Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 1012 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 44 қаулысымен

«Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 1012 Қаулысына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      «Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 1012 қаулысы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген.
      Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беру жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды, сондай-ақ өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және меншікті жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті, оның ішінде ақшаны ұсыну арқылы олар қатысқан жағдайда жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған индустриялық-инновациялық жобаларды құру үшін жүзеге асырылады.
      Кредит беру бағдарламасы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институтының кейіннен кредит беруі үшін уәкілетті орган айқындайтын шарттармен қаржы институттарындағы қаржы агентінің ақша қаражатын орналастыруы жолымен жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы
      Индустрия және жаңа
      технологиялар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз