Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы № 7681-KZ Қарыз туралы келiсiмге (Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b және 6b)) түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы келісім хатқа қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму
Банкi арасындағы № 7681-KZ Қарыз туралы келiсiмге
(Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: «Батыс
Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b және
6b)) түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық
Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы келісім хатқа қол қою
туралы
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы № 7681-KZ Қарыз туралы келiсiмге (Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b және 6b)) түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы келісім хаттың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішевке Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы № 7681-KZ Қарыз туралы келiсiмге (Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b және 6b)) түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы келісім хатқа қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы « »
№ Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
Жоба
2012 жылы « » ___________
ҚР Қаржы министрі
Б.Б. Жәмішев мырзаға
Астана, Қазақстан Республикасы
Жеңіс даңғылы 11
Мынаған: Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы № 7681-KZ Қарыз туралы келiсiмге (Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b және 6b)) түзетуге қатысты
Жоғары Мәртебелі:
Осымен біз жоғарыда айтылған 2009 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы (бұдан әрі – Қарыз алушы) мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi (бұдан әрі – Банк) арасындағы Қарыз туралы келiсiмге сілтеме жасаймыз (бұдан әрі – Қарыз туралы келісім). Біз сондай-ақ Қарыз туралы келісімге түзетулер енгізу мүмкіндігі туралы Сіздің 2011 жылғы 19 қарашадағы хатыңызға да сілтеме жасаймыз.
Банк Сіздің сұрауыңызды мақұлдайтынын және Қарыз туралы келісімнің мәтініне мынадай өзгерістер енгізуге келіскенін қуана хабарлаймыз:
1. 1-қосымшада – Жоба сипаттамасы, бірінші абзацқа жобаның бастапқы орналасқан орнынан тыс салынатын жаңа жол учаскесін қосу бойынша өзгеріс енгізіледі. Тиісінше 1-қосымшаның бірінші абзацындағы осы жоба мақсатының сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жобаның мақсаты Ақтөбе және Қызылорда облыстарының шекарасынан Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарына дейінгі автожол учаскелерiнде көлiк жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру және автомобиль жолдарын басқаруды жетiлдiру және Қазақстанда жол қозғалысының қауiпсiздiк деңгейiн арттыру болып табылады.».
2. 1-қосымшаның 2-бөлігінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шымкенттен Жамбыл облысының шекарасына дейінгі автожолды қосу бойынша өзгеріс енгізіледі. Тиісінше Жоба сипаттамасының 2-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бөлік: Оңтүстiк Қазақстан облысындағы автожол учаскелерiн жаңғырту және қайта жаңарту (Қызылорда және Шымкент қалаларына дейінгі айналма жолдарды қоса алғанда, Қызылорда облысының шекарасынан Жамбыл облысының шекарасына дейін).
Қызылорда және Шымкент қалаларына дейінгі айналма жолдарды қоса алғанда, Оңтүстiк Қазақстан облысындағы автожолдың учаскелерiне жаңғырту және қайта жаңарту жүргiзу кезiнде қолдау көрсетуге арналған құрылыс жұмыстары.»
3. Қарыз туралы келісімге 2-қосымшаның IV бөлімі A-тармағының 2) тармақшасында келтірілген кестеге заңды шығыстарды қайта бөлу мақсатында өзгеріс енгізіледі және ол мынадай редакцияда жазылады:
Санаты |
Қарыздың бөлiнген сомасы (доллар баламасында) |
Қаржыландырылуы тиіс шығыстар үлесi (салықты қоса алғанда) |
(1) Жобаның 1-бөлiгi бойынша жұмыстар |
936,000,000 |
85 % |
(2) Жобаның 2-бөлiгi бойынша жұмыстар |
944,850,000 |
85 % |
(3) Жобаның 3-бөлiгi бойынша консультанттардың қызметтері |
7,582,000 |
85 % |
(4) Жобаның 4-бөлiгi бойынша консультанттардың қызметтері |
3,140,000 |
85 % |
(5) Жобаның 5-бөлiгi бойынша консультанттардың қызметтері |
52,004,000 |
85 % |
(6) Жобаның 4-бөлiгi бойынша тауарлар |
900,000 |
85 % |
(7) Бөлiнбеген шығыстар |
180,524,000 |
|
ЖАЛПЫ СОМАСЫ |
2,125,000,000 |
---|
4. Қарыз туралы Келісімге 2-қосымшаның IV бөлімінің B тармағының 2-тармақшасында жобаның жабылу күнін ұзарту мақсатында өзгеріс енгізіледі және мынадай редакцияда жазылады:
«2. Жабылу күні – 2015 жылғы 30 маусым».
5. Жобаны қайта жаңарту нәтижесінде Қарыз туралы келісімге № 2 қосымша хат, негізгі көрсеткіштердің өзгерістерін көрсету үшін өнімділік мониторингінің көрсеткіштері өзгертілуі тиіс. Қайта қаралған № 2 қосымша хат осы хабарламаға қоса берілді. Егер Сіз өзгерістермен келісетін болсаңыз, қосымша хатқа күнін көрсетуді әрі қол қоюыңызды және оны Дүниежүзілік банктің Астанадағы кеңсесіне қайтаруыңызды сұраймын.
Осында келтірілген өзгерістерді қоспағанда, Қарыз туралы келісімнің барлық басқа ережелері түзетусіз және ратификацияланған, толық күшінде және қолданыста болады.
Сіздің осы Келісім хатқа қол қою, күнін көрсету және бізге қайтару жолымен Қарыз алушының атынан жоғарыда көрсетілген өзгерістермен келісетініңізді растауды өтінеміз. Жоғарыда көрсетілген өзгерістер Банк Сіз қол қойған осы хатты және Қазақстан Республикасының атынан осы Келісім хаттың орындалуы мен берілуі Қарыз уралы келісімге қолданылатын Жалпы Талаптардың 9.01 және 9.02-бөлімдеріне сәйкес барлық қажетті мемлекеттік рәсімдермен тиісінше шешілгенін немесе ратификацияланғанын білдіретін, Банкті қанағаттандыратын қорытындыны алғаннан кейін күшіне енеді.
Ізгі ниетпен,
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ
Шебнем Аккая
Өңірлік директордың міндетін атқарушы
Орталық Азияның Өңірлік кеңсесі
Еуропа және Орталық Азия өңірі
РАСТАЛДЫ ЖӘНЕ КЕЛІСІЛДІ:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Кім:
Лауазымы:
Уәкілетті өкіл
Күні: