Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1064 Қаулысы

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Алматы қаласындағы Капальская көшесі, 14 бойында орналасқан Орталық референс-зертхана ғимаратының сыртқы инженерлік желілерін қайта жаңартуды бастауға Алматы қаласының әкімдігіне ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде аудару үшін 2012 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 443230000 (төрт жүз қырық үш миллион екі жүз отыз мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Алматы қаласының әкімі 2012 жылғы 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы жөнінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне есеп берсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады