"Технологиялық саясат жөніндегі кеңесті құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1386 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 831 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 541 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 541 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Технологиялық саясат жөніндегі кеңесті құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1386 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:

      Ахметов           - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
      Серік Нығметұлы     бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары

      Қаппаров          - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
      Нұрлан Жамбылұлы    қорғау министрi

      Сағынтаев         - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму
      Бақытжан Әбдірұлы   және сауда министрі

      Шөкеев            - «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры»
      Өмірзақ Естайұлы    акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
                          (келісім бойынша);

      мына:

      «Исекешев         - Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің
      Әсет Өрентайұлы     орынбасары – Қазақстан Республикасының
                          Индустрия және жаңа технологиялар министрі,
                          төрағаның орынбасары»

      «Жұмағалиев       - Қазақстан Республикасының Байланыс және
      Асқар Қуанышұлы     ақпарат министрі»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      «Исекешев         - Қазақстан Республикасының Индустрия және
      Әсет Өрентайұлы     жаңа технологиялар министрі»;

      «Жұмағалиев       - Қазақстан Республикасының Көлiк және
      Асқар Қуанышұлы     коммуникация министрi»;    

      көрсетілген құрамнан: Нұрғали Сәдуақасұлы Әшім, Берік Сайлауұлы Камалиев, Қайрат Нематұлы Келімбетов, Тимур Асқарұлы Құлыбаев шығарылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Технологиялық саясат жөніндегі кеңес туралы ережеде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары:
      1) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындау;
      2) салааралық ғылыми-технологиялық жоспарды және әзірлеуге ұсынылатын нысаналы технологиялық бағдарламалар тізбесін бекіту және өзектілендіру, сондай-ақ оларды мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру;
      3) инновациялық қызметті ынталандыру;
      4) инновациялық-технологиялық даму бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
      5) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.»;
      5 және 6-тармақтар алынып тасталсын;
      8-тармақтағы «индустрия және инновациялар саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы атынан орынбасары бар» деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады