Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын бекіту туралы" 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 1190 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.03.2015 № 168 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында:
      «Міндеттері» деген 4.3-бөлімде:
      «Бірінші бағыт: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» деген кіші бөлімде:
      өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету шарттарында:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қаражат бөлуді тек мынадай инфрақұрылымды: жолдарды, су бұруды, газдандыруды, су таратқыштарды, бу құбырларын, жылумен жабдықтауды, өнеркәсіптік алаңқайларға арналған қазандықтарды, су құбырларын, темір жол тұйықтарын, телефондандыруды, кіші электр станцияларын, электр тарату желілерін, ұңғымаларды салуға және қайта жаңартуға бағыттауға болады.»;
      2) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау және өзге де мемлекеттік қолдау шаралары ережесінде:
      «Кәсіпкерлерді өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау» деген 8-бөлімде:
      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «61. Қаражат бөлуді тек мынадай инфрақұрылымды: жолдарды, су бұруды, газдандыруды, су таратқыштарды, бу құбырларын, жылумен жабдықтауды, өнеркәсіптік алаңқайларға арналған қазандықтарды, су құбырларын, темір жол тұйықтарын, телефондандыруды, кіші электр станцияларын, электр тарату желілерін, ұңғымаларды салуға және қайта жаңартуға бағыттауға болады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады