"Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің "Коммуникация орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесін құру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 814 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1625 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің "Коммуникация орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесін құру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 814 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 57, № 791-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне 2012 жылы мекеменің қызметін қамтамасыз ету үшін 2012 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 22009700 (жиырма екі миллион тоғыз мың жеті жүз) теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінсін.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                        С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады