Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің "Коммуникация орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесін құру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 814 Қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, "2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына және "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің "Коммуникация орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі мекемеге қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) мекеменің жарғысын бекітуді;
      2) мекеменің Қазақстан Республикасының әділет органдарына мемлекеттік тіркелуін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне 2012 жылы мекеменің қызметін қамтамасыз ету үшін 2012 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 22009700 (жиырма екі миллион тоғыз мың жеті жүз) теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінсін.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.12.2012 № 1625 қаулысымен.
       5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 № 887(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2) "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 29, 327-құжат):
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі штат санының лимиті оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, 987 бірлік санында бекітілсін";
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      "8. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің "Коммуникация орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі";
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің адам санын ескере отырып штат санының лимиті осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
       6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

Қазақстан Республикасының
 


Премьер-Министрі
 

К. Мәсімов
 



Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 21 маусымдағы
№ 814 қаулысына
қосымша


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 993 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің адам санын ескере отырып штат санының лимиті

Атауы
 

Штат санының лимиті
 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
 

987
 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:
 

726
 

1) "Назарбаев орталығы" көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесі
 

354
 

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі
 

307
 

3) Ақпаратты техникалық қорғау орталығы
 

14
 

4) Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы
 

8
 

5) Коммуникация орталығы
 

43
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады