Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үлгі келісімді бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1116 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 611 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.08.2015 № 611 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 4-бабының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берiлiп отырған энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үлгі келісім бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1116 қаулысымен 
бекітілген      

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үлгі келісім

____________________ 20__ жылғы «__»____________________
(қол қойылған қала)                  (жасалған күні)

Бұдан әрі «уәкілетті орган» деп аталатын
______________________________________________________________атынан
(энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы
                    уәкілетті органның атауы)
______________________________________________негізінде әрекет ететін
         (ереже немесе бұйрықтың)
____________________________________________________________________,
             (уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.)
бұдан әрі «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы» деп аталатын
______________________________________________________________атынан
       (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
                     жергілікті атқарушы органы)
______________________________________________негізінде әрекет ететін
                  (қаулы, шешім, өкім)
____________________________________________________________________
          (уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.)
және бұдан әрі «Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі» деп аталатын
______________________________________________________________атынан
    (мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің атауы)
______________________________________________негізінде әрекет ететін
  (жарғы, сенімхат, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік)
____________________________________________________________________,
             (уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.)
бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар, «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы осы келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасасты.
      1. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің энергетикалық ресурстарды тұтыну тиімділігін арттыру есебінен бес жыл ішінде кемінде жиырма бес пайыз көлемінде оларды тұтынуды төмендету бойынша міндеттемелер қабылдауы осы Келісімнің нысанасы болып табылады.
      2. Осы Келісімді жасайтын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі энергия аудитінің қорытындысы бойынша энергетикалық ресурстарды тұтынуды азайтудың 25%-ына тең немесе одан асатын айқындалған энергия аудитінің қорытындысын уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
      3. Осы Келісімді жасасқан Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі:
      1) есептіден кейінгі жылдың 31 наурызына дейін, жыл сайын уәкілетті органға энергетикалық ресурстарды тұтыну тиімділігін арттыру есебінен бес жыл ішінде кемінде жиырма бес пайыз көлемінде оларды тұтынуды төмендету туралы мәліметті және энергия аудитінің қорытындысы бойынша әзірленген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында айқындалған қаржы қаражатын игеру туралы есеп беруге;
      2) осы Келісімді жасасқан кезден бастап бес жыл ішінде энергетикалық ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру есебінен оларды тұтынуды 25%-ға төмендетуге қол жеткізуге;
      3) осы Келiсiмнiң шартын орындамаған жағдайда, тиісті жергілікті бюджетке «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнің 495-бабында белгіленген ставкалар бойынша есептелетін қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем сомасын Қазақстан Республикасы Салық кодексінің аталған бабының 9-тармағының екінші бөлігінің ережесін ескермей төлеуге, сондай-ақ аталған Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі үшін қоршаған ортаға эмиссия үшін жоғарылатылмаған төлем ставкасын жергілікті уәкілетті орган бекіткен сәттен бастап қоршаған ортаға эмиссия үшін жоғарылатылмаған төлем ставкасын белгілеу есебінен үнемделген қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем сомасын тиісті жергілікті бюджетке төлеуге;
      4) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгін арттыру туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын және осы Келiсiмнің шарттарын сақтауға міндетті.
      4. Уәкілетті орган:
      1) осы Келiсiмде көзделген Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің мiндеттемелердi орындау мониторингін жүргізуге;
      2) осы Келiсiмнiң шарттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің орындауын бақылауды жүзеге асыруға;
      3) осы Келісімнің шартын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің бұзғаны туралы салық органын хабардар етуге;
      4) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мамандарының оқуына жәрдем көрсетуге міндетті.
      5. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы:
      1) осы Келісімде көзделген талаптарды сақтауға;
      2) осы Келiсiм шеңберінде тек қана объектілер бойынша осы Келiсiмді жасасқан субъекті үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкасын көтермеу туралы мәселені жергiлiктi өкiлеттi органдардың қарауына ұсынуға міндетті.
      6. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі:
      1) уәкілетті органға және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізуге;
      2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша ақпаратты уәкілетті органнан алуға құқылы.
      7. Өзара келісім бойынша Тараптардың Келісімге жазбаша нысанда қосымша келісімдер жасасу арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқығы бар.
      8. Келісім:
      1) қолданылу мерзімі аяқталған;
      2) осы Келісімнің шартын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі орындамаған жағдайда, уәкілетті органның және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша мерзімінен бұрын бұзылған;
      3) сот шешкен;
      4) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормаларымен көзделген өзге де жағдайларда қолданылуын тоқтатады.
      9. Егер бұл форс-мажорлық мән-жайлардың, яғни осы Келісім шарттарының орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына әкеп соққан еңсерілмейтін күш мән-жайларының (дүлей апат немесе болжауға немесе алдын алуға болмайтын өзге де мән-жайлар) салдары болып табылса, тараптар осы Келісім бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Форс-мажор жағдайында, зардап шеккен Тарап екінші Тарапты форс-мажор оқиғасы туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
      10. Заңды тұлға түрінің және/немесе Тараптардың ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруі шарттың қолданылуын тоқтатпайды және Тараптар Келісімді бұзуға, оны өзгертуге ниет білдірген не құқық нормалары оны қайта ресімдеуді талап еткен жағдайларды қоспағанда, барлық құқықтар мен міндеттер тиісті құқықтық мұрагерлерге өтеді. Бұл ретте тараптар құқықтық мәртебесінің, орналасқан жерінің және өзге де деректемелерінің өзгергені туралы 3 күн мерзімде бірін-бірі жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.
      11. Келісім Тараптардың әрқайсысы үшін және бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде ___ түпнұсқа данада жасалды.
      12. Осы Келісім оған тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және ___ жыл ішінде қолданыста болады (кемінде бес жыл).

      Тараптардың мекенжайы мен деректемелері:
_____________________ ________________________ ____________________
_____________________ ________________________ ____________________
_____________________ ________________________ ____________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады