«Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазимпэкс» республикалық орталығы» акционерлік қоғамының Астана қаласы, Интернациональный кенті, № 1 Гольф клуб ауданы мекенжайы бойынша орналасқан, теңгерімдік құны 94005385,39 (тоқсан төрт миллион бес мың үш жүз сексен бес теңге отыз тоғыз тиын) болатын «Қарлығаш» мәдени-сауықтыру орталығын республикалық меншікке сыйға тарту шарты бойынша беру туралы ұсынысына келісім берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов