария етуге;
3) осы Ереженiң 14-тармағында тізбеленгендерден басқа қатысушы ретiнде тiркелу үшiн қосымша құжаттарды ұсынуды талап етуге құқығы жоқ.
19. Тiркеуден өткен тұлға сауда-саттық жүргiзiлетiн күнi аукциондық нөмiр алады. Сауда-саттық процесiнде аукциондық нөмiрдi басқа тұлғаның пайдалануына тыйым салынады.
20. Сатушының айрықша функциялары мыналар болып табылады:
1) кепiлдiк жарналарды қабылдау;
2) сауда-саттықтың жүргiзiлу барысын бақылауды жүзеге асыру;
3) сауда-саттық жеңiмпаздарымен сатып алу-сату шарттарын жасасу және олардың орындалуын бақылау;
4) сауда-саттыққа қатысушылармен және сатып алушымен есеп айырысуларды жүзеге асыру.
4. Сауда-саттық өткiзу
21. Сауда-саттықты сауда-саттықты ұйымдастырушы өткiзедi. Сауда-саттықты ұйымдастырушыны тарту үшін қаражат жеткіліксіз болған кезде, сауда-саттықты осы Ережеде белгіленген тәртіппен конкурстық басқарушы жүргізеді. Сауда-саттық оны жүргiзу ережесiн хабарлаудан басталады. Қатысып отырған адамдардың сауда-саттықтың барысына ықпал етуге немесе оны жүргiзу ережесiн бұзуға құқығы жоқ, олай болмаған жағдайда олар сауда-саттықты жүргiзу залынан шығарылып жiберiлуi мүмкiн.
Сатушы, сауда-саттыққа қатысушылар сауда-саттықтың бейнежазбасын жүргiзе алады.
22. Әрбiр лот бойынша сауда-саттық, сауда-саттықты ұйымдастырушының аукцион затын, оның қысқаша сипаттамасын, сауда-саттықты өткiзу әдiсiн, бастапқы бағаны және бағаның өзгеру қадамын жариялаудан басталады.
Сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда-саттық процесiнде бұл туралы хабарлай отырып, бағаның өзгеру қадамын өзгертуге құқылы. Өзгеру қадамы лоттың ағымдағы бағасының 5%-ға дейiнгi мөлшерінде белгiленедi.
23. Сауда-саттық төменде сипатталған екi әдiстiң бiрi бойынша өткiзiледi:
1) сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi – сауда-саттықты ұйымдастырушы лоттың бастапқы бағасын және бағаның өсу қадамын жариялайды. Сауда-саттыққа қатысушылар нөмiрдi көтеру арқылы аукцион затын бастапқы баға бойынша сатып алуға дайындығын растайды. Сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда-саттыққа қатысушылардың лот бойынша аукциондық нөмiрлерiн жариялайды, бағаны бекiтiп бередi және оны көтерудi, бiрақ кемiнде жарияланған қадамға көтерудi ұсынады. Лот бойынша сауда-саттық ең жоғары ұсынылған бағаға дейiн жүредi. Сауда-саттықты ұйымдастырушы лоттың соңғы бағасын үш рет қайталайды және кемiнде 10 секунд iшiнде басқа көтерiлген нөмiрлер болмаған кезде балғаның соққысымен осы лоттың сатылғандығы туралы хабарлайды. Лот үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынған сауда-саттыққа қатысушы жеңiмпаз деп жарияланады.
Егер бағаны жоғарылатқан кезде сауда-саттыққа қатысушылардың ешқайсысы лотты сауда-саттықты ұйымдастырушы жариялаған баға бойынша сатып алуға тiлек бiлдiрмеген жағдайда, сауда-саттықты ұйымдастырушы бағаның өзгеру қадамын азайту туралы хабарлайды және сауда-саттыққа қатысушыларға сауда-саттықты жалғастыруды ұсынады. Лот үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынған сауда-саттыққа қатысушы жеңiмпаз деп жарияланады;
2) сауда-саттықтың голландтық әдiсi – сауда-саттықты ұйымдастырушы лоттың бастапқы бағасын хабарлайды және оны жаңа, бiрақ лоттың ең төменгi бағасынан кем емес бағаны хабарлай отырып, мәлiмделген қадаммен төмендетедi. Аукциондық нөмiрдi көтерген кезде сауда-саттықты ұйымдастырушы лоттың бағасын үш рет қайталайды және жарияланған баға кезiнде бiрiншi болып аукциондық нөмiрдi көтерген қатысушының нөмiрiн атайды және кемiнде 10 секунд iшiнде басқа көтерiлген нөмiрлер болмаған кезде балғаның соққысымен оны осы лот бойынша жеңiмпаз деп хабарлайды. Егер қатысушының нөмiрiн қайталаған кезеңде басқа қатысушы (қатысушылар) нөмiр көтерген жағдайда осы лот бойынша сауда-саттықты жалғастыру ағылшындық әдiс бойынша жүзеге асырылады.
24. Әрбiр сатылған лот бойынша сауда-саттықтың нәтижелерi әрбiр лот бойынша аукцион аяқталғаннан кейiн сатушы, сауда-саттықты ұйымдастырушы және жеңiмпаз қол қоятын сауда-саттықтың нәтижелерi туралы хаттамамен ресiмделедi.
Сауда-саттыққа қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысқан кезде, бұл факт сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамада жазылады.
Хаттама: сауда-саттықтың өткізілген күнін, уақытын және орнын, лоттың нөмірін, оның қысқаша сипаттамасын, сауда-саттықты өткізу тәсілін, бастапқы бағасын, бағаны өзгерту қадамын, сату бағасын қамтиды. Сауда-саттыққа қатысушы сауда-саттық нәтижесімен келiспеген жағдайда оларға сот тәртібінде шағымдануға құқылы.
25. Сауда-саттықтың нәтижелерi туралы хаттама сауда-саттықтың нәтижелерiн және жеңiмпаз бен сатушының объектiнi сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартын жасасу мiндеттемесiн тiркейтiн құжат болып табылады.
Жеңiмпаз хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк бес күннен аспайтын мерзiмде сатып алу-сату шартын жасасуға мiндеттi.
26. Сауда-саттық:
1) сауда-саттықтарға қатысуға өтiнiмдер келіп түспеген немесе тек бiр өтінім келіп түскен;
2) сауда-саттыққа барлық қатысушылар келмеген немесе қатысушылардың бiреуi ғана келген;
3) лоттың бастапқы бағасы жарияланған кезде (сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi кезiнде) және лоттың ең төменгi бағасына қол жеткiзiлген кезде (сауда-саттықтың голландтық әдiсi кезiнде) көтерілген аукциондық нөмiрлер болмаған немесе тек қана бір аукциондық нөмір көтерілген жағдайларда өткiзiлмедi деп танылады.
Сауда-саттық өткiзiлмедi деп танылған жағдайда, сауда-саттықты ұйымдастырушы сатушы қол қоятын тиiстi хаттама жасайды және мүлік сауда-саттыққа қайтадан қойылады.
Мүлік сауда-саттыққа қайтадан қойылғанда:
1) борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жоспары осы Ереженің 4-тармағында белгіленген тәртіппен жасалуға, келiсілуге және бекiтілуге жатады;
2) ақпараттық хабарлама осы Ереженің 10-тармағында белгіленген тәртіппен жарияланады.
Егер сауда-саттыққа қайта қойылған мүлік сатылмаса, бұл мүлік өз талаптары толық көлемде қанағаттандырылмаған тиiстi кезектегi кредиторларға сату жоспарында көрсетiлген ең төменгi баға бойынша олардың келiсiмiмен ортақ үлестiк меншiкке берiлуге тиiс.
27. Борышкердiң айналымы шектелген мүлкiн сату жабық сауда-саттықта жүзеге асырылады. Жабық сауда-саттықтың қатысушылары осы мүлiктi сатып алуға құқығы бар адамдар болуы мүмкiн.
5. Шарт жасасу және мүлiктi беру тәртiбi
28. Объектiнi сатып алу-сату шарты сатушы мен сатып алушы арасында жазбаша нысанда жасалады және ол шарт жасасу негiздемесi ретiнде сауда-саттықтың нәтижелерi туралы хаттамаға сiлтеменi қамтуға тиiс.
Сатушы сатып алу-сату шартында сатып алушыда объектiге меншiк құқығы оны толық төлегеннен кейiн пайда болатындығы туралы көрсетуге мiндеттi.
29. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысу сатушы мен сатып алушы арасында жүргiзiледi.
Сатушы мен сатып алушы арасындағы барлық есеп айырысулар борышкердің сауда-саттық жүргiзу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген банктік шоты арқылы жүргізіледі.
Аванстық төлем мүлiктi сату бағасының кемiнде 30 пайыз мөлшерiнде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап банктiк бес күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде енгiзiледi. Аванстық төлем сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемелердi сатып алушының тиiстi түрде орындауын қамтамасыз ету болып табылады. Аванстық төлемнің сомасы, мерзімі және енгізілу мен қайтарылу талаптары сатып алу-сату шартында көрсетіледі.
Кепiлдiк жарна тиесiлi аванстық төлемнiң шотына есептеледi. Қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк 30 күннен кешiктiрілмей енгiзiледі.
Түпкiлiктi төлемнiң мерзiмi өткен жағдайда сатушы шартты бiржақты тәртiппен бұзуға құқылы. Түпкiлiктi төлем мерзiмiнің өтуі салдарынан шарт бұзылған кезде аванстық төлем қайтарылмайды.
30. Объектiнi беру сатып алушы мүлiктiң сату бағасын толық төлегеннен кейiн қабылдап алу-беру актiсi бойынша жүргiзiледi.
31. Түпкiлiктi төлем мерзiмiнің өтуі салдарынан сатып алу-сату шарты бұзылған жағдайда мүлiк жеңімпаздан кейін ең жоғары баға ұсынған сауда-саттыққа қатысушыға ұсынылады. Егер жеңімпаздан кейінгі келесі ең жоғары бағаны екі және одан да көп сауда-саттыққа қатысушылар ұсынған жағдайда, мүлік сауда-саттыққа қатысуға басқалардан бұрын өтінім берген сауда-саттыққа қатысушыға ұсынылады. Ол бас тартқан жағдайда мүлік сауда-саттыққа қайта қойылады.
6. Қорытынды ережелер
32. Мүлiктi сатудан алынған қаражат, сондай-ақ осы Ереженің 17-тармағына сәйкес қайтарылуға жатпайтын кепілдік жарналар сомасы конкурстық іс жүргізудің әкiмшiлiк шығыстарын және «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген кезектiлiкке сәйкес кредиторлардың талаптарын өтеуге жiберiледi.
Борышкердiң мүлкін (активтерін)
сату жөнінде сауда-саттық
жүргізу ережесіне
1-қосымша
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.06.2013 № 574 қаулысымен.
«Бекітілген»
Кредиторлар комитеті отырысының
20__ ж. «___» _____ № __ хаттамасы
__________________________________
__________________________________
Кредиторлар комитетінің төрағасы
__________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
__________________________________
(күні)
Борышкер
_____________________________________________
(борышкердің атауы)
мүлкін (активтерін) сату жоспары
Осы Сату жоспары «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының (бұдан әрі – Заң) 84-бабына, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 326 қаулысымен бекітілген
Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу
ережесіне (бұдан әрі – Ереже) және өзге де нормативтік құжаттарға
сәйкес әзірленген.
Атауы және деректемелері (БСН (ЖСН): __________________________
Заңды мекенжайы _______________________________________________
Банктік шоты __________________________________________________
Қызметтің негізгі түрі ________________________________________
______________________________ облысының (қаласының) мамандандырылған
ауданаралық экономикалық сотының 20__ жылғы «___» _________ шешімімен
________________________________________________ банкрот деп танылды.
(борышкердің атауы)
20___ жылғы «___» _____________ № ________ бұйрықпен конкурстық
басқарушы болып _______________________________________ тағайындалды.
(Т.А.Ә.)
Конкурстық басқарушы борышкердің мүлкін (активтерін) түгендеуді
20__ жылғы «___» _________ бастап 20__ жылғы «___» _______ аралығында
жүргізді.
Борышкердің мүлкін (активтерін) бағалауды ҚР Әділет
министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті
20__ жылғы «___» ____________ берген, тіркеу нөмірі _________ мүлікті
бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына мемлекеттік
лицензиясы бар
_____________________________________________________________________
(атауы, БСН (ЖСН)
___________ жүргізді. 20__ жылғы «___» _________________ шартқа
сәйкес 20__ жылғы «___» _____ 20__ жылғы «___» ___________ аралығында
бағалау жүргізілді (бағалау жүргізілген жағдайда).
Мүлік сатуға ____ лоттармен қойылады:
Лоттың № |
Лоттың сипаттамасы (шығарылған/тұрғызылған жылы, техникалық жағдайы және басқа) |
Мүліктің құны (мың теңге) |
Бастапқы бағасы (мың теңге) |
Сауда-саттықты өткізу әдісi |
Голландтық тәсіл кезіндегі ең төменгі баға (ағылшын тәсілі кезінде көрсетілмейді) |
Бағаны жоғарылату/төмендету қадамы |
|
баланстық |
бағалау |
20__ жылғы «___» _________________ шартқа сәйкес сауда-саттықты
ұйымдастырушы _______________________________________________________
(Атауы/Т.А.Ә., БСН (ЖСН)
(сауда-саттықты ұйымдастырушыны тартқан жағдайда).
Сатып алушыға қойылатын қосымша талаптар ____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(негіздеме)
Конкурстық басқарушы ________________________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Борышкердің мүлкін (активтерін)
сату жөнінде сауда-саттық
жүргізу ережесіне
2-қосымша
Борышкердің мүлкін (активтерін) бағалау бойынша қызметті сатып
алу жөніндегі конкурсты өткізу туралы
ақпараттық хабарлама
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.06.2013 № 574 қаулысымен.
_____________________________________________________________________
(борышкердің атауы, мекенжайы, заңды тұлғалар үшін: БСН;
_____________________________________________________________________
ДК үшін: Т.А.Ә., тұрғылықты жері, БСН/ЖСН)
конкурстық басқарушы ________________________________________________
(қала, көшесі, үйдің нөмірі, пәтер/бөлме
нөмірі, телефон)
мекенжайы бойынша тұрған борышкердің мүлкін (активтерін) бағалау
бойынша қызметті сатып алу бойынша конкурс жариялайды.
Борышкер мүлкінің (активтерінің) құрамына: __________________________
(бағалау объектісі, шығарылған/
тұрғызылған жылы, техникалық
жағдайы және басқа)
кіреді.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер осы хабарлама жарияланған
күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде ______________________________
(қала, көшесі, үйдің нөмірі,
пәтер/бөлме нөмірі, телефон)
мекенжайы бойынша ______________ бастап __________ дейін қабылданады,
(сағат) (сағат)
түскі үзіліс _____________________ бастап ____________________ дейін.
(сағат) (сағат)
Конкурсты ұйымдастыру бойынша шағымдар
_____________________________________________________________________
(Комитеттің, Комитеттің аумақтық бөлімшесінің мекенжайы)
(көше, үй, кабинет, тел.нөмірі, электрондық пошта)
мекенжайы бойынша ________________ бастап _____________________ дейін
(сағат) (сағат)
қабылданады, түскі үзіліс _____________ бастап _______________ дейін.
(сағат) (сағат)
Борышкердің мүлкін (активтерін)
сату жөнінде сауда-саттық
жүргізу ережесіне
3-қосымша
Сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметтерін сатып алу жөніндегі
конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарлама
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.06.2013 № 574 қаулысымен.
_____________________________________________________________________
(борышкердің атауы, мекенжайы, заңды тұлғалар үшін: БСН;
_____________________________________________________________________
ДК үшін: Т.А.Ә., тұрғылықты жері, БСН/ЖСН)
конкурстық басқарушысы сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметтерін
сатып алу жөніндегі конкурсты жариялайды.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер осы хабарлама жарияланған
күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде ______________________________
(қала, көшесі, үйдің нөмірі,
_____________________________________________________________________
пәтер/бөлме нөмірі, телефон)
мекенжайы бойынша _____ бастап ______ дейін қабылданады, түскі үзіліс
(сағат) (сағат)
_____________________________ бастап _________________________ дейін.
(сағат) (сағат)
Конкурсты ұйымдастыру бойынша шағымдар
_____________________________________________________________________
(Комитеттің, Комитеттің аумақтық бөлімшесінің мекенжайы)
(көше, үй, кабинет, тел.нөмірі, электрондық пошта)
мекенжайы бойынша ________ бастап __________ дейін қабылданады, түскі
(сағат) (сағат)
үзіліс _________________________ бастап ______________________ дейін.
(сағат) (сағат)
Борышкердің мүлкін (активтерін)
сату жөнінде сауда-саттық
жүргізу ережесіне
4-қосымша
Борышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша сауда-саттықты
жүргізу туралы ақпараттық хабарлама
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.06.2013 № 574 қаулысымен.
_____________________________________________________________________
(борышкердің атауы, мекенжайы, заңды тұлғалар үшін: БСН;
______________________________________________ конкурстық басқарушысы
ДК үшін: Т.А.Ә., тұрғылықты жері, БСН/ЖСН)
_____________________________________________________________________
(атауы, қала, көшесі, үйдің нөмірі, пәтер/бөлме нөмірі, телефон)
борышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша сауда-саттықтың
жүргізілетіндігі туралы хабарлайды, ол
_____________________________________________________________________
(қала, көшесі, үйдің нөмірі, пәтер/бөлме нөмірі, телефон)
мекенжайы бойынша ______________________, _______________ өткізіледі.
(күні) (сағат)
Борышкердің негізгі қызмет түрі
____________________________________________________________________.
Мүлік сауда-саттыққа
____________________________________________________ лотпен қойылады.
(лот саны)
Лоттың № ____ -
_____________________________________________________________________
(мүліктің атауы, оның қысқаша сипаттамасы
_____________________________________________________________________
(шығарылған/тұрғызылған жылы, техникалық жағдайы және басқа),
_____________________________________________________________________
сауда-саттықты өткізу әдісі, лоттың бастапқы (төменгі) бағасы)
Лоттың № _____________________________________________________________________
(мүліктің атауы, оның қысқаша сипаттамасы
_____________________________________________________________________
(шығарылған/тұрғызылған жылы, техникалық жағдайы және басқа),
_____________________________________________________________________
сауда-саттықты өткізу әдісі, лоттың бастапқы (төменгі) бағасы)
Кепілдік жарна
_____________________________________________________________________
(банк шотының №, банктің атауы, МФО, ЖЖК, БЖК)
банк шотына лоттың бастапқы бағасының 10% мөлшерінде (сауда-саттықтың
ағылшындық әдісі), ең төменгі сомасының 10% мөлшерінде
(сауда-саттықтың голландтық әдісі) төленеді.
Мүлікті сатудың ерекше шарттары және сатып алушыларға қойылатын
қосымша талаптар:
_____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жағдайда)
Өтінімдер қабылдау және сауда-саттыққа қатысуға тілек білдірушi
тұлғаларды тіркеу осы хабарлама жарияланған күннен кейінгі күннен
бастап,
_____________________________________________________________________
(қала, көшесі, үйдің нөмірі, пәтер/бөлме нөмірі, телефон)
мекенжай бойынша жұмыс күндері _____ бастап ______ дейін қабылданады,
(сағат) (сағат)
түскі үзіліс _______________________ бастап __________________ дейін.
(сағат) (сағат)
Өтінімдерді қабылдау және сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу
сауда-саттық басталғанға дейін бір сағат бұрын аяқталады.
Сауда-саттыққа қатысушы ретінде тіркелу үшін құжаттар өзімен не
үшінші тұлғаның өкілеттігі бойынша өкілдігі тиісті түрде ресімделген
болса сауда-саттықты ұйымдастырушыға ұсынылады.
Қосымша ақпаратты
_____________________________________________________________________
(қала, көшесі, үйдің нөмірі, пәтер/бөлме нөмірі, телефон,
Интернет-ресурс)
мекенжайы бойынша алуға болады.
Конкурсты ұйымдастыру бойынша шағымдар
_____________________________________________________________________
(Комитеттің, Комитеттің аумақтық бөлімшесінің мекенжайы, кабинет,
тел. нөмірі, электрондық мекенжайы)
мекенжайы бойынша _______________ бастап _________ дейін қабылданады,
(сағат) (сағат)
түскі үзіліс __________________________ бастап _______________ дейін.
(сағат) (сағат)
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 26 сәуірдегi
N 326 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған
кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Банкрот деп танылған, таратылатын ұйымдардың мүлкiн (активтерiн) сатуға алдын ала дайындау мен сатудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 11 тамыздағы N 759 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 27, 232-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 11 тамыздағы N 759 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 1244 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 45, 411-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 11 тамыздағы N 759 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 7 желтоқсандағы N 1251 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 45, 413-құжат).
4. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiн қайта атау, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 маусымдағы N 695 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 25, 328-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 2-тармағы.