Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ мұндай қызметтер құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 қыркүйектегі № 1226 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1063 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.12.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 173 бұйрығын қараңыз.


      «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ мұндай қызметтер құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 1226 қаулысымен    
бекітілген       

Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ мұндай қызметтер құнын айқындау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ мұндай қызметтер құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ мұндай қызметтер құнын айқындау тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
      1) индустриялық-инновациялық жоба (бұдан әрі - жоба) – технологиялар, жаңа немесе жетiлдiрiлген өндiрiстер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер жасауға бағытталған, белгiлi бiр уақыт мерзiмi iшiнде iске асырылатын iс-шаралар кешені;
      2) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi және индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды iске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      3) технологиялық парк (бұдан әрi – технопарк) – технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты құрған, индустриялық-инновациялық қызметтi iске асыру үшiн қолайлы жағдайлар жасалатын бiрыңғай материалдық-техникалық кешенi бар аумаққа меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде иелiк ететiн заңды тұлға;
      4) сыртқы сараптама – сарапшылық кеңес қарау үшін өтінімдерді іріктеу мақсатында үйлестіруші ұйымдастыратын, білімнің белгілі бір саласындағы мамандар өткізетін өтінімдер сараптамасы;
      5) өтінім – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес технологиялық бизнес-инкубациялау (бұдан әрi – ТБИ) қызметтерін алу үшін технопарк беретін қажетті құжаттар қоса берілген белгіленген үлгідегі өтініш;
      6) өтініш беруші – осы Қағидаларға сәйкес ТБИ қызметтерін алу үшін технопаркке өтінім ұсынған индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі;
      7) үйлестіруші – технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты;
      8) қызметтерді алушы – осы Қағидаларға сәйкес іріктеу нәтижесінде өтінімі бойынша ТБИ қызметтерін көрсету туралы шешім қабылдаған өтініш беруші;
      9) жобаның өнімі – жобаны іске асыру үдерісінде ТБИ қызметтерін пайдалана отырып, өтініш беруші өндіруге жоспарлаған тауарлар, жұмыстар немесе қызмет көрсету;
      10) технологиялық бизнес-инкубациялау бағдарламасы – осы Қағидаларға сәйкес технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсетуге байланысты іс-шаралар кешені;
      11) технологиялық бизнес-инкубациялау – индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне олардың жұмыс істеуінің бастапқы кезеңінде үй-жайлар, жабдықтар беру, бухгалтерлік есеп жүргізу, заңдық, ақпараттық және консультациялық сүйемелдеу, инвестициялар тарту, жобаларды басқару бойынша қызметтер, сондай-ақ индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін қажетті өзге де қызметтер ұсыну бойынша технопарк көрсететін қызмет;
      12) сараптамалық кеңес – ТБИ қызметтерін ұсынуға арналған өтінімдерді қарау үшін үйлестіруші жанында әрекет ететін консультативтік кеңесші орган.
      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріндегі мәндеріне сәйкес қолданылады.
      4. Үйлестіруші уәкілетті органмен жасалатын шарт негізінде осы Қағидаларға сәйкес ТБИ бағдарламасын басқаруды жүзеге асырады, ал технопарктер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТБИ қызметтерін көрсетуге арналған үлгі шарт (бұдан әрi – үлгі шарт) негізінде үйлестірушімен жасалатын шарт негізінде осы Қағидаларға сәйкес ТБИ қызметтерін алушыларға қызмет көрсетеді.
      5. ТБИ қызметтерін көрсету кезеңі ТБИ қызметтерін көрсету басталған күннен бастап жиырма төрт айдан аспауы тиіс.
      ТБИ қызметтерін көрсетудің басталған күні технопарктер мен қызметтерді алушы арасында ТБИ қызметтерін көрсетуге арналған шарт жасалған күн болып есептеледі. Әрбір нақты жоба бойынша ТБИ көрсету кезеңінің ұзақтығы жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспарымен анықталады.
      6. ТБИ бағдарламасы шеңберінде қызметтерді алушылардың жобаларды іске асыру нәтижелері:
      1) жобаларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтерді алушы құрған және шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға;
      2) жоба шеңберінде кәсіпкерлік қызметті дамыту жөніндегі бизнес-жоспар;
      3) өнімге арналған техникалық құжаттама;
      4) сынақ нәтижелерін және өнімнің қажетті параметрлерін растайтын құжаттар;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған қажетті рұқсат ету құжаттары;
      6) ТБИ қызметтерін көрсету кезеңінде өндірілген өнімдерді өткізу фактілері болып табылады.
      7. ТБИ бағдарламасына қатысу үшін өтініш берушінің жобасы мынадай өлшемдерге сәйкес келуі тиіс:
      1) белгілі бір сандық және сапалық параметрлері бар өнім өндірісіне бағытталуы;
      2) тиісті сарапшылармен расталған және қосымша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді талап етпейтін өнім үлгісінің болуы;
      3) ТБИ қызметтерін көрсету шеңберінде жоспарланған осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген нәтижелерге сәйкес болуы.
      8. ТБИ қызметтерін көрсету процесінде туындайтын және осы Қағидалармен реттелмеген мәселелерді шешу үйлестірушінің құзыретіне жатады.

2. ТБИ қызметтерін көрсету тәртібі мен түрлері

      9. ТБИ қызметтерін көрсету рәсімі мынадай он кезеңде жүргізіледі:
      1) өтініш берушілерден ТБИ қызметтерін көрсетуге арналған өтінімдерді қабылдау;
      2) технопарктердің өтінімдерді алдын ала іріктеуі;
      3) үйлестіруші ұйымдастыратын алдын ала іріктеуден өткен өтінімдердің сыртқы сараптамасы;
      4) өтініш беруші сұратқан ТБИ қызметтері құнының негізділігін бағалау;
      5) сараптамалық кеңестің өтінімдерді қарауы;
      6) үйлестірушінің ТБИ қызметтерін көрсету туралы шешім қабылдауы;
      7) технопарк пен қызметтерді алушы арасында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТБИ қызметтерін көрсету туралы үлгі шарттың негізінде ТБИ қызметтерін көрсетуге арналған шарт жасасу;
      8) технопарктердің ТБИ қызметтерін көрсетуі;
      9) ТБИ бағдарламалары шеңберінде жобалардың іске асырылу мониторингі;
      10) ТБИ қызметтерін көрсету нәтижелерін бағалау.
      10. ТБИ қызметтерін көрсету шеңберінде алушыларға мынадай қызметтер көрсетіледі:
      1) жобаны бухгалтерлік сүйемелдеу – бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша кәсіби қызметтер, бухгалтерлік есеппен байланысты әртүрлі мәселелер жөнінде өтініш берушіге консультация беру;
      2) жобаны заңдық сүйемелдеу – жобаны іске асыру процесінде туындайтын мәселелер бойынша кәсіби заң қызметтері;
      3) жобалық менеджмент – серіктестерді іздеу және қаржыландыру, персонал құрамын, бірлесіп орындаушыларды іріктеу бойынша жобаны жүзеге асырумен байланысты басқарушылық шешімдерді дайындау және қабылдау кезіндегі консультациялық қызметтер;
      4) жобаны жалпы және әкімшілік сүйемелдеу – ақпараттық қолдау көрсету, кеңсе тауарларымен және керек-жарақтармен қамтамасыз ету, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау құралдарын алу жөніндегі консультация, таныстыру материалдарын әзірлеу, іскерлік кездесулер ұйымдастыру, хатшылық қызметтері, осы тармақтың басқа да тармақшаларына қосылмаған өзге де ілеспе қызметтер;
      5) жобаны экономикалық сүйемелдеу – экономикалық есептермен, жобаны іске асыру шеңберіндегі экономикалық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялармен байланысты кәсіби қызметтер;
      6) жобаны маркетингтік сүйемелдеу – нарықты бағалау, бәсекеге қабілеттілік өлшемдерін айқындау, маркетингтік стратегияны әзірлеу, өнімді нарыққа жылжытумен байланысты өзге зерттеулер;
      7) бизнес-жоспар әзірлеу;
      8) техникалық құжаттама әзірлеу – өнімді жобалаудың заманауи технологияларын қолданумен, конструкторлық, технологиялық, техникалық, нормативтік құжаттамалар әзірлеумен байланысты кәсіби қызметтер;
      9) инфрақұрылыммен қамтамасыз ету – қосымша қолдануға арналған, жобаны іске асыруға қажетті қосалқы мақсаттағы, коммуналдық қызметтер мен әкімшілік, өндірістік, үй-жайларды, байланыс қызметтеріне төлемді қоса алғанда, сондай-ақ қажетті жабдықтарды немесе осындай жабдықтарды пайдаланатын қызметтерді өтініш берушіге уақытша өтелімді пайдалануға беру;
      10) жобаны жылжыту – жобаның логотипін, таныстыру материалдарының дизайнын, өзге символикасын әзірлеу, қызметтерді алушының көрмелерге қатысуы, бұқаралық ақпарат құралдарында, технологиялар трансферті желілерінде, мамандандырылған ақпараттық жүйелерде жоба туралы ақпараттық материалдарды орналастыру, жоба бойынша ақпаратты таратуға байланысты өзге де қызметтер;
      11) жобаны аудармашылық сүйемелдеу;
      12) жобаны консультациялық және инжинирингтік сүйемелдеу – тиісті біліктілігі, ресурстар болуына байланысты қатысуы ТБИ бойынша жекелеген іс-шараларды іске асыру үшін қажет бірлесіп орындаушыларды тарту арқылы көрсетілетін техникалық, технологиялық сипаттағы мамандандырылған қызметтер;
      13) қызметтерді алушының жобаны іске асыруға байланысты іскерлік сапарларын ұйымдастыру;
      14) өндірісті игеру процесіндегі оның параметрлерін айқындау үшін өнімді сынау және сапасын анықтау;
      15) нарыққа енгізу мақсатында жоба өнімінің тәжірибелік партиясын шығаруға жәрдемдесу;
      16) Қазақстан Республикасының аумағында жобаны іске асыру кезінде пайдаланылатын зияткерлік меншік объектілерін патенттеуге жәрдем көрсету;
      17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат беру құжаттамасын (сертификаттар, лицензиялар, техникалық жағдайлар, стандарттар және т.б.) алуға жәрдем көрсету.
      11. Өтініш берушінің жобасын іске асыру үшін қажетті ТБИ қызметтерінің нақты тізбесі мен қызметтер көрсету көлемі өтінімді рәсімдеу кезінде өтініш беруші тарапынан осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген ТБИ қызметтерінен анықталады.
      12. Қызметтерді алушыға көрсетілуі тиіс ТБИ қызметтері, іріктеу рәсімдерін өткізу процесінде жасалған түзетулерді ескере отырып, ТБИ қызметтерін көрсету туралы үйлестірушінің шешімімен анықталады және технопарк пен қызметтерді алушы арасында жасалатын шартпен белгіленеді.

3. ТБИ қызметтерін көрсетуге өтініш берушілерден түскен өтінімдерді қабылдау

      13. Өтінімдерді қабылдау процесінде технопарктер үйлестірушімен бірлесіп ТБИ бағдарламаларының республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында, өтінімдерді қабылдау мекенжайларын, байланыстырушы адамдарды көрсете отырып, үйлестірушінің интернет-ресурстарында жариялануын ұйымдастырады, сондай-ақ оларды ТБИ бағдарламаларына қатысуға тарту мақсатында әлеуетті өтініш берушілермен кеңестер, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізеді.
      14. Өтініш берушілер технопарктерге мыналарды қамтитын өтінім береді:
      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның ТБИ қызметтерін алуға арналған өтінімі;
      2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның паспорты;
      3) жобаның қысқаша сипаттамасы (осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жобаның қысқаша сипаттамасына қойылатын талаптарға сәйкес ресімделеді);
      4) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТБИ қызметтерін көрсетуге, есептермен немесе растайтын құжаттармен қоса шығындар сметасы;
      5) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспар;
      6) өтiнiш берушiнiң құқықтық мәртебесiн айқындауға мүмкiндiк беретiн құжаттар:
      жеке тұлғалар үшiн – жеке басын куәландыратын құжат, жеке сәйкестендiру нөмiрi;
      заңды тұлғалар үшiн – жарғы, мемлекеттiк тiркеу туралы куәлік* немесе анықтама, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi.
      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      7) лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың және өтінімде көрсетілген ақпаратты растайтын,оның ішінде технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсетуге арналған шығыстардың есебін негіздейтін өзге құжаттардың көшірмелері.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.07.2013 № 706 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      15. Осы Қағидалардың 14-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген құжаттар бойынша өтініш беруші құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін ұсынады. Өтінімді қабылдайтын технопарктің қызметкері құжаттардың түпнұсқаларын көшірмелерімен салыстырады және өтініш берушіге түпнұсқаларды қайтарады.
      16. Өтінімдер қабылдауды технопарктер мерзімдік негізде ТБИ бағдарламаларын іске асыруды тиісті жылдың 1 ақпанынан бастап 1 қазанына дейінгі кезеңде жүргізеді.
      17. Тиісті жылдың 1 ақпанынан бастап 1 қазанына дейінгі кезеңде үйлестіруші өтінімдерді берудің кемінде үш мерзімін белгілейді, олардың арасы кемінде күнтізбелік 45 күнді құрайды. Мәселен, бірінші мерзімде өтінім беруге үлгірмеген өтініш берушілер оны үйлестіруші белгілеген келесі мерзімдерде ұсынады. Үйлестіруші белгілеген тиісті жылдың соңғы мерзімінен кейін қарауға түскен өтінімдер келесі күнтізбелік жылы қаралады.
      18. Өтініш технопаркке мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қағаз тасығышта екі данада – түпнұсқа және түпнұсқаның көшірмесі, сондай-ақ электрондық тасығышта ұсынылады.
      Өтінімнің түпнұсқасына міндетті түрде өтініш беруші қол қояды және мөрмен бекітіледі және материалдармен бірге беттері нөмірленіп, тігілген түрде бірыңғай папкаға салынады, соңғы беті өтініш берушінің қолымен және мөрімен бекітіледі.
      Өтінім көшірмесін өтініш беруші тікпейді.
      19. Өтінімдегі жолдар арасына жазбалар жазылмауы, өшірілмеуі немесе қоса жазылмауы тиіс.
      20. Өтінімді қабылдаған технопарк қызметкері оның тіркелуін жүзеге асырады. Өтінімнің тіркелген күні өтінімнің технопаркке түскен күні болып табылады.
      21. Өтініш беруші өтінімде қамтылған тапсырылған құжаттардың, бастапқы мәліметтердің, есептердің, негіздемелердің толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді. Өтініш берушінің толық емес немесе дұрыс емес мәліметтерді ұсынуы өтінімді қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

4. Технопарктердің өтінімдерді алдын ала іріктеуі

      22. Технопарк өтінім тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қажетті құжаттардың мазмұнының және оның ақпаратты ашуының толықтығына қатысты қағидаларға сәйкестілігін қарайды, ескерту болмаған жағдайда өтінім тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде үйлестірушіге жіберіледі.
      23. Өтінімдер осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда технопарк өтінімнің тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей өтінімде көрсетілген байланыс құралдарының бірі: телефон, факсимильді байланыс, пошталық жіберілім немесе электрондық пошта арқылы өтініш берушіге хат-хабарлама жібереді.
      Өтінім өтініш берушіге ескертулерді жою үшін қайтарылады.
      24. Өтініш беруші анықталған ескертулерді жояды және осы Қағидалардың барлық талаптарына сәйкес келетін өтінімді қайта тапсырады. Өтініш берушінің технопаркке өтінімді қайта тапсыруы ескерту алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады.
      Қажет болған жағдайда технопарк өтініш берушіге кемшіліктерін жою мәселелеріне қатысты консультациялық көмек көрсетеді.
      25. Технопарк көрсеткен ескертулерді жою арқылы өтінімді қайта тапсырудан өтініш беруші бас тартқан жағдайда, ескерту алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш беруші бұл туралы технопаркті хабардар етеді.
      26. Технопарк пысықталған өтінімдерді алған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде ескертулердің жойылғанын тексереді. Қайта ескертулер болмаған жағдайда, өтінімнің көшірмесі қағаз тасығышта және электрондық пішімде сыртқы сараптаманы ұйымдастыру үшін үйлестірушіге үш жұмыс күні ішінде беріледі.
      Өтінімнің түпнұсқасы технопаркте сақталады.

5. Өтінімнің сыртқы сараптамасы

      27. Үйлестіруші өтінімдердің технопарктерден түсуіне қарай олардың сыртқы сараптамасын ұйымдастырады. Өтінімдерді сыртқы сараптамаға жіберуді үйлестіруші технопарктерден өтінімдер түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.
      28. Технологияларды коммерцияландыру орталықтарының қатысуымен іске асырылған жобалар бойынша өтінімдер қарау үшін сараптамаға жіберілмейді, бірақ осы Қағидалардың 6-тарауына сәйкес өтініш беруші сұраған ТБИ қызметтері құнының негізділігі бағалауға жіберіледі.
      29. Сыртқы сараптама өтінімдерді:
      1) қаралатын өтінімнің технологиялық бөлігіне қатысты біліктілігі бар;
      2) қаралатын өтінімнің экономикалық бөлігіне қатысты біліктілігі бар екі тәуелсіз сарапшыға жіберу арқылы ұйымдастырылады.
      30. Өтінімдердің технологиялық бөлігіне қатысты біліктілігі бар тәуелсіз сарапшы жобаның жаңалығын, технологиялық орындылығын және іске асырылуын анықтау мақсатында қарайды.
      31. Өтінімді экономикалық бөлігіне қатысты біліктілігі бар сарапшы жоба өнімінің бәсекеге қабілеттілігін, сондай-ақ оның негізінде тәуелсіз кәсіпкерлік қызметті дамытудың экономикалық орындылығын анықтау мақсатында қарайды.
      32. Әр өтінімді қарау үшін тәуелсіз сарапшыларды таңдауды үйлестіруші сарапшының біліктілігі мен тәжірибесіне байланысты жеке жүргізеді. Сыртқы сараптамаға отандық және (немесе) шетелдік сарапшылар тартылады.
      Сыртқы сараптаманы жүргізуге жұмсалатын шығыстарды үйлестіруші ТБИ қызметтерін көрсетуге уәкілетті органда көзделген қаражат есебінен қаржыландырады.
      33. Сыртқы сараптаманың ұзақтығы тәуелсіз сарапшы құжаттарды алған күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайды.
      34. Үйлестіруші өтінімде қамтылған ақпаратты пайдалану кезінде құпиялылықты, сондай-ақ өтінімдерді қараудың объективтілігін:
      1) өтініш беруші мен тәуелсіз сарапшылар арасында байланыстарды болдырмау;
      2) бағалауды жүргізген тәуелсіз сарапшы туралы мәліметтерді таратпау;
      3) тәуелсіз сарапшыға өтініш беруші туралы мәліметтерді таратпау арқылы қамтамасыз етеді.
      35. Тәуелсіз сарапшылар сыртқы сараптаманың нәтижесінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) жобаның мәлімделген мақсаттары мен нәтижесінің параметрлеріне қол жеткізе алмауына әкелетін ескертулер болмаған жағдайда өтініш берушіге ТБИ қызметтерін көрсетуді ұсыну;
      2) жобаның мәлімделген мақсаттары мен нәтижесінің параметрлеріне қол жеткізе алмауына әкелетін ескертулер бар болған жағдайда, бірақ ТБИ қызметтерін көрсету процесінде түзетілетін ескертулерді ескере отырып, өтініш берушіге ТБИ қызметтерін көрсетуді ұсыну;
      3) ТБИ қызметтерін көрсету процесінде жою мүмкін болмайтын және жобаның мәлімделген мақсаттары мен нәтижесінің параметрлеріне қол жеткізе алмауына әкелетін ескертулер бар болған жағдайда өтініш берушіге ТБИ қызметтерін көрсетуден бас тарту.
      36. Өлшемдердің әрқайсысы бойынша тәуелсіз сарапшының бағалауы нақты, қысқаша негізделуге тиісті. Сыртқы сараптама нәтижелері бойынша тәуелсіз сарапшының жалпы қорытындысы шешімді негіздеген факторларды түсіндіру арқылы, оның ішінде осы Қағидалардың 35-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бағаланған жағдайда ескертулерді жою жөніндегі ұсыныстар арқылы нақты негіздеуге жатады.
      37. Тәуелсіз сарапшылардың ұсыныстары негізінде үйлестіруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) егер тәуелсіз сарапшылардың ұсыныстары осы Қағидалардың 35-тармағының 1)2) тармақшаларына сәйкес келсе, өтініш берушінің сұраған қаржыландырудың негізділігіне бағалау жүргізуге өтінім жіберу;
      2) егер тәуелсіз сарапшылардың бірі осы Қағидалардың 35-тармағының 3) тармақшасына сәйкес өтінімнің қайтарылуын ұсынған жағдайда – өтінімді қабылдамау.
      38. Үйлестіруші сыртқы сараптама нәтижелерін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 35-тармағының негізінде шешім қабылдайды және өтініш беруші мен сыртқы сараптама нәтижелеріне сілтеме бере отырып, технопаркке тиісті хабарлама жібереді.

6. Өтініш беруші сұраған ТБИ қызметтері құнының негізділігін бағалау

      39. Өтініш беруші сұраған ТБИ қызметтері құнының негізділігін бағалауды үйлестіруші сыртқы сараптаманың нәтижелерін немесе технологияларды коммерцияландыру орталықтарының қатысуымен іске асырылған жоба бойынша өтінімді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізеді.
      40. ТБИ қызметтері құнының негізділігін бағалаудың мақсаты жобаны іске асыру шеңберінде жоспарланған іс-шаралармен негізделген объективті қажеттіліктерді қаржыландырудың өтініш беруші сұраған көлемге сәйкестігін бағалау арқылы шығыстардың оңтайлы мөлшерін айқындау болып табылады.
      41. ТБИ қызметтері құнының негізділігін тексеру үшін қосымша түсініктеме беру қажеттілігі туындаған жағдайда, үйлестіруші технопарк арқылы өтініш берушіден тиісті материалдарды сұратады.
      42. ТБИ қызметтері құнының негізділігін бағалау нәтижелері бойынша үйлестіруші қорытындыны әзірлейді. Ол, әзірленген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде технопаркке жеткізіледі. Қорытындыға сәйкес өтінімді түзетудің қажеттілігі болмаған жағдайда өтінім сараптамалық кеңестің қарауына шығарылады.
      43. Технопарк қорытындыны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушімен бірлесіп ТБИ қызметтерінің құнына қажетті түзетулер енгізеді.
      44. Өтініш беруші үйлестірушінің қорытындысымен келіспеген және ТБИ қызметтерінің құнын негіздейтін сұраған түсініктемелерді бермеген жағдайда, ТБИ қызметтері құнының негізділігіне бағалау жүргізу осы Қағидалардың 43-тармағында көрсетілген мерзімнің ішінде өтінім үйлестіруші тарапынан кері қайтарылуға жатады.
      45. Пысықталған өтінім сараптамалық кеңестің қарауына шығару үшін үйлестірушіге жіберіледі.

7. Cараптамалық кеңестің өтінімдерді қарауы

      46. Сараптамалық кеңесті үйлестіруші құрады, оның құрамы 7-ден 11 мүшеге дейін болады. Сараптамалық кеңес мүшелерінің бірі үйлестірушінің шешімімен сараптамалық кеңестің төрағасы болып тағайындалады.
      47. Сараптамалық кеңестің отырыстарын, бір отырыста кемінде бес өтінімді қарастырған жағдайда ТБИ қызметтері құнының негізділігін бағалау қорытындысының түсуіне қарай ұйымдастырады.
      48. Сараптамалық кеңестің мүшелерін үйлестіруші индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы білікті мамандар қатарынан мыналардың:
      1) индустриялық-инновациялық саясатты іске асыруға қатысатын мемлекеттік органдардың;
      2) салалық қауымдастықтардың, кәсіпкерлер бірлестіктерінің, индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын басқа да қоғамдық ұйымдардың;
      3) саяси партиялардың;
      4) ғылыми және ғылыми-зерттеу ұйымдарының;
      5) ұлттық компаниялардың, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың, индустриялық-инновациялық қызметті іске асыратын басқа да ұйымдардың ұсыныстары бойынша тағайындайды.
      49. Сараптамалық кеңес өтінімдерді қарауды мынадай бағыттар бойынша жүргізеді:
      1) жобаның Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының басым бағыттарына сәйкестігі;
      2) жобаның бірегейлігі;
      3) жоба өнімінің талап етілуі;
      4) өтінім берушінің жобаны іске асыруға қатысуы және мәлімделген параметрлерге сәйкес оның жобаны іске асыруға қабілеттілігі;
      5) жобаның әлеуетті экономикалық тиімділігі;
      6) жобаның әлеуетті әлеуметтік тиімділігі;
      7) мәлімделген шығындардың жоспарланған іс-шараларға, мақсаттарға және жоба нәтижелерінің ауқымына сәйкестігі.
      50. Сараптамалық кеңестің отырысы өтініш берушілерді жеке тыңдау арқылы немесе байланыс құралдарының (бейне конференция байланысы, конференция байланысы) көмегімен ашық түрде өткізіледі.
      51. Сараптамалық кеңес мүшелерінің әр өтінім бойынша шешімі әрбір бағыт бойынша балдық бағалау арқылы қабылданады.
      52. Балдарды қаралған өтінімдермен салыстыру кезінде мыналар назарға алынады:
      1) осы Қағидалардың 16-17-тармақтарына сәйкес бір кезең ішінде түскен өтінімдер;
      2) алдыңғы кезеңде түскен және сыртқы сараптама ТБИ қызметтері құқының негізділігін бағалау кезеңдерінен өткен, бірақ осыдан бұрын қаралған басқа да өтінімдермен салыстыра отырып, сараптамалық кеңестің қарау нәтижелері бойынша балдарының жетіспеуіне байланысты бас тартылған өтінімдер.
      Соңғы кезең ішінде түскен өтінімдерге қарағанда сараптамалық кеңес ең жоғары балмен бағалаған, осы Қағидалардың 52-тармағының 2) тармақшасында көзделген өтінімдер бар болған жағдайда, нәтижелерді шығарған кезде алдыңғы кезеңдерде түскен өтінімдер таңдап алынған болып есептеледі.
      53. Әр кезеңнің шеңберінде іріктеуге жататын өтінімдердің саны ТБИ бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылы іріктеуге жататын өтінімдердің жалпы санынан жоспарланған кезеңдердің санына үйлесімді анықталады.
      54. Ең көп балл алған өтінімдер ТБИ қызметтерін көрсету үшін үйлестірушіге ұсынылады.
      55. Сараптамалық кеңестің қарау нәтижелері бойынша ең жоғары мүмкін балдардың кемінде елу пайызын алған өтінімдер ТБИ қызметтерін көрсету үшін үйлестірушіге ұсынылады.
      56. Әрбір өткізілген отырыс шеңберінде сараптамалық кеңестің шешімі отырыс өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді.
      57. Мемлекеттік қызметкерші болып табылмайтын сараптамалық кеңес мүшелерінің қызметші үйлестіруші тиісті жылы ТБИ бағдарламасын іске асыруға уәкілетті орган бөлетін қаражаттан ақы төлейді.
      58. Сараптамалық кеңес қызметінің тәртібін, отырыстарды өткізу регламентін және өтінімдерді бағалаудың балдық әдістемесін үйлестіруші бекітеді.

8. ТБИ қызметтерін көрсету туралы үйлестірушінің шешім қабылдауы

      59. Сараптамалық кеңес ұсыныстарының негізінде үйлестіруші бес жұмыс күні ішінде өтініш берушілерге ТБИ қызметтерін көрсету туралы шешім қабылдайды.
      60. Үйлестірушінің шешімі қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде технопарктерге жеткізіледі. Өтінімдері сараптамалық кеңестің қарауына шығарылған өтініш берушілерге, үйлестірушіден хабарлама алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде технопарктер үйлестірушінің шешімін жеткізеді.

9. Технопарк пен қызметтерді алушы арасында ТБИ қызметтерін көрсетуге шарт жасасу

      61. Технопарктер пен қызметтерді алушы арасында ТБИ қызметтерін көрсетуге шарт жасасу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      62. Мыналар:
      1) өтініш берушіге көрсетілуі тиіс ТБИ қызметтерінің тізбесі мен көлемін қамтитын техникалық тапсырма;
      2) өтініш беруші сұраған ТБИ қызметтері құнының негізділігін бағалау нәтижелері бойынша түзетілген ТБИ қызметтерін көрсетуге арналған шығындар сметасы;
      3) әрбір кезеңнің және қол жеткізілуі жоспарланған нәтиженің құнын көрсету арқылы оның іске асырылу барысының кезеңді сипаттамасын қамтитын жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары технопарк пен өтініш беруші арасындағы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

10. Технопарктердің ТБИ қызметтерін көрсетуі

      63. Технопарктің қызмет алушыға ТБИ қызметтерін көрсетуі жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспарына сәйкес олардың жасасқан шартының негізінде жүргізіледі.
      64. ТБИ қызметтерін көрсету фактісі үйлестіруші алдында есептілікке қоса берілетін технопарк пен қызметтерді алушы арасында жасалатын көрсетілген қызметтердің тиісті актілерімен ресімделеді.
      65. Қызметтерді алушыға технопарктің көрсеткен ТБИ қызметтерінің төлемін жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалуына қарай ТБИ қызметтерін көрсетуге арналған шығындар сметасы негізінде үйлестіруші төлейді. Технопарк көрсеткен ТБИ қызметтерінің төлем көзі тиісті қаржы жылына ТБИ бағдарламасын іске асыруға уәкілетті органға бюджеттен бөлінген ақшалай қаражат болып табылады.
      66. ТБИ бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін бірлесіп орындаушыларды тарту қажет болған жағдайда оларды «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес технопарк тартады.
      67. Технопарк, қызметтерді алушы қажеттіліктерінің атқарылатын іс-шараларға сәйкестігін қамтамасыз етеді. Бұл ретте технопарк бірлесе орындаушыларды таңдау кезінде бірлесіп орындаушының қажетті іс-шараларды тиісті сапада орындауға қабілеттілігі туралы өтініш берушінің пікірін ескереді.
      68. Егер жобаны іске асыру барысында ТБИ қызметтерін көрсетуге арналған шығындар сметасын түзету қажеттілігі туындаған жағдайда, түзету қажеттілігінің нақты негіздемесімен бірге шығындар сметасын түзету жөніндегі ұсынысты технопарк өтініш берушімен бірлесіп әзірлейді және үйлестірушінің қарауына шығарылады.
      69. Үйлестіруші ТБИ қызметтерін көрсетуге арналған шығыстар сметасын түзету туралы ұсынысты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде көрсетілген ұсыныстарды қарайды және түзетуді енгізудің орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытынды әзірлейді.
      70. Түзетулерді енгізудің орындылығы мойындалған жағдайда тиісті түзетулер технопарк пен қызметтерді алушы арасында жасалған ТБИ қызметтерін көрсетуге арналған шартқа қосымша келісімшарт жасасу арқылы үйлестірушінің қорытындысы негізінде ресімделеді.

11. ТБИ бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру мониторингі

      71. ТБИ бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру мониторингінің мақсаты жоспарланған іс-шараларға, күнтізбелік жоспарға және нәтижелерге сәйкес жобаны іске асырудың нақты барысын көрсету болып табылады.
      72. ТБИ бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру мониторингі әрбір жоба бойынша мынадай есептілікті ұсынуды қамтиды:
      1) жоба бойынша іске асырылған іс-шаралар және кепілдемелерімен қоса қол жеткізілген нәтижелер туралы тоқсан сайын есеп беру;
      2) қол жеткізілген нәтижелердің талдауымен және оны одан әрі дамыту жөніндегі ұсыныстарымен қоса жобаның іске асырылу барысы туралы жыл сайын есеп беру.
      73. Тоқсан сайынғы есепті технопарк үйлестірушіге ұсынады. Есеп қызметтерді алушымен келісіледі және технопарк көрсеткен қызметтерді үйлестіруші қабылдау негіздерінің бірі болып табылады.
      74. Тоқсандық есепке іске асырылған іс-шаралардың сипатын, қол жеткізілген нәтижелердің параметрлерін, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу деңгейін, жоспарланған көрсеткіштерді қабылдамау себептерін, өзекті және ортаға қойылған мәселелерді, оларды шешу жөніндегі ұсыныстарды түсіндіретін тармақтардың әрқайсысы бойынша түсіндірме жазба қоса беріледі.
      75. Тоқсандық есеп есепті тоқсанның соңғы айынан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірілмей үйлестірушіге тапсырылады. Тоқсандық есепті тапсыру нысанын үйлестіруші бекітеді.
      76. Технопарктердің тоқсандық есептері негізінде үйлестіруші уәкілетті органға ТБИ бағдарламасын іске асыру барысы туралы талдамалы ақпарат әзірлейді.
      77. Жобаны іске асыру барысы туралы жыл сайынғы есеп тоқсан сайын берілетін есепке ұқсас тәртіппен рәсімделеді және қосымша мыналарды қамтиды:
      1) іс-шараларды іске асыру фактілерін және фотографиялық материалдарды қоса алғанда, нәтижелерге қол жеткізілгендігін растайтын құжаттардың көшірмелері;
      2) жобаға қажетті түзетулер енгізу немесе іске асыруды тоқтату бойынша ТБИ бағдарламасы шегінде оның одан әрі іске асырылуы туралы ұсынымдарымен қоса, жобаның нәтижелілігін талдау.
      78. Үйлестіруші жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде ТБИ бағдарламасы шеңберінде жобаны іске асыру туралы есептерді тыңдауды ұйымдастырады.
      79. Жобаның іске асырылу барысын нақты бағалау мақсатында үйлестіруші мониторингті жүзеге асыру шеңберінде технопаркті және қызметтерді алушыны аралап көруге құқылы.

12. ТБИ қызметтерін көрсету нәтижелерін бағалау

      80. ТБИ бағдарламасын іске асыру шеңберінде ТБИ қызметтерін көрсету нәтижелерін бағалаудың екі нысаны қолданылады:
      1) ағымдағы бағалау – тоқсан сайын, жоба бойынша іске асырылған іс-шаралар мен қол жеткізілген нәтижелер туралы тоқсандық есептің негізінде;
      2) қорытынды бағалау – әрбір жоба бойынша ТБИ қызметтерін көрсетуді тоқсан сайын аяқтау бойынша.
      81. Ағымдағы бағалауды іске асырылған іс-шаралардың тиімділігін айқындау, ТБИ бағдарламасы шеңберінде технопарктердің нәтижелілігін бағалау және жобаны одан әрі дамыту бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында үйлестіруші жүргізеді.
      82. Ағымдағы бағалауды жүргізу үшін осы Қағидалардың 11-тарауында белгіленген тәртіппен технопарк тапсыратын тоқсандық есеп негіз болып табылады.
      83. Қорытынды бағалауды қызметтерді алушыға ТБИ қызметтерін көрсетуді аяқтау бойынша үйлестіруші жүргізеді.
      84. Қызметтерді алушыға ТБИ қызметтерін көрсетуді аяқтау жоспарлы немесе мерзімінен бұрын болуы мүмкін.
      85. Қызметтерді алушыға ТБИ қызметтерін көрсетудің жоспарлы аяқталуы деп осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес ТБИ қызметтерін көрсету кезеңінің аяқталуы түсіндіріледі.
      86. Қызметтерді алушыға ТБИ қызметтерін көрсетуді мерзімінен бұрын аяқтауды үйлестіруші мынадай жағдайларда жүзеге асырады:
      1) ағымдағы бағалау нәтижелері жөніндегі ТБИ бағдарламасы шеңберіндегі жобаны одан әрі іске асырудың орынсыздығы туралы шешімнің қабылдануы;
      2) жоспарланған нәтижелерге мерзімінен бұрын қол жеткізу және одан әрі ТБИ қызметтерінің қажеттілігінің болмауы;
      3) өтініш берушінің ТБИ бағдарламасы шеңберінде жобаны одан әрі іске асырудан бас тартуы.
      87. Ұсынылған ұсынымдардың нақты негіздемесімен қоса, үйлестірушінің технопаркті таныстыру бойынша қабылдаған шешімі осы Қағидалардың 86-тармағының 2)3) тармақшаларына сәйкес ТБИ қызметтерін көрсетуді мерзімінен бұрын тоқтату үшін негіз болып табылады.

13. ТБИ қызметтерінің құнын айқындау

      88. Бір жобаны іске асыруға арналған ТБИ қызметтерінің жалпы құны нақты жобаның ерекшеліктеріне сәйкес белгіленеді, бірақ тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасында заңнамасында белгіленген жылына сегіз мың еселенген ең төменгі есептілік көрсеткіштен аспауы тиіс.
      89. Осы Қағидалардың 10-тармағының 1)6) тармақшаларында көрсетілген ТБИ қызметтерінің құны технопарк әзірлеген және үйлестіруші бекіткен бірыңғай сағаттық тарифке сүйеніп белгіленеді. Бұл ретте тарифтер ұқсас қызметтер үшін нарықтағы орташа нарықтық тарифтен аспауы тиіс.
      90. ТБИ қызметтеріне деген қажеттіліктің есебі осы Қағидалардың 10-тармағының 1)6) тармақшаларында көрсетілген мынадай шектеулерді ескере отырып жүргізіледі:
      1) бухгалтерлік сүйемелдеу жөніндегі қызметтер – бір жобаға аптасына он сағаттан көп емес;
      2) жобаны заңдық сүйемелдеу жөніндегі қызметтер – бір жобаға аптасына он сағаттан көп емес;
      3) жоба менеджерінің қызметі - бір жобаға аптасына қырық сағаттан көп емес;
      4) жобаны жалпы және әкімшілік сүйемелдеу жөніндегі қызметтер – бір жобаға аптасына жиырма сағаттан көп емес;
      5) жобаны экономикалық сүйемелдеу жөніндегі қызметтер – бір жобаға аптасына он сағаттан көп емес;
      6) жобаны маркетингтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтер – бір жобаға аптасына жиырма сағаттан көп емес, бірақ екі жүз жетпіс сағаттан көп емес.
      Жалпы және әкімшілік сүйемелдеу бойынша қызметтер құнын анықтау кезінде кеңсе тауарларымен және керек-жарақтармен, сыртқы ақпарат ресурстарына қол жеткізумен қамтамасыз ету құны ескерілмейді.
      Кеңсе тауарларымен және керек-жарақтармен қамтамасыз етуге кететін шығындар тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең аз есептік көрсеткіштің отыз еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.
      Сыртқы ақпарат ресурстарына қол жеткізуде жұмсалатын шығындар тиісті ақпарат ресурстарының иелері белгілеген нақты құны бойынша айқындалады.
      91. Жобаның күрделілігіне және бастапқы мәліметтердің болуына байланысты осы Қағидалардың 10-тармағының 7) тармақшасына сәйкес бизнес-жоспарды әзірлеу жөніндегі қызметтер құны тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең аз есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.
      92. Осы Қағидалардың 10-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жобаны іске асырумен байланысты іскерлік сапарларды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер құнын айқындау кезінде мемлекеттік мекеме басшылары мен олардың орынбасарлары болып табылмайтын, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің іссапарлық шығыстарын өтеу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актімен белгіленген тәртіп қолданылады.
      93. Осы Қағидалардың 10-тармағының 14)15) тармақшаларында көзделген ТБИ қызметтерін көрсету шеңберінде әрбір жоба бойынша сатып алынатын жабдықтың жалпы құны тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең аз есептік көрсеткіштің екі мың есе мөлшерінен аспайтын шарттарда, осы қызметтерді тиісінше көрсету үшін қажетті жабдықтарда сатып алуға жол беріледі.
      94. ТБИ қызметтерін көрсету шеңберінде жабдықтарды сатып алған жағдайда, сондай-ақ ТБИ қызметтерін көрсету нәтижесінде басқа мүліктер пайда болған жағдайда көрсетілген активтер технопарктің меншігі болып табылады. Оларды пайдалануды жобаны іске асыру мақсатында қызметтерді алушылар жүзеге асырады. Көрсетілген активтерді пайдаланумен байланысты туындайтын шығындар тиісті жоба шеңберінде қызмет алушыға ТБИ қызметтерін көрсетуге бөлінген қаражаттан қаржыландырылады.
      95. Технопаркке тиесілі сатып алынған немесе пайда болған активтер жоба бойынша ТБИ қызметтерін көрсету кезеңінің аяқталуына байланысты бойынша технопарк мына тәсілдердің бірін пайдаланады:
      1) технопарктің қосқан үлесі ретінде жобаны іске асыру шеңберінде қызметтерді алушы құрған заңды тұлғаның жарғылық капиталына салынады;
      2) іске асыру кезінде теңгерімдік құнынан төмен емес құн бойынша өтініш берушіге өткізіледі;
      3) ТБИ кызметтерін көрсету аяқталған кезде теңгерімдік құнынан төмен емес құн бойынша үшінші тұлғаларға өткізіледі.
      Активтерді пайдалану тәсілі туралы шешімді технопарктің басқару органдары технопарк жарғысына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тәртіппен қабылдайды.
      96. Осы Қағидалардың 9495-тармақтарында көрсетілген нормалар зияткерлік меншік объектілеріне және қызмет алушының меншігі болып табылатын ТБИ қызметтерін көрсету шеңберінде алынған рұқсат беру құжаттарына қолданылмайды.
      97. ТБИ қызметтерін көрсету процесінде бастапқыда қызметтерді алушының мәлімдемеген жаңа зияткерлік меншік объектісі туындаған жағдайда технопарктің қызмет алушымен келісуі бойынша таза табыстың елу пайызына дейінгі көлемде осы зияткерлік меншік объектісін пайдаланудан түскен табыстың бір бөлігіне ие болуға құқығы бар. Технопаркке төленетін таза табыстың бір бөлігі қызметтерді алушы мен технопарк арасында жасалған басқа келісіммен белгіленеді.
      98. Осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген басқа қызметтер құнын өтінімдегі өтініш беруші беретін тиісті есептері мен баға ұсыныстарымен расталатын нақты құнға сүйене отырып, ТБИ қызметтері құнының негізділігін бағалау процесінде үйлестіруші айқындайды.

Технологиялық бизнес-инкубациялау 
қызметтерін көрсету, сондай-ақ мұндай
қызметтер құнын айқындау қағидаларына
1-қосымша             

Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шарт

Астана қ.                                20___ жылғы «___» __________

      Бұдан әрi «үйлестіруші» деп аталатын ______________________ АҚ, __________ атынан Жарғы негізінде әрекет ететiн бір тараптан және бұдан әрі «технопарк» деп аталатын ___________________ ЖШС/АҚ, ____________ директор атынан Жарғы негізінде әрекет ететін екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар, ал жеке алғанда «Тарап» немесе жоғарыда көрсетілгендей аталатындар:
      1) қызметтерді көрсетуге арналған _____________________ шартын;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы «___» _________ қаулысымен бекітілген технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін, сондай-ақ мұндай қызметтер құнын айқындау қағидаларын назарға ала отырып, төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:

1. Шарттың мәні

      1. Үйлестіруші тапсырма береді, ал технопарк осы шарттың және осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық тапсырманың (осы шартқа қосымша) шарттарына сәйкес технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін ұсынуды ұйымдастыру бойынша іс-шараларды (бұдан әрі - іс-шаралар) орындауды жүзеге асыруға міндеттенеді.
      2. Технопарк технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін ұйымдастыру және ұсыну жөніндегі іс-шараларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы «___» ___________________ қаулысымен бекітілген Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ мынадай қызметтер құнын айқындау қағидаларына сәйкес іске асырады.
      3. Осы шарт шеңберінде орындалатын іс-шаралар техникалық тапсырмада көрсетілген стандарттарға сәйкес немесе жоғары болуы тиіс.

2. Шарттың құны және есептеу тәртібі

      1. Техникалық тапсырмаға сәйкес қызметтердің жалпы құны, барлық салықтарды және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді есепке ала отырып, ________________ теңгені құрайды.
      2. Осы шарт бойынша технопарк қызметтерін төлеудің көзі 012 «Ұлттық инновация жүйесі институттарының қызметтерін төлеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджет қаражаты болып табылады.
      3. Технопарк ақшалай қаражатты тиімсіз пайдаланған жағдайда, осы шарттың жалпы құнын кемітілу жағына бір жақты тәртіппен үйлестіруші түзете алады.
      4. Осы шарт шеңберінде үйлестіруші қызметтерді көрсетуді қаржыландыратын, жобаны іске асыру уақытша тоқтатылған немесе толықтай тоқтатылған жағдайда, технопарк аталған жоба бойынша көрсетілген қызметтердің қабылдау-тапсыру актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде үйлестірушінің төлем есебіне аталған инновациялық жоба бойынша ақшалай қаражатты игерумен және осы инновациялық жобаны қаржыландыруға арналған өтінім бойынша салынған ақшалай қаражаттың арасындағы айырмасын қайтаруға міндеттенеді.

3. Тапсыру және қабылдау тәртібі

      1. Осы шарттың мәніне қол жеткізуді растайтын құжаттар Тараптар қол қойған түпкілікті көрсетілген қызметтердің есебі мен қабылдау-тапсыру актісі болып табылады.
      2. Осы шарт бойынша міндеттемелерді орындау процесінде аралық есептер, көрсетілген қызметтерді қабылдау-тапсыру актілері, бастапқы бухгалтерлік құжаттар, осы шарт мәніне қатысты өзге құжаттар мен ақпараттар сұратылуы мүмкін.
      3. Технопарк техникалық тапсырмалардың талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде үйлестіруші тарапынан қандай да бір қосымша шығындарсыз орындалған іс-шараларда үйлестірушінің ескертулерін жояды.

4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      1. Үйлестіруші:
      1) осы шарттың 2-бөліміне сәйкес осы шарт бойынша іс-шараларды қаржыландыруды қамтамасыз етуге;
      2) осы шарт бойынша міндеттемелерді технопарктің уақтылы және тиісті дәрежеде орындауы үшін технопаркке қажетті ақпарат пен құжаттаманы уақтылы ұсынуға міндетті.
      2. Технопарк:
      1) осы шартпен және техникалық тапсырмамен көзделген іс-шараларды уақтылы және тиісінше орындауға;
      2) осы шарт бойынша қызметтер көрсету үшін өтініш берушілерді тартуды белсенді түрде іске асыруға;
      3) осы шарт бойынша іс-шараларды орындау үшін тиісті біліктілік пен бейіні бар тең орындаушыларды дербес заңнамада белгіленген тәртіп таңдауға міндетті. Осы шарт шеңберіндегі тең орындаушылардың міндеттемелерін тиісті және уақтылы орындау үшін жауапкершілік технопаркке жүктеледі;
      4) осы шарт бойынша міндеттемелерді орындау барысы туралы үйлестірушінің бірінші талабы бойынша ақпарат ұсынуға;
      5) үйлестірушіге сұратқан құжаттаманы уақытында ұсынуға, сондай-ақ мониторингті іске асыру мақсатында технопарктің аумағына кедергісіз өту рұқсатын беруге;
      6) үйлестірушінің, осы шарт талаптарын және/немесе өзге заңға қайшы келетін әрекеттермен технопарк орындамағаннан және/немесе тиісті дәрежеде орындамағаннан оған келтірілген шығынды толық көлемде өтеуге;
      7) осы шарт бойынша қызметтер көрсету барысында туындаған барлық мәселелерді пайда болуына байланысты үйлестірушімен келісуге және нақтылауға міндетті.
      3. Үйлестірушінің:
      1) осы шарттың қосымшасында көрсетілген талаптарға сәйкес осы шарт бойынша технопарк орындайтын іс-шаралардың уақтылығын және сапасын тексеруге;
      2) осы шарт бойынша іс-шаралар мен мониторингті орындау процестерін реттеуді іске асыруға құқығы бар.
      4. Технопарктің:
      1) үшінші тұлғаларды (тең орындаушыларды) осы шартты орындауға тартуға;
      2) осы шарт бойынша іс-шараларды тиісті дәрежеде орындау үшін қажетті ақпарат пен құжаттаманы үйлестірушіден сұратуға құқығы бар.

5. Тараптардың жауапкершілігі

      1. Форс-мажорлық жағдайларды қоспағанда, технопарк іс-шараларды уақтылы орындамаған жағдайда үйлестірушінің міндеттемелерді орындауды әр кешіктірген күніне осы шарттың жалпы құнынан 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайыз көлемінде тұрақсыздық айыбын ұстап қалуға құқығы бар.
      2. Осы шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған және/немесе тиісті емес деңгейде орындаған жағдайда, сондай-ақ үйлестірушінің аударған ақшалай қаражатты тиімсіз және/немесе мақсатсыз пайдаланған жағдайда технопарк осы шарт бойынша орындамаған және/немесе тиісті емес дәрежеде орындаған сомасынан 5 (бес) пайыз көлемде тұрақсыздық айыбын төлеуден және үйлестірушінің шығындарын өтеу түрінде технопаркке материалдық жауапкершілік жүктеледі. Тұрақсыздық айыбын ұстап қалу үйлестірушінің құқығы болып табылады.
      3. Тұрақсыздық айыбының сомасы тиісті негіздемелі талаптарды үйлестіруші ұсынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде төлеуге жатады.
      4. Осы шарт бойынша тұрақсыздық айыптарын төлеу Тараптарды өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

6. Шарт талаптарын орындаудан біржақты бас тарту

      1. Осы шарт талаптарын бұзғаны үшін үйлестіруші біржақты тәртіппен технопаркке міндеттемелерді орындамағандығы туралы жазбаша хабарлама жіберіп осы шарт талаптарын орындаудан толықтай немесе ішінара мынадай жағдайларда:
      1) егер технопарк, осы шартта көзделген мерзімдерде барлық іс-шараларды немесе оның жартысын орындай алмаған болса;
      2) егер технопарк, осы шарт бойынша барлық іс-шараларды немесе оның жартысын тиісті сапамен орындай алмаса;
      3) ақшалай қаражатты тиімсіз және/немесе мақсатсыз пайдаланса;
      4) егер технопарк осы шарт бойынша қандай да бір басқа міндеттемелерді орындай алмаса бас тарта алады.
      2. Хабарламада осы шарт талаптарын орындаудан бас тарту себептерінің көрсетілуі, осы шарт бойынша орындалмаған міндеттемелердің көлемі алдын ала келісілуі, сондай-ақ осы шарт бұзылған деп есептелетін күн көрсетілуі тиіс. Хабарлама осы шарт бұзылатын күннен 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын ескеріледі.
      3. Үйлестіруші, егер технопарк банкрот немесе төлемге қабілетсіз болса, осы шартты бұзған күнге дейін күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде, тиісті жазба хабарламаны технопаркке жіберіп, осы шарт талаптарын орындаудан кез келген уақытта біржақты тәртіппен бас тарта алады. Мұндай жағдайда осы шарттың осы шартты талаптарын орындаудан бас тарту дереу іске асырылуы тиіс, келісімді орындаудан бас тарту ешқандай залал келтірмей санкцияларды пайдалану және әрекеттерді істеудің қандай да бір құқығына тимесе және олар кейіннен үйлестірушіден салдарын талап етілмеген жағдайда үйлестіруші технопаркке ешқандай қаржылық міндеттемелерді өтеуге тиіс емес.
      4. Үйлестіруші осы шартты бұзу күніне дейін күнтізбелік 5 (бес) күн бұрын тиісті жазбаша хабарламаны технопаркке жіберіп, осы шарт талаптарын одан әрі орындаудың мақсатқа сәйкессіздігіне байланысты кез келген жағдайда біржақты тәртіппен орындаудан бас тартуына болады. Хабарламада осы шарт талаптарын орындаудан бас тартудың себептері көрсетілуі, осы шарт бойынша орындалмаған міндеттемелер көлемінің келісілуі, сондай-ақ осы шарт бұзылды деп есептелетін күн көрсетілуі тиіс.
      5. Үйлестіруші осы шартты бұзу күніне дейін күнтізбелік 5 (бес) күн бұрын тиісті жазбаша хабарламаны технопаркке жіберіп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы өзгерген жағдайда, осы шарт талаптарын орындаудан біржақты тәртіппен бас тарта алады. Хабарламада осы шарт талаптарын орындаудан бас тарту себебі, негіздеме, сондай-ақ осы шарт бұзылды деп есептелетін күн көрсетілуі тиіс.
      6. Осы шарттың 6-бөлімнің 15-тармақтарында көрсетілген жағдайларға байланысты осы шарт бұзылғанда технопарк осы шарт бұзылған сәтке дейін үйлестірушіге осы шарт бойынша өзара есептердің сәйкестілік актісін растайтын құжаттардың берілуі және нақты орындалған көлемін көрсету арқылы көрсетілген қызметтердің қабылдау-тапсыру актісін үйлестірушіге тапсырады және осы шарт шеңберінде технопарк игерген ақшалай қаражатымен және үйлестіруші аударған ақшалай қаражаттың арасындағы айырма үйлестірушінің төлем есебіне қайтаруға міндеттенеді.

7. Форс-мажорлық мән-жайлар

      1. Тараптар осы шарт талаптарының форс-мажорлық жағдайлардың салдарына байланысты орындалмауы және/немесе тиісінше орындалмағаны үшін жауапты болмайды.
      2. Осы «Форс-мажорлық мән-жайлар» бабының мақсаты осы шарт талаптарын орындауға кедергі жасайтын, Тараптардың бақылауына бағынышты емес, олардың ескермегендігіне немесе ұқыпсыздығына және күтпегендігіне қатысты сипаты жоқ жағдайды білдіреді.
      3. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайда Тараптар мүмкіндігіне қарай мұндай еңсерілмейтін жағдайлар туындағаны туралы бір-біріне жедел түрде олардың сипаттамаларын, туындау себептерін және болжамды ұзақтығын көрсете отырып, жазбаша хабарлама жібереді. Егер, үйлестірушіден өзге жазбаша нұсқау түспеген жағдайда, технопарк осы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауды, қаншалықты мақсатқа сәйкестігіне қарай, одан әрі жалғастырады, форс-мажорлық жағдайлардан тәуелсіз, осы шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздестіруді жүргізеді.
      4. Тараптар, сондай-ақ міндеттемелерді орындау мерзімін Қызметтер көрсету үшін кедергі жасайтын еңсерілмейтін күш бермейтін жағдайларының әрекеті мерзіміне сәйкес келіседі, бірақ осы шарттың бұзылуына негіз болып табылмайды.

8. Даулы мәселелерді шешу

      1. Тараптар осы шарт бойынша өздерінің арасында туындайтын барлық қайшылықтар немесе дауларды тікелей келіссөздер процесінде шешу үшін Тараптар барлық күш салуы тиіс.
      2. Кез келген Тарап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес даулы мәселелерді шешу үшін сотқа жүгінуге құқылы.

9. Хабарлама

      1. Бір Тарап өзге Тарапқа жіберетін кез келген хабарлама осы шартқа сәйкес хат, телеграмма немесе түпнұсқасын кейіннен бере отырып, факс түрінде жіберіледі.
      2. Хабарлама алған күннен бастап немесе осы күндердің қайсысы кешірек болуына байланысты күшіне енген күні көрсетілген (егер хабарламада көрсетілген болса) күні күшіне енеді.

10. Шарттың қолданылу мерзімі

      1. Осы шарт Тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және Тараптар өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданыста болады.
      2. Тараптардың келісімі бойынша осы шарт мерзімінен бұрын немесе бір жақты бұзылса, Тараптар 15 (он бес) күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде осы шарт бойынша нақты орындалған іс-шаралар бойынша, өзара есептесу жүргізуге міндетті тиіс, бұл ретте технопарк өзара есептесуді сәйкестендіру актілерін үйлестірушіге жібереді.

11. Қорытынды ережелер

      1. Осы шартта көзделген жағдайлардан өзге, осы шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар, егер олар: жазбаша нысанда әзірленген және оған уәкілетті өкілдер қол қойған жағдайда және екі Тараптың да мөрімен бекітілген жағдайда ғана жарамды.
      2. Осы шарт қаржыландырудың тетіктерін нақтылайтын тармақтармен және технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтеріне, бөлінетін бюджет қаражатын мақсатты пайдалануды қамтамасыз ететін өзге де тармақтармен толықтырылуы мүмкін.
      3. Осы шарт орыс тілінде екі данада әзірленген, екеуінің де бірдей заңды күші бар, әр Тарап үшін бір данадан жасалған.

12. Тараптардың заңды мекенжайы және банктік деректемелері

      Тапсырыс беруші:                 Орындаушы:

Лауазымы                         Лауазымы
Т.А.Ә.                           Т.А.Ә.
___________/__ Т.А.Ә.___/        ___________/__ Т.А.Ә.___/
     (қолы)         М.О.              (қолы)         М.О.

Технологиялық       
бизнес-инкубациялау    
қызметтерін ұсынуға арналған
үлгілік шартқа      
қосымша          

ТБИ қызметтерін көрсетуге арналған техникалық тапсырма

Астана қаласы                          20__ жылғы «___» _____________

      1. Көрсетілетін қызметтің мақсаты
      2. Көрсетілетін қызметтің мазмұны
      3. Қызмет көрсетудің кезеңдері
      4. Есептілік
      5. Көрсетілген қызметтің қабылдану шарты

Тараптардың қолдары:

      Тапсырыс беруші:                 Орындаушы:

Лауазымы                         Лауазымы
Т.А.Ә.                           Т.А.Ә.
___________/__ Т.А.Ә.___/        ___________/__ Т.А.Ә.___/
     (қолы)         М.О.              (қолы)         М.О.

Технологиялық бизнес-инкубациялау 
қызметтерін көрсету, сондай-ақ мұндай
қызметтер құнын айқындау қағидаларына
2-қосымша              

Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету туралы № _______ үлгілік шарт

__________ қаласы                      20___ жылғы «___» ____________

      Бұдан әрі «өтініш беруші» деп аталатын, Өтініш беруші ______________ негізінде әрекет ететін __________ тұлғасында __________, бір тараптан және бұдан әрі «технопарк» деп аталатын, __________ ЖШС/АҚ екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатын Жарғы негізінде әрекет ететін ____________ тұлғасында, ал жекелей алғанда «Тарап», немесе жоғарыда көрсетілгендей мыналарды:
      1) _________________ АҚ (бұдан әрі - үйлестіруші) мен технопарк арасында жасалған 20___ «___» _______ технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсетуге арналған № ____ шарт;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы «___» ____________ қаулысымен бекітілген Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ мұндай қызметтер құнын айқындау қағидасын назарға ала отырып;
      төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:

1. Шарттың мәні

      1. Технопарк өтініш берушіге осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы шарттың техникалық тапсырмасының (осы шартқа 1-қосымша), шығындар сметасының (осы шартқа 2-қосымша), күнтізбелік жоспардың (осы шартқа 3-қосымша) талаптарына сәйкес технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсетуге міндеттенеді.

2. Шарттың құны

      1. Осы шарт бойынша өтініш берушіге технопарк тарапынан көрсетілетін қызметтер _________________________ бюджеттік бағдарлама шеңберінің аясында қайтарымсыз көрсетіледі.
      2. Өтініш беруші қызметтерді қайтарымсыз қабылдай отырып, өзіне қатысты Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасынан туындайтын тиісті міндеттемелердің туындауын жете түсінеді.
      3. Осы шарттың құны шығындар сметасында (осы шартқа 2-қосымша) көрсетілген қызметтер құнынан құралады.

3. Қызметтерді тапсыру және қабылдау тәртібі

      1. Тараптар қол қойған көрсетілген қызметтерді қабылдау-тапсыру актілері осы шарттың мәніне қол жеткізілуін растайтын құжаттар ретінде, болып табылады.
      2. Технопарк тарапынан қызметтердің көрсетілуі өтініш берушіге ақшалай қаражат берусіз жүргізіледі. Шығындар сметасында көрініс тапқан шығыстардың төленуі технопарк есебінен жүргізіледі.
      3. Жобаны іске асыру барысында алынған/сатып алынатын/әзірленген негізгі құралдар технопарктің меншігі болып табылады.
      4. Өтініш берушінің жобаны іске асыруы барысында алынған материалдық емес активтері өтініш берушінің меншігі болып табылады.
      5. Технопарк қызметтерді көрсету процесінде өтініш берушінің алған зияткерлік меншігінің барлық объектілерін пайдалануға айрықша емес лицензия алады. Технопарк, сондай-ақ өтініш беруші мен технопарк арасында жеке келісімшартпен айқындалатын көлемде қызметтер көрсету нәтижесінде пайда болған және өтініш берушіде бастапқыда болмаған зияткерлік меншік объектілерін пайдаланудан түскен кіріс бөлігін алу құқығына ие болады.

4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      1. Технопарк:
      1) осы шарттың 2-бөліміне сәйкес осы шарт бойынша қызметтер көрсетуді қамтамасыз етуге;
      2) осы шартпен, техникалық тапсырмамен және Күнтізбелік жоспармен көзделген қызметтерді уақтылы және тиісті түрде көрсетуге;
      3) инновациялық жобаның өтініш берушісінен алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету және оны өтініш берушінің келісімімен ашуға міндетті.
      2. Өтініш беруші:
      1) жобаны іске асыру мақсатында технопаркпен белсенді ынтымақтасуға;
      2) технопаркті жоба бойынша барлық қажетті, оның ішінде құпия ақпаратмен қамтамасыз етуге;
      3) технопаркке сұраған құжаттаманы уақтылы ұсынуға міндетті.
      3. Технопарк:
      1) ұсынылған қызметтердің көлемі мен құнын реттеуді шығындар сметасына сәйкес ақшалай қаражатты тиімді пайдалану қағидаларына сүйеніп жүзеге асыруға;
      2) осы шарттың орындалуына үшінші жақтарды (бірлесіп орындаушылар) тартуға құқылы.
      4. Өтініш берушінің жоба бойынша технопарк тарапынан төленбейтін кез келген жұмысты өз қаражатының есебінен және өз еркімен өндіруіне құқығы бар.

5. Шарт талаптарын орындаудан біржақты бас тарту

      1. Осы шарттың шарттары бұзылғаны үшін технопарк біржақты тәртіппен өтініш берушіге міндеттемелердің орындалмағандығы туралы жазбаша хабарлама жіберіп осы шарт жағдайларын орындаудан толықтай немесе жартылай мынадай жағдайларда бас тарта алады:
      1) егер өтініш беруші тарапынан жоба бойынша қажетті ақпарат берілмесе;
      2) өтініш берушінің жобасы бойынша техникалық іске асырылуға жарамсыздығы және/немесе түпкілікті нәтижеге қол жеткізілуі мүмкін еместігі тиісті құжаттармен расталған жағдайда;
      3) егер өтініш беруші белсенді әрекеттерді жасамаса және Күнтізбелік жоспарға сәйкес жобаны іске асыру үшін технопаркке тиісті көмек көрсетілмесе;
      4) ақша қаражаттарын тиімсіз пайдалануға әкелетін технопаркті адастыруға апарса;
      5) егер технопарк жан-жақты себептерге байланысты осы шарт бойынша қандай да бір басқа міндеттемелерді орындай алмаған жағдайда.
      2. Хабарламада осы шарттың шарттарын орындаудан бас тарту себептерінің көрсетілуі, осы шарт бойынша орындалмаған міндеттемелердің көлемдерінің алдын ала келісілуі, сондай-ақ осы шарттың бұзылған күні деп есептелетін күн көрсетілуі тиіс.
      3. Осы шарттың 5-тарауының 12–тармақтарында көрсетілген жағдайларға байланысты осы шарт бұзылса, Технопарк бұзу сәтіне дейін жобаның өтініш берушісіне қызметтердің нақты орындалған көлемін көрсете отырып, көрсетілген қызметтердің қабылдау-тапсыру актісін тапсырады.

6. Форс-мажорлық мән-жайлар

      1. Тараптар осы шарт талаптарының форс-мажорлық мән-жайларының нәтижелеріне байланысты орындалмауына және/немесе тиісті деңгейде орындалмағаны үшін жауапты болмайды.
      2. Осы «Форс-мажорлық мән-жайлар» бөлімінің мақсаты үшін осы шарт шарттарын орындауға кедергі жасайтын, Тараптардың бақылауына бағынышты емес, олардың есепке алмағандығына немесе ұқыпсыздығына және күтпегендігіне қатысты сипатпен байланысы жоқ жағдайды білдіреді.
      3. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған жағдайда Тараптар мүмкіндігіне қарай мұндай күш жағдайларының туындағаны туралы бір біріне дерек олардың сипаттамаларын, туындау себептерін және болжамды ұзақтығын көрсетіп жазбаша хабарлама жібереді.
      4. Тараптар, сондай-ақ міндеттемелерді орындау мерзімін Қызметтер көрсету үшін кедергі жасайтын күш жағдайларының әрекетті ету мерзіміне тең мөлшерде ұзатуға келіседі, бірақ осы шарттың бұзылуына негіздеме болып табылмайды.

7. Даулы мәселелерді шешу

      1. Осы шарт бойынша өздерінің араларында туындайтын барлық қайшылықтарды немесе даулар тікелей келіссөздер процесінде шешу үшін Тараптар бар күшін салуы тиіс.
      2. Тараптардың кез келгені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес даулы мәселелерді шешу үшін сотқа жүгінуге құқылы.

8. Хабарлама

      1. Тараптардың осы шарттың талаптарын орындау барысында факсимильді байланысты, электрондық поштаны, «интернет» желісі арқылы немесе кез келген қолжетімді әдіспен материалдардың түпнұсқаларын жеткізетін басқа да байланыс түрлерін пайдалануға құқығы бар.
      2. Хабарлама, алынған күннен бастап күшіне енеді немесе осы күндердің қайсысы кейін келетініне байланысты көрсетілген (ескертуде көрсетілген болса) күні күшіне енеді.

9. Шарттың қолданылу мерзімі

      1. Осы шарт Тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және Тараптар өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданыста болады.
      2. Тараптардың келісімі бойынша осы шарт мерзімінен бұрын, немесе бір жақты бұзылса, Тараптар 15 (он бес) күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде осы шарт бойынша нақты орындалған іс-шаралар бойынша, өзара есептесу жүргізуге міндетті тиіс, бұл ретте технопарк өзара есептесуді сәйкестендіру актілерін үйлестірушіге жібереді.

10. Қорытынды ережелер

      1. Осы шартта көзделген жағдайлардан өзге, осы шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар, егер олар: жазбаша нысанда әзірленген және оған уәкілетті өкілдер қол қойған жағдайда және екі Тараптың да мөрімен бекітілген жағдайда ғана жарамды.
      2. Осы шарт орыс тілінде екі данада әзірленген, екеуінің де бірдей заңды күші бар, әр Тарап үшін бір данадан берілетін.

11. Тараптардың заңды мекенжайы және банктік деректемелері

      Тапсырыс беруші:                 Орындаушы:

Лауазымы                         Лауазымы
Т.А.Ә.                           Т.А.Ә.
___________/__ Т.А.Ә.___/        ___________/__ Т.А.Ә.___/
     (қолы)         М.О.              (қолы)         М.О.

Технологиялық     
бизнес-инкубациялау  
қызметтерін көрсету туралы
үлгілік шартқа     
1-қосымша       

Технологиялық бизнес-инкубациялау көрсететін қызметтердің техникалық тапсырмасы

______ қ.                               20__ жылғы «___» ____________

1. Жобаның мақсаты
2. Технологиялық бизнес-инкубациялау көрсететін қызмет мақсаты
3. Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету шеңберінде қол жеткізуге жоспарланған нәтиже
4. Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметінің тізбесі және жалпы құны
5. Өтініш беруші тарапынан тең қаржыландыру (болған жағдайда)
6. Өтініш берушінің есептілігі
7. Көрсетілетін қызметтерді қабылдау шарттары

Тараптардың қолы:

      Өтініш беруші:                 Технопарк:

Лауазымы                         Лауазымы
Т.А.Ә.                           Т.А.Ә.
___________/__ Т.А.Ә.___/        ___________/__ Т.А.Ә.___/
     (қолы)         М.О.              (қолы)         М.О.

Технологиялық     
бизнес-инкубациялау  
қызметтерін көрсету туралы
үлгілік шартқа     
2-қосымша       

Шығыстар сметасы

Р/с №

Қызметтердің атауы

Шығындар сомасы барлығы, теңге

Жұмыс кезеңдері

1

2

1

2

3

4

5

6

Шығындар - БАРЛЫҒЫ:






оның ішінде баптар бойынша -























Тараптардың қолы:

      Өтініш беруші:                 Технопарк:

Лауазымы                         Лауазымы
Т.А.Ә.                           Т.А.Ә.
___________/__ Т.А.Ә.___/        ___________/__ Т.А.Ә.___/
     (қолы)         М.О.              (қолы)         М.О.

Технологиялық     
бизнес-инкубациялау  
қызметтерін көрсету туралы
үлгілік шартқа     
3-қосымша       

Күнтізбелік жоспар

Р/с №

Шарт бойынша жұмыстың және олардың негізгі кезеңдерінің атаулары

Жұмыстардың орындалу мерзімі (апта)

Кезеңнің есеп айырысу бағасы (теңге)

Есептілік нысаны мен түрі

1

2

3

4

5

1.




Орындалған жұмыстардың актісі

2.




Орындалған жұмыстардың актісі

3.




Орындалған жұмыстардың актісі

Тараптардың қолы:

      Өтініш беруші:                 Технопарк:

Лауазымы                         Лауазымы
Т.А.Ә.                           Т.А.Ә.
___________/__ Т.А.Ә.___/        ___________/__ Т.А.Ә.___/
     (қолы)         М.О.              (қолы)         М.О.

Технологиялық бизнес-инкубациялау 
қызметтерін көрсету, сондай-ақ мұндай
қызметтер құнын айқындау қағидаларына
3-қосымша             

Жобаның технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін алуға арналған өтініш1

                                          Бірінші басшысы
                                          ___________________________
                                              (технопарктің атауы)
                                          ___________________________
                                              (директордың Т.А.Ә.)

Өтініш

      Осы арқылы ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
  (Т.А.Ә. толығымен – жеке тұлға үшін, ұйымның толық атауы – заңды
                              тұлға үшін)
технологиялық бизнес-инкубациялау бағдарламасына қатысуға арналған
өтініммен жүгінеді және оны белгіленген тәртіппен қарауды сұрайды.
      Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету және
олардың құнын айқындау қағидаларымен таныстық және келісеміз,
ескертулер мен қарсылығымыз жоқ.
      Өтінімде берілген мәліметтердің дұрыстығын кепілдік береміз.
      Қосымша: өтінімнің құжаттары, атап айтқанда:
      1) жоба паспорты, ___ п.;
      2) жобаның қысқаша сипаттамасы, ____ п.;
      3) технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсетуге
арналған шығындар сметасы, ____ п.;
      4) жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары, ____ п.;
      5) құқықтық статусты растайтын құжаттардың көшірмелері, ___ п.;
      6) өтінімде берілген мәліметтердің дұрыстығын растайтын
материалдар, ____ п.

      _____________________________               ___________________
      (лауазымы – заңды тұлға үшін)    (қолы)           (Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
1 - өтініш берушілер үшін - заңды тұлғалар үшін өтініш заңды  тұлғаның фирмалық бланкісінде ресімделеді және заңды тұлғаның мөрімен бекітіледі.

Технологиялық бизнес-инкубациялау 
қызметтерін көрсету, сондай-ақ мұндай
қызметтер құнын айқындау қағидаларына
4-қосымша             

Жобаның паспорты № _______________
(технопарк қызметкері береді)

Тіркелген күні _______________________
(жылы)   (күні)   (айы)

1. Жобаның атауы ____________________________________________________
   Жобаның саласы ______________ Жобаның кіші саласы ________________
2. Өтініш беруші ____________________________________________________
                 (Т.А.Ә. толығымен - жеке тұлғалар үшін, толық атауы
                                - заңды тұлғалар үшін)
3. Өтініш берушінің уәкілетті өкілі
        (заңды тұлғалар үшін)
3.1. Лауазымы _______________________________________________________
3.2. Т.А.Ә. _________________________________________________________
3.3. Негіз __________________________________________________________
              (құжаттың деректемелері, оның негізінде өкіл өтініш
             берушінің атынан уәкілетті болады, өтінімде қамтылған
            ақпараттың дұрыстығын растайтын материалдарда құжаттың
                            көшірмесі қоса беріледі)
4. Өтініш берушінің мекенжайы _______________________________________
                               (өтініш берушінің мекенжайы толығымен,
                               заңды тұлғалар үшін - заңды мекенжайы)
5. Жоба іске асырылатын орын: _______________________________________
                                       (қала, аудан, облыс)

6. Жобаның жетекшісі
   Т.А.Ә. ___________________________________________________________
   Жұмыс орны: _______________________ Лауазымы: ____________________
   Мамандығы: _______________________________________________________
   Мамандануы _______________________________________________________
   Ғылыми дәрежесі ___________________ Ғылыми атағы _________________
7. Өтінімге сәйкес ТБИ қызметінің құны, мың:
                                              (цифрлармен, жазбаша)
                                            -------------------------
8. Бірлесіп қаржыландыру көлемі, мың теңге:
                                              (цифрлармен, жазбаша)
                                            -------------------------
9. Жобаның өнімі ____________________________________________________
10. ТБИ-дың қызмет көрсету ұзақтығы          ___________________ апта
                                    1 кезең  ___________________ апта
                                    2 кезең  ___________________ апта
                                    ...кезең ___________________ апта
                                    N кезең  ___________________ апта
11. Жобаның түпкілікті нәтижесі:

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

1 кезең

2 кезең

...кезең

N кезең







1 Көрсеткіш












2 Көрсеткіш












...












N Көрсеткіш












12. Өтініш берушінің    _____________________________________________
    байланыс ақпараты            (телефоны)          (факс)
                        _____________________________________________
                              (электронды поштасының мекенжайы)
13. Әлеуетті бірлесіп
    орындаушылар
                    1.  _____________________________________________
                    2.  _____________________________________________
                    3.  _____________________________________________
                    ... _____________________________________________
                    N   _____________________________________________
                           (жеке тұлғалар үшін - Т.А.Ә., мамандығы,
                         заңды тұлғалар үшін - толық атауы, қызметтің
                                         негізгі түрі)
14. Қажет емес сарапшылар:
                          1. ________________________________________
                          2. ________________________________________
                          3. ________________________________________
                               (Т.А.Ә., сарапшының өңірі, оны тарту
                              өтінімнің сараптамасы үшін жеке немесе
                               өзге де субъективті себептер бойынша
                                           қажет емес)
      Өтініш беруші   ______________________   ______________________
                        (өтініш берушінің
                      немесе оның уәкілетті
                         тұлғасының қолы)        (Т.А.Ә. толығымен)
                      ----------------------   ----------------------

Технологиялық бизнес-инкубациялау 
қызметтерін көрсету, сондай-ақ мұндай
қызметтер құнын айқындау қағидаларына
5-қосымша             

Жобаның қысқаша сипаттамасына қойылатын талаптар

      Жобаның қысқаша сипаттамасын өтініш беруші мынадай құрылымға сәйкес ресімдейді:
      1) жобаның атауы;
      2) жоба тұжырымдаманың жалпы сипаттамасы;
      3) жобаның өнімі;
      4) жоба өнімінің нарығы;
      5) жобаны іске асыру орнының негіздемесі;
      6) жобаның іске асырылуының дайындық деңгейі;
      7) жоба шеңберінде кәсіпкерлік қызметті дамыту пайымы;
      8) жобаның экономикалық тиімділігі;
      9) жобаның командасы;
      10) технологиялық бизнес-инкубациялаудың талап етілетін қызметтері;
      11) жобаны іске асыруға өтініш берушінің қатысуы;
      12) жобаны іске асыру бойынша жоспарланатын нәтижелер.
      Мүмкіндігіне қарай өтініш беруші қысқаша сипаттаманы дайындау кезінде оны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтерді тікелей көрсетуден сақтануы тиіс.
      Барлық ақпарат нақты, түсінікті түрде баяндалуы тиіс, жобаның іске асырылуына қатысты өтініш беруші тарапынан ұсынылатын тәсілдерді негіздейтін және негізгі іс-шаралардың мазмұнын ашатын нақты деректерді қамтитын екі ойды білдірмеуі тиіс.
      Өтініш беруші – жеке тұлға немесе заңды тұлғаның басшысы – өтініш беруші тарапынан жобаның қысқаша сипаттамасының әрбір бетіне қол қойылады. Электрондық пішімдегі жобаның қысқаша сипаттамасы әрбір бетіне қол қойылмай тапсырылады.
      «Жоба тұжырымдамасының жалпы сипаттамасы» бөлімі мыналарды қамтуы тиіс:
      1) қолданылатын технологияның 1 парақтан аспайтын көлемдегі қысқаша сипаттамасы2;
      2) жоба өзектілігінің негіздемесі – жобаның іске асырылуы орынды болып табылатын нақты себептер, жоба арқылы шешілетін мәселелер, көлемі бір парақтан артық емес;
      3) жобаның жаңашылдығы – 1 парақтан аспайтын көлемдегi негіздемесімен қоса берілген қорытындыларды, шешімдерді іске асыру барысында қолданатын жаңашылдықты, жобаның бірегейлігін анықтайтын нақты айғақтар;
      4) жобаның мақсаты – 0,5 парақтан аспайтын көлемдегі ТБИ бағдарламасына қатысуға мүмкіндігі бар қол жеткізуге болатын нақты пысықталған жобаны жүзеге асырудың мақсаты;
      5) жобаның іске асырылу кезеңдері – шаралар және әр кезеңінен күтілетін нәтижелер апталарға жалғасатындығы көрсетілген, қажеттілігінің негіздемесі бар жобаны іске асырудың негізгі кезеңдерінің 2 парақтан аспайтын көлемдегі қысқаша сипаттамасы.
      «Жоба өнімі» бөлімінде жоба аясында өндірілуі жоспарланатын өнімнің қысқаша сипаттамасы көрсетіледі, оның ішінде:
      1) өнімнің ассортименті;
      2) өнімнің қолдану аясы;
      3) өнімнің техникалық параметрлері;
      4) өнімнің экономикалық параметрлері;
      5) бәсекелестердің өнімімен салыстырғанда өнімнің басымдылығы;
      6) жоспарланатын өнімнің, оның ішінде ТБИ бағдарламасы шегінде өндіріс көлемін игеру;
      7) өнімді өндірудің бұрын жүзеге асырылған нәтижелері, өнім сатылымдары туралы-өнімнің бұрын өткізілген сынағының нәтижелері туралы мәліметтер.
      «Жоба өнімдері» деген бөлім көлемі жағынан 2 парақтан аспауы тиіс.
      «Жоба өнімінің нарығы» деген бөлім өтініш берушінің өнімді нарыққа шығару жөніндегі бағдарын, оның ішінде:
      1) жоба өнімінің жүзеге асырылу бағыты: аймақтық, ұлттық немесе сыртқы нарықтар;
      2) нарықтағы жоба өнімінің өндіріс көлемі және тұтынылуы;
      3) жоба өнімінің әлеуетті тұтынушылары;
      4) нарықтағы жоба өнімінің өндірушілері мен жеткізушілері;
      5) нарықтағы бағаның деңгейі, өтініш берушінің басқа да ақпараты;
      6) бастапқы уағдаластықтар, келісімдер, ниет туралы хаттамалар, жобаның іске асырылуы үшін жоба өнімінің тұтынушыларымен арадағы шарттар туралы мәліметтерді қамтиды.
      «Өнім жобасының нарығы» деген бөлім көлемі бойынша 2 парақтан аспауы тиіс.
      «Жобаны іске асыру негіздемесі» деген бөлім көлемі жағына 1 парақтан аспауы тиіс және оның таңдауын, басымдылықтарын және кемшіліктерін негіздейтін факторларын көрсете отырып, жобаны іске асыру сипаттамасын қамтиды.
      «Жобаның іске асырылу дайындығының деңгейі» бөлімі одан әрі іске асырылу барысында пайдаланылатын жоба бойынша жасалымдарының сипаттамасын, оның ішінде:
      1) жоба бойынша олардың нәтижелері, көрсетілген жұмыстарының қаржыландыру көздерін көрсету арқылы бұрын орындалған ғылыми-зерттеу және тәжірибелі конструкторлық жұмыстар туралы ақпаратты;
      2) жобаны жүзеге асыру процесінде пайдалануға жоспарланатын зияткерлік меншік нысандарының өтініш берушіде бар болуы туралы ақпаратты;
      3) жобаның бұрын соңды қаржыландырылғандығы, қаржыландырылған жағдайда қандай көздерден, қандай көлемде, қандай нәтижелерге қол жеткізілгендігі туралы мәліметтерді;
      4) жобаның жасалуының қазіргі жай-күйін сипаттайтын басқа да ақпараттарды қамтиды.
      «Жобаның іске асырылу дайындығының деңгейі» деген бөлім көлемі жағынан 2 беттен аспауы тиіс.
      «Жоба шеңберінде кәсіпкерлік қызметтің даму бағдары» деген бөлім табысты бизнесті құру үшін жобаның келешектегі даму бағыттарын, сонымен бірге технологиялық бизнес-инкубациялау қызметін көрсету аяқталғаннан кейін де өтініш берушінің түсінуін айқындауы тиіс, және көлемі жағынан 1 беттен аспауы тиіс.
      «Жобаның экономикалық тиімділігі» деген бөлімде өтініш берушінің өзінде бар мәліметтер негізінде өндірілген жобаның экономикалық тиімділігін бағалау көрсетіледі. ТБИ бағдарламасы шеңберінде мәлімделген мақсаттарға қол жеткізу үшін қосымша инвестициялардың тартылуы талап етіледі және қосымша инвестицияларға қажеттіліктің бағалануы келтіріледі және инвестициялардың әлеуетті көздері көздері көрсетіледі.
      «Жобаның экономикалық тиімділігі» деген бөлімнің көлемі 1 беттен аспауы тиіс.
      «Жоба командасы» деген бөлімде мына мәліметтер көрсетіледі:
      1) мамандығы, мамандануы, жұмыс тәжірибесі, біліктілігін растайтын басқа да ақпараты көрсетілген қысқаша түйіндемені қоса тіркеп жоба жетекшісі туралы;
      2) 3жобаны іске асырудағы рөлі, қатысу қажеттілігінің негіздемесімен, мамандығы, мамандануы, жұмыс тәжірибесі, біліктілігін растайтын басқа да ақпаратты көрсете отырып (жеке тұлғалар үшін) - олардың орындалуын жоспарлайтын іс-шараларды бірлесе орындаушы ретінде ұсынылған заңды тұлғаларды, атап айтқанда оларды таңдаудың, тартудың мақсатқа сәйкестілігінің негіздемесі мен (заңды тұлғалар үшін) бірлесе орындаушылар туралы.
      Тиісті қосымшалары бар «Жобаның командасы» бөлімі жобаны сыртқы сараптамаға жіберу барысында қысқаша сипаттамадан алу мақсатында қысқаша қалған мәтіннен бөлек қалыптастырылады.
      «Жобаның командасы» бөлімі көлемі жағынан 2 беттен аспауы тиіс.
      «Технологиялық бизнес-инкубациялаудың талап ететін қызметтері» бөлімі жобаның жүзеге асырылуы мақсатында өтініш берушіге қажетті технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін қысқаша сипатын қамтуы тиіс, мыналар көрсетілуі керек:
      1) қажетті қызметтердің көлемі;
      2) көрсетілетін қызметтердің мәлімделген көлемінің есептері бар қызметтерді көрсетудің түрлері мен кезеңдері бөлінісінде қажетті қызметтері көлемінің негіздемесі;
      3) негіздемемен бірге қызметтер құнының есептері;
      4) әрбір қызмет көрсету түрлерінің, оның ішінде кезеңдер бөлінісінде күтілетін нәтижелер;
      «Технологиялық бизнес-инкубациялау» бөлімінің көлемі 4 беттен аспауы тиіс.
      «Жобаның іске асырылуына өтініш берушінің қатысуы» бөліміне ТБИ бағдарламасы шеңберінде жобаны іске асыру мақсатында өтініш берушінің қолданатын нақты ресурстары көрсетіледі. Өтініш берушінің ресурсы ретінде мыналар көрсетіледі:
      1) үй-жайлар мен жабдықтары көрсетілген ТБИ бағдарламалары шеңберіндегі жобаны іске асыру процесінде өтініш берушінің пайдаланатын үй-жайы, жабдықтары;
      2) қаражаттардың қайда және қалай жұмсалуын және күтілетін нәтижелерін көрсете отырып, жобаны іске асыру шеңберінде өтініш берушінің жұмсайтын ақшалай қаражаттары;
      3) өтініш берушілердің өз қаражаттары есебінен өндірілетін жобаның іске асырылуына тартылатын бірлесіп орындаушылар қызметтері үшін ақы төлеу шығыстары;
      4) жобаны іске асыру барысында пайдаланатын зияткерлік меншік нысандары;
      5) технопарк тарапынан ешбір шығынсыз мақсаттарын жүзеге асыру үшін өтініш беруші пайдаланатын және жобаның жүзеге асырылу үдерісінде талап ететін басқа да ресурстар.
      Бұдан басқа, жобаны жүзеге асыру процесінде өтініш беруші жұмсалатын ресурстардың құнын көрсетеді. Ұсынылған бағаның негіздемесі арқылы өтініш берушінің өзіндік бағасы негізінде өтініш беруші тарапынан жобаны қоса қаржыландыру ретінде көрсетілген ресурстардың құны көрсетіледі.
      «Жобаның іске асырылуына өтініш берушінің қатысуы» бөлімінің көлемі 2 беттен аспауы тиіс.
      «Жобаны іске асырудан күтілетін жоспарланған нәтижелер» бөлімінде экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және технологиялық бизнес-инкубациялауды аяқтау бойынша жобаны жүзеге асыру нәтижесінде қол жеткізілетін оңтайлы тиімділікті сипаттайтын нақты сандық және сапалық көрсеткіштер көрсетіледі. Атап айтқанда, жобаны іске асыру бөлінісінде мыналар көрсетілуі тиіс:
      1) жоба өнімі өндірісінің көлемі;
      2) сатылым көлемі және сатудан түскен жоспарланатын табыстар;
      3) жобаны іске асыру үшін қызметтерді алушы құрған заңды тұлғадағы жұмыс орындарының саны;
      4) жобаның салалық және өзге де ерекшелігімен анықталатын басқа да көрсеткіштер.
      «Жобаны іске асырудан күтілетін жоспарланатын нәтижелер» бөлімі 2 беттен аспауы тиіс, көлемі оңай және қолайлы болу үшін көрсеткіштер кесте түрінде берілуі мүмкін:

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

Көрсеткіштің маңызы

1 кезең

2 кезең

N кезең







      Қажеттілік туындаған жағдайда, өтініш беруші әрбір бөлімде осы талаптарда көрсетілген материалдың көлемі бойынша шектеулердің сақталуы барысында олардың тақырыпқа сәйкес қосымша ақпарат көрсетуі мүмкін.
      Жобаның қысқаша сипаттамасының жалпы көлемі 25 беттен аспауы тиіс. Жобаның қысқаша сипаттамасында баяндалған негіздейтін амалдар қажетті есептемелер және басқа көлемді ақпарат (кестелер, иллюстрациялар, басқалары) өтініште берілген мәліметтердің деректілігін растайтын материалдар қосымша ретінде шығарылуы мүмкін. Бұл ретте жобаның қысқаша сипаттамасының мәтінінде оларға міндетті түрде сілтеме көрсетіледі.
      Жобаның қысқаша сипаттамасына жеке тұлғалар үшін - өтініш беруші қол қояды, заңды тұлғалар үшін және өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы қол қояды - мөрмен бекітіледі.
---------------------------------------------------------------------
2 мұнда және бұдан әрі - парақ ретінде А4 пішіміндегі Times New Roman қарпімен, кегель 14,1 жоларалық интервалымен толтырылатын стандартты парақ түсіндіріледі.
3 бірлесе орындаушы тұлға жеке шараларды орындау үшін технопарк тарапынан тартылатын ТБИ  бағдарламасы шеңберінде жобаны жүзеге асыруға тікелей қатысушы түсініледі.

Технологиялық бизнес-инкубациялау 
қызметтерін көрсету, сондай-ақ мұндай
қызметтер құнын айқындау қағидаларына
6-қосымша              

Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсетуге арналған шығыстар сметасы

Жобаның атауы: ______________________________________________________
Технологиялық бизнес-инкубациялау бағдарламасы шеңберінде жобаны дамыту үшін мынадай қызметтер көрсетілуі қажет:

Қызметтердің атауы

Өлшем бірлігі

Бірлік

Құны, теңге

бірлік үшін

барлығы

1-кезең

2-кезең

…кезең

N кезең

1.

Жобаны бухгалтерлік сүйемелдеу жөніндегі қызметтер

сағат








2.

Жобаны заңдық сүйемелдеу жөніндегі қызметтер

сағат








3.

Жобалау менеджерінің қызметтері

сағат








4.

Жобаны жалпы және әкімшілік сүйемелдеу жөніндегі қызметтер

сағат








5.

Ақпараттың сыртқы көздеріне қол жеткізу









6.

Кеңселік тауарлармен және керек-жарақтармен қамтамасыз ету









7.

Жобаны экономикалық сүйемелдеу жөніндегі қызметтер

сағат








8.

Жобаны маркетингтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтер

сағат








9.

Бизнес-жоспарды әзірлеу жөніндегі қызметтер









10.

Техникалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі қызметтер









11.

Инфрақұрылым қызметтері









11.1

әкімшілік мақсатта үй-жайларды жалдау

шаршы.м.








11.2

өндірістік мақсатта үй-жайларды жалдау

шаршы.м.








11.3

қосалқы қызмет көрсету мақсатында үй-жайларды жалдау

шаршы.м.








11.4

Инфрақұрылымның өзге де қызметтері









12.

Жобаны жылжыту жөніндегі қызметтер









13.

Аудармашының қызметтері

бет








14.

Консультациялық және инжинирингтік қызметтер









15.

Іссапарларды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер









16.

Өндірісті игеру процесінде оның параметрлерін айқындау үшін өнімді сынау және апробациялау жөніндегі қызметтер









17.

Нарықта іске асырылуы мақсатында жоба өнімінің тәжірибелік партиясын шығару жөніндегі қызметтер









17.1.

оның ішінде шикізаттар мен материалдар









17.2.

оның ішінде жабдықтар









18.

Патенттеу жөніндегі қызметтер









19.

Рұқсат беру құжаттарын алу жөніндегі қызметтер









20.

Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер









Барлығы:






Технологиялық бизнес-инкубациялау 
қызметтерін көрсету, сондай-ақ мұндай
қызметтер құнын айқындау қағидаларына
7-қосымша             

Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары

Жобаның атауы: ______________________________________________________

Р/с №

Іс-шараның атауы

Іске асырылу кезеңі

Күтілетін нәтиже

Аяқталу нысаны

басталуы

аяқталуы

1

2

3

4

5

6

1.

1-кезең





1.1.






1.2.











2.

2-кезең





2.1.






2.2.
















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады