"Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1344 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 тамыздағы № 1063 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1344 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 638-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесінде:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 151), 152), 153), 154), 155)тармақшалармен толықтырылсын:
      «151) Қызылорда Сол жағалау магистралды каналы құрылыстарымен;
      152) Ботабай суармалы суландыру каналы құрылыстарымен;
      153) Жаңадария каналы суландыру тракті құрылыстарымен;
      154) Қуандария каналы суландыру тракті құрылыстарымен;
      155) Шардара су қоймасынан машиналы су жеткізу.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады