Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің медицина және фармацевтика кадрларын даярлау және біліктілігін арттыру, ғылым және медицина мамандарымен алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 1233 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ETEДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің медицина және фармацевтика кадрларын даярлау және біліктілігін арттыру, ғылым және медицина мамандарымен алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Нематұлы Келімбетовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің медицина және фармацевтика кадрларын даярлау және біліктілігін арттыру, ғылым және медицина мамандарымен алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.19 № 1461 Қаулысымен.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 1233 қаулысымен   
мақұлданған     

Жоба

Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің медицина және фармацевтика кадрларын даярлау және біліктілігін арттыру, ғылым және медицина мамандарымен алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы
КЕЛІСІМ

      Одан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың (одан әрі - ЕурАзЭҚ) мүше мемлекеттерінің Үкіметтері,
      Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың мекемесі туралы 2000 жылғы 10 қазандағы ережені негізге ала отырып,
      ынтымақтастықты дамыту мақсатында және халық денсаулығын сақтау  саласындағы өзара әрекет етудің одан әрі нығаюына көмек көрсету үшін,
      теңдік қағидатының негізінде білім беру, өзара егемендікті құрметтеу және Тараптар мемлекеттерінің заңнамасын сақтаған кезде өзара тиімділік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды қажеттілігін сезініп, сондай-ақ, осы Келісімнің ережесін түсініп, төмендегілерге келісті:

1-бап

      Тараптар мынадай іс-шараларды жүзеге асыру арқылы білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға көмек көрсетеді:
      Тараптардың медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттердің білім беру мекемелерінің арасындағы байланысты дамыту, сондай-ақ ортақ қызығушылықты танытатын іс-шараларды өткізу кезінде оқытушылар және студенттермен алмасу;
      ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттерінде, олардың ұлттық заңнамаларына сәйкес білім беру мекемелерінде медициналық және фармацевтикалық білім алу үшін стипендия ұсыну;
      Тараптар мемлекеттеріндегі білім беру және ғылыми мекемелер, бейінді ұйымдар арасында жобаларды іске асыру мақсатында бірлескен зерттеулер жүргізу;
      өзара қызығушылық танытатын бірлескен іс-шаралар өткізу

2-бап

      Осы Келісімді іске асыру мақсатында Тараптар мыналарды жүзеге асырады:
      медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарындағы білім беру жүйелері туралы ақпараттармен алмасу;
      медициналық және фармацевтикалық білім беру саласында білім беру процесстерін ұйымдастыруды өзара түсінуде жәрдем көрсету мақсатымен оқыту және ғылыми әдебиеттерді, бюллетендерді, нормативті құқықтық актілерді, мерзімді басылымдарды, компьютерлік бағдарламаларды, фильм және ақпаратпен алмасу;
      медициналық және фармацевтикалық білім беру саласында ортақ қызығушылық танытатын академиялық еңбектерді шығару және аударуды жүзеге асыру.

3-бап

      Осы Келісімді іске асуға жауапты құзыретті органдар:
      Беларусь Республикасынан - Денсаулық сақтау министрлігі;
      Қазақстан Республикасынан - Денсаулық сақтау министрлігі;
      Қырғыз Республикасынан - Денсаулық сақтау министрлігі;
      Ресей Федерациясынан - Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі;
      Тәжікстан Республикасынан - Денсаулық сақтау министрлігі болып табылады.

4-бап

      Осы Келісім әр Тараптың басқа да халықаралық шарттарынан туындаған құқықтар мен міндеттерді қозғамайды.

5-бап

      Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге өзгерістер енгізіледі, олар жеке хаттамалармен рәсімделеді.

6-бап

      Осы Келісімнің ережелерін талқылауға және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар келіссөздер және консультациялар жүргізу арқылы шешіледі.
      Егер Тараптардың бірі екінші Тарапқа жолдаған консультациялар және келіссөздер жүргізу туралы ресми жазбаша өтініші келіп түскен күнінен бастап алты ай ішінде Тараптар консультациялар және келіссөздер арқылы дауды реттемесе, онда дау Тараптар арасында оны шешудің тәсіліне қатысты өзге де келіссөздер болмаған кезде, Тараптардың кез келгені бұл дауды қарау үшін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың сотына бере алады.

7-бап

      Осы Келісім Тараптар оның қосылуына қажетті мемлекетшілік рәсімдерді орындау туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30-шы күні күшіне енеді.

8-бап

      Осы Келісім күшіне енген күннен бастап оған ЕурАзЭҚ-қа мүше болған басқа мемлекеттер қосылуы үшін ашық. Қосылу туралы құжаттар депозитарийге сақтауға тапсырылады.
      Қосылатын мемлекет үшін осы Келісім қосылу туралы құжатты депозитарий алған күнінен бастап күшіне енеді.

9-бап

      Әрбір Taрап депозитарийді жазбаша хабарлай отырып, осы Келісімнен шығуына болады. Осы Келісімнің қолданысы депозитарий тиісті хабарламаны алған күннен бастап алты ай өткеннен кейін осы Тарапқа қатысты тоқтатылады.
      _______ қаласында 20__ жылғы «____»______ орыс тілінде бір түпнұсқада жасалды. Осы Келісімнің түпнұсқа данасы осы Келісімнің депозитарийі бола отырып, әрбір Тарапқа расталған көшірме жолдайтын Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Ықпалдастық комитетінде сақталады.

      Беларусь Республикасының
      Үкіметі үшін
      Қазақстан Республикасының
      Үкіметі үшін
      Қырғыз Республикасының
      Үкіметі үшін
      Ресей Федерациясының
      Үкіметі үшін
      Тәжікстан Республикасының
      Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады