Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 611 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2015 жылғы 7 тамыздағы
№ 611 қаулысына  
қосымша      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Электр қозғалтқыштарының энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 тамыздағы № 1040 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 66, 937-құжат).
      2. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үлгі келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1116 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 68, 981-құжат).
      3. «Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына қойылатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1192 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 70, 1022-құжат).
      4. «Дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәнін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1765 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 7, 154-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады