Мемлекеттік орман иеленушінің ормандағы өрт сөндіру станциясы туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 шілдедегі № 956 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман иеленушінің ормандағы өрт сөндіру станциясы туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 21 шілдедегі
№ 956 қаулысымен  
бекітілген     

Мемлекеттік орман иеленушінің ормандағы өрт сөндіру станциясы туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік орман иеленушінің ормандағы өрт сөндіру станциясы туралы ереже Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-13) тармақшаcына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман иеленушінің ормандағы өрт сөндіру станциясының мәртебесі мен өкілеттігін белгілейді.
      2. Ормандағы өрт сөндіру станциясы (бұдан әрі – ОӨС) – орман өрттерінің алдын алу және оларды уақтылы жою жөніндегі шаралардың жүргізілуін қамтамасыз ететін өртке қарсы қызмет пен техниканы орналастыруға арналған мемлекеттік орман иеленушінің объектісі.
      3. Орман орналастыру жобасына және (немесе) ормандарды өртке қарсы орналастыру жобасына сәйкес мынадай мақсаттарды орындау үшін мемлекеттік орман қоры аумағында және одан тыс жерлерде мемлекеттік орман иеленушілер мынадай ОӨС құрады:
      1) бірінші үлгі – мемлекеттік орман иеленушінің орманшылығы орман қорының аумағында шыққан орман өрттерін жоюды қамтамасыз ету;
      2) екінші үлгі – мемлекеттік орман иеленушінің орман қорының бүкіл аумағында орман өрттерін жоюды қамтамасыз ету.
      4. ОӨС осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша өртке қарсы мемлекеттік қызметтің аумақтық органымен келісім бойынша мемлекеттік орман иеленуші болып табылатын ұйымның басшысы бекітетін паспорт жасалады.
      5. ОӨС өртке қарсы қызметі орналастырылады, оның құрамына ОӨС бастығы, өрт сөндіру машинасының жүргізушісі, тракторист-машинисі, радиооператор, өрт сөндіру машиналарын, жабдықтар мен аппаратура жөндеу жөніндегі слесарь, орман өрт сөндіруші кіреді, олар тұрақты жұмысқа қабылданады.
      6. Өрт бақылау мұнарасының (бекетінің) бақылаушысы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес маусымдық жұмысқа қабылданады.

2. Ормандағы өрт сөндіру станциясын жарақтандыру

      7. ОӨС «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 53 қаулысына сәйкес өрт сөндіру техникасымен, жабдықтармен, құрал-саймандармен, көлік және байланыс құралдарымен жарақтандырылады.
      8. Өрт сөндіру техникасы, жабдықтар, құрал-саймандар, көлік және байланыс құралдары өрт қаупі бар маусым аяқталғаннан кейін жөнделіп, ОӨС сақталады.
      9. Өрт қаупі бар маусым басталардан бір ай бұрын өрт сөндіру техникасы, жабдықтар, құрал-саймандар, көлік және байланыс құралдары орман өрттерімен күрес жөніндегі жұмыстарға толық дайындық жағдайына келтіріледі.
      10. Өртке қарсы қызметтің жұмысын қамтамасыз ету үшін ОӨС:
      1) ауа райы жағдайлары бойынша өрт қаупінің сыныбын анықтау мақсатында метеорологиялық бақылаулар өткізу үшін метеобекет;
      2) құжаттарды, орман екпелерінің жоспарын және көлік жолдары, өрт бақылау мұнараларының (бекеттерінің), өртке қарсы тосқауылдар мен су көздерінің орналасуы көрсетілетін орман өрті картасын сақтауға арналған үй-жай;
      3) өртке қарсы қызметтің қызметкерлерін орналастыру үшін, сондай-ақ жабдықтар, өрт сөндіретін құрал-саймандар, далалық асхана, жеке қорғану құралдарын, жауынгерлік киім мен әбзелдер сақтау үшін үй-жай;
      4) өрт сөндіру машиналары үшін жылытылатын гараж, күзет машиналары мен тракторлар үшін жабық тұрақтар жасалады.
      11. ОӨС мемлекеттік орман иеленушімен немесе орманшылықпен, орман өртін сөндіруде жұмыс істеп жатқан өрт сөндіру техникасымен және өртке қарсы қызметтің қызметкерлерімен, сондай-ақ өрт бақылау мұнараларымен (бекеттерімен), авиабөлімшелермен және қарауыл тікұшақтарының (ұшақтарының) экипаждарымен телефон және радио байланысымен қамтамасыз етіледі.
      12. Авиациялық қарауылдау жүзеге асырылатын аудандарда ОӨС жанынан қарауыл тікұшағының (ұшағының) экипажынан мәліметтер қабылдау бекеті ұйымдастырылады және тікұшаққа арналған қону алаңы жасалады.

Мемлекеттік орман иеленушінің ормандағы
өрт сөндіру станциясы туралы ережеге 
қосымша                

Келісілді                            Бекітемін
_______________________________      ________________________________
(өртке қарсы мемлекеттік қызмет     (мемлекеттік орман иеленуші болып
      органының басшысы)                табылатын ұйымның басшысы)

Ормандағы өрт сөндіру станциясының
паспорты

      ОӨС орналасқан жері ___________________________________________
                                       (заңды мекенжайы)
      Мемлекеттік орман иеленуші ____________________________________
                                               (атауы)
      Орманшылық ____________________________________________________
                                      (атауы)
      ОӨС қызмет ететін аумақ:

Орамдардың нөмірі

Жалпы ауданы, мың. га

Оның ішінде жерлер

орманды

ормансыз

барлығы

оның ішінде орман көмкерген жерлер

1

2

3

4

5






















































































Жиыны:





Ормандағы өрт сөндіру станциясының өртке қарсы қызметі қызметкерлерінің тізімі

Р/с №

Лауазымы

Т.А.Ә.

Жұмыс өтілі

Тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі, күні

Жұмыстан босату немесе ауыстыру туралы бұйрықтың нөмірі, күні

1

2

3

4

5

6





































































































































































































































Ормандағы өрт сөндіру станциясында тұрақты бекітілген өрт сөндіру техникасының, құрал-жабдықтардың, әбзелдердің, көлік және байланыс құралдарының тізбесі

Р/с №

Атауы

Үлгі, маркасы

Шығарылған жылы

Нөмірі

ОӨС-на түскен күні

Өткізілген жөндеу жұмыстары туралы белгі

Тізбеден алып тастау негізі мен күні

қозғалтқыш

шасси

рама

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10









































































































































































































Ормандардың өртке қарсы жабдықталуының шартты белгілері

Р/с №

Объект атауы

Бейнеленуі

1.

1-үлгідегі ормандағы өрт сөндіру станциясы

2.

2-үлгідегі ормандағы өрт сөндіру станциясы

3.

Өртке қарсы құрал-жабдықтардың, ұсақ өрт әбзелдері топталған бекет базасы (қойма)

4.

Мемлекеттік орман иеленушінің кеңсесі

5.

Орманшылық кеңсесі

6.

Орман кордоны

7.

Метео бекет

8.

Медициналық бекет

9.

Өртке қарсы қызметінің ДПС орналасқан жері

10.

Авиабөлімнің орналасқан жері

11.

Өрт қадағалау мұнарасы (бекет)

12.

Тікұшақ алаңы

13.

Хабарландыруларды қабылдау бекеті

14.

Демалыс орны

15.

Алау жағылатын жер

16.

ОӨС әрекет ететін аудан

17.

Өртке қарсы жыртылған жерлер

18.

Минералданған жолақтар

19.

Өрт су айдындары

20.

Орман өртенген жер, саны – реттік нөмірі

Ормандағы өрт сөндіру станциясы жүзеге асыратын байланыс схемасы

Р/с №

Объект атауы

Бейнеленуі

1.

Стационарлық радиостанция

2.

Мобильдік радиостанция

3.

Көшпелі радиостанция

4.

Телефон аппараты

5.

Радиобайланыс

6.

Телефон желісі

7.

Қарауылдайтын ұшақ (тікұшақ)

Кірме жолдардың шартты белгілері

Қызыл – өрт сөндіруге

Сары – қарауылдауға

Жасыл – оқу-жаттығуға

Көк – өзгелері





Өртке қарсы қызмет қызметкерлеріне бекітілген өрт сөндіру техникасы, құрал-жабдықтары, әбзелдері, көлік және байланыс құралдары туралы мәліметтер

Р/с №

Атауы

Үлгісі, маркасы, нөмірі, қозғалтқышы, шассиі, рамасы, шыққан жылы

Техникалар, құрал-жабдықтар бекітілген қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымдары

Техника мен құрал-жабдықтарды бекіту күні мен беру күні

Техника мен құрал-жабдықтар берілген және бекітілген кездегі олардың жай-күйі

1

2

3

4

5

6







































































































































































































Химиялық от сөндіру құралдарын есепке алу туралы мәлімет

Р/с №

Химикаттардың, шылауыштардың атауы

Келіп түсуі

Шығыс

Қалдығы

күні

массасы, кг (дана)

күні

массасы, кг (дана)

күні

массасы, кг (дана)

1

2

3

4

5

6

7

8









































































































































































































































































Келесі айдың 1-күніне от сөндіретін химикаттар мен шылауыштардың қозғалысы туралы мәлімет

Р/с №

Химикаттар мен шылауыштардың атауы

Есепті айдағы шығынданғандар, кг, дана

Қалдығы, кг, дана

1

2

3

4





























































































































Орман өрт сөндіру станциясының өртке қарсы қызметі қызметкерлеріне өткізілген нұсқаманы, оқу мен жаттығуларды есепке алу жөніндегі мәлімет

Р/с №

Күні

Пысықталатын мәселелердің тақырыптары

Сағаттар саны

Қызметкерлердің тізімі

Нұсқаманы, оқу, жаттығуларды өткізетін тұлғалардың қолы мен лауазымы

1

2

3

4

5

6













































































































































































































Ауа райы жағдайлары бойынша өрт қаупі туралы мәлімет

Р/с №

Күні

Жауын-шашын мөлшері, мм

Ауа температурасы, градус

Температура мәні мен шық нүктелері арасындағы айырма

Ауа райының өрт қаупінің кешенді көрсеткіші

1

2

3

4

5

6

























































































































































































































____________________ ОӨС жеке құрамының жұмыс есебі

Р/с №

Т.А.Ә.

Жұмыс істеген адам күні

барлығы

оның ішінде

өрт сөндіруге

оқу және жаттығу

ормандардың өртке қарсы қондырғысына

басқа жұмыстарға

кезекшілік

1

2

3

4

5

6

7

8

































































































































































Ормандағы өрт сөндіру станциясының жұмысын есепке алу карточкасы
20____ жылғы _______________
_________________________________________________ бойынша
(мемлекеттік орман иеленушінің атауы)

Р/с №

Көрсеткіштер

Ай - күндері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

1.

Өрт қауіпсіздігінің сыныбы


















2.

Кезекші қызметкерлердің саны


















3.

Белгілеу бойынша бару және оны жалпы жалғастыру саны


















4.

Баруға қатысқан өртке қарсы қызметі қызметкерлердің саны


















5.

Болған өрттердің саны


















6.

ОӨС сөндірген өрттердің саны


















      кестенің жалғасы

Ай - күндері

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31





















































































Есепті айдағы жеке құрамның, техниканың, көліктің машина-ауысымының еңбек шығындары

Р/с №

Еңбек шығынының өлшем бірлігі

Барлығы

Есептік кезеңдегі жұмыс жасалғаны

Барлығы

Оның ішінде

Өрт сөндіруге

Ормандардың өртке қарсы қондырғылары бойынша жұмыстарға

1.

Адам-күні





2.

Машина-ауысым





3.

Трактор-ауысым





























Ормандағы өрт сөндіру станциясы өртке қарсы қызметінің жұмыс регламенті және олардың міндеттері

      1. Ауа райы жағдайлары бойынша ормандардағы өрт қаупінің бірінші және екінші сыныптары күндері ОӨС өртке қарсы қызметінің қызметкерлері орман өрттерін сөндірумен айналысып жатпаса, олар кезекшілік атқару орындарында болып, техника мен жабдықтарды орман өртіне шығуға дайындаумен шұғылданады.
      2. Ауа райы жағдайлары бойынша ормандардағы өрт қаупінің үшінші сыныбы күндері ОӨС өртке қарсы қызметінің қызметкерлері орман өрттерін сөндірумен айналысып жатпаса, олар орман өртіне дереу аттанып кетуге толық әзірлік жағдайында кезекшілік атқару орындарында болады. Өрт сөндіру техникасы мен жабдықтар пайдалануға толық әзірлік жағдайында тұрады.
      3. Ауа райы жағдайлары бойынша ормандардағы өрт қаупінің төртінші және бесінші сыныптары күндері ОӨС өртке қарсы қызметі қызметкерлері өздеріне белгіленген жиналу орындарында болады.
      4. Авиациялық орман күзеті қызмет көрсететін мемлекеттік орман қорының аумағында ОӨС өртке қарсы қызметінің жұмысы тиісті авиабөлімшелердің жұмысымен байланыстырылады.
      5. Өрт тұрғысынан алғанда қауіпсіз ұзақ мерзімді кезеңдерде ОӨС өртке қарсы қызметінің қызметкерлері мемлекеттік орман иеленуші басшысының тапсырмасы бойынша ОӨС қызмет көрсететін орман қоры аумағында өртке қарсы алдын алу іс-шараларын орындауға жұмылдырылады.
      6. ОӨС бастығының негізгі міндеттері:
      өрт қаупі бар маусым басталар алдында және оның өн бойында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша жүйелі нұсқаулықтар, сондай-ақ ОӨС өртке қарсы қызметі қызметкерлерінің орман өрттерін сөндіру бойынша жаттығуларын ұйымдастыру және өткізу;
      ОӨС өртке қарсы қызметінің қызметкерлеріне өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарын, байланыс құралдарын бөліп беру;
      ауа райы жағдайлары бойынша ормандағы өрт қаупі сыныбын анықтау;
      өрт бақылау мұнарасынан (бекетінен), авиациямен қарауылдау тікұшағынан (ұшағынан), ОӨС қызмет көрсететін аумақта өрт шыққаны туралы басқа да ақпарат көздерінен хабар алған кезде ОӨС өртке қарсы қызметі қызметкерлерінің орман өрті болып жатқан жерге аттануын қамтамасыз ету;
      орман өртін сөндіру кезінде ОӨС өртке қарсы қызметінің қызметкерлеріне басшылық жасау;
      ОӨС өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарын жөндеуді ұйымдастыру;
      өрт сөндірудің от өшіретін химиялық құралдарын сақтауды және тиімді қолдануды қамтамасыз ету болып табылады.
      7. Өрт сөндіру машинасын жүргізушінің және тракторшы-машинистің негізгі міндеттері:
      өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарын орман өрттерін сөндіру жұмыстарында пайдалану;
      бекітіп берілген техникамен өрт болып жатқан жерге аттану және орман өртін сөндіру жөніндегі жұмыстар басшысының нұсқауларын орындау болып табылады.
      8. Радиооператордың негізгі міндеттері:
      орман өрттері шыққан кезде хабардар ету схемасы бойынша телефон және радио байланысын ұйымдастыру;
      радиостанцияларға техникалық-пайдалану қызметін көрсету болып табылады.
      9. Өрт сөндіру машиналарын, жабдықтар мен аппаратура жөндеу жөніндегі слесарьдің негізгі міндеттері:
      техниканы, жабдықтар мен аппаратураны жөндеу, олардың орман өрті болып жатқан жерге аттанып кетуге ұдайы әзір жағдайда болуын қамтамасыз ету;
      өрт болып жатқан жерге аттану және орман өртін сөндіру жөніндегі жұмыстар басшысының нұсқауларын орындау болып табылады.
      10. ОӨС орман өртін сөндірушінің негізгі міндеттері:
      өрт болып жатқан жерге аттану және орман өртін сөндіру жөніндегі жұмыстар басшысының нұсқауларын орындау;
      өрт сөндіру техникасын, жабдықтарды, өрт сөндіру құрал-саймандарын, сондай-ақ өрт сөндірудің химиялық құралдарын пайдаланып, орман өрттерін сөндіруді жүзеге асыру;
      өзіне бекітіп берілген өрт сөндіру жабдықтарын, аппаратураны, аспаптар мен саймандарды ақаусыз күйде күтіп ұстау;
      өрт сөндірудің от өшіретін химиялық құралдарының ерітінділерін әзірлеу жұмыстарын жүргізу болып табылады.
      11. Өрт бақылау мұнарасы (бекеті) бақылаушысының негізгі міндеттері:
      орман шымылдығы астында орман өртінің шығу белгілерінің пайда болуын қадағалау;
      азимуттық шеңберлерді пайдаланып тіркеу әдісімен орман өрті болып жатқан жерді анықтау;
      байқалған орман өрттері туралы ақпаратты ОӨС-ке және мемлекеттік орман иеленушінің кеңсесіне беру болып табылады.
      12. ОӨС өртке қарсы қызметінің орман өрттерін сөндіруі мынадай кезеңдерді қамтиды:
      1) өртті тоқтату – өрт жиегінде алаулап жануды тыю;
      2) ауыздықтау – оның одан әрі таралуын мүмкіндігін болдырмау;
      3) қосымша сөндіру – өрт ішіндегі жану ошақтарын сөндіру;
      4) қарауылдау – жасырын жану ошақтарының және өрттің қайта басталып кету мүмкіндігінің жоқ екеніне көз жеткізуге жеткілікті белгілі бір уақыт бойы өрт болған алқапта жұмысшы өрт сөндірушілер командаларының кезекшілік атқаруы;
      5) өртті жою – өрттің барлық жану ошақтарын қосымша сөндіруді толық аяқтау және өрттің қайта басталып кету мүмкіндігінің болмауы.
      13. ОӨС өртке қарсы қызметі орман өрттерін сөндірудің мынадай тәсілдерін пайдаланады:
      1) төменгі өрт жиегін сабалау немесе оған топырақ шашу;
      2) жер өңдейтін құралдар мен жарылғыш материалдардың көмегімен минералдандырылған жолақтар мен орлар тарту;
      3) өрттерді сумен немесе от өшіретін химикаттардың ерітінділерімен сөндіру;
      4) жағу немесе қарсы от жіберу.
      14. Орман өртін сөндіру кезінде жергілікті жердің ерекшеліктері мен ауа райы жағдайлары, өрттің түрі, өрт сөндіру күштері мен құралдарының бар-жоғы ескеріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады