Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларын консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2012 жылға арналған бөлінетін 025 «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 456 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларын консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2012 жылға арналған бөлінетін 025 «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 18 шілдедегі
№ 944 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 13 сәуірдегі
№ 456 қаулысымен
бекітілген
Техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларын консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2012 жылға арналған бөлінетін 025 «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесі
Р/с № |
Жобаның атауы |
Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу көлемі (мың теңге) |
Концессиялық жобалардың техника-экономикалық негiздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу көлемі (мың теңге) |
Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыру көлемі (мың теңге) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
||||
1 |
«Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» интеграцияланған ақпараттық жүйесі |
58 448,00 |
||
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
||||
2 |
«Бекіре тұқымдас балықтарды молайту бойынша зауыт салу» (жобалық қуаты жылына 30 млн. дана бекіре тұқымдас балықтардың шабағын шығару) |
84 919,00 |
||
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі |
||||
3 |
Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту.Құрғақ жүк айлақтары және инфрақұрылым объектілері |
80 304,14 |
||
4 |
Астана қ. Оңтүстiк Батыс айналма жолының құрылысы |
40 000,00 |
||
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі |
||||
5 |
Алматы облысының Талдықорған қаласында велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының қолданыстағы ғимаратын қайта жаңарту және жаңадан жапсарлас құрылыс салу |
18 530,00 |
||
Жиыны: |
201 897,00 |
80 304,14 |
0 |