Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы-экономикалық қылмыстарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы-экономикалық қылмыстарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6,141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар, № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат, 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат, № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат, № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13-құжат; № 3, 26, 27-құжаттар; № 4, 35, 36-құжаттар; № 10, 77-құжат; 2012 жылғы 28 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік рәміздер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 190-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына тартуға, не елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салына отырып не онсыз екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «айлық есептік көрсеткіштің бір мыңнан бір жарым мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
ескертулердің 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы тараудың 194, 198, 199, 200, 202, 202-1, 203, 204, 205 және 18-баптарында ірі зиян деп қылмыс жасау сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асатын сомада азаматқа келтірілген зиян, не айлық есептік көрсеткіштен мың есе асатын сомада ұйымға немесе мемлекетке келтірілген зиян танылады.»;
2) 191-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«айлық есептік көрсеткіштің сегіз жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салына отырып не онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не мүлкі тәркіленіп не онсыз екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не мүлкі тәркіленіп не онсыз екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
3) 193-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«193-бап. Қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге
мүлікті заңдастыру
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатымен немесе өзге мүлікпен қаржылық операциялар және (немесе) басқа да мәмілелер жасау не аталған қаражаттың немесе мүліктің қылмыстық жолмен шығарылуын жасыру мақсатымен оларды өзгеше пайдалану, -»;
ескертулердің екінші тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын немесе мүлікті заңдастыру әзірленіп жатқандығы не жасалғандығы туралы өз еркімен мәлімдеген адам, егер оның іс-әрекетінде осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген қылмыс құрамы немесе өзге қылмыс болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.»;
4) 199-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бөтеннің тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауын, тауардың шығарылған орнының атауын немесе олармен бір тектес тауарларға немесе қызмет көрсетуге арналған ұқсас таңбаларды заңсыз пайдалану, егер бұл әрекет бірнеше рет жасалса немесе дәл осындай әрекет жасағаны үшін бір жыл ішінде әкімшілік жаза қолданылған адам жасаған әрекет ірі зиян келтірсе, -»;
5) 202-баб мынадай редакцияда жазылсын:
«202-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару тәртiбiн бұзу
Көрінеу сенімсіз ақпараты бар эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісін бекіту, сондай-ақ эмиссиялық бағалы қағаздар шығару жөніндегі көрінеу сенімсіз есепті бекіту, егер бұл әрекет ірі зиян келтірсе, -
айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не бір жүз айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салына отырып не онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
6) 203-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.»;
7) 205-1-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«екі жүз айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып не онсыз бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.»;
8) 208-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салынып, бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына не айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салынып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, немесе онсыз айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салынып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
9) 217-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«айлық есептік көрсеткіштің сегіз жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салына отырып немесе онсыз екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
10) 219-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Банк қызметкерлерінің заңды немесе жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беруі, сол сияқты осы банктің іс жүзіндегі қаржы жағдайымен көрінеу қамтамасыз етілмеген кепілгерліктер, кепілдіктер және өзге де міндеттемелер беруі, егер бұл іс-әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, -».
2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 10, 77-құжат; 2012 жылғы 28 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік рәміздер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 4 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 24 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2012 жылғы 21 шілдеде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 24 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу және метрология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 14 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 14 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 31 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2012 жылғы 28 шілдеде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
145-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«145-бап. Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, тауар
шығарылған жердiң атауын немесе фирмалық атауды
заңсыз пайдалану
Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын немесе тауар шығарылған жердiң атауын немесе бiртектес тауарлар немесе қызмет көрсету үшiн оларға ұқсас белгiлердi заңсыз пайдалану, сондай-ақ бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану, -
тауар таңбасының, қызмет көрсету таңбасының, тауар шығарылған жердiң атауының немесе бiртектес тауарлар немесе қызмет көрсету үшiн оларға ұқсас белгiлердiң заңсыз бейнесiн қамтитын тауарлар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту:
1. Осы бапта көрсетiлген құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәркiлеу тауардан, оның орамасынан, бланкiлерден немесе басқа да құжаттамадан тауар таңбасынан немесе тауар шығарылған жердiң атауының дайындалған бейнесiн, заңсыз пайдаланылатын тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жердiң атауын, сондай-ақ олармен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiнi жою мүмкiн болмаған жағдайда жүргiзiледi.
2. Осы бапқа сәйкес тәркiленген тауарлар, оларды құқық иеленушiнiң өтiнiшi бойынша оған берiлген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 628-бабында көзделген тәртiппен жойылуға жатады.»;
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті