"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті" мемлекеттік мекемесін тарату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 846 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті» мемлекеттік мекемесі таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат) 3-тармағы;
      2) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 145-құжат) 4-тармағы.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады