"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1067 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; 2012 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 21 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 24 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу және метрология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 818-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Кодекстің 845-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, сақтандырушының сақтанушыдан алған сақтандыру сыйлықақылары оған меншік құқығымен тиесілі болады.»;
      2) 824-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қайта сақтандыру талаптары Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде және қайта сақтанушы мен қайта сақтандырушы арасындағы қайта сақтандыру шартында айқындалады.
      Қайта сақтандыру шарты осы Кодекстің сақтандыру шартына қоятын талаптарына жауап беруге тиiс. Исламдық қайта сақтандыру шарты осы Кодекстің исламдық сақтандыру шартына қоятын талаптарына жауап беруге тиiс. Бұл ретте сақтандырушы сақтандырудың негiзгi шарты (исламдық сақтандыру шарты) бойынша қайта сақтандыру шартында (исламдық қайта сақтандыру шартында) сақтанушы болып есептеледі.»;
      3) 826-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) сақтандырушының исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін сыйақысының мөлшері және оны төлеу тәртібі (исламдық сақтандыру шарты жасалған кезде);»;
      4) мынадай мазмұндағы 845-1-баппен толықтырылсын:
      «845-1-бап. Исламдық сақтандыру
      1. Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген исламдық сақтандыру қағидаттары сақтала отырып жасалған сақтандыру шарты исламдық сақтандыру шарты (осы Кодекстің 803-бабы) болып табылады.
      2. Исламдық сақтандыру шарты бойынша сақтанушы төлеген сақтандыру сыйлықақысы, сондай-ақ сақтандыру сыйлықақыларын инвестициялау нәтижесінде алынған кірістер сақтандырушы исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтанушыларға (пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін қалыптастыратын исламдық сақтандыру қорына сақтандырушының аударуына жатады.
      3. Сақтандырушы исламдық сақтандыру шарты бойынша алған сақтандыру сыйлықақылары, сондай-ақ исламдық сақтандыру қорын құрайтын өзге де мүлік сақтандырушыға меншік құқығымен тиесілі болмайды.
      4. Исламдық сақтандыру шарты бойынша сақтандырушы исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін сыйақыны исламдық сақтандыру қорының қаражаты есебінен алуға құқылы.
      5. Исламдық сақтандыруды жүзеге асырудың, исламдық сақтандыру қорын қалыптастырудың, есепке алудың, пайдаланудың және бөлудің, исламдық сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушылардың құқықтық жағдайының ерекшеліктері мен олардың қызметiнiң шарттары осы Кодекске және Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамалық актілеріне сәйкес айқындалады.»;
      5) 943-баптың үшінші бөлігі алып тасталсын.
      2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; 2012 жылғы 21 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 24 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу және метрология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 60-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық есебі саясатында белгіленген, осы баптың 1-тармағының 1), 4), 5), 6), 9) тармақшаларында көзделген ережелер күнтізбелік жылға қолданылады және салықтық тексеру жүргізілген салықтық кезеңдер бойынша өзгертуге жатпайды.
      Қосылған құн салығын төлеуші таңдаған, осы Кодекстің 260-бабының 4-тармағында және (немесе) 262-бабының 5-1-тармағында көзделген қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісі қосылған құн салығын есептеу мақсаттары үшін белгіленген салық кезеңіне қолданылады және салықтық тексеру жүргізілген салықтық кезеңдер бойынша өзгертуге жатпайды.»;
      2) 250-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Ислам банктерінің мүлікті беруі Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес:
      1) тауарды кейіннен үшінші тұлғаға сату туралы талабынсыз;
      2) тауарды кейіннен үшінші тұлғаға сату талаптарымен коммерциялық кредит беру жолымен сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру шеңберінде ислам банкі алуға тиіс табыс бөлігінде қосылған құн салығынан босатылады.»;
      3) 260-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қосылған құн салығын төлеушіде:
      салық салынатын айналымдар, осы Кодекстің 249-бабының 1-тармағына сәйкес босатылатын айналымдар, басқа да салық салынбайтын айналымдар болған жағдайда, осы баптың 3-тармағын қолданатын қосылған құн салығын төлеуші осы Кодекстің 249-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын айналымдарды қоспағанда, салық салынатын айналымдар мен салық салынбайтын айналымдар бойынша есепке жатқызудың барабарлық әдісін қолдануға құқылы.»;
      4) 262-бапта:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Есепке жатқызудың барабарлық әдісін пайдаланатын ислам банкінің Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату туралы талабынсыз коммерциялық кредит беру жолымен сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдісін қолдануға құқығы бар.»;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Есепке жатқызудың барабарлық әдісін пайдаланатын қосылған құн салығын төлеушінің сауда делдалы ретінде Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес тауарды кейіннен үшінші тұлғаға сату талаптарымен коммерциялық кредит беру жолымен жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру шеңберінде тауарды сатып алу-сату операциялары бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдісін қолдануға құқығы бар.».
      3. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; №  13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; 2012 жылғы 21 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      8-бап мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «22-1) дербес және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдарымен бірлесіп олардың құзыреттері шегінде исламдық қаржы құралдарының және исламдық қаржы қызметтерінің халықаралық стандарттарын ескере отырып исламдық қаржыландырудың даму саясатын айқындайды;».
      4. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; 2012 жылғы 21 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 3-баптың 5-1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ислам банкі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылмайды және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі ислам банкіндегі депозиттерге кепілдік бермейді. Ислам банктері акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы, ислам банктері тартқан депозиттердің қайтарылуына кепілдік беретін коммерциялық емес ұйымды құруға құқылы.»;
      2) 34-баптың 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Осы баптың 4, 5, 8–11-тармақтарында белгіленген нормалар банктердің кепілдіктер мен кепілдемелер беру жөніндегі операцияларына, сондай-ақ ислам банктерінің осы Заңның 52-5-бабы 1-тармағының 3), 4), 4-1) және 5) тармақшаларында көрсетілген операцияларына қолданылады.»;
      3) 52-5-бапта:
      1-тармақта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) жеке және заңды тұлғаларды:
      тауарды кейіннен үшінші тұлғаға сату туралы талабынсыз;
      тауарды кейіннен үшінші тұлғаға сату талаптарымен коммерциялық кредит беру жолымен сауда делдалы ретінде қаржыландыру;»;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) өндірістік және сауда қызметін заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу жолымен және (немесе) әріптестік талаптарымен қаржыландыру;»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы баптың 1-тармағының 4), 4-1), 5) тармақшаларында көзделген банк операцияларын ислам банкі меншікті ақшасы және (немесе) инвестициялық депозиттерге тартылған ақша есебінен жүзеге асырады. Бұл ретте ислам банкі және (немесе) инвестициялық депозит бойынша клиенттер олардың ақшасы есебінен сатып алынған мүлікке ортақ үлестік меншік құқығын иемденеді, ал ислам банкі ортақ үлестік меншіктің қатысушысы және (немесе) ортақ үлестік меншікке жататын мүлікті басқаруды жүзеге асыратын сенімгерлікпен басқарушы болады. Ислам банкі сенімгерлікпен басқарушы ретінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтардың мемлекеттік тіркелуін, көлік құралдарының және өзге де жылжымалы мүліктің тіркелуін қамтамасыз етуге құқылы. Ислам банкі сатып алынған мүлікке ортақ үлестік меншік қатысушыларының есебін жүргізеді.»;
      4) 52-6-бапта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Инвестициялық депозит бойынша ақшаны пайдаланудан түскен табыс есебінен ғана сыйақы төленуі мүмкін болатын жағдайда ислам банкінің сыйақысы инвестициялық депозитке тартылған ақшаны пайдаланудан алынған табыстың бір бөлігі түрінде айқындалады. Ислам банкі инвестициялық депозиттің шығынды болуы кезінде (инвестициялық депозит бойынша тартылған ақшаны пайдалану нәтижесінде табыс болмаған кезде) сыйақы алу құқығынан айырылады.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Инвестициялық депозит туралы шарттың талаптары, ислам банкінің тартылған ақшаны инвестициялық депозит туралы шартта айқындалған деңгейде табыстылық алынуы мүмкін активтерге орналастыруын көздейтін жағдайды қоспағанда, инвестициялық депозит бойынша табыстың және (немесе) ислам банкі сыйақысының кепілдік берілген мөлшерін көздей алмайды.»;
      5) 52-8-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «52-8-бап. Сауда делдалы ретінде тауарды кейіннен үшінші
                 тұлғаға сату туралы талабынсыз коммерциялық кредит
                 беру жолымен жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру
      1. Ислам банктері сауда делдалы ретінде ислам банкінің коммерциялық кредит туралы шарты (бұдан әрі – коммерциялық кредит туралы шарт) негізінде тауарды сатып алушыға немесе сатушыға коммерциялық кредит беру жолымен жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыруға құқылы.»;
      6) мынадай мазмұндағы 52-12-баппен толықтырылсын:
      «52-12-бап. Сауда делдалы ретінде тауарды кейіннен үшінші
                  тұлғаға сату талаптарымен коммерциялық кредит беру
                  жолымен жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру
      1. Сауда делдалы ретінде тауарды кейіннен үшінші тұлғаға сату талаптарымен коммерциялық кредит беру жолымен жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыруға осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңның 52-8-бабының ережелері қолданылады.
      Осы баптың мақсаттары үшін ислам банкінен тауарды сатып алатын және кейіннен оны үшінші тұлғаға сататын сатып алушы банктің клиенті деп аталады.
      2. Сауда делдалы ретінде тауарды кейіннен үшінші тұлғаға сату талаптарымен коммерциялық кредит беру жолымен жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру деп мына талаптар сақтала отырып коммерциялық кредит туралы шарт бойынша жүзеге асырылатын мәміле танылады:
      1) ислам банкі және банктің клиенті коммерциялық кредит туралы шарттың тараптары болып табылады. Коммерциялық кредит туралы шартта клиент тауарды кейіннен сату жүзеге асырылатын үшінші тұлға көрсетіледі;
      2) банк клиентінің тауарды коммерциялық кредит туралы шарт бойынша сатып алуы, сондай-ақ банк клиентінің тауарды кейіннен үшінші тұлғаға сатуы ислам банкінің қатысуымен жүргізіледі;
      3) үшінші тұлғаның тауардың ақысын төлеуі тауар мен осы тауардың құжаттары оған берілгеннен кейін тез арада ислам банкінің үстемеақысы есепке алынбай, клиенттің осы тауарды ислам банкінен сатып алу бағасы бойынша жүргізіледі;
      4) коммерциялық кредит туралы шартта тауар ретінде, қызметін Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жүзеге асыратын халықаралық тауар биржаларында биржа саудасына жіберілген тауар айқындалады. Ислам банкі және банктің клиенті бір тауарды коммерциялық кредит туралы бірнеше шарт бойынша бір уақытта сатуға құқылы емес;
      5) тауарды сатып алу және сату, қызметін Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жүзеге асыратын халықаралық тауар биржаларында жүргізіледі;
      6) банктің клиенті коммерциялық кредит туралы шартта көрсетілген тауарды кейіннен үшінші тұлғаға сатуды ислам банкінің үстемеақысы есепке алынбай, осы шартта көрсетілген мөлшерде және баға бойынша жүзеге асырады;
      7) тауарды ислам банкіне сатуды жүзеге асыратын тауарды сатушы тауар кейіннен сатылатын үшінші тұлға бола алмайды;
      8) ислам банкі, банктің клиенті және үшінші тұлға «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес өзара байланысты тараптар болып табылмайды;
      9) қызметін Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жүзеге асыратын халықаралық тауар биржасында өткізілетін тауардың бағасы Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
      3. Осы баптың мақсаттары үшін қызметін Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жүзеге асыратын халықаралық тауар биржасы деп мына талаптарға сәйкес келетін тауар биржасы танылады:
      тауар биржасы тізбесін уәкілетті орган белгілейтін, рейтингілік агенттіктердің бірінің А рейтингісінен төмен емес тәуелсіз рейтингісі бар мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асырады;
      тауар биржасында жасалған биржа мәмілелерінің көлемі мен саны бойынша ақпарат Дүниежүзілік биржалар федерациясының интернет-ресурсында орналастырылған статистикалық есептерде жарияланады.
      Сауда делдалы ретінде тауарды кейіннен үшінші тұлғаға сату талаптарымен коммерциялық кредит беру жолымен жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру шеңберінде тауарды сатып алу және сату жүргізілетін халықаралық тауар биржаларының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      4. Осы бапта белгіленген талаптар бұзылған жағдайда сауда делдалы ретінде мұндай банк операциясы тауарды кейіннен үшінші тұлғаға сату талаптарымен коммерциялық кредит беру жолымен жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру болып танылмайды.».
      5. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 21 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 3-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы – Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;»;
      2) 4-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сақтандыру дегеніміз – сақтандыру ұйымы жүзеге асыратын сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында айқындалған сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиға туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі қатынастар кешенi.»;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Исламдық сақтандыру қызметі – ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асыратын қызметi.»;
      3) 11-1-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қағидалары мен ішкі қағидаларын исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің қорытындысы болған кезде директорлар кеңесі бекітеді.»;
      4) 12-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ислам сақтандыру ұйымын қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарын ескере отырып өзiнiң сақтанушыларына сатып алу сомасы шегiнде қарыз беруге құқылы.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» немесе «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес аннуитеттік сақтандыру шарттарын жасағанға дейін сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда көрсетілген ұйымды құру және қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртіпте сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйыммен қатысу шартын жасауға міндетті.»;
      5) 16-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Исламдық сақтандыру шартын жасаған кезде сақтанушы ислам сақтандыру ұйымынан исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің сақтандыру қағидаларының осы Заңның 6-1-тарауында көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын қорытындысын сұратуға құқылы.»;
      6) 23-бап мынадай мазмұндағы 2-1, 3-1, 4-1-тармақтармен толықтырылсын:
      «2-1. «Жалпы сақтандыру» саласындағы қызметті жүзеге асыратын ислам сақтандыру ұйымының толық атауында міндетті түрде «исламдық сақтандыру» деген сөздер немесе олардан туындаған сөздер болуға тиіс.»;
      «3-1. «Өмірді сақтандыру» саласындағы қызметті жүзеге асыратын ислам сақтандыру ұйымының толық атауында міндетті түрде «исламдық» және «өмірді сақтандыру» деген сөздер немесе олардан туындаған сөздер болуға тиіс.»;
      «4-1. Исламдық қайта сақтандыру шарттарын жасау және орындау жөніндегі қызметті ғана жүзеге асыратын ислам қайта сақтандыру ұйымының толық атауында міндетті түрде «ислам» және «қайта сақтандыру» деген сөздер немесе олардан туындаған сөздер болуы тиіс.»;
      7) 24-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) ішкі аудит қызметі – бақылау органы;»;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес (ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін ғана).»;
      8) мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:
      «6-1-тарау. Ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын
                  құрудың және қызметінің ерекшеліктері
      36-1-бап. Исламдық сақтандырудың қағидаттары
      Мыналар исламдық сақтандырудың қағидаттары болып табылады:
      1) сақтанушыларды өзара қорғау және өзара жауапкершілігі;
      2) пайыздар түріндегі сыйақыны есептеуге, алуға немесе төлеуге тыйым салу;
      3) темекі, алкоголь өнімін, қару-жарақ және оқ-дәрі өндірумен және (немесе) саудасымен, ойын бизнесімен байланысты қызметті, сондай-ақ сақтандыруға (қайта сақтандыруға) немесе қаржыландыруға исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес тыйым салған кәсіпкерлік қызметтің өзге түрлерін сақтандыруға (қайта сақтандыруға)  немесе қаржыландыруға тыйым.
      36-2-бап. Исламдық сақтандыру қоры
      1. Исламдық сақтандыру қорын исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесінде алынған өзге кірістер есебінен исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мақсатында ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қалыптастырады.
      Исламдық сақтандыру қорын қалыптастыру, есепке алу, пайдалану және бөлу қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      2. Ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорын басқаруды жүзеге асырады.
      3. Ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы тізбесін исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес белгілейтін активтерге сақтанушылардың мүддесінде исламдық сақтандыру қорының қаражатын инвестициялайды.
      4. Ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорының қаражаты салынған активтер құнының азаюымен байланысты шығындар үшін, мұндай шығындардың оның кінәсінен туындаған жағдайларды қоспағанда, жауапкершілік атқармайды.
      5. Ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз қаражатының есебін исламдық сақтандыру қорының қаражатынан бөлек жүргізеді.
      6. Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерді орындау үшін исламдық сақтандыру қорының қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорына түсетін ақшалай түсімдер есебінен болашақта оларды қайтару талабымен исламдық сақтандыру қорына ақшалай қаражатты беруге міндетті. Ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осындай ақшалай қаражатты бергені үшін сыйақы алуға құқылы емес.
      Ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының исламдық сақтандыру қорына ақшалай қаражат беру қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      7. Исламдық сақтандыру қорының қаражатын сақтанушылар арасында бөлу әр сақтанушының исламдық сақтандыру қорындағы үлесіне барабар жүзеге асырылады.
      36-3-бап. Ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сыйақысы
      Ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін сыйақыны исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты жасалған кездегі сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі және (немесе) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіпте исламдық сақтандыру қорының қаражатын инвестициялаудан алынған кірістердің бір бөлігі түрінде алады.
      36-4-бап. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің
                қызметі
      1. Қызметтің, операциялардың және мәмілелердің осы Заңның  36-1-бабында көрсетілген исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкестігін айқындау үшін ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында міндетті түрде исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес құрылады.
      2. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы директорлар кеңесінің ұсынымы бойынша тағайындайтын тәуелсіз орган болып табылады.
      36-5-бап. Ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
                қызметіне талаптар
      Ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін осы Заңның 36-3-бабында көрсетілген сыйақыдан басқа кез келген түрдегі сыйақыны алуға немесе өзге кірісті алуға құқылы емес.
      Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне оның сақтауы үшін міндетті өзге талаптарды қосымша айқындауға құқылы.
      36-6-бап. Исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес келмейтін
                мәмілелерді тану салдары
      1. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес жасалу сатысындағы мәмілені осы Заңның 36-1-бабында көрсетілген исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, мұндай мәміле жасала алмайды және орындала алмайды.
      2. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес жасалған, бірақ орындалмаған немесе ішінара орындалған мәмілені осы Заңның 36-1-бабында көрсетілген исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, мұндай мәміле ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының талабы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіпте мерзімінен бұрын тоқтатылады.
      3. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес орындалған немесе ішінара орындалған мәмілені осы Заңның 36-1-бабында көрсетілген исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мұндай мәміле бойынша кірісі қайырымдылыққа жіберілуі тиіс.
      36-7-бап. Ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
                жарғысына қосымша талаптар
      Ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғысында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген мәліметтерден басқа мыналар болуы тиіс:
      1) ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің мақсаттары;
      2) ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тұрақты жұмыс істейтін органы – исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ оны құру тәртібі және исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің мүшелеріне талаптар.»;
      9) 37-бапта:
      1-тармақтың 11-1) тармақшасы алып тасталсын;
      2-тармақтың 3-1) тармақшасы алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      «7-1. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны уәкілетті орган ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ғана береді.»;
      10) 46-бап мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
      «10-1. Ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және есептеу әдістемелерін уәкілетті орган ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асырудың осы Заңда көзделген ерекшеліктерін ескере отырып белгілейді.».
      6. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 63-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 21 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-баптың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушысы болып табылатын сақтандыру ұйымы (қатысушы-сақтандыру ұйымы) – Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорымен қатысу шартын жасаған сақтандыру ұйымы;»;
      2) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-бап. Қорды құру тәртібі және оның органдары
      1. Қор акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады және өз қызметін осы Заңның және құрылтай құжаттарының негізінде жүзеге асырады.
     Қор сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған кезде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз ұйым болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қордың акционері болып табылады. Қатысушы-сақтандыру ұйымдары да Қордың акционерлері бола алады. Қор акцияларының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі саны Қордың орналастырылған акцияларының жалпы санының кемінде елу пайызын плюс бір акцияны құрауы тиіс.
      Акционерлердің жалпы жиналысының құзыреті осы Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар және коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.
      3. Қордың акциялары ақшамен ғана төленеді.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен басқа Қордың әрбір акционерінің акциялар саны Қордың орналастырылған акцияларының жалпы санының он пайызынан артық бола алмайды.
      4. Қордың банк шоттары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылады. Қордың ағымдағы қаржы-шаруашылық және инвестициялық қызметті жүзеге асыруы үшін Қордың банк шоттары екінші деңгейдегі банктерде ашылуы мүмкін.»;
      3) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-бап. Сақтандыру ұйымдарының қатысу тәртібі және Қор
              акцияларын сатып алу талаптары
      Өтініш берушi кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн осы Заңда көзделген тәртiпте қатысу шартын жасауға мiндеттi.
      2. Өтiнiш берушi қатысу шартын жасау, Қордың акцияларын сатып алу үшiн Қорға нотариалдық куәландырған мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін;
      2) жарғының көшірмесін.
      3. Қорға қатысушы сақтандыру ұйымы кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметiн тоқтатқан және сақтандыру шарттарының қолданылуы тоқтатылған жағдайда қатысушы сақтандыру ұйымы Қордың акционерлеріне сату жолымен өзіне тиесілі акцияларды иелігінен шығаруға міндетті. Акционерлер Қордың акцияларын сатып алудан бас тартқан жағдайда Қор акцияларды акциялар құнын айқындау әдістемесіне сәйкес айқындалатын бағамен сатып алуға міндетті.
      4. Қатысу шартының нысаны, мазмұны және шарттары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің және осы Заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.»;
      4) 12-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві және меншікті капитал жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және өзге де ұйымдар Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналары есебінен өтелуге тиіс қарыз беруге құқылы.»;
      5) 17-1-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Қор зардап шегушіні жерлеген адамға осы Заңның 17-2-бабы  2-тармағының 1), 4), 6), 7) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса берілген жазбаша өтініштің негізінде осы Заңның 17-2-бабының 6-тармағында белгіленген мөлшерден аспайтын, жерлеуге жұмсалған нақты шығыстарды өтейді.»;
      6) 17-2-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Зардап шегушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер мынадай мөлшерде (айлық есептік көрсеткіште) жүзеге асырылады:
      1) өміріне зиян келтірілген кезде – 1000;
      2) денсаулығына ауыр зиян келтірілген кезде – 500;
      3) жерлеуге жұмсалған шығыстар – 100.».
      7. «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 3-4, 2-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 жылғы 21 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 17-1-баптың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) зардап шегушi қызметкерлер саны қоса алғанда бірден екі пайызға дейiн болғанда кемінде 1,10 мөлшерiнде;
      2) зардап шегушi қызметкерлер саны қоса алғанда екіден бес пайызға дейiн болғанда кемінде 1,30 мөлшерiнде;
      3) зардап шегушi қызметкерлер саны бестен бастап және одан да көп пайыз болғанда кемінде 1,50 мөлшерiнде ұлғайтуға мiндеттi.»;
      2) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «19-бап. Зиянның мөлшерiн анықтау тәртібі. Қызметкердi
               жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты
               бойынша сақтандыру төлемдерi
      1. Қызметкердің қайтыс болуына немесе оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесінің белгіленуіне байланысты жалақыдан (кірістен) айырылуына қатысты зиянның мөлшері Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес айқындалады. Кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесінің белгіленуіне қатысты қызметкердің жалақыдан (кірістен) айырылуына байланысты зиянды өтеу ретінде қызметкерге бір айда тиесілі сақтандыру төлемін сақтандырушы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес айқындалатын мөлшерде жүзеге асырады, бірақ мына мәндерден:
      1) кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі қоса алғанда 30-дан 59 пайызға дейін белгіленген жағдайда – Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген екі ең төменгі жалақысының (бұдан әрі – ең төменгі жалақы) мөлшерінен;
      2)кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі қоса алғанда 60-тан 89 пайызға дейін белгіленген жағдайда – үш ең төменгі жалақы мөлшерінен;
      3) кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі қоса алғанда 90-нан 100 пайызға дейін белгіленген жағдайда – төрт ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайды.
      Кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі қоса алғанда 29 пайызға дейін белгіленген жағдайда қызметкерге оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленуіне байланысты жалақысынан (кірісінен) айырылуына қатысты зиянды өтеу ретінде, қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi белгiленген жағдайда, оның денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемдері жүзеге асырылмайды.
      Қызметкерге бір жылдан аспайтын мерзімге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеуге байланысты оның жалақысынан (кірісінен) айырылуына қатысты зиянды өтеу ретінде тиесілі сақтандыру төлемін сақтандырушы осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      Қызметкерге бір жыл және одан да көп мерзімге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеуге байланысты оның жалақысынан (кірісінен) айырылуына қатысты зиянды өтеу ретінде тиесілі сақтандыру төлемі осы Заңның 23-бабына сәйкес сақтанушымен жасалған аннуитет шартына сәйкес қызметкердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу не ұзарту (қайта куәландыру) мерзіміне тең мерзім ішінде қызметкердің пайдасына аннуитеттік төлемдер түрінде жүзеге асырылады.
      Жазатайым оқиға туындаған кезде қызметкердің қайтыс болуына байланысты, сондай-ақ жазатайым оқиғаның болуы салдарынан оның денсаулығының нашарлау себебі бойынша зиянды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген мерзім ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтету құқығы бар адамдардың пайдасына мөлшері бір айда төрт ең төменгі жалақыдан аспайтын аннуитеттік төлемдер түрінде жүзеге асырылады.
      Осы Заңда көзделген жағдайларда пайда алушылар болып табылатын өзге де адамдар сақтандыру төлемін алуға құқылы.
      Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдер есебінің тәртібі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша төленетін, зардап шегушінің денсаулығына зиян келтірілуіне немесе қайтыс болуына байланысты тағайындалған, жоғалтқан жалақыны (кірісті) өтеудің, өзге төлемдердің сомасы өткен жылғы тұтыну бағаларының индексіне барабар ұлғайтылады.
      Өмірі мен денсаулығына келтірген зиян үшін белгіленген тәртіпте жауапты деп танылған заңды тұлға таратылған жағдайда, зардап шегуші қызметкермен не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қызметкердің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адаммен Заңда көзделген тәртіпте аннуитет шарты жасалады.
      2. Қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi белгiленген жағдайда, оның денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерi мынадай мөлшерлерде (республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген тиiстi қаржы жылына арналған айлық есептiк көрсеткiштермен) белгiленедi:
      1) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi 30-дан қоса алғанда 59 процентке дейiн болып белгiленген кезде - 1000;
      2) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi 60-тан қоса алғанда 89 процентке дейiн болып белгiленген кезде - 1500;
      3) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi 90-нан қоса алғанда 100 процентке дейiн болып белгiленген кезде - 2000.
      Сақтандырушы денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемiн жәбірленушi қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi белгiленгенiн растайтын құжатты ұсынған кезден бастап жетi жұмыс күнi iшiнде бір мезгiлде жүргiзедi.
      Денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемі кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін ұзарту (қайта куәландыру) кезінде жүзеге асырылмайды. Қызметкер денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемінің ұлғаюын көздейтін кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі өзгерген жағдайда тиісті асып кеткен айырма төленеді.
      Осы тармақта көзделген жағдайларда зардап шегушi қызметкер сақтандыру төлемiн алушы болып табылады.
      3. Зардап шегушi қызметкер қайтыс болған жағдайда, оны жерлеудi жүзеге асырған тұлғаға сақтандырушы жерлеуге жұмсалған шығыстарды жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде өтейдi.
      4. Егер осы бапта көзделген сақтандыру төлемiнiң (сақтандыру төлемдерiнiң) және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстардың мөлшерi қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартымен белгiленген сақтандыру сомасының мөлшерiнен асып түскен жағдайда, сақтандырушыға сақтанушының есебiнен айырмасы төленедi.
      5. Сақтандыру төлемiн аударуға байланысты шығыстар сақтандырушының есебiнен жүргiзiледi.
      3) 23-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Аннуитет шарты қолданылуы кезеңінде сақтандыру жағдайы болған қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасаған сақтандырушымен жасалады.».
      8. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23,  114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 25-құжат; 2012 жылғы 30 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк рәмiздер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 21 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 28 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      32-бапта:
      2-1) тармақшада:
      бесінші, алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «жеке және заңды тұлғаларды:
      тауарды кейіннен үшінші тұлғаға сату туралы талабынсыз;»;
      мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
      «тауарды кейіннен үшінші тұлғаға сату талаптарымен коммерциялық кредит беру жолымен сауда делдалы ретінде қаржыландыру;»;
      мынадай мазмұндағы 5-1), 6-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5-1) салалар бойынша және осы баптың 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру сыныптарының шегіндегі исламдық сақтандыру қызметі;»;
      «6-1) исламдық қайта сақтандыру бойынша қызмет;».
      2-бап.
      1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      2. Коммерциялық кредит бере отырып, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру, өндірістік және сауда қызметін заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу жолымен және (немесе) әріптестік талаптарымен қаржыландыру түріндегі кәсіпкерлік қызметті қаржыландыруды жүзеге асыруға лицензиясы бар ислам банктері осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде лицензияларын қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады