Электрмен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтарды бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 тамыздағы № 1039 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 475 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.06.2015 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған электрмен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтар бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 10 тамыздағы
№ 1039 қаулысымен     
бекітілген       

Электрмен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны
актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтар

      1. Энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 4-бабының 17) тармақшасына сәйкес әзiрлендi.
      2. Авариялық бронь – электрмен үздіксіз жабдықтау объектісіне берілуі ол үшін маңызды құрылғылардың жұмыс істеуін сақтайтын және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері жұмысының бұзылуын, сондай-ақ апатты экологиялық, әлеуметтік немесе экономикалық зардаптарды немесе адамдардың өлімін болғызбайтын ең төменгі қажетті электр қуаты.
      3. Технологиялық бронь – технологиялық процестерді аяқтау үшін тұтынушыға қажетті электр қуаты.
      4. Авариялық және технологиялық бронь актісі үш данада жасалады және энергиямен жабдықтау шартына және/немесе электр энергиясын беру  шартына міндетті қосымша болып табылады.
      5. Авариялық және технологиялық бронь актісін жасау үшін энергия тұтынудың жалпы көрсеткіштері, өндірістік процестердің сипаты және жалпы кәсіпорын бойынша және жекелей алғанда әрбір қоректендіруші желі бойынша технологиялық және энергетикалық жабдықтың құрамы туралы мәлімет болуы қажет.
      6. Авариялық және технологиялық бронь актісіне өзгерістер кәсіпорынның өтінімі бойынша қажетті қуатты ұлғайтқан немесе технологияны өзгерткен жағдайларда жүргізіледі.
      7. Авариялық және технологиялық бронь актісі осы нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысанда толтырылады:
      1) 1-жолда энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйыммен жасалған энергиямен жабдықтау шартына сәйкес тұтынушының жеке шоты көрсетіледі;
      2) 2-жолда электр энергиясын пайдалану шарты жасалатын энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымның атауы көрсетіледі;
      3) 3-жолда кәсіпорынның, саланың толық атауы көрсетіледі;
      4) 4-жолда кәсіпорынның пошта индексі, мекенжайы көрсетіледі;
      5) 5-жолда кәсіпорынның (басшының, бас инженердің, бас энергетиктің, қосалқы станция кезекшісінің) телефондары көрсетіледі;
      6) 6-жолда тұтынушы жұмысының бір жыл ішіндегі ауысымдылығы және сағаттарының саны көрсетіледі;
      7) 7-жолда энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымға ең көп жүктеме жүсетін сағаттардағы тұтынушының электр жүктемесі көрсетіледі, ол энергиямен жабдықтаушы ұйымға ең көп жүктеме түсетін таңертеңгі және кешкі сағаттардағы кәсіпорынның неғұрлым орташа үш сағаттағы көп электр жүктемелерінің орташа мәні ретінде бір жұмыс күнінің соңғы қысқы (жазғы) тәуліктік кестесі бойынша анықталды;
      8) 8-жолда қуаттарды қосымша ұлғайту (төмендету) салдарынан энергия тұтынудағы өзгерістерді ескеретін, соңғы үш жылғы энергия тұтынудың орташа жылдық мәні көрсетіледі;
      9) 9-жолда тәуліктік энергия тұтыну көрсетіледі, ол кәсіпорынның жұмыс күнгі жүктемесінің соңғы қысқы (жазғы) тәуліктік кестесі бойынша желтоқсандағы (маусымдағы) тәуліктік орташа шығысы бойынша анықталтын;
      10) 10-жолда тұтынушының трансформаторлық қосалқы станциясының, тарату пунктінің немесе тарату құрылғысының нөмірі көрсетіледі;
      11) 11-жолда энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның қоректендіру орталығының (желісінің) нөмірі немесе атауы көрсетіледі (трансформаторлық қосалқы станция, тарату пункті, қосалқы станция);
      12) 12-жолда – теңгерімдік тиесілілігін шектеу актісі және осы электр қондырғысы бойынша тараптардың пайдалану жауапкершілігі бойынша белгіленген қоректендіруші желілердің саны көрсетіледі;
      13) 13-жолда энергиямен жабдықтау шартына сәйкес энергиямен жабдықтау сенімділігінің санаты көрсетіледі.
      8. «Авариялық бронь» деген 1-бөлімде бағандар былайша толтырылады:
      1) 1-бағанда – реттік нөмірі көрсетіледі;
      2) 2-бағанда – кенеттен ажыратылуы өрт, жарылыс немесе адам өміріне қауіп төндіретін (авариялық және күзеттік жарықтандыру; жарылыс қаупі, өрт қаупі бар цехтардағы және адам өміріне қауіпті ортадағы ауа алмастыру; су төгу, кәріз, жылыту, өрт қауіпсіздік құралдары және басқалар) ажыратылмайтын электр қабылдағыштардың тізбесі көрсетіледі.
      Электр қабылдағыштар әрбір қоректендіруші желі бойынша жеке көрсетіледі.
      Тізбені толтыру кезінде электр жабдығының толық атауы көрсетіледі;
      3) 3 және 4-бағандарда жұмыс жүктемесі (кВт) әрбір электр қабылдағыш бойынша, маусымдық – қысқы, жазғы бойынша жеке көрсетіледі;
      4) 5 және 6-бағандарда тәуліктік энергия тұтыну (мың кВт.сағ.) 3 және 4-бағандар бойынша жүктемелерді есепке алып, тиісінше әрбір электр қабылдағыш бойынша көрсетіледі.
      9. «Технологиялық бронь» деген 2-бөлімде бағандар былайша толтырылады:
      1) 7-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;
      2) 8-бағанда технологиялық процестер тізбесі көрсетіледі.
      Технологиялық бронь электр қабылдағыштары тізбесіне жұмысы тұтынушыға негізгі технологиялық процесті аяқтау үшін қажетті электр жабдығы енгізіледі;
      3) 9-бағанда (8-бағанда көрсетілген әрбір процесс бойынша) технологиялық процестің ұзақтығы көрсетіледі.
      Технологиялық процестің ұзақтығы тәулік бойы және одан артық болғанда – 24 сағат деп көрсетіледі;
      4) 10 және 11-бағандарда жұмыс жүктемесі (кВт) әрбір электр қабылдағыш бойынша, маусымдық – қысқы, жазғы бойынша жеке көрсетіледі;
      5) 12 және 13-бағандарда тәуліктік энергия тұтыну (мың кВт.сағ.) 10 және 11-бағандар бойынша жүктемелерді есепке алып, тиісінше әрбір электр қабылдағыш бойынша көрсетіледі.
      10. «Электрмен жабдықтау көздері және қоректендіруші желілердегі жүктемелер» деген 3-бөлімде энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның трансформаторлық және таратушы пункттен кенеттен ажырату жарылысқа, өртке, адамдардың өміріне қауіп төнуіне, негізгі жабдықтың зақымдануына, өнімнің жаппай бұзылуына және күрделі технологиялық процестердің қауіпті бұзылуына әкеп соғуы мүмкін электр қабылдағыштарды көрсете отырып, тұтынушының әрбір қоректендіруші желісі бойынша әр жолдың мағынасы түсіндіріліп беріледі:
      1) 14-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;
      2) 15-бағанда осы кәсіпорынды энергиямен жабдықтау жүзеге асырылатын энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның трансформаторлық, тарату пунктінің және тарату құрылғысының қоректендіруші орталығынаң атауы немесе нөмірі көрсетіледі;
      3) 16-бағанда энергиямен жабдықтау жүзеге асырылатын тұтынушының (фидердің) қоректендіруші желісінің нөмірі немесе атауы көрсетіледі;
      4) 17-бағанда қысқы өлшемдер (желтоқсан) бойынша қоректендіруші желінің жалпы жүктемесі (кВт) көрсетіледі;
      5) 18-бағанда кәсіпорынның технологиялық броны енгізілген негізгі электр қабылдағыштардың тізбесі көрсетіледі;
      6) 19-бағанда осы қоректендіруші желідегі (фидердегі) технологиялық бронның жұмыс жүктемесі (кВт) көрсетіледі.
      7) 20-бағанда – технологиялық процесті аяқтау үшін қажет етілетін уақыт сағатпен (2-бөлімнің 8-бағанында көрсетілген әрбір процесс бойынша) көрсетіледі;
      8) 21-бағанда кенеттен ажыратылатын энергия қабылдағыштардың тізбесі (1-бөлімнің 2-бағаны) көрсетіледі;
      9) 22-бағанда жүктемелердің қысқы (желтоқсан) кестесіне сәйкес әрбір қоректендіруші желі бойынша авариялық бронның жүктемесі (кВт) көрсетіледі;
      10) 23-бағанда жүктеме қай желіге және қандай құралдармен (резервті автоматтық қосу немесе қолмен) ауыстырылып қосылатыны көрсетіледі.
      Кәсіпорынның ажыратылмайтын электр қабылдағыштарды ауыстырып қосуы міндетті түрде энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның диспетчерлік қызметімен келісіледі.
      11. «Жүктеме бойынша энергия тұтыну режимдері» деген 4-бөлімде жолдар мынадай түрде толтырылады:
      1) 1-жолда электр желілеріндегі қуаттардың авариялық жетіспеушілігі кезінде қоректендіруші орталықтардың ажыратылуы мүмкін кәсіпорын бойынша толық ажыратылуы мүмкін жүктеме (кВт) көрсетіледі;
      2) 2-жолда ажыратылатын желілердің (фидерлердің) нақты нөмірі және олардың жалпы жүктемесі (кВт) көрсетіледі;
      3) 3-жолда 3-бөлімнің 20-бағанында көрсетілген технологиялық процестің аяқталу уақытының бітуі бойынша ағытылуы мүмкін желілердің (фидерлердің) нөмірлері және олардың жалпы жүктемесі (кВт) көрсетіледі.
      1, 2 және 3-жолдар бойынша жүктемелер жүктемелердің қысқы кестесіне қатаң сәйкестікпен көрсетіледі.
      12. 5-бөлім энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның диспетчерінің талап етуі бойынша ажыратылуы қажет қоректендіруші желілер (фидерлер) және олардың жүктемесі туралы мәліметтерді қамтиды.
      13. 6-бөлім энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның желі жұмысында (фидерде) қалған ажыратылған жүктемелерді энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның диспетчерінің келісімінсіз қайта ауыстыруға жол бермеу туралы талабын қамтиды. Осы жолда міндетті түрде энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйым диспетчерінің телефоны көрсетіледі.
      14. 7-бөлім резервті автоматты түрде қосудың қолда бар құрылғыларын пайдалану мүмкіндігін көрсетеді.
      15. 8-бөлімде энергия тұтыну және қуаттар режимдерін енгізу кезінде осы кәсіпорынды энергиямен жабдықтауға арналған шартпен келісілген энергиямен жабдықтаудың ерекше шарттары көрсетіліді. Актіге кәсіпорынның электрмен жабдықтау схемасы қоса беріліп, онда қоректендіруші желілер, қоректендіруші желілер мен резервті автоматтық қосу енгізілген қосалқы станциялар арасындағы байланыстар көрсетіледі.

Электрмен жабдықтаудың авариялық және   
технологиялық броны актісін жасау жөніндегі 
нұсқаулыққа қосымша            

Бекітемін _________________________
_______________________________________
Энергиямен жабдықтаушы (энергия беруші)
ұйымның басшысы      

Авариялық және технологиялық бронь актісі

1. Тұтынушының жеке шотының нөмірі ____________

8. Тұтынушының орташа жылдық энергия тұтынуы: __________мың кВт.ч.

2. Энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымның атауы_______________

9. Тұтынушының тәуліктік энергия тұтынуы:
1) қысқы ___________________ кВт
2) жазғы ____________________кВт

3. Тұтынушы_____________________

4. Тұтынушының мекенжайы _______

10. Тұтынушының трансформаторлық қосалқы станциясының, тарату пунктінің нөмірі ______________

5. Тұтынушының телефондары:
1) басшының, бас инженердің ____
2) бас энергетиктің ____________
3) шағын станция кезекшісінің ________________________________

11. Энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның қоректендіру орталығының (желісінің) нөмірі немесе атауы _____________(трансформаторлық қосалқы станция; тарату пункті; қосалқы станциялар)

12. Қоректендіру желілерінің саны _______________

6. Ауысымдылық және жыл ішіндегі жұмыс сағаттарының саны ________

13. Энергиямен жабдықтау сенімділігінің санатты _________

7. Тұтынушының нақты ең көп жүктемесі:
1) қысқы ___________________ кВт
2) жазғы ___________________ кВт

      Авариялық және технологиялық бронь актісін кәсіпорын (электр
энергиясын тұтынушы) ___________________________
                       (лауазымы, аты-жөні)
өкілдерімен бірлесіп, энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия
беруші ұйымның өкілдері арасында жасады __________________________
                                           (лауазымы, аты-жөні)

20___ жылғы "___"____________

р/с №

1-БӨЛІМ. Авариялық бронь

2-БӨЛІМ. Технологиялық бронь

Ажыратылмайтын электр қабылдағыштардың тізбесі

Тәуліктік қажеттілік

р/с№

Технологиялық процестер мен операциялардың тізбесі

Технологиялық процестің ұзақтығы (сағат)

Толық технологиялық процестің қажеттілігі

жүктеме бойынша, кВт

тұтыну бойынша, мың кВт.сағ.

жүктеме бойынша, кВт

тұтыну бойынша, мың кВт.сағ.

қысқы

жазғы

қысқы

жазғы

қысқы

жазғы

қысқы

жазғы









1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

3-БӨЛІМ. Энергиямен жабдықтау көздері және қоректендіру желілеріндегі жүктемелер

р/с№

Энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтайтын ұйымды қоректендіретін орталықтың нөмірі немесе атауы

Тұтынушыны қоректендіретін желінің нөмірі немесе атауы

Тұтынушы желісінің жүктемесі (кВт)

Технологиялық бронь

Авариялық бронь

Негізгі электр қабылдағыштардың тізбесі

Желідегі технологиялық бронның жүктемесі (кВт)

Технологиялық процесті аяқтауға қажетті уақыт сағатпен

Электр қабылдағыштардың тізбесі

Желідегі авариялық бронның жүктемесі (кВт)

Жүктеме қандай желіге және қандай құралдармен (резервті автоматтық қосу немесе қолмен) ауыстырылады

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

4-БӨЛІМ. Жүктеме бойынша энергия тұтыну режимдері:

1. Энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның электр желілеріндегі қуаттың авариялық тапшылығы кезінде қоректендіруші орталықтардан_____ кВт ағытуға болады

2. Фидер № __________________ Жүктеме___________________________ кВт

3. 20-бағанында көрсетілген уақыт біткеннен кейін. № ____________ желі Жүктеме:_____________________ кВт

5-БӨЛІМ. Энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйым диспетчерінің талабы бойынша тұтынушы жедел түрде ағытуға міндетті: Желі (фидер) № _________________________ Жүктеме ________________________ кВт

6-БӨЛІМ. Энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның және тұтынушының электр қондырғыларындағы аварияның салдарынан желіні ағытқан кезде энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның диспетчерінің келісімінсіз ағытылған жүктемені жұмыс күйінде қалдырылған желіге ауыстыруға тыйым салынады ___________________ (телефон)

7-БӨЛІМ. Қолдағы резервті автоматтық қосу құрылғыларын пайдалануға: рұқсат етіледі ______тыйым салынады _______

8-БӨЛІМ. Айрықша шарттар:

Қосымша: Актіге кәсіпорынның 203х277 көлеміндегі электрмен жабдықтау сызбасы қоса беріліп, онда қоректендіруші желілер, мен резервті автоматтық қосу енгізілген қосалқы станциялар арасындағы байланыстар көрсетіледі.

Энергиямен жабдықтаушы
(энергия беруші) ұйым өкілі _________________
                                   (қолы)

Кәсіпорынның бас энергетигі _________________
                                   (қолы)

Кәсіпорынның бас инженері   _________________
                                   (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады