Электр қозғалтқыштарының энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 тамыздағы № 1040 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 611 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.08.2015 № 611 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 4-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес электр қозғалтқыштарының энергия тиімділігі бойынша талаптар белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасының
Үкіметінің      
2012 жылғы 10 тамыздағы
№ 1040 қаулысына   
қосымша        

Электр қозғалтқыштарының энергия тиімділігі бойынша талаптар

      1. Электр қозғалтқыштарының энергия тиімділігі бойынша талаптар (бұдан әрі - талаптар) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 4-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленген және электр қозғалтқыштарының энергия тиімділігінің нормативтік көрсеткіштерін айқындайды.
      2. Осы талаптарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) электр қозғалтқыш – электр энергиясын айналмалы не үдемелі қозғалыстың механикалық энергиясына түрлендіруге арналған электр-механикалық құрылғы;
      2) энергетикалық тиімділік (энергия тиімділігі) – энергетикалық ресурстарды пайдаланудан болған пайдалы әсердің осы әсерді алу мақсатында өндірілген энергетикалық ресурстардың шығындарына қатынасын көрсететін сипаттамалар;
      3) электр қозғалтқышының пайдалы әсер коэффициентi (бұдан әрi – ПӘК) – пайызбен көрсетілген электр қозғалтқышының білігіндегі пайдалы қуаттың электр қозғалтқыштың желіден тұтынатын активті қуатының киловатпен көрсетілген қатынастарына тең коэффициент;
      4) атаулы қуат – атаулы деректерге қосылған шығу қуатының санмен көрсетiлген мәнi;
      5) жүктеме – уақыттың осы сәтінде электр торымен немесе онымен біріктірілген тетікпен айналмалы электр машинасынан талап етілетін электрлік және механикалық шамалардың барлық сандық мәндерi;
      6) режим – егер бұл қажет болса, іске қосу кезеңдерін, электрлік тоқтатуды, бос жүрісті, ажырату және тыныштық күйін, сондай-ақ олардың ұзақтығы мен уақыттағы бірізділігін қоса алғанда, машина арналған жүктеменiң (жүктемелердің) өзгеру сипаттамасы;
      7) қайталанатын қысқа уақыттық кезеңдік режим – жылудың тепе-теңдігіне қол жеткізу үшін жүктемемен жұмыс істеу ұзақтығы жеткіліксіз болғанда қозғалтқыш жұмысының біркелкі циклдерінің бірізділігі.
      3. Осы талаптар:
      1) 0,75 тен 375 киловаттқа дейінгіні (бұдан әрi – кВт) қоса алғандағы қуатпен;
      2) полюс сандары 2, 4, 6;
      3) тоқ жиілігі 50 гц, кернеу 1000 В дейiнгі;
      4) номиналды циклдiк ұзақтығы 80 % немесе одан жоғары, жұмыс режимі үздіксіз немесе қайталанатын қысқа уақыттық кезеңдік, арнауы жалпы, қысқа-тұйық роторлы үш фазалық асинхрондық электр қозғалтқыштарына (бұдан әрi – электр қозғалтқыштары) қолданылады.
      4. Осы талаптар полюстардың саны 8 және одан жоғары электр қозғалтқыштарға, жер бетi, теңiз және әуе көлiктерінде қолданылатын арнайы қозғалтқыштарға, жарылыстан қорғалған қозғалтқыштарға, сырғанау мүмкіндігі жоғары көп жылдамдықты қозғалтқыштарға қолданылмайды.
      5. Электр қозғалтқыштарға ПӘК мәндері бойынша талаптар қойылады, олар осы талаптарға қосымшада көрсетілген мәндерге тең немесе жоғары болуы тиіс.

Электр қозғалтқыштарының
энергия тиімділігі бойынша
талаптарға       
қосымша        

Электр қозғалтқыштарының пайдалы әсер коэффициенттері (%)

Р/с №

Pн (номиналды қуаты) кВт

Полюстердің саны

2

4

6

1

2

3

4

5

1

0,75

72,1

72,1

70,0

2

1,1

75,0

75,0

72,9

3

1,5

77,2

77,2

75,2

4

2,2

79,7

79,7

77,7

5

3

81,5

81,5

79,7

6

4

83,1

83,1

81,4

7

5,5

84,7

84,7

83,1

8

7,5

86,0

86,0

84,7

9

11

87,6

87,6

86,4

10

15

88,7

88,7

87,7

11

18,5

89,3

89,3

88,6

12

22

89,9

89,9

89,2

13

30

90,7

90,7

90,2

14

37

91,2

91,2

90,8

15

45

91,7

91,7

91,4

16

55

92,1

92,1

91,9

17

75

92,7

92,7

92,6

18

90

93,0

93,0

93,3

19

110

93,3

93,3

93,3

20

132

93,5

93,5

93,5

21

160

93,8

93,8

93,8

22

200-ден 375-ке дейін

94,0

94,0

94,0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады