Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасының Президенті Абдолла Гүлдің қамқорлығындағы "Жаңа синергия" бірлескен экономикалық бағдарламасының іс-шаралар жоспарына қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1282 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасының Президенті Абдолла Гүлдің қамқорлығындағы «Жаңа синергия» бірлескен экономикалық бағдарламасының іс-шаралар жоспарының жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Өрентайұлы Исекешевке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасының Президенті Абдолла Гүлдің қамқорлығындағы «Жаңа синергия» бірлескен экономикалық бағдарламасының іс-шаралар жоспарына қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің          
2012 жылғы 9 қазандағы   
№ 1282 қаулысымен мақұлданған

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасының Президенті Абдолла Гүлдің қамқорлығындағы «Жаңа синергия» бірлескен экономикалық бағдарламасының іс-шаралар жоспары

р/с №

Іс-шаралар мазмұны

Қазақстан Республикасының жауапты органдары мен ұйымдары

Түркия Республикасының жауапты органдары мен ұйымдары

Орындау мерзімдері

1

2

3

4

5

Сауда және инвестициялар саласында:

1.

Екі ел арасындағы сауда байланыстарын нығайту мақсатында екі елдің сауда-экономикалық өкілдіктерінің санын өзара көбейту

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы, «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық экономикалық палатасы

Түркия Республикасының Экономика министрлігі, Сауда-өнеркәсіп палаталары мен биржаларының одағы, Түркияның Сыртқы экономикалық байланыстар комитеті

2012 – 2015 жж.

2.

Іскерлік кеңес қызметінің тиімділігін арттыру және жандандыру

«Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық экономикалық палатасы, Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы

Түркияның Сыртқы экономикалық байланыстар комитеті, Түркия Республикасының Сауда-өнеркәсіп палаталары мен биржаларының одағы

2012 – 2013 жж.

3.

Екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық бойынша туындайтын мәселелерді шешуге бағытталған келіссөздерді тұрақты негізде жүргізу

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

Түркия Республикасының Экономика министрлігі, Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы сауда өкілдігі

2012 – 2013 жж.

4.

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласындағы ынтымақтастықты кеңейту

Қазақстан Республикасының «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау ұйымы

2012 – 2015 жж.

5.

Қазақстан Республикасы және Түркия Республикасы арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімді жаңарту

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

Түркия Республикасының Экономика министрлігі

2012 – 2013 жж.

6.

Тәжірибемен алмасу және өзара инвестицияларды тарту бойынша ынтымақтастық

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы

Түркия Республикасының Экономика министрлігі

2012 – 2013 жж.

Өнеркәсіп саласында:

7.

Металлургия, мұнай-химия, химия өнеркәсібі, жеңіл, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс материалдары мен метрология және стандарттау саласындағы өлшеуіш аспаптарының өндірісі салаларындағы өзара ынтымақтастықты дамыту

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

Түркия Республикасының Ғылым, индустрия және технологиялар министрлігі

2012 – 2015 жж.

Көлік саласында:

8.

Қазақстан Республикасы және Түркия Республикасы арасындағы инновациялық технологияларды қолдану арқылы автомобильді тасымалдау саласындағы ынтымақтастықты дамыту

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі

Түркия Республикасының Көлік, теңіз істері және коммуникациялар министрлігі

2012 – 2014 жж.

9.

Карс – Тбилиси – Баку теміржол тармағын Каспий теңізі арқылы Қазақстанның батыс облыстарына дейін ұзарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу мүмкіндігін қарастыру

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

Түркия Республикасының Көлік, теңіз істері және коммуникациялар министрлігі

2012 – 2015 жж.

10.

Халықаралық көлік дәліздері арқылы (ТРАСЕКА және Silkwind жобасы) көлік желісі мен мультимодальдік тасымалдарды дамыту

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

Түркия Республикасының Экономика министрлігі, Түркия Республикасының көлік, теңіз істері және телекоммуника циялар, теміржол министрлігі

2012 – 2015 жж.

11.

Қазақстан Республикасының және Түркия Республикасының аумағында порттар мен роро терминалдарды, кеме жасайтын орындарды өзара салу және пайдалануға беру, кемелер салу және жөндеу, флотты басқару салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігін қарастыру

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

Түркия Республикасының Экономика министрлігі, Түркия Республикасының Көлік, теңіз істері және телекоммуникациялар, теміржол министрлігі, жеке сектор ұйымдары

2013 – 2015жж.

12.

Теңіз көлігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны ластануының алдын алу салаларында оқыту мәселесі бойынша ынтымақтастықты дамыту

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

Түркия Республикасының Көлік, теңіз істері және телекоммуникациялар, теміржол министрлігі

2012 – 2014 жж.

13.

Логистикалық орталықтарды салу және басқару жөніндегі жобаларды іске асыру мәселесін зерделеу

Астана, Шымкент, Ақтөбе қалаларының, Алматы облысының әкімдіктері, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

Түркия Республикасының Экономика министрлігі, Көлік, теңіз істері және телекоммуникациялар, теміржол министрлігі, түрік және қазақстандық компаниялар

2012 – 2015 жж.

14.

Қазақстан мен Түркия көліктік-логистикалық тауар өткізу жүйесін құру мәселелері (құрғақ порттар, Каспий, Жерорта, Қара теңіздер, Түркияның теңіз порттары) бойынша ұсыныстар енгізу және көлік пен логистика салаларында тәжірибе алмасу

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

Түркия Республикасын ың Экономика министрлігі, Көлік, теңіз істері және телекоммуника циялар, теміржол министрлігі, түрік және қазақстандық компаниялар

2012 – 2015 жж.

15.

Бірлескен көлік-логистикалық компанияны құру мүмкіндіктерін зерделеу мақсатында түрік және қазақстандық компанияларды ынталандыру

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

Түркия Республикасының Экономика министрлігі, Көлік, теңіз істері және телекоммуникациялар, теміржол министрлігі

2013 – 2015 жж.

Ғылым, инновациялар және жаңа технологиялар саласында:

16.

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен «ТУБИТАК» Түрік ғылыми-технологиялық зерттеулер кеңесі арасындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қою

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

«ТУБИТАК» Түрік ғылыми-технологиялық зерттеулер кеңесі

2012 – 2014 жж.

17.

Инновациялар мен ғылыми-техникалық дамуды реттеу жөніндегі мемлекеттік саясат саласындағы ынтымақтастық

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

«ТУБИТАК» Түрік ғылыми-технол огиялық зерттеулер кеңесі, Түркия Республикасының Ғылым министрлігі, Түркия Республикасының Өнеркәсіп және технологиялар министрлігі

2012 – 2014 жж.

18.

«ҚазАгроИнновац ия» акционерлік қоғамы мен «Тубитак» арасындағы биотехнологияла р және гендік инженерия саласындағы ынтымақтастық

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, «КазАгроИнновация» акционерлік қоғамы

«ТУБИТАК» Түрік ғылыми-технол огиялық зерттеулер кеңесі

2012 – 2015 жж.

Ауыл шаруашылығы саласында:

19.

Ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Түркия Республикасының Ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы министрлігі, Түркия Республикасының Ғылым, өнеркәсіп және технологиялар министрлігі, түрік компаниялары

2012 – 2015 жж.

20.

Тамшылатып суғару мен микросуғаруды ұйымдастыру жөніндегі ынтымақтастық мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы

Түркия Республикасының Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы министрлігі, түрік компаниялары

2012 – 2015 жж.

21.

Мақта өндірісі саласындағы техникалық ынтымақтастық пен оқыту

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы

Түркия Республикасының Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы министрлігі, Түркия Республикасы Премьер-Министрі аппараты жанындағы Түркия ынтымақтастық және даму агенттігі

2013 – 2015 жж.

22.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы Өсімдіктерді қорғау және карантин саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Түркия Республикасының Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы министрлігі

2012 – 2013 жж.

23.

Екі елдің қолданыстағы заңнамалары шеңберінде Түркияның қайта өңдеуші кәсіпорындарымен мал шаруашылығы өнімдерін жеткізу мақсатында әріптестік қатынастарын жолға қою

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы

Түркия Республикасының Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы министрлігі, түрік компаниялары

2012 – 2015 жж.

24.

Екі елдің өсімдіктердің сұрыптарын қорғау жөніндегі қолданыстағы заңнамаларына салыстырмалы талдау жасау және Түркия сұрыптарын Қазақстан Республикасының Өсімдіктердің қорғалатын сұрыптарының мемлекеттік тізіліміне қосу мәселесін қарастыру

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Түркия Республикасы Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы министрлігі

2013 – 2015 жж.

Энергетика және минералдық ресурстар саласында:

25.

Қазақстанда шағын су электр станцияларының құрылысы, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында пилоттық жобаны іске асыру саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерттеу

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі

Түркия Республикасының «ТАМСАН» ұлттық энергетикалық компаниясы

2012 – 2014 жж.

26.

Әкімшілік өндірістік, зертханалық- талдау, оқу, мұрағаттық және қосалқы қызметтерді орналастыру үшін Геологиялық зерттеу және барлау агенттігінің (МТА) кампусы үлгісімен Астана қаласында «Геологиялық инфрақұрылымдық аймақты» жобалау бойынша бірлескен жұмыстарды жүргізу

«Қазгеология» ұлттық геология және барлау компаниясы» акционерлік қоғамы

Түркия Республикасы Геологиялық зерттеу және барлау қызметі

2012 – 2014 жж.

27.

Қазақстанда алтын, платина, литий, сирек кездесетін металдар, темір кен орындарын барлау бойынша бірлескен жобаларды әзірлеу және жұмыстар жүргізу

«Қазгеология» ұлттық геология және барлау компаниясы» акционерлік қоғамы

Түркия Республикасы Геологиялық зерттеу және барлау қызметі

2012 – 2014 жж.

28.

МТА және қазақстандық ұйымдар арасында 2010 жылы мамырда қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандумдарды іске асыру жөніндегі жұмыстарды жеделдету

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология комитеті

Түркия Республикасы Геологиялық зерттеу және барлау қызметі

2012 – 2013 жж.

Банк және қаржы қызметі саласында:

29.

Түркия Эксимбанкінің түрік тауарлары мен қызметтерін қаржыландыру мақсатында қазақстандық банктер үшін кредит желілерін ашуға бағытталған Түркия Эксимбанкінің банк талдауларын жүргізуді жеделдету

Қазақстанның Даму Банкі

Эксимбанк

2012 – 2014 жж.

30.

Түркия Республикасындағы пайыздық емес (инвестициялық) банк қызметі бойынша тәжірибе алмасу мен ақпарат беру

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

Түркия Республикасының Түркия банктерінің одағы, Түркия Республикасының банктері

2013 – 2014 жж.

Өңірлік ынтымақтастық, индустриялық аймақтар мен технологиялық парктерді дамыту саласында:

31.

Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында бірлескен Қазақстан – Түркия индустриалық аймағын құру бойынша жұмысты жалғастыру. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын түрік тарапына басқаруға беру туралы мәселені пысықтау

Оңтүстік-Қазақстан облысы әкімдігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы, «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық экономикалық палатасы

Түркия Республикасының Экономика министрлігі, Түркия Республикасының Ғылым, өнеркәсіп және технологиялар министрлігі, Түркия Республикасының Сауда-өнеркәсіп палаталары мен биржаларының одағы

2012 – 2015 жж.

32.

Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында бірлескен Қазақстан – Түркия индустриялық аймақтарын құру мәселелерін пысықтау

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарының әкімдіктері, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы, «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық экономикалық палатасы

Түркия Республикасының экономика министрлігі, Ғылым, индустрия және технологиялар министрлігі, Сауда-өнеркәсіп палаталары мен биржаларының одағы

2012 – 2015 жж.

33.

Қазақстан және Түркия өңірлері арасында ынтымақтастықты дамыту мақсатында іс-шараларды, бизнес-форумдарды, сауда миссияларын, көрмелерді, жұмыс сапарларын қоса алғанда ұйымдастыру

Облыс әкімдіктері, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

Түркия Республикасы Экономика министрлігі, Түркия Республикасы провинцияларының әкімдіктері, Түркия Республикасының қоғамдық ұйымдары

2012 – 2015 жж.

34.

«Ақтау теңіз порты» және Құрық кенті арнайы экономикалық аймағы аумағында түрік инвесторларының қатысуымен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесін пысықтау

Маңғыстау облысы әкімдігі, «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, «Теңіз Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Түркия Республикасының компаниялары

2012 – 2014 жж.

35.

Қазақстандық және түрік кәсіпкерлеріне Қазақстанның («Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы, Құрық кенті, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы, «Өндіріс» арнайы экономикалық аймағы және т.б.) және Түркияның экономикалық және индустриялық аймақтарындағы инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру

«KAZNEX INVEST» эспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы

Түркия Республикасының қоғамдық ұйымдары, Түркия Республикасы Экономика министрлігі

2012 – 2015 жж.

Туризм саласында:

36.

Қазақстандық мамандарға туризм саласында оқу бағдармаларын ұйымдастыру

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі

2012 – 2015 жж.

37.

Екі елдің туризм саласы өкілдерінің кеңінен қатысуымен дөңгелек үстелдер (work shop) ұйымдастыру

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі

2012 – 2015 жж.

38.

Ұлы Жібек жолы жобасының шеңберінде туризмді дамыту саласындағы ынтымақтастық

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы

Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі, түрік компаниялары

2012 – 2015 жж.

39.

Түркия компанияларымен туристік объектілерді басқару және Алматы (Қапшағай), Маңғыстау, Шығыс Қазақстан (Алакөл көлі) және Ақмола (Щучинск-Бурабай аймағы) облыстарында басымдықты туристік жобаларды іске асыру мәселелері бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерделеу

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі, түрік компаниялары

2012 – 2015 жж.

      Қазақстан Республикасының                Түркия Республикасының
         Үкіметі үшін                              Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады