"Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 308 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 965 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 308 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 30, 229-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:

Есімбеков           - Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсiп
Сабыр Сайлаубекұлы    палатасының президенті (келiсiм бойынша)

Ошақбаев            - «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық
Рахым Сәкенұлы        экономикалық палатасы» заңды тұлғалар
                      бірлестігінің басқарма төрағасының бірінші
                      орынбасары (келiсiм бойынша)

Доскенов            - «Орталық Қазақстан кәсіпкерлерінің
Талғат Қазкенұлы      қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің
                      президенті (келiсiм бойынша)

Мәжитов             - «ҚАЗКА» Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығының
Мейірбек Сабырұлы     бас директоры (келiсiм бойынша);

      мына:

«Мырзахметов        - «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық
Абылай Исабекұлы      экономикалық палатасы» заңды тұлғалар
                      бiрлестiгiнiң Басқарма төрағасы - Қазақстан
                      Республикасы Сауда-өнеркәсiп палатасының
                      президенті (келiсiм бойынша)»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Мырзахметов        - «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық
Абылай Исабекұлы      экономикалық палатасы» заңды тұлғалар
                      бiрлестiгiнiң басқарма төрағасы (келiсiм
                      бойынша)»;

      көрсетілген құрамнан: Ерлан Сәдуақасұлы Қожасбай, Ержан Оразбекұлы Мәндиев, Серік Ролланұлы Мерғалиев шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады