Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ осындай қызметтер құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 173 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 шілдеде № 11547 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1178 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.12.2015 № 1178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ осындай қызметтер құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті (А.Б. Батырқожа):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-миниcтрі Е.К. Сағадиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы                   Ж. Қасымбек

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      __________________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 2 маусым

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      __________________ Е. Досаев
      2015 жылғы 21 сәуір

Қазақстан Республикасы      
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының       
2015 жылғы 24 ақпандағы      
№ 173 бұйрығымен бекітілген   

Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету,
сондай-ақ мұндай көрсетілетін қызметтер құнын айқындау
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ осындай қызметтер құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ мұндай көрсетілетін қызметтер құнын айқындау тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
      1) жобаның өнімі - жобаны іске асыру үдерісінде технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін пайдалана отырып, өтініш беруші өндіруге жоспарлаған тауарлар, жұмыстар немесе қызмет көрсету;
      2) индустриялық-инновациялық жоба - технологиялар, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер жасауға бағытталған, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені;
      3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган - индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      4) қызметтерді алушы - осы Қағидаларға сәйкес іріктеу нәтижесінде өтініші бойынша технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету туралы шешім қабылдаған өтініш беруші;
      5) өтініш беруші - осы Қағидаларға сәйкес технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін алу үшін технопаркке өтініш ұсынған индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі;
      6) сараптамалық кеңес - технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін ұсынуға арналған өтініштерді қарау үшін үйлестіруші жанында әрекет ететін консультативтік кеңесші орган;
      7) сыртқы сараптама - сарапшылық кеңес қарау үшін өтініштерді іріктеу мақсатында үйлестіруші ұйымдастыратын, білімнің белгілі бір саласындағы мамандар өткізетін өтініштер сараптамасы;
      8) технологиялық бизнес-инкубациялау – индустриялық - инновациялық қызмет субъектілеріне олардың жұмыс істеуінің бастапқы кезеңінде үй-жайлар, жабдықтар беру, бухгалтерлік есеп жүргізу, заңдық, ақпараттық және консультациялық сүйемелдеу, инвестициялар тарту, жобаларды басқару бойынша қызметтер, сондай-ақ индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін қажетті өзге де қызметтер ұсыну бойынша технопарк көрсететін қызмет;
      9) технологиялық бизнес-инкубациялау бағдарламасы - осы Қағидаларға сәйкес технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсетуге байланысты іс-шаралар кешені;
      10) технологиялық парк (бұдан әрі – технопарк)- технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты құрған, индустриялық-инновациялық қызметті іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалатын бірыңғай материалдық-техникалық кешені бар аумаққа меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иелік ететін заңды тұлға;
      11) технологияларды коммерцияландыру орталығы – технологияларды коммерцияландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға, ғылыми ұйымның, жоғары оқу орнының немесе дербес білім беру ұйымының құрылымдық немесе оқшауланған бөлімшесі;
      12) технологиялық болжау – игерілуі мемлекеттің орнықты индустриялық-инновациялық дамуы үшін қажетті шарт болып табылатын технологияларды анықтауға бағытталған талдамалық зерттеулер кешені;
      13) үйлестіруші - технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты.
      3. Үйлестіруші индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жасалатын шарт негізінде осы Қағидаларға сәйкес технологиялық бизнес-инкубациялау (бұдан әрі - ТБИ) бағдарламасын басқаруды жүзеге асырады.
      4. ТБИ қызметтерін көрсету кезеңі ТБИ қызметтерін көрсету басталған күннен бастап 24 айдан аспауы тиіс.
      ТБИ қызметтерін көрсетудің басталған күні технопарктер мен қызметтерді алушы арасында ТБИ қызметтерін көрсетуге арналған шарт жасалған күн болып есептеледі. Әрбір нақты индустриялық-инновациялық жоба (бұдан әрі – жоба) бойынша ТБИ көрсету кезеңінің ұзақтығы жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспарымен анықталады.
      5. ТБИ бағдарламасы шеңберінде қызметтерді алушылардың жобаларды іске асыру нәтижелері:
      1) заңды тұлғаны құру;
      2) жоба шеңберінде кәсіпкерлік қызметті дамыту жөніндегі бизнес-жоспар;
      3) өнімге арналған техникалық құжаттама;
      4) сынақ нәтижелерін және өнімнің қажетті параметрлерін растайтын құжаттар;
      5) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған қажетті рұқсат ету құжаттары;
      6) ТБИ қызметтерін көрсету кезеңінде өндірілген өнімдерді өткізу фактілері болып табылады.
      ТБИ бағдарламасына қатысу үшін өтініш берушінің жобасы мынадай өлшемдерге сәйкес келуі тиіс:
      1) белгілі бір сандық және сапалық параметрлері бар өнім өндірісіне бағытталуы;
      2) тиісті сарапшылармен расталған және қосымша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді талап етпейтін өнім үлгісінің болуы;
      3) ТБИ қызметтерін көрсету шеңберінде жоспарланған осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген нәтижелерге сәйкес болуы.

2. ТБИ қызметтерін көрсету тәртібі 1 Параграф. Жалпы талаптар

      7. ТБИ қызметтерін көрсету рәсімі мынадай он кезеңде жүргізіледі:
      1) өтініш берушілерден ТБИ қызметтерін көрсетуге арналған өтініштерді қабылдау;
      2) технопарктердің өтініштерді алдын ала қарастыруы;
      3) үйлестіруші ұйымдастыратын алдын ала іріктеуден өткен өтініштердің сыртқы сараптамасы;
      4) өтініш беруші сұратқан ТБИ қызметтері құнының негізділігін бағалау;
      5) сараптамалық кеңестің өтініштерді қарауы;
      6) үйлестірушінің сараптамалық кеңестің ұсынымдарына сәйкес ең көп балл алмаған өтініш берушілерге ТБИ қызметтерін көрсетуге және/немесе қызметтерді көрсетпеу туралы шешім қабылдауы;
      7) технопарк пен қызметтерді алушы арасында шарттың негізінде ТБИ қызметтерін көрсетуге арналған шарт жасасу;
      8) технопарктердің ТБИ қызметтерін көрсетуі;
      9) ТБИ бағдарламалары шеңберінде жобалардың іске асырылу мониторингі;
      10) ТБИ қызметтерін көрсету нәтижелерін бағалау.
      8. ТБИ қызметтерін көрсету шеңберінде алушыларға мынадай қызметтер көрсетіледі:
      1) инфрақұрылыммен қамтамасыз ету - қосымша қолдануға арналған, жобаны іске асыруға қажетті қосалқы мақсаттағы, коммуналдық қызметтер мен әкімшілік, өндірістік, үй-жайларды, байланыс қызметтеріне төлемді қоса алғанда, сондай-ақ қажетті жабдықтарды немесе осындай жабдықтарды пайдаланатын қызметтерді өтініш берушіге уақытша өтелімді пайдалануға беру;
      2) жобаны бухгалтерлік сүйемелдеу - бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша кәсіби қызметтер, бухгалтерлік есеппен байланысты әртүрлі мәселелер жөнінде өтініш берушіге консультация беру;
      3) жобаны заңдық сүйемелдеу - жобаны іске асыру процесінде туындайтын мәселелер бойынша кәсіби заң қызметтері;
      4) жобаны консультациялық және инжинирингтік сүйемелдеу - тиісті біліктілігі, ресурстар болуына байланысты қатысуы ТБИ бойынша жекелеген іс-шараларды іске асыру үшін қажет бірлесіп орындаушыларды тарту арқылы көрсетілетін техникалық, технологиялық сипаттағы мамандандырылған қызметтер;
      5) жобалық менеджмент - серіктестерді іздеу және қаржыландыру, персонал құрамын, бірлесіп орындаушыларды іріктеу бойынша жобаны жүзеге асырумен байланысты басқарушылық шешімдерді дайындау және қабылдау кезіндегі консультациялық қызметтер;
      6) жобаны жалпы және әкімшілік сүйемелдеу - ақпараттық қолдау көрсету, кеңсе тауарларымен және керек-жарақтармен қамтамасыз ету, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау құралдарын алу жөніндегі консультация, таныстыру материалдарын әзірлеу, іскерлік кездесулер ұйымдастыру, хатшылық қызметтері, осы тармақтың басқа да тармақшаларына қосылмаған өзге де ілеспе қызметтер;
      7) жобаны экономикалық сүйемелдеу - экономикалық есептермен, жобаны іске асыру шеңберіндегі экономикалық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялармен байланысты кәсіби қызметтер;
      8) жобаны маркетингтік сүйемелдеу - нарықты бағалау, бәсекеге қабілеттілік өлшемдерін айқындау, маркетингтік стратегияны әзірлеу, өнімді нарыққа жылжытумен байланысты өзге зерттеулер;
      9) бизнес-жоспар әзірлеу;
      10) техникалық құжаттама әзірлеу - өнімді жобалаудың заманауи технологияларын қолданумен, конструкторлық, технологиялық, техникалық, нормативтік құжаттамалар әзірлеумен байланысты кәсіби қызметтер;
      11) жобаны жылжыту - жобаның логотипін, таныстыру материалдарының дизайнын, өзге символикасын әзірлеу, қызметтерді алушының көрмелерге қатысуы, бұқаралық ақпарат құралдарында, технологиялар трансферті желілерінде, мамандандырылған ақпараттық жүйелерде жоба туралы ақпараттық материалдарды орналастыру, жоба бойынша ақпаратты таратуға байланысты өзге де қызметтер;
      12) жобаны аудармашылық сүйемелдеу;
      13) қызметтерді алушының жобаны іске асыруға байланысты іскерлік сапарларын ұйымдастыру;
      14) өндірісті игеру процесіндегі оның параметрлерін айқындау үшін өнімді сынау және сапасын анықтау;
      15) нарыққа енгізу мақсатында жоба өнімінің тәжірибелік партиясын шығаруға жәрдемдесу;
      16) Қазақстан Республикасының аумағында жобаны іске асыру кезінде пайдаланылатын зияткерлік меншік объектілерін патенттеуге жәрдем көрсету;
      17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат беру құжаттарын алуға жәрдем көрсету.
      9. Өтініш берушінің жобасын іске асыру үшін қажетті ТБИ қызметтерінің тізбесі мен қызметтер көрсету көлемі өтінішті рәсімдеу кезінде өтініш беруші тарапынан осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген ТБИ қызметтерінен анықталады.
      10. Қызметтерді алушыға көрсетілуі тиіс ТБИ қызметтері, алдын-ала іріктеу рәсімдерін өткізу процесінде жасалған түзетулерді ескере отырып, ТБИ қызметтерін көрсету туралы үйлестірушінің шешімімен анықталады және технопарк пен қызметтерді алушы арасында жасалатын ТБИ қызметтерін ұсынуға арналған шартпен белгіленеді.

2 Параграф. Өтініш берушілерден ТБИ қызметтерін көрсетуге
арналған өтініштерді қабылдау

      11. Өтініштерді қабылдау процесінде технопарктер үйлестірушімен бірлесіп ТБИ бағдарламаларының республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында, өтініштерді қабылдау мекенжайларын, байланыстырушы адамдарды көрсете отырып, үйлестірушінің интернет-ресурсында жариялануын ұйымдастырады, сондай-ақ оларды ТБИ бағдарламаларына қатысуға тарту мақсатында әлеуетті өтініш берушілермен кеңестер, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізеді.
      12. Өтініш берушілер технопарктерге мыналарды қамтитын өтініш береді:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның ТБИ қызметтерін алуға арналған өтініші;
      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның паспорты;
      3) жобаның қысқаша сипаттамасы (осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жобаның қысқаша сипаттамасына қойылатын талаптарға сәйкес ресімделеді);
      4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТБИ қызметтерін көрсетуге, есептермен немесе растайтын құжаттармен қоса шығындар сметасы;
      5) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспар;
      6) өтініш берушінің құқықтық мәртебесін айқындайтын құжаттар:
      жеке тұлғалар үшін - жеке басын куәландыратын құжат;
      заңды тұлғалар үшін - жарғы, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік* немесе анықтама.
      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
      13. Осы Қағидалардың 12-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген құжаттар бойынша өтініш беруші құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін ұсынады. Өтінішті қабылдайтын технопарктің қызметкері құжаттардың түпнұсқаларын көшірмелерімен салыстырады және өтініш берушіге түпнұсқаларды қайтарады.
      14. Өтініштер қабылдауды технопарктер ТБИ бағдарламаларын іске асыруды тиісті жылдың 1 ақпанынан бастап 1 қазанына дейінгі кезеңде жүргізеді.
      15. Тиісті жылдың 1 ақпанынан бастап 1 қазанына дейінгі кезеңде үйлестіруші өтініштер берудің кемінде үш мерзімін белгілейді, олардың арасы кемінде күнтізбелік 45 күнді құрайды. Мәселен, бірінші мерзімде өтініш беруге үлгірмеген өтініш берушілер оны үйлестіруші белгілеген келесі мерзімдерде ұсынады. Үйлестіруші белгілеген тиісті жылдың соңғы мерзімінен кейін қарауға түскен өтініштер келесі күнтізбелік жылы қаралады.
      16. Өтініш технопаркке мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қағаз тасығышта екі данада - түпнұсқа және түпнұсқаның көшірмесі, сондай-ақ электрондық тасығышта ұсынылады.
      Өтініштің түпнұсқасына өтініш беруші қол қояды және мөрмен бекітіледі және материалдармен бірге беттері нөмірленіп, тігілген түрде бірыңғай папкаға салынады, соңғы беті өтініш берушінің қолымен және мөрімен бекітіледі.
      Өтініш көшірмесін өтініш беруші тікпейді.
      17. Өтініштегі жолдар арасына жазбалар жазылмауы, өшірілмеуі немесе қоса жазылмауы тиіс.
      18. Өтінішті қабылдаған технопарк қызметкері оның тіркелуін жүзеге асырады. Өтініштің тіркелген күні өтініштің технопаркке түскен күні болып табылады.
      19. Өтініш беруші өтініште қамтылған тапсырылған құжаттардың, бастапқы мәліметтердің, есептердің, негіздемелердің толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді. Өтініш берушінің толық емес немесе дұрыс емес мәліметтерді ұсынуы өтінішті қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

3 Параграф. Технопарктердің өтініштерді алдын ала шолуы

      20. Технопарк өтініш тіркелген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға сәйкес қажетті құжаттардың мазмұнының және оның ақпаратты ашуының толықтығына қатысты қағидаларға сәйкестілігін қарайды, ескерту болмаған жағдайда өтініш тіркелген күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде үйлестірушіге жіберіледі.
      21. Өтініштер осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда технопарк өтініштің тіркелген күнінен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей өтініште көрсетілген байланыс құралдарының бірі: телефон, факсимильді байланыс, пошталық жіберілім немесе электрондық пошта арқылы өтініш берушіге хат-хабарлама жібереді.
      Өтініш өтініш берушіге ескертулерді жою үшін қайтарылады.
      22. Өтініш беруші анықталған ескертулерді жояды және осы Қағидаларға сәйкес келетін өтінішті қайта тапсырады. Өтініш берушінің технопаркке өтінішті қайта тапсыруы ескерту алған күннен бастап 20 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады.
      Қажет болған жағдайда технопарк өтініш берушіге кемшіліктерін жою мәселелеріне қатысты консультациялық көмек көрсетеді.
      23. Технопарк көрсеткен ескертулерді жою арқылы өтінішті қайта тапсырудан өтініш беруші бас тартқан жағдайда, ескерту алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде өтініш беруші бұл туралы технопаркті хабардар етеді.
      24. Технопарк пысықталған өтініштерді алған күнінен бастап 2 жұмыс күні ішінде ескертулердің жойылғанын тексереді. Қайта ескертулер болмаған жағдайда, өтініштің көшірмесі қағаз тасығышта және электрондық пішімде сыртқы сараптаманы ұйымдастыру үшін үйлестірушіге қайталанған өтініштің қабылданған күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде беріледі.
      Өтініштің түпнұсқасы технопаркте сақталады.

4 Параграф. Өтініштің сыртқы сараптамасы

      25. Үйлестіруші өтініштердің технопарктерден түсуіне қарай олардың сыртқы сараптамасын ұйымдастырады. Өтініштерді сыртқы сараптамаға жіберуді үйлестіруші технопарктерден өтініштер түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүргізеді.
      26. Технологияларды коммерцияландыру орталықтарының қатысуымен іске асырылған жобалар бойынша өтініштер қарау үшін сараптамаға жіберілмейді, бірақ осы Қағидалардың 5-параграфына сәйкес өтініш беруші сұраған ТБИ қызметтері құнының негізділігін бағалауға жіберіледі.
      27. Сыртқы сараптама өтініштерді екі тәуелсіз сарапшыға жіберу арқылы ұйымдастырылады:
      1) қаралатын өтініштің технологиялық бөлігіне қатысты;
      2) қаралатын өтініштің экономикалық бөлігіне қатысты.
      28. Өтініштердің технологиялық бөлігіне қатысты біліктілігі бар тәуелсіз сарапшы жобаның жаңалығын, технологиялық орындылығын және іске асырылуын анықтау мақсатында қарайды.
      29. Өтінішті экономикалық бөлігіне қатысты біліктілігі бар сарапшы жоба өнімінің бәсекеге қабілеттілігін, сондай-ақ оның негізінде тәуелсіз кәсіпкерлік қызметті дамытудың экономикалық орындылығын анықтау мақсатында қарайды.
      30. Әр өтінішті қарау үшін тәуелсіз сарапшыларды таңдауды үйлестіруші сарапшының біліктілігі мен тәжірибесіне байланысты жеке жүргізеді. Сыртқы сараптамаға отандық және (немесе) шетелдік сарапшылар тартылады.
      Сыртқы сараптаманы жүргізуге жұмсалатын шығыстарды үйлестіруші ТБИ қызметтерін көрсетуге уәкілетті органда көзделген қаражат есебінен қаржыландырады.
      31. Сыртқы сараптаманың ұзақтығы тәуелсіз сарапшы құжаттарды алған күнінен бастап 10 жұмыс күнінен аспайды.
      32. Үйлестіруші өтініште қамтылған ақпаратты пайдалану кезінде құпиялылықты, сондай-ақ өтініштерді қараудың объективтілігін:
      1) өтініш беруші мен тәуелсіз сарапшылар арасында байланыстарды болдырмау;
      2) бағалауды жүргізген тәуелсіз сарапшы туралы мәліметтерді таратпау;
      3) тәуелсіз сарапшыға өтініш беруші және оның өтініші туралы мәліметтерді таратпау арқылы қамтамасыз етеді.
      33. Тәуелсіз сарапшылар сыртқы сараптаманың нәтижесінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) жобаның мәлімделген мақсаттары мен нәтижесінің параметрлеріне қол жеткізе алмауына әкелетін ескертулер болмаған жағдайда өтініш берушіге ТБИ қызметтерін көрсетуді ұсыну;
      2) жобаның мәлімделген мақсаттары мен нәтижесінің параметрлеріне қол жеткізе алмауына әкелетін ескертулер бар болған жағдайда, бірақ ТБИ қызметтерін көрсету процесінде түзетілетін ескертулерді ескере отырып, өтініш берушіге ТБИ қызметтерін көрсетуді ұсыну;
      3) ТБИ қызметтерін көрсету процесінде жою мүмкін болмайтын және жобаның мәлімделген мақсаттары мен нәтижесінің параметрлеріне қол жеткізе алмауына әкелетін ескертулер бар болған жағдайда өтініш берушіге ТБИ қызметтерін көрсетуден бас тарту.
      34. Өлшемдердің әрқайсысы бойынша тәуелсіз сарапшының бағалауы нақты, қысқаша негізделуге тиісті. Сыртқы сараптама нәтижелері бойынша тәуелсіз сарапшының жалпы қорытындысы шешімді негіздеген факторларды түсіндіру арқылы, оның ішінде осы Қағидалардың 33-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бағаланған жағдайда ескертулерді жою жөніндегі ұсыныстар арқылы нақты негіздеуге жатады.
      35. Тәуелсіз сарапшылардың ұсыныстары негізінде үйлестіруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) егер тәуелсіз сарапшылардың ұсыныстары осы Қағидалардың 33-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес келсе, өтініш берушінің сұраған ТБИ қызметтері құнының негізділігін бағалау жүргізуге өтініш жіберу;
      2) егер тәуелсіз сарапшылардың бірі осы Қағидалардың 33-тармағының 3) тармақшасына сәйкес өтінішті қайтарған жағдайда - өтінішті қабылдамау.
      36. Үйлестіруші сыртқы сараптама нәтижелерін алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 33-тармағының негізінде шешім қабылдайды және өтініш беруші мен сыртқы сараптама нәтижелеріне сілтеме бере отырып, технопаркке тиісті хабарлама жібереді.

5 Параграф. Өтініш беруші сұраған ТБИ қызметтері құнының
егізділігін бағалау

      37. Өтініш беруші сұраған ТБИ қызметтері құнының негізділігін бағалауды үйлестіруші сыртқы сараптаманың нәтижелерін немесе технологияларды коммерцияландыру орталықтарының қатысуымен іске асырылған жоба бойынша өтінішті алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүргізеді.
      38. ТБИ қызметтері құнының негізділігін бағалаудың мақсаты жобаны іске асыру шеңберінде жоспарланған іс-шаралармен негізделген объективті қажеттіліктерді қаржыландырудың өтініш беруші сұраған көлемге сәйкестігін бағалау арқылы шығыстардың оңтайлы мөлшерін айқындау болып табылады.
      39. ТБИ қызметтері құнының негізділігін тексеру үшін қосымша түсініктеме беру қажеттілігі туындаған жағдайда, үйлестіруші технопарк арқылы өтініш берушіден қажетті материалдарды сұратады.
      40. ТБИ қызметтері құнының негізділігін бағалау нәтижелері бойынша үйлестіруші қорытындыны 10 жұмыс күні ішінде әзірлейді. Ол, әзірленген күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде технопаркке жеткізіледі. Қорытындыға сәйкес өтінішті түзетудің қажеттілігі болмаған жағдайда өтініш сараптамалық кеңестің қарауына шығарылады.
      41. Технопарк қорытындыны алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтініш берушімен бірлесіп ТБИ қызметтерінің құнына қажетті түзетулер енгізеді.
      42. Өтініш беруші үйлестірушінің қорытындысымен келіспеген және ТБИ қызметтерінің құнын негіздейтін сұраған түсініктемелерді бермеген жағдайда, ТБИ қызметтері құнының негізділігіне бағалау жүргізу осы Қағидалардың 37-тармағында көрсетілген мерзімнің ішінде өтініш үйлестіруші тарапынан кері қайтарылуға жатады.
      43. Пысықталған өтініш сараптамалық кеңестің қарауына шығару үшін үйлестірушіге жіберіледі.

6 Параграф. Сараптамалық кеңестің өтініштерді қарауы

      44. Сараптамалық кеңесті үйлестіруші құрады, оның құрамы 7-ден 11 мүшеге дейін болады. Сараптамалық кеңес мүшелерінің бірі үйлестірушінің шешімімен сараптамалық кеңестің төрағасы болып тағайындалады.
      45. Сараптамалық кеңестің отырыстарын, бір отырыста кемінде бес өтінішті қарастырған жағдайда ТБИ қызметтері құнының негізділігін бағалау қорытындысының түсуіне қарай ұйымдастырады.
      46. Сараптамалық кеңестің мүшелерін үйлестіруші индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы білікті мамандар қатарынан мыналардың:
      1) индустриялық-инновациялық саясатты іске асыруға қатысатын мемлекеттік органдардың;
      2) салалық қауымдастықтардың, кәсіпкерлер бірлестіктерінің, индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын басқа да қоғамдық ұйымдардың;
      3) саяси партиялардың;
      4) ғылыми және ғылыми-зерттеу ұйымдарының;
      5) ұлттық компаниялардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, индустриялық-инновациялық қызметті іске асыратын басқа да ұйымдардың ұсыныстары бойынша тағайындайды.
      47. Сараптамалық кеңес өтініштерді қарауды мынадай бағыттар бойынша жүргізеді:
      1) Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңына сәйкес жобаның Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының басым бағыттарына сәйкестігі;
      2) жобаның бірегейлігі;
      3) жоба өнімінің талап етілуі;
      4) өтініш берушінің жобаны іске асыруға қатысуы және мәлімделген параметрлерге сәйкес оның жобаны іске асыруға қабілеттілігі;
      5) жобаның әлеуетті экономикалық тиімділігі;
      6) жобаның әлеуетті әлеуметтік тиімділігі;
      7) мәлімделген шығындардың жоспарланған іс-шараларға, мақсаттарға және жоба нәтижелерінің ауқымына сәйкестігі.
      48. Сараптамалық кеңестің отырысы өтініш берушілерді жеке тыңдау арқылы немесе байланыс құралдарының (бейне конференция байланысы, конференция байланысы) көмегімен ашық түрде өткізіледі.
      49. Сараптамалық кеңес мүшелерінің әр өтініш бойынша шешімі әрбір бағыт бойынша балдық бағалау арқылы қабылданады.
      50. Балдарды қаралған өтініштермен салыстыру кезінде мыналар назарға алынады:
      1) осы Қағидалардың 14-15-тармақтарына сәйкес бір кезең ішінде түскен өтініштер;
      2) алдыңғы кезеңде түскен және сыртқы сараптама ТБИ қызметтері құқының негізділігін бағалау кезеңдерінен өткен, бірақ осыдан бұрын қаралған басқа да өтініштермен салыстыра отырып, сараптамалық кеңестің қарау нәтижелері бойынша балдарының жетіспеуіне байланысты бас тартылған өтініштер.
      Соңғы кезең ішінде түскен өтініштерге қарағанда сараптамалық кеңес ең жоғары балмен бағалаған, осы Қағидалардың 50-тармағының 2) тармақшасында көзделген өтініштер бар болған жағдайда, нәтижелерді шығарған кезде алдыңғы кезеңдерде түскен өтініштер таңдап алынған болып есептеледі.
      51. Әр кезеңнің шеңберінде іріктеуге жататын өтініштердің саны ТБИ бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылы іріктеуге жататын өтініштердің жалпы санынан жоспарланған кезеңдердің санына үйлесімді анықталады.
      52. Ең көп балл алған өтініштер ТБИ қызметтерін көрсету үшін үйлестірушіге ұсынылады.
      53. Сараптамалық кеңестің қарау нәтижелері бойынша ең жоғары мүмкін балдардың кемінде елу пайызын алған өтініштер ТБИ қызметтерін көрсету үшін үйлестірушіге ұсынылады.
      54. Әрбір өткізілген отырыс шеңберінде сараптамалық кеңестің шешімі отырыс өткен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді.
      55. Мемлекеттік қызметкерші болып табылмайтын сараптамалық кеңес мүшелерінің қызметші үйлестіруші тиісті жылы ТБИ бағдарламасын іске асыруға уәкілетті орган бөлетін қаражаттан ақы төлейді.

7 Параграф. ТБИ қызметтерін көрсету туралы үйлестірушінің шешім қабылдауы

      56. Сараптамалық кеңес ұсыныстарының негізінде үйлестіруші сараптамалық қорытындыны ұсынғаннан бастап 5 жұмыс күні ішінде сараптамалық кеңестің ұсынымдарына сәйкес ең көп балл алмаған өтініш берушілерге ТБИ қызметтерін көрсетуге және/немесе қызметтерді көрсетпеу туралы шешім қабылдауы;
      57. Үйлестірушінің шешімі қабылданған күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде технопарктерге жеткізіледі. Өтініштері сараптамалық кеңестің қарауына шығарылған өтініш берушілерге, үйлестірушіден хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде технопарктер үйлестірушінің шешімін жеткізеді.

8 Параграф. Технопарк пен қызметтерді алушы арасында ТБИ
қызметтерін көрсетуге шарт жасасу

      58. Технопарктер мен қызметтерді алушы арасында ТБИ қызметтерін көрсетуге шарт жасасу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      59. Мыналар:
      1) өтініш берушіге көрсетілуі тиіс ТБИ қызметтерінің тізбесі мен көлемін қамтитын техникалық тапсырма;
      2) өтініш беруші сұраған ТБИ қызметтері құнының негізділігін бағалау нәтижелері бойынша түзетілген ТБИ қызметтерін көрсетуге арналған шығындар сметасы;
      3) әрбір кезеңнің және қол жеткізілуі жоспарланған нәтиженің құнын көрсету арқылы оның іске асырылу барысының кезеңді сипаттамасын қамтитын жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары технопарк пен өтініш беруші арасындағы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

9 Параграф. Технопарктердің ТБИ қызметтерін көрсетуі

      60. Технопарктің қызмет алушыға ТБИ қызметтерін көрсетуі осы Қағидаттың 5-ші қосымшасына сәйкес жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспарына сәйкес олардың жасасқан шартының негізінде жүргізіледі.
      61. ТБИ қызметтерін көрсету фактісі үйлестіруші алдында есептілікке қоса берілетін технопарк пен қызметтерді алушы арасында жасалатын көрсетілген қызметтердің тиісті актілерімен ресімделеді.
      62. Қызметтерді алушыға технопарктің көрсеткен ТБИ қызметтерінің төлемін жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалуына қарай ТБИ қызметтерін көрсетуге арналған шығындар сметасы негізінде үйлестіруші төлейді. Технопарк көрсеткен ТБИ қызметтерінің төлем көзі тиісті қаржы жылына ТБИ бағдарламасын іске асыруға уәкілетті органға бюджеттен бөлінген ақшалай қаражат болып табылады.
      63. Технопарк, қызметтерді алушы қажеттіліктерінің атқарылатын іс-шараларға сәйкестігін қамтамасыз етеді. Бұл ретте технопарк бірлесе орындаушыларды таңдау кезінде бірлесіп орындаушының қажетті іс-шараларды тиісті сапада орындауға қабілеттілігі туралы өтініш берушінің пікірін ескереді.
      64. Егер жобаны іске асыру барысында ТБИ қызметтерін көрсетуге арналған шығындар сметасын түзету қажеттілігі туындаған жағдайда, түзету қажеттілігінің нақты негіздемесімен бірге шығындар сметасын түзету жөніндегі ұсынысты технопарк өтініш берушімен бірлесіп әзірлейді және үйлестірушінің қарауына шығарылады.
      65. Үйлестіруші ТБИ қызметтерін көрсетуге арналған шығыстар сметасын түзету туралы ұсынысты алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде көрсетілген ұсыныстарды қарайды және түзетуді енгізудің орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытынды әзірлейді.
      66. Түзетулерді енгізудің орындылығы мойындалған жағдайда тиісті түзетулер технопарк пен қызметтерді алушы арасында жасалған ТБИ қызметтерін көрсетуге арналған шартқа қосымша келісімшарт жасасу арқылы үйлестірушінің қорытындысы негізінде ресімделеді.

10 Параграф. ТБИ бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру
мониторингі

      67. ТБИ бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру мониторингінің мақсаты шартқа сәйкес жобаны іске асырудың нақты барысын көрсету болып табылады.
      68. ТБИ бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру мониторингі әрбір жоба бойынша мынадай есептілікті ұсынуды қамтиды:
      1) жоба бойынша іске асырылған іс-шаралар және кепілдемелерімен қоса қол жеткізілген нәтижелер туралы тоқсан сайын есеп беру;
      2) қол жеткізілген нәтижелердің талдауымен және оны одан әрі дамыту жөніндегі ұсыныстарымен қоса жобаның іске асырылу барысы туралы жыл сайын есеп беру.
      69. Тоқсан сайынғы есепті технопарк үйлестірушіге ұсынады. Есеп қызметтерді алушымен келісіледі және технопарк көрсеткен қызметтерді үйлестіруші қабылдау негіздерінің бірі болып табылады.
      70. Тоқсандық есепке іске асырылған іс-шаралардың сипатын, қол жеткізілген нәтижелердің параметрлерін, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу деңгейін, жоспарланған көрсеткіштерді қабылдамау себептерін, өзекті және ортаға қойылған мәселелерді, оларды шешу жөніндегі ұсыныстарды түсіндіретін тармақтардың әрқайсысы бойынша түсіндірме жазба қоса беріледі.
      71. Тоқсандық есеп есепті тоқсанның соңғы айынан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірілмей үйлестірушіге тапсырылады. Тоқсандық есепті тапсыру нысанын үйлестіруші бекітеді.
      72. Технопарктердің тоқсандық есептері негізінде үйлестіруші тоқсандық есептен кейін бір айдың ішінде уәкілетті органға ТБИ бағдарламасын іске асыру барысы туралы талдамалы ақпарат әзірлейді.
      73. Жобаны іске асыру барысы туралы жыл сайынғы есеп тоқсан сайын берілетін есепке ұқсас тәртіппен рәсімделеді және қосымша мыналарды қамтиды:
      1) іс-шараларды іске асыру фактілерін және фотографиялық материалдарды қоса алғанда, нәтижелерге қол жеткізілгендігін растайтын құжаттардың көшірмелері;
      2) жобаға қажетті түзетулер енгізу немесе іске асыруды тоқтату бойынша ТБИ бағдарламасы шегінде оның одан әрі іске асырылуы туралы ұсынымдарымен қоса, жобаның нәтижелілігін талдау.
      74. Үйлестіруші жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде ТБИ бағдарламасы шеңберінде жобаны іске асыру туралы есептерді тыңдауды ұйымдастырады.
      75. Жобаның іске асырылу барысын нақты бағалау мақсатында үйлестіруші мониторингті жүзеге асыру шеңберінде технопаркті және қызметтерді алушыны аралап көруге құқылы.

11 Параграф. ТБИ қызметтерін көрсету нәтижелерін бағалау

      76. ТБИ бағдарламасын іске асыру шеңберінде ТБИ қызметтерін көрсету нәтижелерін бағалаудың екі нысаны қолданылады:
      1) ағымдағы бағалау - тоқсан сайын, жоба бойынша іске асырылған іс-шаралар мен қол жеткізілген нәтижелер туралы тоқсандық есептің негізінде;
      2) қорытынды бағалау - әрбір жоба бойынша ТБИ қызметтерін көрсетуді тоқсан сайын аяқтау бойынша.
      77. Ағымдағы бағалауды іске асырылған іс-шаралардың тиімділігін айқындау, ТБИ бағдарламасы шеңберінде технопарктердің нәтижелілігін бағалау және жобаны одан әрі дамыту бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында үйлестіруші жүргізеді.
      78. Ағымдағы бағалауды жүргізу үшін осы Қағидалардың 11-тарауында белгіленген тәртіппен технопарк тапсыратын тоқсандық есеп негіз болып табылады.
      79. Қорытынды бағалауды қызметтерді алушыға ТБИ қызметтерін көрсетуді аяқтау бойынша үйлестіруші жүргізеді.
      80. Қызметтерді алушыға ТБИ қызметтерін көрсетуді аяқтау жоспарлы немесе мерзімінен бұрын болады.
      81. Қызметтерді алушыға ТБИ қызметтерін көрсетудің жоспарлы аяқталуы деп осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес ТБИ қызметтерін көрсету кезеңінің аяқталуы түсіндіріледі.
      82. Қызметтерді алушыға ТБИ қызметтерін көрсетуді мерзімінен бұрын аяқтауды үйлестіруші мынадай жағдайларда жүзеге асырады:
      1) ағымдағы бағалау нәтижелері жөніндегі ТБИ бағдарламасы шеңберіндегі жобаны одан әрі іске асырудың орынсыздығы туралы шешімнің қабылдануы;
      2) жоспарланған нәтижелерге мерзімінен бұрын қол жеткізу және одан әрі ТБИ қызметтерінің қажеттілігінің болмауы;
      3) өтініш берушінің ТБИ бағдарламасы шеңберінде жобаны одан әрі іске асырудан бас тартуы.
      83. Ұсынылған ұсынымдардың негіздемесімен қоса, үйлестірушінің технопаркті таныстыру бойынша қабылдаған шешімі осы Қағидалардың 82-тармағының 2), 3) тармақшаларына сәйкес ТБИ қызметтерін көрсетуді мерзімінен бұрын тоқтату үшін негіз болып табылады.

3. ТБИ қызметтерінің құнын айқындау тәртібі

      84. Бір жобаны іске асыруға арналған ТБИ қызметтерінің жалпы құны нақты жобаның ерекшеліктеріне сәйкес белгіленеді, бірақ тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасында заңнамасында белгіленген жылына сегіз мың еселенген ең төменгі есептілік көрсеткіштен аспауы тиіс.
      85. Осы Қағидалардың 8-тармағының 1)-6) тармақшаларында көрсетілген ТБИ қызметтерінің құны технопарк әзірлеген және үйлестіруші бекіткен бірыңғай сағаттық тарифке сүйеніп белгіленеді. Бұл ретте тарифтер ұқсас қызметтер үшін нарықтағы орташа нарықтық тарифтен аспауы тиіс.
      86. ТБИ қызметтеріне деген қажеттіліктің есебі осы Қағидалардың 8-тармағының 1)-6) тармақшаларында көрсетілген мынадай шектеулерді ескере отырып жүргізіледі:
      1) бухгалтерлік сүйемелдеу жөніндегі қызметтер - бір жобаға аптасына он сағаттан көп емес;
      2) жобаны заңдық сүйемелдеу жөніндегі қызметтер - бір жобаға аптасына он сағаттан көп емес;
      3) жоба менеджерінің қызметі - бір жобаға аптасына қырық сағаттан көп емес;
      4) жобаны жалпы және әкімшілік сүйемелдеу жөніндегі қызметтер - бір жобаға аптасына жиырма сағаттан көп емес;
      5) жобаны экономикалық сүйемелдеу жөніндегі қызметтер - бір жобаға аптасына он сағаттан көп емес;
      6) жобаны маркетингтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтер - бір жобаға аптасына жиырма сағаттан көп емес, бірақ екі жүз жетпіс сағаттан көп емес.
      Жалпы және әкімшілік сүйемелдеу бойынша қызметтер құнын анықтау кезінде кеңсе тауарларымен және керек-жарақтармен, сыртқы ақпарат ресурстарына қол жеткізумен қамтамасыз ету құны ескерілмейді.
      Кеңсе тауарларымен және керек-жарақтармен қамтамасыз етуге кететін шығындар тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең аз есептік көрсеткіштің отыз еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.
      Сыртқы ақпарат ресурстарына қол жеткізуде жұмсалатын шығындар тиісті ақпарат ресурстарының иелері белгілеген нақты құны бойынша айқындалады.
      87. Жобаның күрделілігіне және бастапқы мәліметтердің болуына байланысты осы Қағидалардың 8-тармағының 7) тармақшасына сәйкес бизнес-жоспарды әзірлеу жөніндегі қызметтер құны тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең аз есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.
      88. Осы Қағидалардың 8-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жобаны іске асырумен байланысты іскерлік сапарларды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер құнын айқындау кезінде мемлекеттік мекеме басшылары мен олардың орынбасарлары болып табылмайтын, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің іссапарлық шығыстарын өтеу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актімен белгіленген тәртіп қолданылады.
      89. Осы Қағидалардың 8-тармағының 14), 15) тармақшаларында көзделген ТБИ қызметтерін көрсету шеңберінде әрбір жоба бойынша сатып алынатын жабдықтың жалпы құны тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең аз есептік көрсеткіштің екі мың есе мөлшерінен аспайтын шарттарда, осы қызметтерді тиісінше көрсету үшін қажетті жабдықтарда сатып алуға жол беріледі.
      90. ТБИ қызметтерін көрсету шеңберінде жабдықтарды сатып алған жағдайда, сондай-ақ ТБИ қызметтерін көрсету нәтижесінде басқа мүліктер пайда болған жағдайда көрсетілген активтер технопарктің меншігі болып табылады. Оларды пайдалануды жобаны іске асыру мақсатында қызметтерді алушылар жүзеге асырады. Көрсетілген активтерді пайдаланумен байланысты туындайтын шығындар тиісті жоба шеңберінде қызмет алушыға ТБИ қызметтерін көрсетуге бөлінген қаражаттан қаржыландырылады.
      91. Технопаркке тиесілі сатып алынған немесе пайда болған активтер жоба бойынша ТБИ қызметтерін көрсету кезеңінің аяқталуына байланысты бойынша технопарк мына тәсілдердің бірін пайдаланады:
      1) технопарктің қосқан үлесі ретінде жобаны іске асыру шеңберінде қызметтерді алушы құрған заңды тұлғаның жарғылық капиталына салынады;
      2) іске асыру кезінде теңгерімдік құнынан төмен емес құн бойынша өтініш берушіге өткізіледі;
      3) ТБИ кызметтерін көрсету аяқталған кезде теңгерімдік құнынан төмен емес құн бойынша үшінші тұлғаларға өткізіледі.
      Активтерді пайдалану тәсілі туралы шешімді технопарктің басқару органдары технопарк жарғысына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тәртіппен қабылдайды.
      92. Осы Қағидалардың 9091-тармақтарында көрсетілген талаптар зияткерлік меншік объектілеріне және қызмет алушының меншігі болып табылатын ТБИ қызметтерін көрсету шеңберінде алынған рұқсат беру құжаттарына қолданылмайды.
      93. ТБИ қызметтерін көрсету процесінде бастапқыда қызметтерді алушының мәлімдемеген жаңа зияткерлік меншік объектісі туындаған жағдайда технопарктің қызмет алушымен келісуі бойынша таза табыстың елу пайызына дейінгі көлемде осы зияткерлік меншік объектісін пайдаланудан түскен табыстың бір бөлігіне ие болуға құқығы бар. Технопаркке төленетін таза табыстың бір бөлігі қызметтерді алушы мен технопарк арасында жасалған басқа келісіммен белгіленеді.
      94. Осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген басқа қызметтер құнын өтініштегі өтініш беруші беретін тиісті есептері мен баға ұсыныстарымен расталатын нақты құнға сүйене отырып, ТБИ қызметтері құнының негізділігін бағалау процесінде үйлестіруші айқындайды.

Технологиялық бизнес-инкубациялау
қызметтерін көрсету, сондай-ақ
мұндай көрсетілетін қызметтер 
құнын айқындау қағидаларына
1-қосымша           

Нысан

Жобаның технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін
алуға арналған өтініш

Бірінші басшысы
___________________________
(технопарктің атауы)
___________________________
(директордың Т.А.Ә.А.)

Өтініш

Осы арқылы __________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә.А. толығымен - жеке тұлға үшін, ұйымның толық атауы - заңды
тұлға үшін)
      технологиялық бизнес-инкубациялау бағдарламасына қатысуға
арналған өтінішпен жүгінеді және оны белгіленген тәртіппен қарауды
сұрайды.
      Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету және
олардың құнын айқындау қағидаларымен таныстық және келісеміз,
ескертулер мен қарсылығымыз жоқ.
      Өтініште берілген мәліметтердің дұрыстығын кепілдік береміз.
      Қосымша: өтініштің құжаттары, атап айтқанда:
      1) жоба паспорты, ___ п.;
      2) жобаның қысқаша сипаттамасы, ____ п.;
      3) технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсетуге
арналған шығындар сметасы, ____ п.;
      4) жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары, ____ п.;
      5) құқықтық статусты растайтын құжаттардың көшірмелері, ___ п.;
      6) өтініште берілген мәліметтердің дұрыстығын растайтын
материалдар, ____ п.

_____________________________


_______________________

(лауазымы - заңды тұлға үшін) лица)

(қолы)

(Т.А.Ә.А.)

_________________
      1 - өтініш берушілер үшін - заңды тұлғалар үшін өтініш заңды
тұлғаның фирмалық бланкісінде ресімделеді және заңды тұлғаның мөрімен
бекітіледі.

Технологиялық бизнес-инкубациялау
қызметтерін көрсету, сондай-ақ
мұндай көрсетілетін қызметтер
құнын айқындау қағидаларына  
2-қосымша          

Нысан

Жобаның паспорты № _______________________________
                    (технопарк қызметкері береді)

Тіркелген күні _______________________
(жылы) (күні) (айы)

1. Жобаның атауы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жобаның саласы ______________________________________________________
Жобаның кіші саласы _________________________________________________
2. Өтініш беруші
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә.А. толығымен - жеке тұлғалар үшін, толық атауы - заңды
тұлғалар үшін)
3. Өтініш берушінің уәкілетті өкілі
_____________________________________________________________________
                         (заңды тұлғалар үшін)
3.1. Лауазымы _______________________________________________________
3.2. Т.А.Ә.А.________________________________________________________
3.3. Негіз __________________________________________________________
(құжаттың деректемелері, оның негізінде өкіл өтініш берушінің атынан
уәкілетті болады, өтініште қамтылған ақпараттың дұрыстығын растайтын
материалдарда құжаттың көшірмесі қоса беріледі)
4. Өтініш берушінің мекенжайы _______________________________________
(өтініш берушінің мекенжайы толығымен, заңды тұлғалар үшін - заңды
мекенжайы)
5. Жоба іске асырылатын орын: _______________________________________
                                      (қала, аудан, облыс)
6. Жобаның жетекшісі
Т.А.Ә.А. ____________________________________________________________
Жұмыс орны: _______________________ Лауазымы: _______________________
Мамандығы: __________________________________________________________
Мамандануы __________________________________________________________
Ғылыми дәрежесі ___________________ Ғылыми атағы ____________________
7. Өтінішке сәйкес ТБИ қызметінің құны, мың:
_____________________________________________________________________
                                           (цифрлармен, жазбаша)
8. Бірлесіп қаржыландыру көлемі, мың теңге:__________________________
                                             (цифрлармен, жазбаша)
9. Жобаның өнімі ____________________________________________________
10. ТБИ-дың қызмет көрсету ұзақтығы ___________________ апта
      1 кезең ___________________ апта
      2 кезең ___________________ апта
      ...кезең ___________________ апта
      N кезең ___________________ апта
11. Жобаның түпкілікті нәтижесі:

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

1 кезең

2 кезең

...кезең

N кезең







1 Көрсеткіш












2 Көрсеткіш












...












N Көрсеткіш
























12. Өтініш берушінің байланыс ақпараты ______________________________
                  (телефоны) (факс) (электронды поштасының мекенжайы)
13. Әлеуетті бірлесіп орындаушылар
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
... _________________________________________________________________
N ___________________________________________________________________
(жеке тұлғалар үшін - Т.А.Ә.А., мамандығы, заңды тұлғалар үшін - толық атауы, қызметтің негізгі түрі)
14. Жағымсыз сарапшылар:
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
(Т.А.Ә.А., сарапшының өңірі, оны тарту өтініштің сараптамасы үшін
жеке немесе өзге де субъективті себептер бойынша қажет емес)
Өтініш беруші _______________________________________________________
(өтініш берушінің немесе оның уәкілетті тұлғасының қолы) (Т.А.Ә.А.
толығымен)

Технологиялық бизнес-инкубациялау
қызметтерін көрсету, сондай-ақ 
мұндай көрсетілетін қызметтер 
құнын айқындау қағидаларына  
3-қосымша           

Жобаның қысқаша сипаттамасына қойылатын
талаптар

      Жобаның қысқаша сипаттамасын өтініш беруші мынадай құрылымға сәйкес ресімдейді:
      1) жобаның атауы;
      2) жоба тұжырымдаманың жалпы сипаттамасы;
      3) жобаның өнімі;
      4) жоба өнімінің нарығы;
      5) жобаны іске асыру орнының негіздемесі;
      6) жобаның іске асырылуының дайындық деңгейі;
      7) жоба шеңберінде кәсіпкерлік қызметті дамыту пайымы;
      8) жобаның экономикалық тиімділігі;
      9) жобаның командасы;
      10) технологиялық бизнес-инкубациялаудың талап етілетін қызметтері;
      11) жобаны іске асыруға өтініш берушінің қатысуы;
      12) жобаны іске асыру бойынша жоспарланатын нәтижелер.
      Мүмкіндігіне қарай өтініш беруші қысқаша сипаттаманы дайындау кезінде оны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтерді тікелей көрсетуден сақтануы тиіс.
      Барлық ақпарат нақты, түсінікті түрде баяндалуы тиіс, жобаның іске асырылуына қатысты өтініш беруші тарапынан ұсынылатын тәсілдерді негіздейтін және негізгі іс-шаралардың мазмұнын ашатын нақты деректерді қамтитын екі ойды білдірмеуі тиіс.
      Өтініш беруші - жеке тұлға немесе заңды тұлғаның басшысы - өтініш беруші тарапынан жобаның қысқаша сипаттамасының әрбір бетіне қол қойылады. Электрондық пішімдегі жобаның қысқаша сипаттамасы әрбір бетіне қол қойылмай тапсырылады.
      «Жоба тұжырымдамасының жалпы сипаттамасы» бөлімі мыналарды қамтуы тиіс:
      1) қолданылатын технологияның 1 парақтан аспайтын көлемдегі қысқаша сипаттамасы2;
      2) жоба өзектілігінің негіздемесі - жобаның іске асырылуы орынды болып табылатын нақты себептер, жоба арқылы шешілетін мәселелер, көлемі бір парақтан артық емес;
      3) жобаның жаңашылдығы - 1 парақтан аспайтын көлемдегі негіздемесімен қоса берілген қорытындыларды, шешімдерді іске асыру барысында қолданатын жаңашылдықты, жобаның бірегейлігін анықтайтын нақты айғақтар;
      4) жобаның мақсаты - 0,5 парақтан аспайтын көлемдегі ТБИ бағдарламасына қатысуға мүмкіндігі бар қол жеткізуге болатын нақты пысықталған жобаны жүзеге асырудың мақсаты;
      5) жобаның іске асырылу кезеңдері - шаралар және әр кезеңінен күтілетін нәтижелер апталарға жалғасатындығы көрсетілген, қажеттілігінің негіздемесі бар жобаны іске асырудың негізгі кезеңдерінің 2 парақтан аспайтын көлемдегі қысқаша сипаттамасы.
      «Жоба өнімі» бөлімінде жоба аясында өндірілуі жоспарланатын өнімнің қысқаша сипаттамасы көрсетіледі, оның ішінде:
      1) өнімнің ассортименті;
      2) өнімнің қолдану аясы;
      3) өнімнің техникалық параметрлері;
      4) өнімнің экономикалық параметрлері;
      5) бәсекелестердің өнімімен салыстырғанда өнімнің басымдылығы;
      6) жоспарланатын өнімнің, оның ішінде ТБИ бағдарламасы шегінде өндіріс көлемін игеру;
      7) өнімді өндірудің бұрын жүзеге асырылған нәтижелері, өнім сатылымдары туралы-өнімнің бұрын өткізілген сынағының нәтижелері туралы мәліметтер.
      «Жоба өнімдері» деген бөлім көлемі жағынан 2 парақтан аспауы тиіс.
      «Жоба өнімінің нарығы» деген бөлім өтініш берушінің өнімді нарыққа шығару жөніндегі бағдарын, оның ішінде:
      1) жоба өнімінің жүзеге асырылу бағыты: аймақтық, ұлттық немесе сыртқы нарықтар;
      2) нарықтағы жоба өнімінің өндіріс көлемі және тұтынылуы;
      3) жоба өнімінің әлеуетті тұтынушылары;
      4) нарықтағы жоба өнімінің өндірушілері мен жеткізушілері;
      5) нарықтағы бағаның деңгейі, өтініш берушінің басқа да ақпараты;
      6) бастапқы уағдаластықтар, келісімдер, ниет туралы хаттамалар, жобаның іске асырылуы үшін жоба өнімінің тұтынушыларымен арадағы шарттар туралы мәліметтерді қамтиды.
      «Өнім жобасының нарығы» деген бөлім көлемі бойынша 2 парақтан аспауы тиіс.
      «Жобаны іске асыру негіздемесі» деген бөлім көлемі жағынан 1 парақтан аспауы тиіс және оның таңдауын, басымдылықтарын және кемшіліктерін негіздейтін факторларын көрсете отырып, жобаны іске асыру сипаттамасын қамтиды.
      «Жобаның іске асырылу дайындығының деңгейі» бөлімі одан әрі іске асырылу барысында пайдаланылатын жоба бойынша жасалымдарының сипаттамасын, оның ішінде:
      1) жоба бойынша олардың нәтижелері, көрсетілген жұмыстарының қаржыландыру көздерін көрсету арқылы бұрын орындалған ғылыми-зерттеу және тәжірибелі конструкторлық жұмыстар туралы ақпаратты;
      2) жобаны жүзеге асыру процесінде пайдалануға жоспарланатын зияткерлік меншік нысандарының өтініш берушіде бар болуы туралы ақпаратты;
      3) жобаның бұрын соңды қаржыландырылғандығы, қаржыландырылған жағдайда қандай көздерден, қандай көлемде, қандай нәтижелерге қол жеткізілгендігі туралы мәліметтерді;
      4) жобаның жасалуының қазіргі жай-күйін сипаттайтын басқа да ақпараттарды қамтиды.
      «Жобаның іске асырылу дайындығының деңгейі» деген бөлім көлемі жағынан 2 беттен аспауы тиіс.
      «Жоба шеңберінде кәсіпкерлік қызметтің даму бағдары» деген бөлім табысты бизнесті құру үшін жобаның келешектегі даму бағыттарын, сонымен бірге технологиялық бизнес-инкубациялау қызметін көрсету аяқталғаннан кейін де өтініш берушінің түсінуін айқындауы тиіс, және көлемі жағынан 1 беттен аспауы тиіс.
      «Жобаның экономикалық тиімділігі» деген бөлімде өтініш берушінің өзінде бар мәліметтер негізінде өндірілген жобаның экономикалық тиімділігін бағалау көрсетіледі. ТБИ бағдарламасы шеңберінде мәлімделген мақсаттарға қол жеткізу үшін қосымша инвестициялардың тартылуы талап етіледі және қосымша инвестицияларға қажеттіліктің бағалануы келтіріледі және инвестициялардың әлеуетті көздері көрсетіледі.
      «Жобаның экономикалық тиімділігі» деген бөлімнің көлемі 1 беттен аспауы тиіс.
      «Жоба командасы» деген бөлімде мына мәліметтер көрсетіледі:
      1) мамандығы, мамандануы, жұмыс тәжірибесі, біліктілігін растайтын басқа да ақпараты көрсетілген қысқаша түйіндемені қоса тіркеп жоба жетекшісі туралы;
      2) 3 жобаны іске асырудағы рөлі, қатысу қажеттілігінің негіздемесімен, мамандығы, мамандануы, жұмыс тәжірибесі, біліктілігін растайтын басқа да ақпаратты көрсете отырып (жеке тұлғалар үшін) - олардың орындалуын жоспарлайтын іс-шараларды бірлесе орындаушы ретінде ұсынылған заңды тұлғаларды, атап айтқанда оларды таңдаудың, тартудың мақсатқа сәйкестілігінің негіздемесі мен (заңды тұлғалар үшін) бірлесе орындаушылар туралы.
      Тиісті қосымшалары бар «Жобаның командасы» бөлімі жобаны сыртқы сараптамаға жіберу барысында қысқаша сипаттамадан алу мақсатында қысқаша қалған мәтіннен бөлек қалыптастырылады.
      «Жобаның командасы» бөлімі көлемі жағынан 2 беттен аспауы тиіс.
      «Технологиялық бизнес-инкубациялаудың талап ететін қызметтері» бөлімі жобаның жүзеге асырылуы мақсатында өтініш берушіге қажетті технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін қысқаша сипатын қамтуы тиіс, мыналар көрсетілуі керек:
      1) қажетті қызметтердің көлемі;
      2) көрсетілетін қызметтердің мәлімделген көлемінің есептері бар қызметтерді көрсетудің түрлері мен кезеңдері бөлінісінде қажетті қызметтері көлемінің негіздемесі;
      3) негіздемемен бірге қызметтер құнының есептері;
      4) әрбір қызмет көрсету түрлерінің, оның ішінде кезеңдер бөлінісінде күтілетін нәтижелер;
      «Технологиялық бизнес-инкубациялау» бөлімінің көлемі 4 беттен аспауы тиіс.
      «Жобаның іске асырылуына өтініш берушінің қатысуы» бөліміне ТБИ бағдарламасы шеңберінде жобаны іске асыру мақсатында өтініш берушінің қолданатын нақты ресурстары көрсетіледі. Өтініш берушінің ресурсы ретінде мыналар көрсетіледі:
      1) үй-жайлар мен жабдықтары көрсетілген ТБИ бағдарламалары шеңберіндегі жобаны іске асыру процесінде өтініш берушінің пайдаланатын үй-жайы, жабдықтары;
      2) қаражаттардың қайда және қалай жұмсалуын және күтілетін нәтижелерін көрсете отырып, жобаны іске асыру шеңберінде өтініш берушінің жұмсайтын ақшалай қаражаттары;
      3) өтініш берушілердің өз қаражаттары есебінен өндірілетін жобаның іске асырылуына тартылатын бірлесіп орындаушылар қызметтері үшін ақы төлеу шығыстары;
      4) жобаны іске асыру барысында пайдаланатын зияткерлік меншік нысандары;
      5) технопарк тарапынан ешбір шығынсыз мақсаттарын жүзеге асыру үшін өтініш беруші пайдаланатын және жобаның жүзеге асырылу үдерісінде талап ететін басқа да ресурстар.
      Бұдан басқа, жобаны жүзеге асыру процесінде өтініш беруші жұмсалатын ресурстардың құнын көрсетеді. Ұсынылған бағаның негіздемесі арқылы өтініш берушінің өзіндік бағасы негізінде өтініш беруші тарапынан жобаны қоса қаржыландыру ретінде көрсетілген ресурстардың құны көрсетіледі.
      «Жобаның іске асырылуына өтініш берушінің қатысуы» бөлімінің көлемі 2 беттен аспауы тиіс.
      «Жобаны іске асырудан күтілетін жоспарланған нәтижелер» бөлімінде экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және технологиялық бизнес-инкубациялауды аяқтау бойынша жобаны жүзеге асыру нәтижесінде қол жеткізілетін оңтайлы тиімділікті сипаттайтын нақты сандық және сапалық көрсеткіштер көрсетіледі. Атап айтқанда, жобаны іске асыру бөлінісінде мыналар көрсетілуі тиіс:
      1) жоба өнімі өндірісінің көлемі;
      2) сатылым көлемі және сатудан түскен жоспарланатын табыстар;
      3) жобаны іске асыру үшін қызметтерді алушы құрған заңды тұлғадағы жұмыс орындарының саны;
      4) жобаның салалық және өзге де ерекшелігімен анықталатын басқа да көрсеткіштер.
      «Жобаны іске асырудан күтілетін жоспарланатын нәтижелер» бөлімі 2 беттен аспауы тиіс, көлемі оңай және қолайлы болу үшін көрсеткіштер кесте түрінде берілуі мүмкін: 

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

Көрсеткіштің маңызы

1 кезең

2 кезең

N кезең







      Қажеттілік туындаған жағдайда, өтініш беруші әрбір бөлімде осы талаптарда көрсетілген материалдың көлемі бойынша шектеулердің сақталуы барысында олардың тақырыпқа сәйкес қосымша ақпарат көрсетуі мүмкін.
      Жобаның қысқаша сипаттамасының жалпы көлемі 25 беттен аспауы тиіс. Жобаның қысқаша сипаттамасында баяндалған негіздейтін амалдар қажетті есептемелер және басқа көлемді ақпарат (кестелер, иллюстрациялар, басқалары) өтініште берілген мәліметтердің деректілігін растайтын материалдар қосымша ретінде шығарылуы мүмкін. Бұл ретте жобаның қысқаша сипаттамасының мәтінінде оларға міндетті түрде сілтеме көрсетіледі.
      Жобаның қысқаша сипаттамасына жеке тұлғалар үшін - өтініш беруші қол қояды, заңды тұлғалар үшін және өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы қол қояды - мөрмен бекітіледі.

Технологиялық бизнес-инкубациялау
қызметтерін көрсету, сондай-ақ
мұндай көрсетілетін қызметтер
құнын айқындау қағидаларына 
4-қосымша           

Нысан

Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсетуге арналған шығыстар сметасы

Жобаның атауы: ______________________________________________________

      Технологиялық бизнес-инкубациялау бағдарламасы шеңберінде жобаны дамыту үшін мынадай қызметтер көрсетілуі қажет:

Қызметтердің атауы

Өлшем бірлігі

Бірлік

Құны, теңге

бірлік үшін

Барлығы

1-кезең

2-кезең

…кезең

N кезең

1.

Жобаны бухгалтерлік сүйемелдеу жөніндегі қызметтер

сағат








2.

Жобаны заңдық сүйемелдеу жөніндегі қызметтер

сағат








3.

Жобалау менеджерінің қызметтері

сағат








4.

Жобаны жалпы және әкімшілік сүйемелдеу жөніндегі қызметтер

сағат








5.

Ақпараттың сыртқы көздеріне қол жеткізу









6.

Кеңселік тауарлармен және керек-жарақтармен қамтамасыз ету









7.

Жобаны экономикалық сүйемелдеу жөніндегі қызметтер

сағат








8.

Жобаны маркетингтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтер

сағат








9.

Бизнес-жоспарды әзірлеу жөніндегі қызметтер









10.

Техникалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі қызметтер









11.

Инфрақұрылым қызметтері









11.1

әкімшілік мақсатта үй-жайларды жалдау

шаршы.м.








11.2

өндірістік мақсатта үй-жайларды жалдау

шаршы.м.








11.3

қосалқы қызмет көрсету мақсатында үй-жайларды жалдау

шаршы.м.








11.4

Инфрақұрылымның өзге де қызметтері









12.

Жобаны жылжыту жөніндегі қызметтер









13.

Аудармашының қызметтері

бет








14.

Консультациялық және инжинирингтік қызметтер









15.

Іссапарларды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер









16.

Өндірісті игеру процесінде оның параметрлерін айқындау үшін өнімді сынау және апробациялау жөніндегі қызметтер









17.

Нарықта іске асырылуы мақсатында жоба өнімінің тәжірибелік партиясын шығару жөніндегі қызметтер









17.1.

оның ішінде шикізаттар мен материалдар









17.2.

оның ішінде жабдықтар









18.

Патенттеу жөніндегі қызметтер









19.

Рұқсат беру құжаттарын алу жөніндегі қызметтер









20.

Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер









Барлығы:






Технологиялық бизнес-инкубациялау
қызметтерін көрсету, сондай-ақ
мұндай көрсетілетін қызметтер
құнын айқындау қағидаларына 
5-қосымша         

Нысан

Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары

Жобаның атауы:_________________________________________________

Р/с №

Іс-шараның атауы

Іске асырылу кезеңі

Күтілетін нәтиже

Аяқталу нысаны

басталуы

аяқталуы

1

2

3

4

5

6

1.

1-кезең





1.1.






1.2.






...






2.

2-кезең





2.1.






2.2.






...






...






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады