Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 1200 Қаулысы

      Кеден кадрларының біліктілігін даярлау жүйесін жетілдіру және бірыңғай білім беру іс-шараларын енгізу үшін жағдай жасау мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Атырау қаласындағы Оқу-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесін «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Астана қаласындағы Оқу-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы қайта құру.
      2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Астана қаласындағы Оқу-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесін «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне атын өзгерту.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың, олардың аумақтық органдарының және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің санын ескере отырып штат санының лимиттерінде:
      9-бөлімінде:
      «


Астана қаласындағы Оқу-әдістемелік орталығы

25

                                                                  »
      деген жол мына редакцияда жазылсын:
      «


Оқу-әдістемелік орталығы

35

                                                                  »;
«


Атырау қаласындағы Оқу-әдістемелік орталығы

10

                                                                  »
      деген жол алынып тасталсын;
      2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205 б.) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелері тізбесінде:
      3 бөлімінде:
      22-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «22. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы»;
      23-тармақ алынып тасталсын.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетіне белгіленген заңнама тәртібіне сәйкес, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдау.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады