Магистральдық мұнай құбырлары бойынша мұнай тасымалдаудың кестесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1274 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 657 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.08.2015 № 657 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 276 бұйрығын қараңыз.

      «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Магистральдық мұнай құбырлары бойынша мұнай тасымалдаудың кестесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2012 жылғы 8 қазандағы
№ 1274 қаулысымен 
бекітілген   

Магистральдық мұнай құбырлары бойынша мұнай тасымалдаудың кестесін қалыптастыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Магистральдық мұнай құбырлары бойынша мұнай тасымалдаудың кестесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленді және магистральдық мұнай құбырларымен мұнай тасымалдау кестесін қалыптастыру тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) жөнелтуші – мұнай өндіруші болып табылатын тұлға немесе оны заңды негіздерде сатып алған тұлға не олар уәкілеттік берген, мұнайды тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған шарт негізінде магистральдық мұнай құбырымен тасымалдауға мұнайды ұсынатын тұлға;
      2) кестеден үзінділер – операторларға және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) жөнелтушілер мұнай тасымалдауға қағаз және электрондық тасығышта ай сайын уәкілетті орган жіберетін толық ақпарат;
      3) Қазақстан Республикасының ішкі қажеттіліктері – Қазақстан Республикасының аумағында тұтыну үшін қажетті мұнай көлемі;
      4) магистральдық мұнай құбыры мұнайды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ететін желілік бөліктен және объектілерден тұратын, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес келетін бірыңғай өндірістік-технологиялық кешен;
      5) магистральдық мұнай құбырларымен мұнай тасымалдау кестесі – уәкілетті орган бекіткен магистральдық мұнай құбырларымен мұнай тасымалдау кестесі;
      6) оператор – мұнайды магистральдық мұнай құбырымен тасымалдауды және (немесе) оны пайдалануды жүзеге асыратын магистральдық мұнай құбырының меншік иесі немесе магистральдық мұнай құбырына өзге де заңды негізде иелік ететін заңды тұлға не олар уәкілеттік берген, операторлық қызметтер көрсететін ұйым;
      7) тасымалдауға арналған өтiнiм – магистральдық мұнай құбырларымен мұнай тасымалдауға арналған өтінім (жылдық, айлық);
      8) уәкілетті орган – магистральдық құбыр саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2. Магистральдық мұнай құбырлары бойынша мұнай тасымалдау кестесін жасау тәртібі

      3. Магистральдық мұнай құбырларымен мұнай тасымалдау кестесі (бұдан әрі - кесте) магистральдық құбырдың меншік иесінің не магистральдық құбырға өзге де заңды негізде иелік ететін тұлғаның немесе олардың атынан осындай қызметтер көрсетуге уәкілетті оператордың және мұнай жөнелтушінің арасындағы тиісті шарттар ескеріле отырып әзірленеді.
      4. Кестені әзірлеу кезінде уәкілетті орган белгілейтін көлемдерде Қазақстан Республикасының ішкі қажеттіліктері ескерілуге тиіс.
      5. Кестені жасау үшін жөнелтушілер уәкілетті органға есепті жыл басталғанға дейін кемінде екі ай бұрын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мұнай тасымалдауға арналған өтiнiм ұсынады, кестеден үзіндіні қалыптастыру үшін жөнелтушілер ай сайын уәкілетті органға есепті айдың алдындағы айдың он күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтiнiм ұсынады.
      6. Кесте есепті жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейін бекітіледі және тиісті операторлардың назарына жеткізіледі.
      7. Ай сайын уәкілетті орган кестеден үзінділерді есепті айдың алдындағы айдың жиырма күнінен кешіктірмей қарастырады және оператор мұнай тасымалдаудың қызмет көрсету техникалық мүмкіндіктерді растауы болғанда жөнелтушілер мен тиісті операторларға, сондай-ақ Комитетке орындау үшін жіберіледі.
      Операторға жолданатын кестеден үзіндіде жөнелтушінің экспортқа арналған және Қазақстан Республикасы аумағынан алып кетуге жататын, басқа оператордың магистральдық мұнай құбырлары жүйесіне немесе көліктің басқа түріне (темір жол, теңіз) беруге (ауыстырып құюға) арналған, Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына жеткізуге (беруге) арналған мұнай мөлшері (жалпы массасы бойынша), сондай-ақ өзге де қажетті ақпарат көрсетіледі.
      Мұнайдың брутто массасы балласт массасын қосқанда мұнайдың жалпы массасы ретінде айқындалады. Балласт массасы мұнайдағы судың, хлорлы тұздардың және механикалық қоспалардың жалпы массасы ретінде айқындалады.
      Мұнайдың нетто массасын мұнайдың брутто массасы мен балласт массасының айырымы ретінде айқындайды.
      8. Уәкілетті орган кестеге өзгерістер мен толықтыруларды түзетуге арналған өтінімді жөнелтушіден қабылдаған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.
      Кестелер, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар оператордың мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге техникалық мүмкіндігін растауы болған ретте бекітіледі.
      Мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге техникалық мүмкіндігі туралы растауды оператор уәкілетті органның жедел сұратуы бойынша бір күн ішінде оған ұсынады.
      Кестеден үзінділер кестеге өзгерістер мен толықтыруларды қарау нәтижесінде операторға орындау үшін және Комитетке (мұнай экспорты кезінде) жіберіледі.
      9. Мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсету техникалық мүмкіндігін растау болмаған жағдайда, уәкілетті орган бұл туралы жөнелтушіні хабардар етеді.

Магистральдық мұнай  
құбырлары бойынша мұнай
тасымалдаудың кестесін 
қалыптастыру қағидаларына
1-қосымша      

 Жөнелтушінің бір жылға арналған кестені қалыптастыруға өтiнiмі

Магистральдық мұнай құбырлары

Мұнай көлемі(мың тоннада)

Жөнелту уақыты

Ескертпелер

1. мұнай құбыры




2. мұнай құбыры




3. мұнай құбыры




Жөнелтушінің
бірінші басшысы ____________________________________________________
 

Магистральдық мұнай  
құбырлары бойынша мұнай
тасымалдаудың кестесін 
қалыптастыру қағидаларына
2-қосымша      

Мұнайды жоспарланған айда тасымалдауға арналған өтінім

Компанияның атауы:




















Есепті ай:





Жоспарланған айы:















Көрсеткіштер

Есепті ай (нетто)

Жоспарланған айға өтінім

жоспар

факт

нетто

брутто

1.

Барлық ресурстар





1)

Барлық өнделген мұнай, оның ішінде: келісімшарттың № бойынша, келісімшарттық аумақтың атауы





2)

Басқа көзден алынған мұнай*





3)

Ай басына ауысатын қалдық











2.

Операторға тапсыру











3.

Ресурстарды тарату, оның ішінде: (4.1.+4.2.+4.3.+4.4.+4.5.+4.6.+4.7.)













1)

ҚР МӨЗ жеткізу, он.іш. (4.1.1.+4.1.2.+4.1.3.)








АМӨЗ






ПМХЗ






ПКОП











2)

Роялти тапсыру











3)

КТК (келісімшарттар бойынша)





4)

Атырау-Самара (келісімшарттар бойынша), оның ішінде: (4.4.1.+4.4.2.)








Алыстағысы






Таяудағысы











5)

Ақтау порты (келісімшарттар бойынша), он.іш. (4.5.1.+4.5.2.+4.5.3.)








Иран






Әзірбайжан






Махачкала











6)

Т/ж көлігі (келісімшарттар бойынша) оның ішінде: (4.6.1.+4.6.2.+4.6.3.+4.6.4.)








Экспорт, МҚЭ-дан (атауы)






Атырау, МҚЭ-дан құйып беру (атауы)






Актау порты МҚЭ-дан (атауы)






МӨЗ, МҚЭ-дан (атауы)











7)

Орынбор ГӨЗ-і











4.

Ай соңына ауысатын қалдық











Ескертпе:
*- оның ішінде, мұнайдың шығу заңдылығын растайтын құжаттарды міндетті түрде қоса беріп басқа заңды және/немесе жеке тұлғалардан сатып алынғаны

Бірінші басшы:                         Қолы:

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады