«Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1064 қаулысына баспасөз релизі
2012 жылғы 22 тамызда «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1064 қаулысы (бұдан әрі - қаулы) қабылданды.
Қаулы «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Қаулыны қабылдау Алматы қаласы әкімдігінің қарамағындағы сыртқы коммуналдық және инженерлік желілерді қайта жаңартуды және оларды М.Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық жұқпалар ғылыми орталығы аумағында АҚШ Үкіметінің қаражаты есебінен салынып жатқан Орталық референс - зертханаға қосуды бастауға мүмкіндік береді.
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.