Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Ә. Назарбаевқа
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» Қазақстан
Республикасының Президенті Жарлығының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Сіздің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 32-30.110-20 тапсырмаңызды орындау мақсатында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы (бұдан әрі – Жарлық жобасы) әзірленді.
Жарлық жобасымен жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия құру көзделеді.
Бұдан басқа, Жарлық жобасымен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қағидалары, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия туралы ереже, сондай-ақ «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссияның лауазымдық құрамын бекіту көзделеді.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін жоғарылатуға бағытталған.
Конкурсты өткізудің мақсаттары ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ отбасыларды, еңбекке қабілетсіз ата-аналарына кәмелетке толған балаларының күтім жасауын паш ету және кеңінен насихаттау болып табылады.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия орталық мемлекеттік органдардың басшыларынан және Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның мүшелерінен қалыптастырылатын болады.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссияның негізгі міндеттері жалпы интерактивті дауыс беру қорытындысы бойынша «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағына үміткерлердің материалдарын қарау болып табылады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын қарауға енгізеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы
Өнегелі құндылықтарды жаңғырту және отбасы мен некенің жағымды үлгісін тарату, отбасы мәртебесін жоғарылату мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын жыл сайын өткізу белгіленсін.
2. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия құрылсын.
3. Қоса беріліп отырған:
1) «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қағидалары;
2) «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия туралы ереже;
3) «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссияның лауазымдық құрамы бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге шараларды қабылдасын.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы "__" тамыздағы
№ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін жоғарылатуға бағытталған.
Конкурсты өткізудің мақсаттары:
1) ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
2) отбасыларды, еңбекке қабілетсіз ата-аналарына кәмелетке толған балаларының күтім жасауын дәріптеу және кеңінен насихаттау.
2. Конкурсқа отбасылар (бұдан әрі – Үміткерлер) қатысады. Конкурс ашық нысанда Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі.
3. Конкурстың жеңімпазы – отбасы жалпыға ортақ интерактивті дауыс беру негізінде айқындалады.
4. Конкурсқа қатысуға:
1) балалары Қазақстан даңқын арттырған;
2) отбасылық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтаудың немесе өзіндік, бірегей өмір құрылысының үлгісі болып табылатын;
3) асыранды балаларды тәрбиелеуші отбасылар жіберіледі.
5. Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымның құрамына мүшелерінің бірі кіретін отбасылар Конкурсқа қатыса алмайды.
2. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі
6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның (бұдан әрі – Ұлттық комиссия), сондай-ақ облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жанындағы әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссиялардың қолдауымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Конкурстың ұйымдастырушылары болып табылады.
7. Конкурс өткізу туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу жөніндегі 2012 жылға арналған іс-шаралар жоспарына (бұдан әрі – Жоспар) сәйкес, 2013 жылдан бастап – жыл сайын 10 қаңтардан бастап республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.
8. 2013 жылдан бастап Конкурс 2 кезеңде өткізіледі. 1-кезең – тоқсандық конкурстар. І-ІІІ тоқсанда неғұрлым жоғары дауыс жинаған 4 отбасы 2-кезеңге шығады. 2-кезең қазан-қараша айларында 1-кезеңнің жеңімпаз-отбасылары арасында өткізіледі.
9. Конкурсқа қатысуға ұсыныс аудан (қала) әкімінің жанындағы аудандық (қалалық) әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссияға (бұдан әрі – Аудандық (қалалық) комиссия) 2012 жылы Жоспарға сәйкес, 2013 жылдан бастап – жыл сайын алдыңғы жылдың 1 желтоқсанына, ағымдағы жылдың 1 наурызына және 1 маусымына дейін беріледі.
10. Үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынады:
1) ата-аналардың (қамқоршылардың, тәрбиешінің) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асыраушы (қамқоршы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қамқорлықты (тәрбиелеуді) белгілеу туралы шешімінен үзіндінің көшірмесі;
3) неке туралы куәліктің көшірмесі;
4) толық емес отбасылар үшін – ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі;
5) балаларды тәрбиелегені үшін алған марапаттарының, белгілі бір жетістіктері үшін алған марапаттарының бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) тұрғылықты мекенжайынан отбасы құрамы туралы анықтама;
7) балалардың, ата-аналардың (қамқоршылардың, тәрбиешілердің) жұмыс орнынан (оқуынан) анықтама және мінездеме;
8) толтырылған сауалнама (осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша);
9) әріптестерінің, көршілерінің, өңірдегі беделді адамдардың, достарының ұсынымдары.
Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін Үміткерлер ұсынған түпнұсқалар негізінде Аудандық (қалалық) комиссияның төрағасы растайды.
11. Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған немесе толық көлемде ұсынбаған үміткерлер Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
12. Аудандық (қалалық) комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
13. Ұйымдастырушылар:
1) барлық Үміткерлерге тең жағдайды;
2) жеке құпиядан тұратын ақпараттың құпиялылығын;
3) Конкурс нәтижелері туралы мәліметтердің олар ресми жарияланатын күннен бұрын жарияланып кетпеуін қамтамасыз етеді.
14. Аудандық (қалалық) комиссия алынған ақпаратты жан-жақты тексергеннен кейін аудан (қала) әкімдерімен келісілген конкурстық материалдарды 2012 жылы Жоспарға сәйкес, ал 2013 жылдан бастап – жыл сайын алдыңғы жылдың 10 желтоқсанына, ағымдағы жылдың 10 наурызына және 10 маусымына дейін облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жанындағы әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссияларға (бұдан әрі – Өңірлік комиссиялар) жолдайды.
15. Өңірлік комиссиялар 2 үздік отбасыны іріктеп шығарады, қажет болған жағдайда облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерімен келісілген, ұсынылған материалдарға қосымша тексеруді жүзеге асырады және 2012 жылы Жоспарға сәйкес, 2013 жылдан бастап – тиісінше алдыңғы жылдың 15 желтоқсанына, ағымдағы жылдың 15 наурызына және 15 маусымына дейін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) жолдайды.
16. Комиссия Өңірлік комиссиялардың ұсыныстарын алқалы түрде қарастырғаннан кейін материалдарды тележурналдар әзірлеу үшін «Ел арна» телеарнасына жолдайды.
17. Жеңімпаздарды іріктеуге www.ncgp.kz, www.elarna.kz, www.khabar.kz сайттарында интерактивті дауыс беру жолымен, сондай-ақ Конкурсты трансляциялау кезінде телефонмен дауыс беру арқылы елдің барлық тұрғындары белсенді түрде қатысады.
18. Комиссия интерактивті және телефонмен дауыс беру қорытындысы бойынша Конкурс жеңімпазын анықтайды.
19. Көрермендердің неғұрлым көп саны дауыс берген отбасы «Мерейлі отбасы» атағын иемденеді, оған диплом, айрықша белгі (мүсінше) беріледі.
20. Конкурс лауреатын марапаттау рәсімі жыл сайын салтанатты жағдайда өткізіледі.
21. Тележурналдардың қатысушылары туралы ақпарат өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ Кокурсты ұйымдастырушылардың сайттарында орналастырылады.
22. Конкурс лауреаты атағын иемдену үшін қайта ұсынуға жол берілмейді.
«Мерейлі отбасы»
ұлттық конкурсын
өткізу қағидаларына
ҚОСЫМША
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға арналған сауалнама
Отағасының (әкесінің немесе шешесінің) деректері:
1. Аты-жөні ___________________________________________________
2. Жасы __________________ Жынысы _____________________________
3. Білімі _____________________________________________________
4. Жұмысы _____________________________________________________
5. Тұрғылықты мекені __________________________________________
6. Отбасының (немесе отбасы мүшелерінің) немен атағы шыққан____
7. Марапаттарының, сыйлықтарының болуы мен түрлері ____________
8. Отбасының әрбір мүшесінің деректері:
9. Аты-жөні ___________________________________________________
10. Жасы ______________________________________________________
11. Білімі ____________________________________________________
12. Жұмысы ____________________________________________________
13. Тұрғылықты мекені (мекенжайы және тел.)____________________
14. Отбасы түрі (2, 3, 4 буын өкілдері бар) әулет _____________
15. Отбасындағы балаларды тәрбиелеу ерекшелігі ________________
16. Ата-аналардың қандай қасиеті тәрбиелеуге негіз болды ______
_______________________________________________________________
17. Отбасында қандай дәстүрлер сақталған ______________________
_______________________ _______________________________________
18. Отбасылық қатынастар қандай ұстанымдардан құралады ________
_______________________________________________________________
19. Ұстаздардың, педагогтердің, тәрбиешілердің ықпалы _________
_______________________________________________________________
20. Отбасы өмірінен қызықты оқиғалар___________________________
_______________________________________________________________
21. Отбасылық фотосурет (электрондық нұсқасымен бірге).
Қолы
Күні
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы "__" тамыздағы
№ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру
жөніндегі комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер
1. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) орталық мемлекеттік органдар басшыларының және Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия мүшелерінің қатарынан қалыптастырылады.
Комиссияның лауазымдық құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен құқықтары
3. Комиссия міндеттері мыналар болып табылады:
1) «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағына үміткерлердің (бұдан әрі – Үміткерлер) материалдарын қарау;
2) жалпыға бірдей интерактивті және телефонмен дауыс беру қорытындысы бойынша «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) жеңімпазын (бұдан әрі – Конкурс лауреаты) анықтау;
4. Комиссияның:
1) мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға;
2) Конкурсты ұйымдастырушылардан Комиссия міндеттерін іске асыру үшін қажетті қосымша материалдарды сұратуға және алуға;
3) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға қажетті өзге құқықтарға құқығы бар.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
5. Комиссия құрамына мыналар кіреді:
1) Комиссия төрағасы;
2) Комиссия төрағасының орынбасары;
3) Комиссия хатшысы;
4) Комиссия мүшелері.
6. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарда төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның қызметін орынбасары атқарады.
Конкурспен көзделген дипломды және айрықша белгіні (мүсінше) Комиссия төрағасы бекітеді.
7. Комиссия хатшысы Комиссия мүшелерінің қарауына жұмыс органы дайындаған құжаттар мен материалдарды ұсынады.
8. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
9. Комиссияның жұмыс органына мынадай функциялар жүктеледі:
1) бұқаралық ақпарат құралдары және Конкурсты ұйымдастырушылардың ресми веб-сайттары арқылы Конкурсты өткізудің мерзімдері мен шарттары туралы хабарлау;
2) Конкурсқа қатысу үшін үміткерлерден түскен материалдарды қабылдау және алдын-ала қарастыру;
3) Комиссия отырыстарын дайындау және ұйымдастыру;
4) Конкурс лауреаттарын марапаттау салтанатын ұйымдастыру;
5) Конкурс лауреаттарының тәжірибесін таратуға жәрдемдесу.
10. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, алайда жарты жылда бір реттен сиретпей өткізіледі. Комиссия отырысы оған оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды деп саналады.
11. Конкурс лауреаты атағын беру туралы Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және оған Комиссияның барлық қатысып отырған мүшелері қол қояды.
Комиссия шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
12. Конкурс материалдарында қамтылған және бағалау барысында алынған ақпарат құпия болып табылады және үміткерді бағалаудан өзге мақсаттарға оның жазбаша келісімінсіз пайдаланыла алмайды.
13. Комиссияның қызметін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы "__" тамыздағы
№ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру
жөніндегі комиссияның лауазымдық құрамы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның төрағасы |
– |
төраға |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
– |
төрағаның орынбасары |
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның хатшысы |
– |
Комиссия хатшысы |
Комиссия мүшелері: |
||
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі |
– |
|
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның 5 мүшесі |
– |