Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.05.2022 № 317 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 қазандағы № 1197 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 57, 818-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидаларында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"салық төлеушінің тіркеу нөмірі 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін табыс етіледі, бизнес-сәйкестендіру нөмірін (жеке сәйкестендіру нөмірін (жеке тұлғалар үшін)) (бар болса);";
3) тармақша алынып тасталсын;
2) күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.08.2015 № 685 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Yкiметiнiң 28.08.2015 № 685 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 20 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |