Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы
1-бап. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 316-құжат; 2008 ж., № 10-11, 40-құжат; 2009 ж., № 8, 42-құжат; 2011 ж., № 21, 165-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
3-бап мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«7 мамыр – Отан қорғаушы күні;».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті