Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережеде:
14-тармақта:
21) тармақша алынып тасталсын;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптау комиссиясы туралы үлгі ережені бекіту;»;
34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«34) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындау тәртібін және пайдалану режимін әзірлеу;»;
45) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«45) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;»;
50) тармақша алынып тасталсын;
15-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мерзімді баспасөз басылымдарын және ақпараттық агенттіктерді есепке қоюды жүзеге асыру;»;
4) тармақша алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов