"Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 маусымдағы № 823 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуі мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                       Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы  
Президентінің      
2012 жылғы 26 маусымдағы
№ 823 Жарлығымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 259-құжат; 2010 ж., № 20-21, 150-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Қазақстан Республикасының Президенті елдегі жағдай мен Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайын Жолдау арнайды. Жолдаудың ережелері Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу мен түзету үшін, сондай-ақ алдағы жоспарлы кезеңге арналған бюджетті қалыптастыру үшін негіз болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Президентінің жекелеген тапсырмалары да Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын түзету үшін негіз болып табылады.
      Жыл сайын қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп, Жолдаудың мазмұнына негізгі қағидаттарын қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізеді.
      Қазақстан Республикасының Президентімен келісілгеннен кейін Жолдаудың негізгі тәсілдері мемлекеттік органдарға жіберіледі.
      Мемлекеттік органдар 1 қарашадан кешіктірмей мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға Жолдау жобасына ұсыныстар жібереді.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган 10 қарашаға дейін Жолдау жобасына жинақтап қорытылған ұсыныстарды қаржылық қамтамасыз етілуі тұрғысынан келісу үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган 20 қарашаға дейін қаржылық қамтамасыз етілуі тұрғысынан мемлекеттік органдармен келісілген Жолдау жобасына бұрын жинақтап қорытылған ұсыныстарды түзету жөніндегі ұсыныстарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган 25 қарашаға дейін Жолдау жобасына жинақтап қорытылған ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне жібереді.
      Жолдау жобасына жинақтап қорытылған ұсыныстар қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі 10 желтоқсанға дейін Жолдау жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жібереді.
      Жолдаудың ережелерін іске асыру мақсатында тиісті жалпыұлттық іс-шаралар жоспары әзірленеді.
      Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауынан кейін үш жұмыс күн ішінде мемлекеттік органдар осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының мазмұнын қалыптастырады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
      Мемлекеттік органдардан ақпаратты алғаннан кейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын қаржылық қамтамасыз етілуі тұрғысынан келісу үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде қаржылық қамтамасыз етілуі тұрғысынан мемлекеттік органдармен келісілген жалпыұлттық іс-шаралар жоспары бойынша ұсыныстарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органнан ақпаратты алғаннан кейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жинақтап қорытылған жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.
      Қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бес жұмыс күні ішінде жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жібереді.
      Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
      Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының іске асырылу мониторингін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпаратты осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жеке тармақтарын орындауға жауапты мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға бірінші жарты жылдың қорытындылары бойынша есепті жылдың 5 шілдесіне дейін, жыл қорытындылары бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 5 қаңтарына дейін жібереді.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы жалпы ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне бірінші жарты жылдың қорытындылары бойынша есепті жылдың 15 шілдесіне дейін, жыл қорытындылары бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін жібереді.
      Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының асырылу барысы туралы жалпы ақпарат қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі оны Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне бірінші жарты жылдың қорытындылары бойынша есепті жылдың 25 шілдесіне дейін, жыл қорытындылары бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін жібереді.
      Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының іске асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының іске асырылу мониторингі нәтижелерінің негізінде жүзеге асырады.»;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Елдің аумақтық-кеңістік дамуының болжамды схемасын және оны әзірлеудің тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
      Елдің аумақтық-кеңістік дамуының болжамды схемасының іске асырылу монитрингі мен бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады, соның негізінде оны түзету жүзеге асырылуы мүмкін.
      Елдің аумақтық-кеңістік дамуының болжамды схемасының іске асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүзеге асырады.»;
      2324-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай мен Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы ескеріле отырып, жыл сайын жылжымалы негізде бес жылдық кезеңге әзірленеді және мыналарды:
      1) мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде:
      экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі жағдайларын;
      орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салық-бюджет саясатының мақсаттары мен міндеттерін;
      бес жылға арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары мен шараларын;
      бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын;
      шоғырландырылған, мемлекеттік және республикалық бюджеттердің түсімдері мен шығыстарының болжамын, бюджет тапшылығын қамтитын үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік параметрлердің болжамын;
      әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;
      басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесін;
      2) мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде:
      өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын, үрдiстерiн, басымдықтарын, нысаналы индикаторлары мен көрсеткiштерiн;
      мыналарды:
      тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң негiзгi параметрлерiн;
      өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;
      басым жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесін қамтуы тиіс үш жылға арналған бюджеттік параметрлерді қамтиды.
      Сандық және сапалық нәтижелерді айқындау үшін шешуші бағыттар (салалар) бойынша мақсатты индикаторлар мен көрсеткіштер белгіленіп, оған қол жеткізу үшін бес жылдық кезең ішінде Қазақстан Республикасының немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық саясаты бағытталуға тиіс.
      24. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын тиісті мемлекеттiк жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкiлеттi органдар әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган мақұлдайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс.»;
      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «29. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасының іске асырылу мониторингін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы жүргізеді.
      Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасының іске асырылу мониторингін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдары жүргізеді.
      Аумақтарды дамыту бағдарламасының іске асырылуын бағалау Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады.»;
      мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:
      «29-1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы өзі жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде өзінің жұмыс жоспарына сәйкес аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылуын бағалауды жүзеге асырады.»;
      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «34. Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарын тиiстi мемлекеттiк орган әзiрлейдi және мемлекеттiк және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органдармен келiсiледі.»;
      мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:
      «34-1. Стратегиялық жоспарларды Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде айқындалған мемлекеттік органдар әзірлемейді.»;
      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «35. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын Қазақстан Республикасының Президенті немесе ол уәкілеттік берген лауазымды тұлға бекітеді.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының стратегиялық жоспарларын осы мемлекеттiк органдардың басшылары Қазақстан Республикасы Президентiнің Әкiмшiлiгiнің келісiмiмен бекiтедi.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің стратегиялық жоспарын мүдделі мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келіспей, мемлекеттiк органның басшысы бекiтедi.
      Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарын оны тиісті салалық орталық мемлекеттік органмен келіскеннен кейін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы орган бекітеді.»;
      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «37. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының іске асырылуына мониторингті әзірлеуші мемлекеттік орган және мемлекеттiк жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы 37-1-тармақпен толықтырылсын:
      «37-1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің стратегиялық жоспарының іске асырылуына мониторингті осы мемлекеттік орган жүзеге асырады.»;
      38-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «38. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының стратегиялық жоспарларының іске асырылуын бағалауды Қазақстан Республикасының Президенті уәкілеттік берген мемлекеттік орган жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуын бағалау Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады.»;
      3940-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «39. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарының іске асырылуын бағалау Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады.
      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде жергілікті мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуын бағалауды жүзеге асырады.
      40. Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн орталық мемлекеттiк органдардың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының стратегиялық жоспарларының iске асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымына кiретiн орталық мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының iске асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің стратегиялық жоспарының iске асырылуын бақылауды мемлекеттiк органның басшысы жүзеге асырады.
      Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуын бақылауды тиісті жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы 43-1-тармақпен толықтырылсын:
      «43-1. Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының іске асырылуына мониторингті Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) жүзеге асырады.»
      47-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «47. Республикалық бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындыларын ескере отырып, жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жергілікті бюджеттерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.».
      2. «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 10, 115-құжат):
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасының Үкiметi 2012 жылдан бастап «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айқындалған мерзімде cтратегиялық жоспарды iске асыру мониторингiнің нәтижелерін web-порталда орналастырсын.».
      3. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 20-21, 150-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елдiң аумақтық-кеңiстiктiк дамуының болжамды схемасын, мемлекеттiк бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларын әзiрлеу, iске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргiзу ережелерiнде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы Ережелерде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыру туралы есеп (бұдан әрі - іске асыру туралы есеп) - стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының мониторингі және бағалау үшін қажетті, есепті кезеңде өткізілген іс-шаралар, осы құжаттың нысаналы индикаторларының және нәтижелер көрсеткіштерінің аралық мәніне қол жеткізу туралы деректерді қамтитын ақпарат;
      2) нысаналы индикатор - мақсатқа қол жеткізу деңгейін өлшеуге мүмкіндік беретін оның сандық мәні;
      3) жоспарлы кезең - Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиісті құжаты әзірленетін кезең.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Қазақстан Республикасының тиісті онжылдық кезеңге арналған стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын және мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың нәтижелілігі мен тиімділігі үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының Үкіметіне, әзірлеуші мемлекеттік органға және бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарға, аумақтарды дамыту бағдарламалары - тиісті аумақтардың әкімдеріне, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын - тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына жүктеледі.»;
      171819-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Құжаттар мониторингі құжаттарды әзірлеуші мемлекеттік органдар жасайтын іске асыру туралы есеп негізінде жүзеге асырылады.
      18. Іске асыру туралы есеп:
      1) құжаттың деректемелерін;
      құжаттың атауын, нөмірін, күнін;
      әзірлеуші мемлекеттік орган мен бірлесіп орындаушыларды;
      іске асыру мерзімін, оның ішінде кезең-кезеңімен;
      2) жоспарланған және нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторларды міндеттер нәтижелері көрсеткіштерін, сондай-ақ оларға қол жеткізілмеу себептерін;
      3) жоспарланып орындалған және орындалмаған іс-шаралар және олардың орындалмау себептері, орындалмаған іс-шаралардың өңірдің, елдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайына ықпалы туралы ақпаратты;
      4) қаржыландыру көздері бойынша бөліне отырып, бөлінген қаржы қаражатының игерілуі туралы ақпаратты (көлемі мен пайдаланылмау себептерін көрсетіп);
      5) құжаттың іске асырылуына қатысатын түрлі тараптардың өзара іс-қимылын талдауды;
      6) құжаттың іске асырылу барысына ортаның сыртқы әсерін талдауды;
      7) шешілуіне осы құжат бағытталған проблемалар мен міндеттердің шешілу деңгейі туралы ақпаратты, құжатты іске асырудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін (осы ақпарат құжатқа бағалау өткізілген жылы есепке енгізілуі тиіс);
      8) игілік алушылардың қанағаттанушылығының деңгейі, оның ішінде жоспарланғанға қарағанда нақты көрсетілген мемлекеттік қызметтердің деңгейі туралы ақпаратты (осы ақпарат құжатқа бағалау өткізілген жылы есепке енгізілуі тиіс);
      9) мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтерді;
      10) тұжырымдар мен ұсыныстарды, оның ішінде құжатты түзету, қаржыландыру көлемі мен көздері жөніндегі, қолданыстағы заңнаманың өзгеруі туралы және басқа ұсыныстарды қамтиды.
      19. Іске асыру туралы есеп мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша және тәртіппен жасалады.»;
      2021-тармақтар алып тасталсын;
      2223-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Іске асыру туралы есептің негізінде қорытынды дайындалады.
      23. Қорытынды:
      1) деректемелерді (стратегиялық мен бағдарламалық құжат бекітілген нормативтік құқықтық актінің атауын, нөмірін, күнін, әзірлеуге жауапты мемлекеттік органды, бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарды, іске асыру мерзімдерін, оның ішінде кезең бойынша);
      2) есепті кезеңде қол жеткізілген нақты нәтижелерді, оның ішінде есепті кезеңде аралық мәнімен нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін (аралық немесе түпкілікті мәнге қол жеткізілмеген жағдайда қол жеткізілмеу себептерін көрсету);
      3) белгіленген мерзімде орындалған және орындалмаған (себептерін көрсете отырып) іс-шаралар тізбесін, есепті кезеңге жоспарланған іс-шаралардың санын;
      4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылу барысына ықпал ететін факторларды талдауды;
      5) іс-шараларды орындауға есепті кезеңге бөлінген және игерілмеген, қаржыландыру көздері бойынша бөле отырып, іс-шараларды орындауға арналған бюджеттік және өзге де қаржы қаражаты туралы ақпаратты;
      6) жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтерді;
      7) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға жауапты орындаушы мемлекеттік орган енгізген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты;
      8) алдыңғы бағалаудың нәтижелері бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ақпаратты;
      9) қорытындылар мен ұсыныстарды қамтуы тиіс.»;
      25-тармақ алып тасталсын;
      1.5-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1.5 Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды бағалаудың негізгі ережелері»;
      2829-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру нәтижелері мен тиімділігіне қол жеткізу дәрежесін айқындау стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бағалау (бұдан әрі - құжаттарды бағалау) болып табылады.
      29. Құжаттарды бағалау: есепті кезеңдегі іске асыру туралы есептер, статистикалық ақпарат; бақылау тексерістері; үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми институттардың, халықаралық сарапшылардың және тағы басқа бағалаулардың негізінде жүргізіледі.»;
      3031323334 және 35-тармақтар алып тасталсын;
      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «36. 29-тармақта көрсетілген құжаттар негізінде қорытынды дайындалады.»;
      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «65. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарының мониторингін мемлекеттік органдар беретін ақпарат негізінде іске асыру туралы есеп қалыптастыру жолымен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.»;
      мынадай мазмұндағы 66-1-тармақпен толықтырылсын:
      «66-1. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарының мониторингін жүргiзу үшiн нысаналы индикаторларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде есептi кезеңнен кейiнгi жылдың 1 маусымына дейiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынады.»;
      6768 және 69-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «67. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органдар беретін Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын іске асыру туралы ақпарат негізінде іске асыру туралы есеп пен қорытынды жобасын қалыптастырады.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде бірінші басшының қолы қойылған іске асыру туралы есепті web-порталға орналастырады және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мониторинг жөніндегі қорытындының жобасын ұсынады.
      68. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның іске асыру туралы есебі мен мониторинг жөніндегі қорытындысының жобасы қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарына жүргізілген мониторингтің нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды және есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жетекшілік ететін орынбасарының қолын қойғыза отырып web-порталға орналастырады.
      69. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган 29-тармақта көрсетілген құжаттар негізінде бес жыл өткеннен кейін жүргізеді.»;
      7172-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «71. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарына жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша бағалау жөніндегі қорытынды жобасын қалыптастырады және оны есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 тамызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне береді.
      72. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның іске асыру туралы есеп пен бағалау жөніндегі қорытынды жобасы қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын бағалау бойынша қорытынды дайындайды және оны есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 тамызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жетекшілік ететін орынбасарының қолын қойғыза отырып web-порталға орналастырады.»;
      73-тармақ алып тасталсын;
      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «75. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі айқындайды.
      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарының мониторингі немесе бағалау нәтижелері туралы қортындылары web-порталға орналастырылғаннан кейін бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын бақылаудың нәтижелері жөніндегі жыл сайынғы ақпаратты ұсынады.»;
      7778 және 79-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «77. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасының әзірленген жобасы мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      1) алдағы онжылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленуі;
      2) елді перспективалық аумақтық ұйымдастыру мәселелерін ашып көрсету;
      3) экономикалық ресурстарды оңтайлы пайдалану, өндіргіш күштерді ұйымдастырудың жаңа жүйелерін пайдалану мәселелерін ашып көрсету;
      4) аумақтарды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету мәселелерін қамтуы тиіс.
      78. Аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасының құрылымы мынадай бөлімдерді қамтиды:
      1) аумақтардың экономикалық әлеуетін талдау және бағалау;
      2) аумақтық-кеңістіктік дамытудың негізгі бағыттары;
      3) Қазақстан Республикасы экономикасының секторларын дамытудың болжамды схемалары;
      4) алдағы онжылдық кезеңге арналған Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын іске асырудың мониторингісіне арналған индикаторлар.
      79. «Аумақтардың экономикалық әлеуетін талдау және бағалау» бөлімі тұтастай елдегі және оның әрбір өңіріндегі елдің даму басымдықтарын, еңбек және демографиялық әлеуетті бағалауды негізге ала отырып, өңірлердің экономикалық әлеуетін бағалауды, әлеуметтік инфрақұрылымның қамтамасыз етілу мәселелерін қамтуы тиіс.»;
      80818283848586878889 және 90-тармақтар алып тасталсын;
      9192-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «91. «Аумақтық-кеңістіктік дамытудың негізгі бағыттары» бөлімі елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының мақсаттарынан, міндеттері мен негізгі тәсілдерінен, өңірлердің даму сценарийлерінен, өңірлерді дамытудың стратегиялық бағыттарынан, ірі агломерацияларды тиімді дамыту мәселелерінен және басқа да таратып орналастыру жүйелерінен, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мен базалық әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етудің бірыңғай стандарттарын енгізуден тұрады.
      92. «Қазақстан Республикасы экономикасының секторларын дамытудың болжамды схемалары» бөлімі индустриялық сектордың перспективалық даму, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, инженерлік-көлік инфрақұрылымын дамыту схемаларын қамтиды.»;
      мынадай мазмұндағы 92-1-тармақпен толықтырылсын:
      «92-1. «Алдағы онжылдық кезеңге арналған Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын іске асырудың мониторингісіне арналған индикаторлар» бөлімі өңірлерді дамытудың алдағы онжылдық кезеңе арналған негізгі көрсеткіштерін, салаларды дамытудың болжамды параметрлерін қамтиды.»;
      93-тармақ алып тасталсын;
      9495-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «94. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасы іс-шаралар жоспары арқылы іске асырылады.
      Іс–шаралар жоспарын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган кезең-кезеңмен әзірлейді және Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасы бекітілген күннен бастап үш ай мерзімде немесе іске асырудың кезекті кезеңіне дейін бір ай бұрын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      95. Елдiң аумақтық-кеңiстiктiк дамуының болжамды схемасының мониторингiн орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдар беретін ақпарат негізінде іске асыру туралы есеп қалыптастыру жолымен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.»;
      мынадай мазмұндағы 96-1-тармақпен толықтырылсын:
      «96-1. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасының мониторингін жүргiзу үшiн мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге жауапты орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдар өз құзыретi шегiнде есептi кезеңнен кейiнгi жылдың 1 мамырына дейiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органға Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасының іске асырылу барысы туралы ақпарат береді.»;
      9798 және 99-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «97. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган орталық және жергілікті мемлекеттік органдар беретін Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасының іске асырылу барысы туралы ақпарат негізінде іске асыру туралы есеп пен қорытынды жобасын қалыптастырады.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесіне дейін іске асыру туралы есепті бірінші басшының қолымен web-порталда орналастырады және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мониторинг жөніндегі қорытындының жобасын береді.
      98. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның іске асыру туралы есебі мен мониторинг жөніндегі қорытынды жобасы қаралғаннан кейін Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасына жүргізілген мониторингтің нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды және оны есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жетекшілік ететін орынбасарының қолымен web-порталда орналастырады.
      99. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган 29-тармақта көрсетілген құжаттар негізінде бес жыл өткеннен кейін жүргізеді.»;
      101102-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «101. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасына жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша бағалау жөніндегі қорытынды жобасын қалыптастырады және оны есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне береді.
      102. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның іске асыру туралы есебі мен бағалау жөніндегі қорытынды жобасы қаралғаннан кейін Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын бағалау нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды және оны есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жетекшілік ететін орынбасарының қолымен web-порталда орналастырады.»;
      103-тармақ алып тасталсын;
      105-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «105. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі айқындайды.
      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасының мониторингісі немесе бағалау нәтижелері туралы қорытынды web-порталда орналастырылғаннан кейін бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Президентіне Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын бақылау нәтижелері бойынша жыл сайынғы ақпаратты береді.»;
      128-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «128. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері оларға қол жеткізуге жауапты орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялар көрсетіле отырып жүргізіледі.»;
      136137 және 138-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «136. Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлеушi мемлекеттiк орган iске асырудың барлық кезеңiне немесе кезең-кезеңімен әзiрлейдi және оны мемлекеттiк бағдарлама бекiтiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде немесе іске асырудың келесі кезеңі басталғанға дейін бір ай бұрын Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.»;
      137. Мемлекеттік бағдарламаның мониторигін мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілеті органдар мемлекеттік органдар беретін іске асыру туралы есептер негізінде жүргізеді.
      138. Мемлекеттік бағдарламалардың мониторингі бір жылда бір рет жыл қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.»;
      139140 және 141-тармақтар алып тасталсын;
      142143144-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «142. Бір жылдың қорытындылары бойынша мемлекеттік бағдарламаға мониторинг жүргізу үшін:
      1) осы бағдарламаны iске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттiк орган өз құзыретi шегiнде есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 маусымына дейiн мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органға іске асыру туралы ақпарат береді;
      2) мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган беретін ақпараттың негізінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыру туралы есеп қалыптастырады және есепті жылдан кейінгі жылдың 15 маусымына дейін бірінші басшының қолымен web-порталда орналастырады.
      143. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган мемлекеттiк бағдарламаларды іске асыру туралы есеп негізінде жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша олардың әрбірі бойынша қорытынды жобаларын қалыптастырады және оны есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 шілдесіне дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне тапсырады.
      144. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның іске асыру туралы есеп пен мониторинг жөнiндегi қорытынды жобалары қаралғаннан кейін мемлекеттiк бағдарламаларға бiр жылға жүргiзiлген мониторингтiң нәтижелері бойынша қорытындылар дайындайды және есептi жылдан кейiнгi жылдың 15 шілдесіне дейiн Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жетекшілік ететін орынбасарының қолымен web-порталда орналастырады.»;
      146147 және 148-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «146. Мемлекеттік бағдарламаны бағалауды 29-тармақта көрсетілген құжаттар негізінде мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкілетті орган жүргізеді.
      147. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган мемлекеттік бағдарламаларға жүргізген бағалау қорытындысы бойынша олардың әрбірі бойынша бағалау жөніндегі қорытынды жобаларын қалыптастырады және оларды есепті жылдан кезеңнен кейінгі жылдың 15 шілдесінен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне береді.
      148. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның іске асыру туралы есеп пен бағалау қорытынды жобалары қаралғаннан кейін мемлекеттiк бағдарламаларды бағалау жөнінде қорытындылар дайындайды және есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 тамызына дейiн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жетекшілік ететін орынбасарының қолымен web-порталда орналастырады.»;
      150-тармақ алып тасталсын;
      152-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «152. Мемлекеттік бағдарламаға бақылау жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі айқындайды.
      Мемлекеттiк бағдарламалардың мониторингі немесе бағалау нәтижелері туралы қорытындылар web-порталда орналастырылғаннан кейiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Президентiне мемлекеттік бағдарламаларды бақылау нәтижелері бойынша жыл сайынғы ақпаратты ұсынады.»;
      159-тармақта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) негiзгi бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіштері және оларға қол жеткізу жолдары;»;
      5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
      160-тармақтың 7) тармақшасы алып тасталсын;
      163-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      163. «Негiзгi бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіштері және оларға қол жеткізу жолдары» деген бөлімде:»;
      4) тармақшада «көрсеткіштері баяндалады.» деген сөздер «көрсеткіштері;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) қойылған міндеттерге қол жеткізу баяндалады.»;
      169-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «169. Әрбір міндет бөлінісінде аумақты дамыту бағдарламасының iске асырылуына жауапты мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың қойылған мақсаттарға қол жеткiзу және алдағы мiндеттердi шешу жолдары, сондай-ақ әрбiр мақсатқа қол жеткiзiлуiн және әрбiр мiндеттiң шешiлуiн толық көлемде және қажеттi мерзiмде қамтамасыз ететiн шаралар жүйесi келтiрiледi.»;
      170-тармақ алып тасталсын;
      175176-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «175. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын іске асыру оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын және облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
      Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын іске асыру оны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
      176. Аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары – мерзімін, орындаушыларын, аяқталу нысанын, оны іске асыруға қажетті шығындарын айқындай отырып, аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған нақты іс-қимылдар жиынтығы.»;
      178179180181-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «178. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасының мониторингін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган іске асыру туралы есеп негізінде жүргізеді.
      179. Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасының мониторингiн ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және облыстың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органдары іске асыру туралы есеп негiзiнде жүргiзедi.
      180. Аумақтарды дамыту бағдарламаларының мониторингі жыл қорытындылары бойынша жылына бір рет жүзеге асырылады.
      181. Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламаларының мониторингін жыл қорытындылары бойынша жүргiзу үшiн:
      ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган өз құзыретi шегiнде есептi жылдан кейiнгi жылдың 10 қаңтарына дейін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органына іске асыру туралы ақпаратты ұсынады;
      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органы бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган ұсынған ақпарат негізінде ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын іске асыру туралы есепті қалыптастырады және есептi жылдан кейiнгi жылдың 20 қаңтарына дейінгі мерзімде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органына ұсынады.
      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламаларына жүргiзілген мониторинг нәтижелері бойынша қорытынды қалыптастырады және бірінші басшының қолын қойғызып, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешiктiрмей web-порталда орналастырады.»;
      мынадай мазмұндағы 181-1-тармақпен толықтырылсын:
      «181-1. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларының мониторингін жыл қорытындылары бойынша жүргізу үшін:
      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган өз құзыретi шегiнде есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 ақпанына дейін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органына іске асыру туралы ақпаратты ұсынады;
      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органы бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган ұсынған ақпарат негізінде облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын іске асыру туралы есеп қалыптастырады және оны бірінші басшының қолын қойғызып есептi жылдан кейiнгi жылдың 15 ақпанынан кешiктiрмей web-порталда орналастырады.
      Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларына жүргiзiлген мониторингтiң нәтижелерi бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды бірінші басшының қолын қойғызып есептi жылдан кейiнгi жылдың 15 наурызынан кешiктiрмей web-порталда орналастырады.»;
      182183-тармақтар алып тасталсын;
      184-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «184. Аумақтарды дамыту бағдарламаларын бағалау жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады.»;
      185186,187-тармақтар алып тасталсын;
      188-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «188. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде аумақты дамыту бағдарламасын бағалау қорытындылары тиісті бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының қаулысы (ұсынымы) қабылданғаннан кейін жергілікті атқарушы органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.»;
      189190191 және 192-тармақтар алып тасталсын;
      194-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «194. Аумақтарды дамыту бағдарламаларын бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн тиісті жергiлiктi өкiлдi орган айқындайды.»;
      195-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы мемлекеттік органға жүктелген функциялар мен міндеттерді негізге ала отырып, мемлекеттік орган қызметінің шешуші бағыттарын қамтуы;»;
      3) тармақша алып тасталсын;
      210-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «210. Әрбiр мiндет үшiн есептi және жоспарлы кезеңдерде міндеттің шешiлу деңгейiн барынша көрсететiн нәтижелердiң санмен өлшенетiн көрсеткiштерi келтiрiледi.»;
      214-тармақ мынадай редацияда жазылсын:
      «214. Функционалдық мүмкiндiктердi дамытуға бағытталған жоспарланатын іс-шаралар стратегиялық жоспардың стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері бөлінісінде жазылады.»;
      220-тармақта:
      3) тармақша алып тасталсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) бюджеттік бағдарламаны іске асыру нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштерді (тікелей және түпкілікті нәтижелерді, сондай-ақ сапа мен тиімділік көрсеткіштерін қамтуы мүмкін);»;
      223-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «223. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі «Бюджеттік бағдарламалар» бөлімін әзірлеуді жүзеге асырмайды.»;
      228229, және 230-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «228. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының мониторингі жылына бір рет есепті жылдың қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
      229. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы стратегиялық жоспарларды іске асыру туралы есептер дайындайды және оларды есепті жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей бірінші басшының қолын қойғызып web-порталда орналастырады.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің стратегиялық жоспарын іске асыру жөніндегі есеп дайындайды және есепті жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады.
      230. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымына кiретiн мемлекеттік органдар стратегиялық жоспарларды iске асыру жөнiндегi есептерді дайындайды және оларды бірінші басшының қолын қойғызып web-порталда жыл қорытындылары бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешiктiрмей орналастырады.»;
      мынадай мазмұндағы 230-1-тармақпен толықтырылсын:
      «230-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша мониторинг жөніндегі қорытындылар дайындайды және оларды бірінші басшының қолын қойғызып web-порталда жыл қортындылары бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешiктiрмей орналастырады.»;
      231-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «231. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар стратегиялық жоспарларды іске асыру жөніндегі
      есептерді дайындайды және оларды бірінші басшының қолын қойғызып web-порталда жылдың қорытындылары бойынша есепті жылдан кейінгі 20 қаңтардан кешіктірмей орналастырады.»;
      мынадай мазмұндағы 231-1-тармақпен толықтырылсын:
      «231-1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына жүргізілген мониторингтің қорытындылары бойынша мониторинг жөнінде қорытындылар дайындайды және оларды бірінші басшының қолын қойғызып web-порталда есепті жылдан кейінгі жылдың 5 ақпанынан кешіктірмей орналастырады.»;
      232-тармақ алып тасталсын;
      235-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «235. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарының іске асырылуын бағалауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде жүзеге асырады.»;
      236-тармақ алып тасталсын;
      238-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «238. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы өзінің жұмыс жоспарына сәйкес өзі жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде бағалау қорытындыларын тиісті бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының ұсынысы қабылданғаннан кейін стратегиялық жоспарларға бағалау жүргізуге уәкілетті органдарға, жергілікті атқарушы органға және бақылау объектілеріне жібереді.»;
      240-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «240. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының стратегиялық жоспарларын бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті – осы мемлекеттік органның басшысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдардың – Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың – тиісті жергілікті атқарушы орган айқынайды.».
      4. «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат; № 8, 95-құжат; № 52, 710-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінде:
      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бағаланушы мемлекеттік органдардың тиісті бағыттар бойынша бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдарға есепті жылдың қорытындылары бойынша есепті ақпарат (мемлекеттік органнның web-порталында орналастырылған ақпаратты қоспағанда);»;
      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «50. Бағаланатын мемлекеттік органдар жыл сайын бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдарға бағалау жүргізу кестесіне сәйкес өткен жылдың қорытындылары бойынша есепті ақпарат (мемлекеттік органнның web-порталында орналастырылған ақпаратты қоспағанда) ұсынады.»;
      5. «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына:
      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң одан әрi жұмыс iстеуiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айқындалған мерзімде Бағдарламаның орындалу барысы туралы қорытындыны web-порталда орналастырсын.».
      6. «Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 28, 215-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, кол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесіне 3,4 және 5-қосымшалар алып тасталсын.
      7. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 3-4, 39-құжат):
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң одан әрi жұмыс iстеуiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айқындалған мерзімде Бағдарламаның орындалу барысы туралы қорытындыны web-порталда орналастырсын.».
      8. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 95, 49-құжат):
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң одан әрi жұмыс iстеуiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айқындалған мерзімде Бағдарламаның орындалу барысы туралы қорытындыны web-порталда орналастырсын.».

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2012 жылғы « » 
№ Жарлығына   
1-қосымша   

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары

Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2012 жылғы 22 маусымдағы
№ 823 Жарлығына  
2-қосымша      

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру
жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы
туралы ақпарат 

Р/с №

ЖҰЖ тармақтарының №

Іс-шаралардың атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Қабылданған шаралар және қол жеткізілген нәтижелер

1

2

3

4

5

6

7

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады