Спорт объектілердің төлем-өткізу және билет жүйесі жабдығын сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен мемлекеттік меншікке қабылдауға келісу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 963 Қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 27-бабына және «Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» корпоративтік қорының ұсынысына келісім берілсін:
      1) теңгерімдік құны 62753373 (алпыс екі миллион жеті жүз елу үш мың үш жүз жетпіс үш) теңге «Сарыарқа» республикалық велотректің төлем-өткізу және билет жүйесінің жабдығы;
      2) теңгерімдік құны 57404215 (елу жеті миллион төрт жүз төрт мың екі жүз он бес) теңге «Алатау» шаңғы және биатлон стадиондары кешенінің төлем-өткізу және билет жүйесінің жабдығы;
      3) теңгерімдік құны 136096240 (жүз отыз алты миллион тоқсан алты мың екі жүз қырық) теңге «Астана Арена» жабық футбол стадионының төлем-өткізу және билет жүйесінің жабдығы сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады