"Техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларын консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2012 жылға арналған бөлінетін 025 "Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу" бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 456 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қыркүйектегі № 1168 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларын консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2012 жылға арналған бөлінетін 025 «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 456 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2012 жылға арналған бөлінетін 025 «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2012 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 1168 қаулысына   
қосымша        

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 13 сәуірдегі
№ 456 қаулысымен   
бекітілген      

Техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2012 жылға арналған бөлінетін 025 «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесі

Р/с

Жобаның атауы

Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу көлемі (мың теңге)

Концессиялық жобалардың техника-экономикалық негiздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу көлемі (мың теңге)

Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыру көлемі (мың теңге)

1

2

3

4

5

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

1

«Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» интеграцияланған ақпараттық жүйесі

58 448,00



2

Электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу бойынша ақпараттық жүйе

52 587,24



Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

3

Бекіре тұқымдас балықтарды молайту бойынша зауыт салу (жобалық қуаты жылына 30 млн. дана бекіре тұқымдас балықтардың шабағын шығару)

84 919,00



Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

4

Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту.
Құрғақ жүк айлақтары және инфрақұрылым объектілері


80 304,14


5

Астана қаласы Оңтүстiк Батыс айналма жолының құрылысы

40 000,00



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

6

Астана қаласындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалы үшін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті оқу корпусын салу

33 365,00



Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

7

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы комитетінің ақпараттық жүйесі

5 649,00








Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі

8

Ұлттық ғарыш технологиялары зертханасының құрылысы

35 933,00



Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі

9

Алматы облысының Талдықорған қаласында Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының қолданыстағы ғимаратын қайта жаңарту және жаңадан жапсарлас құрылыс салу

18 530,00




Жиыны:

329 431,24

80 304,14

0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады