«Мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 шілдедегі № 956 қаулысына баспасөз релизі
«Мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 шілдедегі № 956 қаулысы Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 12-бабының 17-13) тармақшасының негізінде қабылданды.
Қаулы мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясының мәртебесі мен өкілеттігін белгілейді.
Қаулыға «Құқықтық мониторинг, сараптама және талдау ғылыми-зерттеу институты» ЖШС мен ҚР АШМ жанындағы Кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі сараптамалық кеңестің ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың оң қорытындысы бар.
Қаулы ормандарды қорғау жөніндегі шараларды көздейді, бұл ретте оны іске асыру жеке кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарын азайтуға немесе ұлғайтуға ықпал етпейді.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі