"Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 сәуірдегі № 306 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1264 Қаулысы

      «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 226 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 сәуірдегі № 306 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 11, 84-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң атынан Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясымен жұмысты үйлестiру жөніндегі уәкiлеттi орган болып белгiленсiн.
      2. Мемлекетаралық телерадиокомпанияның 1997 жылғы 5 қыркүйектегі Жарғысына сәйкес Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының Мемлекетаралық үйлестiру кеңесiнiң құрамына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Серікұлы Қалианбеков енгiзiлсiн.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасының «Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясының жалпы жиналысындағы өкілетті өкілі болып бекітілсін.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне жүктелсін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады